Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Сыныптан тыс шара ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сыныптан тыс шара ХХІ ғасыр көшбасшысы

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Ұлттық құндылықты, ұлықтайық. «ХХІ ғасыр көшбасшысы».

Мақсаты: Ұлтымыздың болашағы, еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпаққа тиянақты, тиянақты да терең білім беру. Оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту, келер ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту қушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Туған тілін, туған жерін, туған елін қастерлей білу халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу.

Түрі: Зияткерлік ойын үлгісінде.

Бәйге

І тур. Бұл турда оқушылардан тест әдісі бойынша бақылау алынады. «Қазақ тілі» пәні бойынша 20 сұрақ беріледі де жинап алып тексеріледі.

Жедел жауап

ІІ тур. «Жедел жауап». Бұл турда қатысатын әр топқа қазақ тілі пәні бойынша 10 сұрақтан қойылады. Жауап нақты, түсінікті әрі тез болуы керек. / Бағалау: Әр жауапқа 10 ұпай.

Көкпар

ІІІ тур. «Менің таңдауым». Бұл турда «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері және салт-дәстүр тақырыбы бойынша 10, 20, 30, 40, 50 ұпайға лайықталып дайындалған сұрақтарға жауап береді де, аталған ұпайға иеленеді.



Қазақ тілі

10 ұпай. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Нешеге бөлінеді. Түрлерін атап ережелерін айту.

20 ұпай. Буын дегеніміз не? Буынның неше түрі бар. Анықтамасын мысалдармен айт.

30 ұпай. Буын үндестігі дегеніміз не? Буын үндестігіне бағынбайтын қосышаларды атап беру.

40 ұпай. Тұрақты тіркестер дегеніміз не? Мысалдар келтіру.

50 ұпай. Шылау қандай сөз табы, басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар, түрлерін атап, әр түріне мысалдар келтіру.

Қазақ әдебиеті

10 ұпай. Жыр құлагері атанған кім?

20 ұпай. Үш бәйтерек деп кімдерді атаймыз? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет).

30 ұпай. Қазақ халқын әлемге танытқан шығарма қалай аталады?

40 ұпай. «Ана» тақырыбына кеңінен қалам тартқан жазушы.

50 ұпай. «Бес арыс» деп кімдерді атаймыз?

Салт-дәстүр

10 ұпай. Сәби қаз тұрғаннан кейін жасалатын ырым.

20 ұпай. Тоқымқағар деген не?

30 ұпай. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегі «жиен» кім? (Күйеуге шыққан қыздан туған бала)

40 ұпай. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік)

50 ұпай. Қазақта топ аттылар жарысты не дейді? (Бәйге)

Әр түрлі

  1. «Невада – семей» қозғалысын ұйымдастырған қоғам қайраткері, ақын кім? (О.Сүлейменов)

  2. Ғарышта Абайдың қандай әнін қай ғарышкер орындады? (Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады)

  3. Еліміздің намысын қорғаған қандай боксшыларды білесің? (Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов)

  4. Қай аң мықты: жолбарыс па, арыстан ба? (Жолбарыс)

  5. Жыл бойы тістері жаңарып отыратын жыртқыш. (Қолтырауын)





Әдебиет әлемі

І топ

  1. Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Қай ақынның өлеңі?

(Сұлтанмахмұт Торайғыров)

  1. Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Қай ақынның өлеңі?

(Әбділда Тәжібаев)

  1. Гүлбаршын қай батырдың жары? (Алпамыс)

  2. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің авторы кім? (Дулат Бабатайұлы)

  3. Абай мен Әйгерімнің бұл жолғы қонақтары шынында Тобықты жастарының ең бір өнерлісі, нәрлісі болатын».

Үзінді кімнің қай шығармасынан алынған?

(Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»)

  1. Келер жазда Бекет Өтетілеуов өз атынан өтініш жазып, мені Пресногорьевская селосындағы жоғары бастауыш мектебіне түсірді».

Үзінді кімнің қандай шығармасынан алынған?

(Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»)

  1. «Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді, кейінірек Дос келді».

Қай шығарманың кейіпкерлері?

(Әбдіжәміл Нүрпейісов «Балықшылар»)

  1. Еңсептің қазған құдығы қалай аталады? («Еңсеп өлген», Әбіш Кекілбай «Шаңырқау»)

  2. «Сөйтіп ендігі жылы бірге оқимыз ба? – деді Рабиға күлімсіреп».

Рабиға кіммен сөйлесіп келеді? (Сатаймен. Сайын Мұратбеков «Қылау» повесі)

  1. «Қырғызбаев» болып аталып кеткен кім еді?

Кімнің қандай шығармасы еді?

(Қырғызбаев болып аталып кеткен Тұрар Рысқұлов. Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала». «Қызыл жебе» романы)





Әдебиет әлемі

ІІ топ

  1. «Абай жолы» роман – эпопеясының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

  2. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

  3. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

  4. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің авторы? (Абай)

  5. Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» шығармасының авторы кім? (Бейімбет Майлин)

  6. «Жапон балладасын» кім жазды? (Ғабит Мүсірепов)

  7. Андрей мен Жалмұраттың және балықшылардың табиғат апатымен арпалысы қай шығармада бейнеленген? (Әбдіжәміл Нүрпейісов «Қан мен тер», «Балықшылар»)

  8. Сөмкеге бақа салатын қай кейіпкер? (Қожа, Қожаберген Қадыров)

  9. Неміс баласы Зигфридті бала етіп алған әңгіме кейіпкері қалай аталады? (Ахмет қария)

  10. «Шоқпардай кекілі бар намыс құлақ» өлеңінің авторы кім?



Ұлағатты ұлттық ұғымдар



  1. Үш қуатты ата (Ақыл, жүрек, тіл)

  2. Үш дана кім? (Абай, Ыбырай, Шоқан)

  3. Үш байлық не? (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

  4. Үш арсыз не? (Ұйқы, күлкі, тамақ)

  5. Үш тәтті не? (Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)

  6. Үш жұрт? (Өз жұрты, нағашы жұрты, қайые жұрты)



Жеті жұмбақ



  1. Жеті жұт: 1. Құрғақшылық

2. Ашаршылық

3. Өрт

4. Оба

5. Соғыс

6. Топан су

7. Зілзала



  1. Жеті қат көк: 1. Ай

2. Меркурий (шоқ жұлдыз)

3. Шолпан

4. Күн

5. Марс (өмірзая)

6. Юпитер (Муштари)

7. Сатурн



  1. Жеті қазына: 1. Сұлу әйел

  1. Ер жігіт

  2. Қыран бүркіт

  3. Берен мылтық

  4. Жүйрік ат

  5. Құмай тазы

  6. Ақыл білім



  1. Жеті септік: 1. Атау септік

2. Ілік септік

3. Барыс септік

4. Табыс септік

5. Шығыс септік

6. Жатыс септік

7. Көмектес септік



І топ



  1. Тіл туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады (27 бап, 6 тарау)

  2. Ұлттық аспап? (Домбыра)

  3. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қашан қабылданды? (1997, 11шілде)

  4. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды? (1989,22 қыркүйек)

  5. Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет олимпиада чемпионы атанған кім? (Жақсылық Үшкемпіров)

ІІ топ

  1. Мұсылман діні? (Ислам)

  2. Қасиетті тағам? (Нан)

  3. «Қызыл кітапқа» енген греиг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады? (Ақсу-жабағылы)

  4. Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігі туралы» заң қай жылы, қай айда қабылданды? (1991, 16 желтоқсан)

  5. Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы коституциямыз қай жылы қабылданды? (1993 жылы)

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.08.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров169
Номер материала ДA-014789
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх