Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс шара Ата Заң
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс шара Ата Заң

библиотека
материалов

06.10.2015ж

4 «А» сынып

Тәлім сәті

Тақырыбы: Заңды білу – заман талабы

Мақсаты: а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен
міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен
шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы,
құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,
елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер.
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Әнұран орындалады.
ІІ. Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Биыл Ата Заңымызға 20 жыл толады. Өздеріңіз білесіздер, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар.


Қуандық:

Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.


Мейрамгүл:

Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.


Еркебұлан:

Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.


Альбина:

Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.


Жүрг: Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –президент.
- Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Біз үлкен де, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 –дан астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықтың салт –дәстүрі мен тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату –тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Ендеше, келесі Ата Заңымыз туралы тақпақтарға кезек береміз.

Қуандық:

Шалдықпадым талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар заңның

Мейрамгүл:

Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері –ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі

Еркебұлан:

Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле –жаладан
Ата Заң бұл ардақты

Альбина:

Алтын заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін
Әділетті қолдайды
Арқа тұтып, ел бүгін

Жүргізуші: Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
10 тарау, 53 баптан тұрады.
1 тарау. Жалпы ережелер

2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
4 тарау. Бала және отбасы
5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары
7 тарау. Бала және қоғам
8тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері
10 тарау.
Қорытынды ережелер

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»

Қуандық:
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

Мейрамгүл:
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

Еркебұлан:
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

Альбина:
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.

Қуандық:
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

Мейрамгүл:
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

Еркебұлан:
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

Альбина:
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Қуандық:

Отанды біз атамекен
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені, онда бәрімізде
Туып –өмір сүреміз

Хор: Біз тілейміз бар бөбек
Бақытты өмір сүргенін
Туған елге еркелеп
Қуанғанын күлгенін

Қорытынды

Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше тәлім сәтіміздің соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.

Үндеу

Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
Ән: «Алға Қазақстан», орындайтын: Тілек Берекет, Есет Еркебұлан




























Біз жас ұлан Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі
Еліміздің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені –еліміздің, жеріміздің жарқын болашақ жұлдыздары сендерсіңдер, балалар!

Бекзат: Аспанымыз ашық болсын!
Жәнібек: Жеріміз гүлге толсын!
Дильназ: Елбасымыз аман болсын!
Алан: Заманымыз тыныш болсын!
Ислам: Балабақша гүлдене берсін!
Аңсар: Біз сіздерге сәттілік тілейміз!
- Өте жақсы тілектер екен, балалар! Ән: «Біз бақытты баламыз»




























Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа
тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу

«Өз құқығыңды біл!»

15-бап
14-бап
12-бап
11-бап
10-бап
9-бап
8-бап
3-тарау. Баланың құқықтары мен міндеттері.

«Менің құқығым»
(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)
Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?
Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?
Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?
Мұғалім: Әрбір адамзат құқықтырын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.
Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері мыналар:
Заңдарға бағыну
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
Мемлекет рәміздерін құрметтеу
Салықты төлеу
Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау
Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау
Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы
Орта мектеп білімін алу
Қазақстан Республикасын қорғау
Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.
-Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.
/Оқушылар жауаптары тыңдалады/

Тәртіпті бала-сүйініш, төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала- күйініш, төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай-шу,
Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.

«Ой жалғау»

Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
Ақырын жүріп………….. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі………….. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)
Әділ істің……..(арты игі)

Кім тапқыр?
Мемлекет билігінің қайнар көзі Халық (3-бап)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қашан қабылданды? 1992 жылы
Қазақстан азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10-бап)
Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым бар ма? Иә (19-бап)
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы бар ма? Иә (23-бап)
Президент кәсіпкерлік қыметпен айналыса ала ма? Жоқ (43-бап)
Елімізде жоғары өкілетті орган Парламент (49-бап)
Қазақстан азаматы болуға қашан құқылысыз? Дүниеге келген кезде (12-бап)
Еліміздің төл мейрамдарын атаңыз? Конституция күні
Республика күні
Тәуелсіздік күні

4 топ бойынша Конвенция баптарының шектеулері және түсінік беру тапсырмалары
Аассоциация әдісі. Сізде қандай түсінік пайда болады, мына сөздерді естігенде:
«
аман қалу» бізге аман қалу үшін не істеу қажет
«
даму» бізге даму және өсу үшін не қажет
«
қорғау» бізге қорғалу үшін не қажет
«
қатысу» бізге қоғам өміріне қатысу үшін не қажет
Кіші-топ үшін тапсырмалар. Осы тапсырма үшін әр топтан (шағын баптар тізімін қолдануға болады және 4 парақ бір топтан:
Аман қалу құқығы баланың өмір сүруге мұқтаждығы мен оның мұқтаждығы қанағаттандыру, ол негізінен лайықты өмір сүру болып табылады, медициналық қамтамасыз ету мүкіншілігі, тамақтану, киім-кешек, баспанамен қамтамасыз ету.
Даму құқығы оған бәрі кіреді, балаға өз мүмкіншілігін дамытуға қажет барлық жағдайлар: білім алу құқығы, ойнау, демалу, мәдение, ақпарат алу, ой еркіндігі, діни еркіндігі жатады.
Қорғалу құқығын қажет етеді, балалар зорлық-зомбылықтан және қанаудан қоғалу қажет. Ерекше көңіл босқын-балалар проблемасына, зорлық-зомбылық пен жапа көрген балалардың, әскери дауларға тартылған, балаларды еңбекке, жасөспірімдерді жыныстық және нашақорлық қанауда қолданған проблемаларға бөлінген.
Қатысу құқығы ел мен қоғам өміріне баланың белсенді қатысуына мүмкіндік беру. Олар бейбітшілік жиналыстар ұйымдастыру құқығы, балалардың өміріне қатысты проблемаларды көтеруге толық құқығы бар. Балалар ержету кезеңінде қоғам өмірене толық белсенді қатысу үшін мүмкіндік жасалып, өмірде жауапты істерде шешім қабылдай алуға дайындау.










Заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;

Заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;

Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;

Заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;

Кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң

Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң




Қазақстан Республикасының Заңдары


Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров263
Номер материала ДВ-175186
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх