Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс шара: Алтын күз 2015

Сыныптан тыс шара: Алтын күз 2015

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



«Алтын күз-2015» байқауы

Жоғарғы ұпай саны 5



Сыныбы

Таныс

тыру

Өз өнерін көрсету

Сән үлгісі

Үй тапсырмасы

3 әзіл оқу

Жалпы қорытынды баға

1-класс







2-класс







3-класс







4-класс







5-класс







6-класс







7-класс




























Күзгі бал

«Алтын күз-2015» байқауының мерекелік сценариі

1-жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар

2-жүргізуші: Бармысыздар жас достар!

1-жүргізуші: Құрметті достар және қадірменді қонақтар! Сіздерді «Күзгі бал» мерекелік кеште көргенімізге қуаныштымыз.Осы мереке жылдың ең тамаша мезгілі-Күз мезгіліне арналады!

2-жүргізуші:Күз жаз бен қыстың арасындағы көпір.Таң атпай аяз бетімізді тондырса да, далада суық күн тұрса да , біз білеміз күз-тамаша мезгіл.

1-жүргізуші: Уа,халайық, халайық

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Алтын күзге арналған,

Кешімізді бастайық.

2-жүргізуші:Армысың алтындай алтын күзім,

Күн нұрын төккендей боп жапырағың.

Шығарып сап өзіңді тұрмын міне

Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.

1-жүргізуші:Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас,

Бармысыздар жанкүйер әз-қауымдас.

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық.

2-жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметпен қол соғып отырайық,

Ұмытып күні бойы шаршағанды.

1-жүргізуші: Бүгінгі «Күзгі бал» байқаудың шарттары бес бөлімнен тұрады.

1-бөлім. Алдыменен сәлемдесіп алайын.. Таныстыру

2-бөлім.Өнерлінің өрісі кең .Өз өнерін көрсету

3-бөлім:Сән үлгісі

4-бөлім:Үй тапсырмасы \ күзгі өнімдерден әртүрлі бұйымдар жасау\

5-бөлім: 3 әзіл оқу

2-жүргізуші:Армысыздар,әділқазы әз жандар,

Өнерлерін әділ ғып бағалаңдар.

Болмасын алыс-жақын деп алалау,

Туған-туыс,дос деп ие қарамаңдар.

Жүйрікпен жүйрік өзара жарысқанда,

Сыныптар бір-бірімен танысқанда.

Әділқазы сіздерге сенеміз біз,

Әділін дұрыс шешер жарысқанда.

Қатаң көзбен қадалар,әділ сөзбен саралар әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:Алханова Ақжан

2.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жолдасбаев Нұрлыбек

3.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Алданова Жұлдыз.

1-жүргізуші:

Күз-халқымның ежелден берекесі,

Жерден ғой адамзаттың несібесі.

Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын.

Алтын күз құтты болсын мерекесі.

құрметті ұстаздар,қонақтар,оқушылар.Алтын күз мерекесіне арналған 5-11 кластар аралығында ұйымдастырылған «Күзгі бал» сайысына именбей,саспай,жүректілік танытып қатысқалы отырған оқушыларымызды қарсы алайық.

\Ортаға шақыру\

Ән жырымен шашу шашайық,

Сіздерді әнге қосайық.

Ақ тілек сұрап сіздерден,

Шымылдығын сахнаның ашайық.

Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Алданов Айбек ағайға беріледі.

2-жүргізуші:Табиғатым сары көйлек киеді.

Күзгі балды тойлауға жұрт жиылды.

Рұқсат болса бастайық осы кешті.

Әрбір топ таныстыршы өзіңді.

\әр клас топтарын таныстырады.\

Әділқазыларымыздан таныстыру бөлімінің бағасын сұрайық.

1-жүргізуші:Үлгі алған дәстүрден,

Өнерліге өріс кең.

Ән мен жырды жалғаған,

Сусындайық өнерден.

Ерке өсіп,ен жайлаған ұл мен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй асқақ әнмен әсем биші,

Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз,-деп кезекті «Өнерлінің өрісі кең» бөліміне береміз. \әр топ өз өнерлерін көрсетеді.\

Әділқазыларымыздан өз өнерін көрсеткен сайыскерлеріміздің бағасын сұрайық.

2-жүргізуші:Сән сымбат үйлескенде,

Көкірегім керіліп күй кешкенде.

Дүниені төңкеріп сұлулықты,

Табылмайды көз тігіп сүймес пенде дегендей «Сән үлгісіне» кезек берейік .

Әділқазыларымыздан сән үлгісінің бағасына кезек берейік.

1-жүргізуші:Сайысымыздың 4 бөлімі үй тапсырмасы деп аталады. Сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден дайындаған қолөнерлерімен таныс болайық.

Әділқазыларымыздан үй тапсырмасының бағасы сұралады.

2-жүргізуші: Алма піскен албырап,

Маужырап барқыт қоңыр күз.

Күзгі балға арналған.

Тамашаны көріңіз!-демекші, бүгінгі сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық.

Сайысымыздың соңғы бөлімі 3 әзіл оқу олай кезекті оқушыларға берейік.

Олай болса әділ бағаларын беретін әділқазыларымызды ұпай санын есептеп болған кезекті әсем әнге берсек.

1-жүргізуші: Жоғары шық кел төрлет,

Абыройың,бағаң бұл.

Көңілдерді ән тербеп.

Арналады саған жыр.

Қоңыр күзде қоңыр дауыс әнімен,

Ән салады Нұртілек сәнімен.

Ән: Үмбетбай Нұртілек

Бүгінгі «Алтын күз-2013» сайысына қатысқан оқушыларымызды марапаттау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына беріледі.

2-жүргізуші:Білім теңіз,мектеп кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз дейміз.

Әдебі мен тәлімі үндесетін.

Жастарды болашаққа жетелейміз.

1-жүргізуші:жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес жетелсе мұратын

Жеңбедім деп,жеңілдім деп мұңайма

Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.

2-жүргізуші: Қош дейміз,әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін,қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырып бүгінгі

«Алтын күз -2013» байқауын аяқтаймыз.

Жеңісті күндерде кездескенше,достар!


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров315
Номер материала ДВ-031705
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх