Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс шара. "Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс шара. "Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым »

Мақсаты:Балалардың қай пәнге бейім екендігін айқындау. Дарынды оқушыларды анықтау. Балалардың ойлау қабілеттерін, еркін сөйлеуге, ойын толық жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыра түсуге дамыту.

Барысы:

Мұғалім: Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.

Армызыдар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, білім нәрін игерген оқушылар! 4-сыныптар арасында өткелі отырған «Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым» атты сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер. Талапты да, талантты балалардың сайысын бақылап отыратын әділқазы алқасымен таныстырайын.

Тәрбие жұмысының орынбасары:
Бастауыш сынып оқу ісінің тәрбие меңгерушісі:
Бастауыш сынып мұғалімі:
Бүгінгі білімділер сайысы 6 бөлімнен тұрады.Ендеше сайысымыздың шартымен таныстырайын.
1. Сен білесің бе?
2. «Ойлан,тап»

3. «Кім тапқыр?»
4. «Ойлы болсаң, озып көр»
5. Шапшаң есептей білейік
6. «Бәйге»
Балалар дайын болса, онда сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.


Әр топ өз топтарын таныстырады.

( Кеспе қағаз алу арқылы жауап беру )
1-кезең. Сен білесің бе?

Мен сендерге бірнеше сұрақтар беремін, сол сұрақтың жауабын суреттер арқылы бересіңдер.

1.Бес асыл іс пен бес дұшпанды кім айтқан? (Абай Құнанбаев)

2.Халық қаһарманы емес деп, желтоқсан оқиғасына қатысты емес деп шығарған. Ол да ауыр соқыдан қаза болған батыр апамыз кім? (Ләззат)

3. Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы (Бауыржан )

4. Атақты күйші. Оның «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері бар. (Құрманғазы)

5.75 жасында Алматыда тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға жарқ етті. «Бұлбұл» күйін орындаушы күйші. (Дина)

6. «Үш бақытым» өлеңінің авторы. (Мұхағали Мақатаев)

7. Қарлығаш би атанған кім? (Төле би)

8. 12 жасында дейін әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген би кім? (Әйтеке би)

9.Табиғатты жырлаған ақын? (Абай)

10.Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

11. Таза бұлақ мәтінінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

12.Бейнелеу өнерінің негізін салған, аса таланты суретші кім? (Әбілхан Қастеев)


Жарайсыңдар балалар! Ойлай болса дайын болсақ 2-ші кезеңнің ережесімен таныстырайын. Әр топқа сөз тіркестері беріледі сол сөз тіркестерінің мағынасын ашып айтып берулерің керек.


2-кезең «Ойлан ,тап»

Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу
1-топ Мұрнын шүйірді (менсінбеді, ұнатпады,жақтырмады)

Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)

2-топ Көз жазып қалды (адасты, жоғалтып алды)

Ит терісін басына қаптады (ұрысты, балағаттады, сөкті)

3-топ Аузы-мұрны қисаймай ( ұялмай, шімірікпей)

Бармағынан бал тамған (өнерлі, шебер, көп істі білетін)

4-топ Екі езуі екі құлағында (мәз, қуанышты)

Қой аузынан шөп алмас (момын жуас)


Жарайсыңдар балалар!

Олай болса келесі кезеңімізге көшейік.

3-кезең

«Кім тапқыр?» деп аталады.Мен сендерге есеп оқимын. Сендер шешуін айтасыңдар.

1.Жұлдызқұрт биіктігі 14 м ағашты бойлай күні бойы 4 м көтерілді, ал түнде 3 м төмен түсті. Жұлдызқұрт ағаш басына неше күнде өрмелеп шығады?

2.Анам қырыққабат тұздады.Әрбір 2 қырыққабатқа 4 қасықтан тұз салды. Егер анам 20 қасық тұз жұмсаса , неше қырыққабат тұздады? (10)

3.Қорада тауықтармен қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса , қорада неше тауық ,неше қоян бар ? (5 тауық, 10 қоян)

4.Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5

5.Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты (4)

6.Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы100 теңге ақшасы бар еді. Құрал жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді . Қалай тез есептеп беруге болады.

7.Диас ағаш кесуге әкесіне көмектесті .Әрбір бөренені олар 5 бөлікке бөлді. Олар арамен бір кесіп түсіруге 5 мин уақыт жұмсады.4 бөренені арамен кесуге оларға қанша уақыт керек болды. 100

8.Стаканға, кесеге және құмыраға кофе, шырын және шай құйылды. Стаканға құйылған кофе емес, кесеге құйылған шырын да , шай да емес. Құмырада шай емес.Қай ыдысқа не құйылды? (Стаканға шай, кесеге кофе, құмыраға шырын )




4-кезеңіміз «Ойлы болсаң озып көр» деп аталған екен.Экранымыздағы ұпайларды таңдап артындағы сұрақтарға жауап береміз. Кім қандай сұраққа жауап берсе сол ұпайға ие болады.
20.
1) Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзін сөйлескен сөзді.......(монолог)

2)Екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсатуды ........ (Теңеу)
3) Лирика дегеніміз? (Адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді )
30.
1) Жүректен тарайтын қан тамырын ата (Артерия)
2) Адам денесінің тірегі не? (Қаңқа)
3) Адам денесінің сүйектері ненің көмегімен қимылдайды? (Бұлшық еттің )
40.
1) Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей,

Ақын болмай тасың болсам мен егер...... деп жырлаған ақын

( Қасым Аманжолов Туған жер өлеңі)
2) Уа, бір туған бауырлар, сабыр етіңдер!Ажал басқа төнсе , көздің жасы қорған бола алмайды...... деген қай мәтіннен алған үзінді ,авторын ата

(Әйел –Ана Ақселеу Сейдімбек)
3) Оралып, шырматылды , шықпастай боп,

Басыңа құдай берді мұндай істі........деген мысалдың авторы

(Сұлтанмахмут Торайғыров Арыстан мен Тышқан)


Жарайсыңдар балалар
Өте жақсы .

Олай болса келесі кезеңімізге көшейік.

5-кезең «Шапшаң есептей білейік» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа логикалық есеп беріледі. Есепті шешіп әділ қазыларға апарамыз.

1- топ 8 8 8 8 8 8 8 8 =1000 (Тек қосуды пайдалану ) 888+88+8+8+8=1000

2- топ 3 3 3 3 3 3=90 3·3 ·3·3+3·3=90

3-топ 4 4 4 4 4 4 =100 (4·4+4)·(4:4+4)=100

4-топ 2 2 2 2 2 2=26 22·2:2+(2·2)=26


6-кезең «Бәйге» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сол сұрақтарға 1минут ішінде жауап беріледі. Белгіленген уақыт ішінде неше сұраққа жауап берсе сонша ұпай жинайды.
1-топ:
1. ҚР-ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
2. Абайдың әжесі (Зере)
3. Зат есімнің көпше түріне мысал келтір
4. Еңбек туралы мақал айт.
5. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (тең)
6. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп)
7. Қай құс жұмыртқа баспайды? (көкек)
8. Бір тоннада неше кг бар? (1000)
9. Бас кеспек болсада,
тіл кеспек жоқ
10. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстел үстінде неше стақан қалды? (5)
2-топ:
1. Жер бетінің жоғарғы құнарлы қабаты (топырақ)
2. Республикадағы ең ірі кен орны (Қарағанды)
3. Көне заттарды сақтайтын орын (Мұражай)
4. Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымшаны (жалғау)
5. Адам, жануарларға, өсімдік өміріне не қажет? (қорек, су,ауа,жарық,жылу)
6. Аттар 5км жүгіріп өтті. Аттың әр біреуі неше км жүріп өтті (5км)
7. Мәтін деген не?
8. 7*6-ның көбейтіндісі (42)
9. Оқу, білім туралы мақал айт.
10. Арал теңізіне құятын өзен (Сырдария)
3-топ:
1. Еліміздің бас қаласы қай қала
2. Құрманғазының шәкірті кім? (Дина)
3. Күрделі етістікке мысал келтір
4. Отан туралы мақал айт
5. Жапырақтар күзде неге сарғаяды? (хлорофильі азаяды)
6. Компас дегеніміз не?
7. Ұзындық өлшем бірліктері (мм,см,дм,м)
8. Адам денесінің тірегі (Қаңқа)
9. Абылайханға Төлебидің қойған аты (Сабалақ)
10. Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды (ұшпайды)
4-топ:
1. Үш арсызды ата (ұйқы, күлкі,тамақ)
2. Баспалдақ 15 басқаштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында тұрушы нешінші басқышты басу керек? (8)
3. Ана, әке туралы мақал айт
4. «Жоңғар» хандығына мәмілегерлік жолмен 3 рет барған би (Қазыбек би)
5. Денені не қаптап тұрады? (тері)
6. 6*8-дің көбейтіндісі (48)
7. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
8. Аудан әкімі кім? (Темірбек Асауов)
9. Сендер қай облыста тұрасыңдар? (Маңғыстау облысы)
10. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі (карта)

Жарайсыздар балалар. Осымен біздің кезеңдеріміз аяқталды.
Жарыс заңы ежелден Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектену, жалықпау-

деп, сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров275
Номер материала ДВ-314328
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх