Инфоурок Химия КонспектыСыныптан тыс шара "Ғылым эксперименттен басталады" 8-9 сыныптар

Сыныптан тыс шара "Ғылым эксперименттен басталады" 8-9 сыныптар

Скачать материал

Күні: 24.02.2016

Сыныбы: 8 – 9 сыныптар

Тақырыбы: Ғылым эксперименттен басталады

Мақсаты:

А) Қызықты мәліметтер келтіру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқушылардың білімін толықтыру, дүниетанымын кеңейту.

Ә) Оқушылардың теория мен практиканың өзара байланысын дәлелдеуіне қол жеткізу, дүниеге деген ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыру және пәнге қызығушылықтарын,танымдық белсенділіктерін өздік жұмыстар,шағын зерттеушілік жұмыстар ұйымдастыру арқылы дамыту

Б)Болашақта мамандықты сезініп таңдауына ықпал ету,химик мамандығына баулу, ғылыми әдістемелік әдебиеттермен және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыстармен жұмыстану дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктері:Презентация, тәжірибеге қажетті құралдар

Таратпа материалдар: тест және карточкалар.

Пәнаралық байланыс: химия, физика, биология.

Түрі: сайыс жарыс түрінде

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

Мұғалімнің алғы сөзі:

Үш жылдық мерзіммен өткізілетін жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалауға арналған Халықаралық зерттеуге Қазақстан 2 рет қатысып отыр. Екі зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстанның нәтижесі көңіл қуантпайды. Себебі, PISA тапсырмалары өмірмен байланысты. Осыған байланысты, бүгінгі сайысымызда оқушылар химиядан,биологиядан, физикадан алған білімдерін пайдаланып, тәжірибелер жасайды. Яғни, алған теориялық білімдерін, практикада қолданып көрсетеді.

Алдын ала оқушыларды үш топқа бөліп қойдым. Топтарды ортаға шақырамыз.

Сайыс бөлімдері:

  1. Таныстыру

  2. Логикалық сұрақтар

  3. Бүлдіршіндер тәжірибесі

  4. Үй тапсырмасы

  5. Эксперимент

Олай болса сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайық

  1. Химия пәнінің мұғалімі Берді Н.Е.

  2. Физика пәнінің мұғалімі Егизова Б.А.

  3. Биология пәнінің мғалімі Карманова Г.А.

І бөлім. Топтарды таныстыру бөлімі

ІІ бөлім. Логикалық сұрақтар бөлімінің сұрақтары:

  1. Піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны қалай ажыратуға болады?

Жауабы: Екі жұмыртқаны айналдыру арқылы білуге болады. Шикі жұмыртқа ұзақ айналады.

  1. Жылу құбырларының жұмысы қандай құбылысқа негізделген?

Жауабы: конвекция

  1. Соғыс кезінде жараланған адамның айналасында шыбындардың көптеп ұшып жүргенін кинолардан көріп жүрміз. Сол шыбындардың қандай пайдасы бар?

Жауабы: шыбындар жарақаттарды шірітіп, іріңдетпейді.

  1. Өлі теңізге адамдар не себептен батпайды?

Жауабы: Өлі теңіз өте тұзды. Ал, тұзды судың тығыздығы жоғары.

  1. Тоңазытқыштағы иісті қалай кетіресің?

Жауабы: Ағаш көмірі адсорбция қызметін атқарып, иісті сіңіріп алады.

Пушкин химик

Тогда услышал я запах скверный,

Как будто тухлое разбилося яйцо.

Иль карантинный страж, курил жаровней серной,

Я, нос себе зажав, отворотил лицо.

Бұл орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің өлеңінен үзінді. Ақын қандай газ туралы жазған?

Жауабы: Шіріген жұмыртқаның иісі шығатын газ – күкірсутек газы.

  1. Не себептен жанып жатқан керосин мен бензинді сумен сөндіруге болмайды?

Жауабы: Керосина и бензиннің тығыздығы суға қарағанда аз, сол себепті олар бетіне қалқып шығып, өрт кең ауқымға таралып кетеді.


  1. Үсіген кезде мұрын және құлақ не себептен ағарып кетеді? (Салқындаған кезде қантамырлар тарылып кетеді)

  2. hello_html_58285cb9.pngКірпі үстіндегі алма.

Кішкентайымыздан инесіне түйрелген алмасы бар кірпіні жиі суреттерден көріп жүрміз. Ол алманы қайда, әрі неге тасиды? Кірпілерге қысқы азық керек емес. Себебі, кірпілер қыста кірпілер аюлар сияқты ұйқыға кетеді. Сонымен қатар, кірпілер алма жемейді. Олар жәндіктермен қоректенеді. Бір қызығы кірпілер көптеген алманың ішінен тек қышқыл алмаларды таңдайды екен. Сонда кірпілерге алма неге керек?

Жауабы: кірпілер инелеріне үнемі қышқыл заттарды түйрейтін себебі, инелерін паразиттерден қорғайды екен.

  1. Жер астында судың ағуына арналған құбырлар бар. Су құбырының жұмыс жүйесіндегі ақауларды жою үшін жерді қазған адамдар кейбір қиындықтарға тап болды. Су құбырындағы судың қай бағытпен ағып жатқанын білу қиын. Құбырды соғып қарап, даусын есту әдісі сәтсіздікпен аяқталды. Су құбырындағы судың қай бағытпен ағатынын қалай білуге болады? Құбырдың герметикалығын (кесуге, тесуге)бұзуға болмайды.

Жауабы: құбырға әсер етуге болмағанмен, суға әсер етуге болады. Құбырдың бір жерін қыздырып, қызған судың қай бағытқа қарай ағатынын бақылау арқылы судың ағу бағытын анықтау.

  1. Төмендегі қоспаны бөлудің әдістерін көрсет. Қоспада: темір үгінділері, мырыш үгінділері және құмсекер.

Жауабы: темірді магнит арқылы, мырыш пен құмсекерге су қосады, сол кезде мырыш тұнады, ал секер еріп кетеді. Қайта кристалдау әдісі арқылы суды буландырамыз.

  1. Александр Македонскийдің Индияға жасаған жорығында жай әскерлер офицерлерге қарағанда ішек таяқшасымен көбірек ауырған. Неге?

Жауабы: офицерлер күмістен жасалған ыдыстардан тамақ ішкен.

  1. В.Ф. Одоевскийдің “Мороз Иванович” ертегісінен үзінді. Қолынан іс келетін қыз келіп суды сүзіп құмыраға құяды. Тіпті оның шеберлігі сонда: су таза емес болса, қағазды орап, үстіне көмір кесектерін салып, ірі құм сеуіп, оны құмыраның үстіне қояды да, оған су құяды. Сол кезде мөлдір су тамшылары аға бастайды. Осы құбылыстарды ата. Көмірдің қандай қасиетіне негізделген? Жауабы: фильтрлеу және адсорбция. Көмірдің адсобциялық қасиеті.

  2. Бұл өсімдікті шикілей тамаққа пайдаланбайды, ал пісіргеннен кейін лақтырып тастайды. Ол қандай өсімдік?

Жауабы: лавр жапырағы

  1. 1596 жылы Жак Картье Канада жағалауларын зертеуге шықты. Кемесіндегі барлық экипаж мүшелері цинга ауруына шалдығып, 26 адам қаза табады. Олар жағаға тоқтап, жағалаудағы солтүстік ормандардан лимон немесе басқа көкөністерді таба алмайды. Алайда сол жердің жергілікті халқы цинга ауруынан құтылу жолы туралы қарапайым кеңес берді. Ол қандай кеңес?

Жауабы: Цинга ауры адам организміне “С”дәрумені жетіспеген кезде пайда болады. Жергілікті халық қылқанды қарағайды пайдалануға кеңес берді. Себебі, қылқанды қарағайда «С» дәрумені лимондағы «С» дәруменіне қарағанда 7 есе көп екен.

Топ мүшелері логикалық сұрақтарға жауап беріп жатқанда көрермендерге қызықты тәжірибелер ұсынылады.

ІІІ бөлім. БҮЛДІРШІНДЕР ТӘЖІРИБЕСІ (5, 7 сынып оқушылары тәжірибе жасайды)

  • Сөйлейтін жіп (Ақжан, Батырхан)

  • Өкпенің сыйымдылығын қалай анықтауға болады? (Роллан)

  • Қолдан жасалған кептіргіш (Мәдениет)

  • Резеңке жұмыртқа (Әсел)

ІҮ бөлім. Үй тапсырмасы (әр топ үйлерінен дайындап келген тәжірибелерін көрсетеді, бір топ 2 тәжірибе)

Ү бөлім. Эксперимент ( әр топтан бір оқушы тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар жазылғанқағазды суырады. Қағазда жазылған қажетті құралдарды үстел үстінен таңдап алып, өздері тәжірибе жасайды.)

І – топқа арналған құрал-жабдықтар:

(ластанған ас тұзын тазалау)

  • ластанған ас тұзы;

  • лабораториялық тұрғы;

  • лабораториялық ыдыстар: құйғы, 2 стақан, сүзгі қағаз, шыны таяқша, отбақыраш және спирт шамы, ұстағыш, шыны таяқша, қайшы.

ІІ – топқа арналған құрал-жабдықтар:

(Өзгеріп тұратын жарық)

  • Сұйық спирті бар термометр;

  • 4,5 В батарея;

  • Патроны аз вольтты электр шамы;

  • Электр сымы;

  • Екі жағы ұшталған жаңа қарындаш

  • Скотч.

ІІІ – топқа арналған құрал-жабдықтар:

(Шардың реактивті қозғалысын анықтау)

  • Шар

  • Сок ішетін түтік

  • скотч

  • жіп

  • қайшы

ҮІ бөлім. БҮЛДІРШІНДЕР ТӘЖІРИБЕСІ (5, 7 сынып оқушылары тәжірибе жасайды)

  • Екі балық (Аслан)

  • Сүт палитрасы ( Мәдениет)

  • Ауыз су алу (Әсел)

  • Қағаз көпір (Оралбек)

  • Ізкесушінің оқиғасы ( Нұрмұхаммед)

Қорытынды: Қазылар алқасына сөз. Марапаттау











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара "Ғылым эксперименттен басталады" 8-9 сыныптар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 269 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 888
    • DOCX 69.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Керешова Бибигул Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Керешова Бибигул Асылбековна
    Керешова Бибигул Асылбековна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 16029
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 471 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 350 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов