Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс шара: "Қазақстан- ядролық қарусыз ел"

Сыныптан тыс шара: "Қазақстан- ядролық қарусыз ел"

Скачать материал

Тақырыбы:  Қазақстан - ядролық қарусыз ел!

Мақсаты: Семей полигонының жабылуының 25жылдығы, Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып пікір алмасып ойларын ортаға салу.

Көрнекілігі: Презентациялық слайдтар, ұлағатты сөздер, стикер, маркер т.б.

Түрі: ашық тәрбие сағаты, дөңгелек үстел.

                                                      Тәрбие сағатының барысы:

Кіріспе сөз:

Жүргізуші -1: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Бүгінгі  7-8-9-10 «А» сынып оқушыларының «Қазақстан - ядролық қарусыз ел!» атты тақырыбындағы сыныптан тыс тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

 Жүргізуші -2: Биыл Семей атом сынақ қозғалысының жабылуына  25 жыл. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға  Семей ядролық полигонында  40жыл бойы жүргізілген  сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы мағлұмат  беріп, оқушылардың ойымен бөлісу.

       Бейнетаспа «Заман – ай»  әні (өлеңі – Ұ. Есдәулетовтікі, әні – П. Мұхамеджановтікі).

Жүргізуші -1:Тыңдап отырған «Заман - ай» әні - Қазақстандағы Семей полигонының қасіретіне арналып шығарылған ән. Бұл әннің өлеңін жазған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулетов, әнін жазған қазақ халқының сазгері Төлеген Мұхамеджанов сынды ағаларымыз елінің қасіретін барша әлемге жеткізді. 
(Р. Рымбаеваның орындауында «Заман - ай» әні тыңдалады. Тақтадан Семей полигонынан зардап шеккен адамдар мен балалардың суреттері шығып тұрады).
Жүргізуші -2: Өз жерінде мылтықсыз майданның құрбанына айналған халықтың денсаулығына іс жүзінде ешбір жәрдем көрсетілмеді. Оны айтасыз дәрігерлерге радиация әсерінен болған аурулардың дұрыс диагнозын қоюға тыйым салынды. Менің ата-мекенімнің маңдайына осындай қасірет таңбасы басылыпты. Тек 60 - сыншы жылдардан бері ғана бір ауылдан 500 - ден астам адам ядролық сынақтың кесірінен қыршынынан қиылса, 150 - ден астамы онкологиялық емханада жатып жарық дүниемен хош айтысты. Ал қаншама адам өз - өзіне қол жұмсау қасіретіне ұшырады.
Жүргізуші -1: Вашингтонда 2010 жылдың 14 сәуірінде өткен «Ядролық лаңкестік қатерін азайту және ядролық материалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық шаралар» саммитінде АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстанды ядролық қарусыздану жөніндегі әлемдегі көшбасшы ел деп танитынын мәлімдеді.
Жүргізуші -2:Бүгінде Семей ядролық полигонының ресми жабылғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен тұспа - тұс келіп отырған осы айтулы оқиғаны әрбір жас білуі керек.  Келесі кезекте бейнетаспаға назар аударайық.

№1 Бейнетаспа: 25 жылдығын хабарлау

 Мадина:  КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Кейін сынақты жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Ерасыл: 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өрттең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.

Серік: Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.

Жүргізуші -1: Қазақстанның тарихын еске түсірейік.

1- тарихшы- Дана: Атом сынақ полигонын салу, онда жарылыстар жасап, қаруды жетілдіру жұмыстарының сол кездегі Кеңес Одағының мемлекеттік мүдделерінен туындағаны рас болатын. Алайда оны қазақ жеріне, халқы недәуір тығыз орналасқан өңірге салуға болмайтын еді. Қырық жылдан астам уақыт ішінде Семей атом полигонында 456 жарылыс болды. 1963ж. дейін атом бомбалары жер бетінде ашық ауада сыналды. Атом полигоны бұрынғы Семей облысының және Қарағанды, Павлодар облыстарының іргелес жатқан аудандары тұрғындарының денсаулығына үлкен зиян келтірді. Бұл өңірде қатерлі ісік, қан ауруларымен сырқаттану жиіледі. Бұрын қазақ арасында болып көрмеген сұмдық сырқаттар көбейді. Халықтың генетикалық қорына үлкен қауіп төнді.

2 –тарихшы -  Зейнеп: 1949ж. бұрынғы Кеңестер Одағының басшылары Шыңғыс тауының солтүстік – батыс бөктеріндегі Дегелең жотасының түбіне атом бомбасын сынау полигонын орналастыру туралы шешім қабылдады. Әскери – өнеркәсіптік кешеннің басшылары жергілікті халықтың мүдделерімен санаспай, сынақ өткізетін аумақты кеңейте берді. КСРО Қорғаныс министрлігі 1954ж. Абыралы ауданы аумағын  полигонға босатып беруді талап етті. Ондаған елді мекендердің тұрғындарын басқа жаққа көшіруге бұйрық берілді. Тұрғындарға енді бұл жерлерге ешқашан қайтып оралмайтыны ескертілді. Алғашында бұқара бұған наразылық білдіргенмен кейіннен лажсыздан көнді. Ошақтағы оттарын сөндіріп, ата-мекендерін тастауға тура келді. Адамдар бір – бірімен, туып өскен жерімен, суымен қоштасты. Құрбандық шалып, ата – бабаларының бейіттерімен қоштасты.

 

Әуен ойналады

Көрініс. (Айжан апа - Сая,    Қазыбек немересі - Мади )                  

Гаухар-автор: Айжан апа немересі Қазыбекті ертіп ауыл шетіндегі молалы төбеге келді.

 Саман кірпіштен қаланған төрт құлақты бейіттің қабырғасына сүйеніп тұрып, ол ауыр күрсінді.

Сая –Айжан апа: - О, құдай, не жазып едім?! Көрсетерің көп екен ғой әлі.

Гаухар-автор: Әжей іштей күбірлеп ұзақ отырды. Қазыбек оның не деп отырғанын естіген де, түсінген де жоқ. Енді бірде әжесі екі алақанын жайып, дауысын қаттырақ шығарып, құдайға жалбарынған тілектерін айтып бет сипады.

Сая –Айжан апа: - Ұлым, ұмытып қалып жүрме. Белгілеп, есіне сақтап ал. Мына жатқан сенің атаң Нысанбайдың қабірі. Ана жерде ұлы бабаң Жанау батыр жатыр. Атаң өлгенде сен не бар – жоғы екі – ақ жаста болатынсың. Марқұм қайсар адам еді. Өмірінің жартысы большевиктердің абақтысында өтсе де, жауға жүнін қомпайтып, мойынсынбай өмірден өтті. Сенің қандай адам боларыңды кім білсін?...

Қазыбек немересі-Мади: - Мен де Жанай атамдай батыр боламын.

Сая –Айжан апа: - Е, құлыным – ай! Батырлардың заманы өткелі қашшан. Енді қайтып оралмайсыңдар,  ата жұрттан мәңгіге қуып жатқан өкіметке қай батыр не істей алады.

Гаухар-автор: Кемпір  бейітті құшақтап, ұзақ жылады. Осы кезде өзге молаларға да ауылдан қаптап адамдар келе бастады. Әркім өз аруақтары жатқан бейіттермен қоштасуда. Бейіт басы күңіреніп кетті. Бұл жарылыс алдындағы тұрғындардын туған жермен, рухтармен қоштасудын көрінісі еді. Мұндай көріністер қаншама еді.

 

Даулетхан:  1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы өте ауыр болды.. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Олай болса,  келесі  кезекті экрандағы бейнетаспаға назар аударайық.

 

№2  Бейнетаспа: 1949жылғы жарылыс.

Жүргізуші -2: Сөз  «Табиғат жанашырларына » беріледі.

Монтаж:

1-оқушы:  Берік

Ей адамдар,

Күн мен гүлден жаралған

Тіршілік иесі-

Жер анаға қараңдар!

Зор қайғыдан күрсінгенде

«Аһ» ұрады дүние.

Жаратылыс заңдылығы бұзылса,

Сонда болар кім ие?

2-оқушы: Байболсын

Уланса ауа

Уланамыз бәріміз.

Уланса су

Уланатын тағы біз.

Уланса жер

Уланады өсімдік.

Уланса мал

У тарайды бізге де.

Улы затпен күреспейміз біз неге?

3-оқушы: Еламан

Аз ба мынау жер бетінің  жарасы,

Семей менен Сарыөзекке қарашы.

Мұңын шағып,шерлі үнменен уілдеп,

Ыңырсиды қазағымның даласы.

4-оқушы:Сая

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусәр тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Ол анаң ғой,ал сен кенже ұлысың.

5-оқушы:Мұрагер 

Ғасыр да кетті, Семей де кетті көп есем,

Зияны оның ұшан теңіз көп десем,

Жылады дала, құлады қала

Қиратып ойын дананың

Қазақтың дархан, ойыменен сөйлесем.

6-оқушы:Баққонсын 

Сын сағат менің, сыңғырлап жатыр санамда,

Дүр сілкінді оған да- мынау ғаламда

Алдымда менің ашыла жатқан ғылым бар,

Сондықтан оған дірілдеп жатыр қалам да.

 

Динара:  Семей полигоны – әлемдегі ең ірі полигонның бірі. Ондағы атом жарылыстарын тоқтату арқылы қоршаған ортаның радиациялық тозаңмен ластануына шек қою – мәселенің бір жағы ғана. Әлемдегі ірі сынақ полигондарының жойылуы –дүниежүзілік атом соғысының болдырмаудың да ең қажетті алғы шарты болар еді.

Сонымен қоса, полигонды жаптырған күннің өзінде, осымен іс біте қоймады. Өйткені жарылыстан зардап шеккен халықтың денсаулығын қалпына келтіру үшін жүргізілетін жұмыстардың өзі ұшан-теңіз және ол көптеген жылдарға созылады.

Осы жағдайларды ескере отырып, жаңа қоғамдық бірлестік құру қажеттігі айтылады. Оның аты «Невада - Семей» болсын деп ұсыныс жасалды.

Невада – Америка Құрама Штаттарының бір әкімшілік бірлігінің аты. Онда АҚШ - тық атом полигоны орналасқан. Қоғамның аты «Невада - Семей» қойылуы оның жұмысының дүниежүзілік мәнін, түбінде Кеңестер Одағының ғана емес, АҚШ - тың да (өзге елдердің де) полигондарын жабу мақсатын көздегенін көрсетеді.

№3  Бейнетаспа: (дыбыссыз) Митингінің өтілуі

Гаухар: 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп,  тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады.  1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды

Жүргізуші -2:  Бүгінгі тәрбие сағатымызда қаншама құнды пікірлер, еліміздің, жеріміздің, халық тағдыры, денсаулығы, табиғат құбылыстары, қоршаған ортаның зардап шегуі, ластануы т.б. көптеген мағлұматтар  айтылды.

Жүргізуші -1: Қазір 3 топтың оқушылары берілген тақырып бойынша жұмыс жасап, постер арқылы бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылайды.

Постермен жұмыс:

І-топ:  «Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері»

             Топ мүшелері.

ІІ-топ: «Ел тағдыры - жастар қолында»

             Топ мүшелері.            

ІІІ-топ: «Қазақстан - ядролық қарусыз ел!» тәрбие сағатына кері байланыс.

              1. Не білдім?  2. Не білгім келеді?

             Топ мүшелері.

Постер жұмысын  қорытындылау.

 

Жүргізуші -1:  Болашақ тарих беттерінде ядролық қаруға қарсы шыққан ағаларымыздың да есімдері алтын әріптермен жазылатынына  сеніміміз мол. Болашаққа жол ашқан ағаларымыздың алдында біздер бас иетін боламыз.

Жүргізуші -2:   Құрметті оқушылар!  «Ел тағдыры-жастар қолында» деп бекер

айтпаған. Қазақстанның  өркендеуіне, өсуіне,  дамуына өз үлестеріңді қосып, еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, еліміздің тыныштығын сақтап, өз елін құрмет тұтатын саналы да тәрбиелі азамат болуларына сеніміміз мол.

 

Жүргізуші -1:  Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Бүгінгі  7-8-9-10 «А» сынып оқушыларының «Қазақстан - ядролық қарусыз ел!» атты тақырыбындағы сыныптан тыс тәрбие сағатын тамашалағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Жүргізушілер:  Қош сау болыңыздар!


                                                    « Киров орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:

 

 

 

Қазақстан - ядролық қарусыз ел!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

География пәнінің мұғалімі: Рахиманова А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         2016-2017   оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара: "Қазақстан- ядролық қарусыз ел""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 666 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2017 2123
    • DOCX 38.1 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахиманова Алтынай Серикхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5723
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой