731688
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокБиологияДругие методич. материалыСыныптан тыс шара "Генетика алаңына сәлем!"

Сыныптан тыс шара "Генетика алаңына сәлем!"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сыныптан тыс іс – шара: «Генетика алаңына сәлем!»

Іс – шараның тақырыбы: «Генетика алаңына сәлем!»

Мақсаты: а) білімділік: Студенттердің «генетика» тарауы бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, еске түсіру.

ә) Тәрбиелік: Танымдық қызығушылықтарын арттыру, алғырлыққа, шапшаңдыққа , ізденімпаздыққа баулу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтына баулу

б) Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, жүйелеу қабілеттерін дамыту. Дүниетанымдарын кеңейту

Іс – шараның көрнекілігі: айналмалы барабан,көрнекі плакаттар, слайдтар

Іс – шараның барысы:

Биологияның басты саласының бірі генетика. Оның зерттеу нәтижелері ғылымның көптеген салаларында: генетика және экологиялық теория; табиғатты қорғау ісіне қатысты; денсаулықтың генетикалық көрінісі; медициналық генетика т.б. қолданылып келеді.

Қазірге дейін медициналық генетикада адамның 2000 нан астам тұқым қуалайтын аурулары табылды. Адамзаттың тектік қорында жинақталған зиянды генетикалық өзгерістер мөлшері мутагендермен және сан алуан сәулелену түрімен қоршаған ортаны ластануға мөлшерлес өсуде.

Мысалы Жапонияда қала тұрғындарының көпшілігі бомбалаудан кейінгі алғашқы жылдарда балалы бола алмаған. Мұндай күшті әсер транслокациямен (хромосомалардың үзілмеуімен) байланысты

Адам ағзасы ультракүлгін сәулелену және көзге түсетін күн жарығы, теледидар және компьютерден, тіпті алғашқы буынның ұялы телефондарынан пайда болатын сәулелердің көлемінің артуы кезінде мутагенезге ұшырайтынын есте ұстауы керек.

Әрбір адам өзінің күнделікті өмірінде осындай аспаптар мен жұмыс істеуге арналған ережелер мен нормаларды сақтап, әсіресе көктемгі және жаздағы күнде бақылаусыз ұзақ болмауы керек.

Тұқым қуалайтын ауруларды дұрыс анықтай білуде, аурудың алдын алуда, тіпті оларды болашақ ұрпақтарда болдырмауда тұқым қуалау заңдылықтарын жете білу қажет.

Ол үшін тұқымқуалаушылықпен өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттейтін генетиканы білуіміз қажет.

Олай болса, құрметті студенттер бүгін ГС – 812, 9-112 9 Ю -12 студенттері арасында ұйымдастырылып отырған «Генетика алаңына сәлем!» - атты сайысымды ашық деп жариялаймыз, баршаңызда осы сайысқа қош келдіңіздер.

Сайыс ресейлік «Поле чудес» телевизиялық шоу желісімен өткізіледі.

Алдыменен ойын шартымен таныстырып өтемін.

Біріншіден, қатысушыларға қойылатын сұрақтар, көрермендерге қойылатын сұрақтардың барлығы да «Жалпы биология » курсының «Генетика» тарауы бойынша қойылады.

Алдымызда айналдыру барабаны тұр. Барабандағы «ә» әріпі әріп дегенді білдіреді, яғни барабан бағдаршасы «ә» әріпі көрсетсе қатысушы сұрақтың не толық жауабын, не жауабын табу үшін қажет деп есептеген әрпін атай алады, «б» - банкрот яғни қатысушы әріп атау құқығынан айырылып, барабанды бұрау кезегі келесі қатысушыға өтеді.

Сектор + яғни мұнда қатысушы 1 әріпті ашуға қақысы бар, С – сыйлық, мұнда қатысушы не сыйлықты тандайды, немесе ойынды жалғастырғысы келсе, сыйлықтан бас тартуға қақысы бар, К – күлкі, қатысушы әзіл айтып, анекдот айтып көрермендердің көңілін көтеруге тиісті, Сондай – ақ 3 турдан кейін көрермендермен ойын ойналады, өте жақсы қатысқан көрермендерге сыйлық табыс етіледі.Әрбір турдан кейін тұқым қуалайтын аурулар туралы жарнама, хабарлама беріліп отырылады.

Сонымен іске сәт деп, І турдың қатысушыларын

Дәулет қосар елінің дәулетіне

Сәулет қосар жерінің сәулетіне

Қол соғайық қанекей, қошеметпен

Колледждің «Құрылысшы» әулетіне деп «Техник - құрылысшы» мамандығының Гс – 812 тобы студенттерін

ортаға шақырамыз.

Барабанды айналдыру кезегін анықтау үшін номер суырамыз.

Сұрақ:

Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуір ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Енді мына сөзге назар аударыңыздар. «Жұмыртқа жасушасымен спермий организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата – ананың бойындағы белгі қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі» - деп есептеген ежелгі дәуір ойшылы кім?


Сонымен ойынымыздың І кезеңінің жеңімпазын құттықтаймыз.

Хабарлама-жарнама «Тұқым қуалайтын аурулар» Өнер тамашалау. Ән.

Ақпараттық технолгия заманында

Жауап берер қоғамның талабына

Менгерген тілін ғажап құралдардың

Гүл бітсін ұландар қадамыңа – деп «Техник – программист» мамандығының 9 -112 топ студенттерін

ортаға шақырамыз

Сұрақ:

Мендельдің бұршаққа жүргізілген тәжірибилерінде байқалған доминанттылық құбылысы толық доминанттылыққа жатады. Кей жағдайларда бірінші ұрпақта доминантты белгі толық көрінбей аралық сипатта болады. Мысалы раушан гүлдің қызыл және ақ гүлді формаларын алып будандастырғанда, бірінші ұрпақ гүлдерінің түсі қызғылт болып шығады. Яғни бұл құбылысты толымсыз доминанттылық деп атаймыз. Сонымен сіздерге сұрақ: толымсыз доминанттылық құбылысын тағы қандай өсімдікке жасалған тәжірибеден көруге болады?




Сонымен ойынымыздың ІІ кезеңінің жеңімпазын құттықтаймыз.

Хабарлама-жарнама «Тұқым қуалайтын аурулар» Өнер тамашалау. Би.


Слайд.

Қолдайтын заңсыздықтан сасқандарды

Қорған боп кінәсіздің ақтар жанын,

Сазайын бергізетін заңгерлер бар,

Заңды аттап, бөлшесінен басқандарды –

деп сайысымыздың ІІІ турының қатысушылары «Құқықтанушы» мамандығының 9Ю-12тобының студенттерін қошеметпен

ортаға шақырамыз.

Сұрақ:

Адамда, сүтқоректі жануарларда, дрозофиллада т.б. көптеген түрлерде аналық жыныс гомогаметалы яғни хх, ал аталық гетерогаметалы ху.

Тауықтарда және басқа құстарда, сол сияқты жібек құрты мен көбелектерде, керісінше аналық жыныс гетерагаметалы ху, ал аталық гомогаметалы хх. Кейбір жәндіктерде у хромосома мүлдем болмайды. Ол қандай жәндік?


Сонымен ойынымыздың ІІІ кезеңінің жеңімпазын құттықтаймыз.

Хабарлама-жарнама «Тұқым қуалайтын аурулар» Өнер тамашалау. Әзіл.

Төтеп бере сұрақтың дауылына

Жаурамайтын сұрақтың жауынына

Білімдерін көрсетсін ортамызға

Кезек келді көрермен қауымына – деп ойын кезегін көрермендерге береміз

1ГЕНЕТИКАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ, ЧЕХ ҒАЛЫМЫ

2.Шағылыстырудың қандай түрлері бар

3Моногибридті шағылыстыру деген не

4.Дигибридті шағылыстыру деген не

5Бірінші ұрпақта көзге көрінетін белгі

5Бірінші ұрпақта жасырын қалатын белгі

7Г,Р

8

9.Х,Ғ

10.Ата-анадан алынатын гендердің толық жиынтығы

11.Ағзаға тән сыртқы және ішкі белгілер жиынтығы

12.Менделъ тәжірибесінде 1-ші ұрпақта фенотипі де, генотипі де бірдей будандар алынады, бұл заң қалай аталады

13.Екінші ұрпақта белгілер фенотип және генотип бойынша қандай арақатынаста ажырайды

14.АА

15.Аа

16.аа

17.Гендердің өзара әрекеттесуінің қандай түрлері бар

18.Екі немесе бірнеше доминантты гендердің бірігіп бір белгіні жарыққа шығаруы

19.Бір доминантты геннің екінші доминантты генді басып тастауы

20.Адамда қанша жұп хромосома бар


ІV кезең.

Финалисттер ойыны.

Оны Біздер білеміз, адамның тұқым қуалаушлығын зерттеудің көптеген әдістері бар: генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, популяциялық т.б.

Генеологиялық әдіспен көптеген аурулардың тұқым қуалайтындығы анықталған. Соның бірі гемофилия. Осы гемофилия генінің тасымалдаушысы болған атақты адамның аты кім?







Финал женімпазын құттықтау. Хабарлама. Өнер.

Финал женімпазымен ойын.

Олай болса сұрақ?

1906 жылы ғылымға ағылшын ғалымы енгізген термин







«Ең үздік генетик»-студентті марапаттау. Хабарлама. Өнер.

Сонымен, бүгінгі «Генетика алаңына, сәлем!»-атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Өздеріңіз көріп отырғандай сайыс жеңімпазы

Саған әрдайым да осындай биіктен көріне бер демекпіз.Қалған сайыстың сегіз қатысушылары, сондай-ақ көрермен сайыскерлер сіздерге де үлкен алғысымды айтамын, сіздер де бүгін үлкен белсенділік көрсетіп, өз білімдеріңді, өнерлеріңді көрсеттіңдер. Сіздердің де алар асуларың алда дегім келеді.Әрине генетика бұл үлкен әлем, оның бүкіл мәселелерін бір-екі сағатқа сыйғызу мүмкін емес, бүгін біз генетика әлеміне шағын ғана саяхат жасадық, шағын болса да белгілі бір дәрежеде өз білгендеріңді көрсетуде, еске түсіруде, білімдеріңді тиянақтауда өзіндік орны болды деп ойлаймын.

Қатысып отырған әріптестер, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет деп, пәндік іс-шараны аяқтаймын.

Общая информация

Номер материала: ДБ-006118

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии»
Курс профессиональной переподготовки «Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности»
Курс повышения квалификации «Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс «Общее садоводство: Стилистика садов. Создание различных стилей с использованием местных и интродуцированных растений»
Курс повышения квалификации «Основы биоэтических знаний и их место в структуре компетенций ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Общее садоводство:Травянистые растения для садов средней полосы»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация производственно-технологической деятельности в области декоративного садоводства»
Курс повышения квалификации «Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии»
Курс повышения квалификации «Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и выполнение работ по производству продукции растениеводства»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.