Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Сыныптан тыс шара "Химия және қоршаған орта"

Сыныптан тыс шара "Химия және қоршаған орта"

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Химия және қоршаған орта

Өтілу формасы: сайыс

Қатысушылар: 9-10 сыныптан 2 топ( 6 адамнан)

Мақсаты:Оқушылардың экологиялық және химиялық танымын кеңейтіп , ойлау қабілетін дамыту.

Міндеттері:

  • оқушылардың химия және экология бойынша танымдық көзқарастарын кеңейтіп, интеллектуалдық және мәдени деңгейлерін арттыру

  • оқу – танымдық әрекеттері арқылы осы пәндерге қызығушылығын арттыру

  • өзара толеранттық қарым – қатынас , сыйластыққа тәрбиелеу

  • берілетін жауаптарды нақты және дұрыс жеткізіп айту біліктерін қалыптастырып, дамыту

Қажетті көмекші құрал – жабдықтар: проектор, компьютер, экран

Сайыс шарты: 9,10 сыныптардан құралған 2 топ берілген сұрақтардың тақырыбы мен ұпайларына сәйкес сұрақтарды таңдап, 30 сек ішінде жауап беруі тиіс. Әр топ кезекпен таңдайды, сарапшылар жинаған ұпайды есептейді

Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушы ойыншылар мен жанкүйерлер!

« Химия және қоршаған орта» атты интнллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Барлығынызға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастаймыз.

I кезкң – « Кім білгір, кім тапқыр?» ( әр топ кезекпен тақырыптар бойынша сұрақтарды таңдап, дұрыс жауап берсе, сәйкес ұпайды алады )


Тақырыптар

Сұраққа сәйкес ұпайлар

Экологиялық сөздік

10

20

30

40

50

Табиғат қорғау

10

20

30

40

50

Қалдықтар, олардың пайдасы

10

20

30

40

50

Бейметалдар

10

20

30

40

50

Экологиялық сөздік тақырыбы бойынша

10 ұпай. Тұман және түтін түзетін атмосферада болатын қатты және сұйық бөлшектер? ( Аэрозоль)

20 ұпай Топырақ, су, тау жыныстарына ауаның табиғи және жасанды жолмен түсуі қалай аталады? ( аэрация)

30 ұпай Арамшөптермен қарсы күресте қолданылатын заттар ( гербицидтер)

40 ұпай Қаіпті ісік ауруларының пайда болуына әсер ететін техногенді химиялық қосылыстар, ауыр металдар мен радиоактивті заттар қалай аталады? ( канцерогендер)

50 ұпай Органикалық заттарға қаныққан батпақтар мен тұрмыстық қалдықтар құрамында органикалық қалдықтардан түзілетін газдар қоспасы? ( Биогаз СН4, СО2, Н2, О2)

Табиғат қорғау тақырыбы бойынша

10 ұпай Құрамында қышқылдар болатын атмосфералық жауын – шашаынды қалай атаймыз? ( Қышқыл жаңбырлар)

20 ұпай Биосферадағы атомдар, молекулалар, табиғи сулар мен минералдарды массалардың алмасуы, заттардың түрлену үрдістерінің қайталануын қалай атаймыз? ( зат айналымы)

30 ұпай Су мен тағам өнімдерінде жинақталып, түрлі аурулардың туындауына әкелетін азот және азотты қышқылдардың тұздары? (Нитраттар мен нитриттер)

40 ұпай Күн сәулесі энергиясының әсерінен су буымен көмірқышқыл газының сіңірілуіне әкелетін табиғи құбылыс? ( Жылыжайлық эффект)

50 ұпай Топырақ фаунасының бүлініп, өсімдіктер өсуін баяулататын топырақтағы жеңіл еритін тұздар мөлшерінің артуын қалай атаймыз? ( Топырақтын тұздануы)


«Бейметалдар» тақырыбы бойынша

10 ұпай 1962 жылы орыс геофизигі М.И.Будыко « адамзаттың көп мөлшерде отынды жағуы ауада осы қосылыстың көбеюіне әкеледі» деген. Бұл қандай оксид? ( көміртек Ivоксиді )

20 ұпай Қазіргі уақытта қысқы мезгілдегі ауа – райының жылынуына әкелген құбылыс? ( Жылыжайлық эффект)

30 ұпай Табиғатта молекулалық куйдегі азотты сіңіру қабілеті бар ағзалар ? ( түйнек бактериялары)

40 ұпай Энеогетикалық кешенді кәсіпорындарында бұл токсинді газдың бөлініуінің азаюына байланысты оның ауадағы мөлшері қысқы мезгілге қарағанда жазда 2-5 есе аз болады. Бұл қандай қосылыс? ( азот ( IV) оксиді)

50 ұпай Озон қабатының бүлінуін тездететін оксидтер? (Азот II және IV оксиді )


II кезең – Топ басшылар сайысы ( әр топ басшысы ұпай бойынша сұрақты тандап, жауап береді)

«Су» тақырыбы бойынша

10 ұпай Ғаламдық гидрологиялық үрдістің негізгі 3 ағыны бар: олар: жауын – шашын, ылғал айналымы жяне .....? ( булану)

20 ұпай Ағынды сулар арқылы тыңайтқыштардың көп мөлшерде су қоймаларға түсуі ондағы өсімдіктерге қалай әсер етеді? ( балдырлардың шексіз өсуі жоғарылайды)

30 ұпай Табиғи суларға атмосферадан жауын – шашын арқылы түсетін ластаушы заттар? ( күкірт және азот қышқылдары , сульфаттар мен нитрат тұздары)

40 ұпай Судың белсенді микрофлоралар көмегімен тазалануын қалай атаймыз? ( Биологиялық тазарту)


III кезең Бұл кезенде әр топ өздері ұпайға тапсырыс ( ставка) қойып, берілген сұраққа жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай саны қосылады, егер қате болса шегеріледі.


Химия және денсаулық кезені

  1. Баршаңызға белгілі сүтқышқылды тағамдар денсаулық үшін пайдалы. Айран дайындауда қандай процесс қолданылады? ( ашу)

  2. Неліктен мұнай өнімдерімен уланған жағдайда майлар , өсімдік майлар мен жұмыртқаны тағамға қолдануға балмайды ? ( көмірсутектер майда еріп , ағзада ұзақ уақытқа жинақтауып қалуы мүмкін)

  3. Бром мен йодтың улы екені белгілі . Бірақ неліктен невропатолог дәрігер сізге бром қабылдауға, ал эндокринолог йод жетіспейді деп кенес береді? ( олардың жай заттары улы. Дәрілер құрамында олардың тек қосылыстары болады)

  4. Қандай еден жабындыларының денсаулыққа әсері қауіпсіз : кілем, линолеум немесе бояу? Неліктен ? ( кілемдік жабындыларда шаң тазандар көбірек жинақталады, линолеум ағзаға зиянды заттар бөлуі мүмкін, ал боялған едендердің зияндылығы төмен болады)

  5. Қандай зат адамды бір мезгілде жүрек ауруынан сақтап қалса , бір уақытта көптеген адамды жойып жіберуі мүмкін ? Неліктен олай әсер етеді? ( нитроглицерин . оның



Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров174
Номер материала ДВ-398659
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх