Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс шара «Алтын күз» мерекесі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс шара «Алтын күз» мерекесі.

библиотека
материалов

«Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілі

Мақсаты: Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтары мен ән билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.
Көрнекілігі: Саз залы мерекеге сай безендірілген «Бақ іші» көрінісі «Алтын күз» ханшасы, көкөністер ағаш, құстар кейіпкерлері.
Ертеңгіліктің жүру барысы: «Алтын күз» мерекесіне сай киінген балалар қол ұстасып әдемі әуеннің үнімен саз залына кіріп, өз орындарына кеп отырады.

Салтанатты әуен ойналады.
Жүргізуші: Сәлематсыздар ма құрметті қонақтар, және кішкене бөбектер!
Табиғаттың әсем мезгілі «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!
Кездескен соң күзбенен,
Бұтағынан үзілген!
Ай жапырақ, сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Қуантып біздерді
Мерекелі күз келді,
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
«Алтын күз» әнімен алдарыңызда Динара. Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Қане балалар қол соғып «Алтын күзді» қарсы алайық! /әннің ырғағымен күз ханшасы келеді/
Күз ханшасы: - Сәлематсыздар ма қонақтар!
- Сәлематсыздар ма балалар!
- Бүгін қандай әдемісіңдер?

Жүргізуші: Жиын - теріп болатын.
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз мезгілі.
Күз ханшасы: Өте дұрыс айтасыңдар мен күзбін.
Сәл нәрсеге ренжіп, қабағымды түйіп қаламын кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды төгіп - төгіп жіберемін. Әйтседе менің жомарттығым мен ақ көңілділігім үшін мені барлығы да ұнатады.
Жүргізуші: Иә біз сізді байлық пен молшылықтың белгісі «Алтын күз» деп білеміз. Төрлетіңіз! /Күз ханшасы төрге отырады/
Көбейді құт – береке
Астық толы қойнымыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Күз ханшасы біздің балалар шетінен өнерлі балалар, осы өнерлі балалардың өнерлерін тамашалап отырыңыз. Сізге арнап балалар өз тақпақтарын айтып береді.
Тақпақтар

Күз ханшасы: Рахмет балалар! Сендердің өнерлеріңе риза болып отырмын.
Жүргізуші: Қане балалар бәріміз бау - бақшаға саяхатқа шығайық. Барлығың көздеріңді жұмыңдар.
Саяхатты құрамыз,
Бау - бақшаға шығамыз.
Ал бәріміз көзімізді ашамыз. Балалар мынау не?
Балалар: - Ағаш
Жүргізуші: Қане ағашпен сырласып көрелік.
- Ағаш, ағаш, тыңдайықшы
Айтшы бізге сырыңды.
Ағаш: Күн шуақта маужырап
Жатыр едім атырап,
Қыс ызғарын сезгендей.
Жабырқайды жапырақ.
Алтын - сары, қызыл - көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Бұтағымнан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Жүргізуші: Ағаш сен жабырқама, біздің балалар сенің айналаңды тазартып жапырақтарыңды жинап береді.
Ойын: «Жапырақ жинау»
Жүргізуші: Ағаш сізге арнап біздің бүлдіршіндер «Жапырақтар» биін билеп береді.
«Жапырақтар биі»
Жүргізуші: Балалар қараторғайды қараңдар. Көкөністердің қасына қоныпты, әңгімелесіп тұр ғой деймін.
Әтеш: Әй мешкейлерім - ай, сендер жарбиып жерде жата бергенге мәзсіңдер. Ештеңе көріп, ештеңе естімейсіңдер. Ал мен болсам жарық дүниенің жартысын шарлап келдім. Бармаған жерім жоқ. Барлық елде болдым. /деп мақтана түседі/
Картоп: Сол да сөз болып па? Сенен басқалар жер көрмеппе? Менің де тұқымым жан - жақта өсіп жатыр. Адамдарға өзімнің дәруменіммен пайдалымын. Олар мені бірнеше тағам түріне қолданады. Сөйтіп, мен де саяхатшыдай жер жүзін шарладым.
Жүргізуші: Картоп сен ашуланба, біздің балалар саған арнап тақпақ айтып береді, қабыл ал!
Тақпақтар
Қараторғай: Міне қызық, ал сен не дейсің, қызанақ?
Қызанақ: Менің де сендерден қай жерім кем? Біле білсеңдер менің бірнеше атым бар, томат - помидор – қызанақ. Мені адамдар тамақтарына қосып пайдаланады. Менің де адамдар үшін дәруменім мол.
Жүргізуші: Қызанақ біздің балалар саған арнап ұрмалы аспаптармен халық әні «Еркем - ай» әнін орындап береді қабыл ал!
Қараторғай: Ал пияз сен недейсің?
Пияз: Менің де айтатыным сол, менің де тұқымым жан - жақта өсіп жатыр. Бірақ мені адамдар ащы деп көп жақтырта бермейді. Дегенмен мен түрлі ауруларға ем боламын. Менің де адамдар үшін пайдам мол.
Картоп: Енді қалай қараторғай, сөзіңді қайтып аласың ба? Жоқ әлде басқа көкөністерді тыңдап көресің бе?
Ал қараторғай үндемей ұшып кетеді.
Жүргізуші: Енді құстарды шығарып салайық
Көк жүзінде барады құстар қайтып
Күндер солай өтеді шалқып - шалқып
Құстар ұшып барады жылы жаққа
Қыс боларын сезгендей қиқуласып.
Ойын: «Көкөністерді ажырата жинау»
Ойын шарты: бау - бақшада өсіп тұрған көкөністерді пішініне, түсіне қарай ажыратып себетке жинау.
Жүргізуші: Жемісті мол терелік
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Би «Көкөністер»
Күз ханшасы: Рахмет балалар
Уақыт өтпес тірліксіз
Бақыт келмес бірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер
Қыстан аман өтіңдер.
Жеміс жидекті коп жеп дендерің сау болсын. Келесі кездескенше аман болыңыздар!
/Күз ханшасы кетіп қалады/
Жүргізуші: Осымен күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Кері қайту

Ілмек сөздер: балабақша күзге арналған ертеңгілік



Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДБ-043649
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх