Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс шара 1 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс шара 1 класс

библиотека
материалов


Әліппеге рахмет!

1-оқушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар, құрметті оқушылар!

2 – оқушы: 1- а сыныбының «Әліппеге рақмет» атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер!

3- оқушы: Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достассақ,
Әліппеміз қоштаспақ. Өсті білім , ойымыз

Бәрі: Құтты болсын тойымыз

Мұғалім: Балалар, естеріңде ме,ең алғаш мектеп табалдырығын жасқана аттаған күндерің қай күн еді? Оқушылар: 1- қыркүйек

Оқушы: Күмбір- күмбір қоңырау Соғылған ай қыркүйек Қалам ұстап қолыма Жазылған ай қыркүйек

Ән «Мектебім»

Мұғалім: Мұнан соң ең алғаш қолымызға алған алғашқы кітабымыз туралы не айтар едіңдер?

Оқушы: Көлге айналған бұлақтың Қайнар көзін көріп пе ең Том-том қалың кітаптың Басы болар әліппең

Мұғалім: Іші толған әріпке Білімдіге жарық не?

Оқушылар: Болашаққа жол бастар, Ол сүйікті, әліппе! Ол сүйікті, әліппе!

Мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық. Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе

Әліппе ортаға шығады Армысыңдар, жас достар, Армысыңдар, ата – ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген Келешегі қазақтың Басталады сендерден.

Балалар сәлемдеседі. Әліппе әріптердің формасын киген балаларға қарап,түгендегендей қалып танытады

Әліппе: Мен әуелі әріптерімді түгендеп алайын, Дауыстылар қайдасыңдар? Дауысты дыбыс формасындағы балалар: Біз мұндамыз Дауыссыздар қайдасыңдар? Біз мұндамыз Әліппе: Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі жоқ қой? Балалар: Олар ойнап жүр. Әліппе: Олар тойға неге қатыспай ойнап жүр?

1-бала: Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп, өкпелеп жүр.

Әліппе: Біреуің барып шақырып келе қойыңдар. Бір бала барып екеуін қолынан ұстап жетектеп келеді, жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі формасындағы балалар өкпелегендей, тартыншақтап кіреді. Әліппе оларға қарап: Жіңішкелік белгісі, айыру белгісі, сендердің де өз орындарың бар. Тәртіпсіздік жасамай,орындарыңа барыңдар. Оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты, Жаңадан пәндер жалғасты, Әліппе сырын ұқтырған, Рахмет ұстаз алғашқы.

Оқушы: Ғұлама білгіш ғалымнан, Оқушы жас жалыннан, Аса ірі ойшылдан, Президент, ақыннан, Ғарышкер, ұлы батырдан, Өнері асқан актерден, Ырыс қазған шахтерден, Мың бұралған бишіден, Ой тербеткен күйшіден, Оқыған жас кәріден, Оқушының бәрінен. Хор: Ұстаздарға мың алғыс

Ән: «Жарқын жүзді ұстазым» Әліппе: Жаксы білім көрімдік, Болсын сізге халайық. Не үйреніп не білдік, Қане ортаға салайық.

Мұғалім: Сенің нұрың сөнбесін, Ашық аспан жарық күн. Келешегі сөйлесін, Қазақ деген халықтың. Тілі балдай баланың, Талабына жарық бер. Ертеңгілік сабағын Жүргізеді мына отырған әріптер.

Әліппе: Алфавитті біліңдер Онда қалып, жүйе бар. Біздің қазақ тілінде, 42 әріп бар.

  • Қане, кім маған алфавитті жатқа айтып береді? ( алфавитті жатқа айту)

Оқушы: Алфавиттің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында. Байқадың ба? Б тұрады үшінші Ал осының сыр неде? Түсінші:

Оқушы: А деген ол – аналар ғой ардақты, Ә деген ол- әкелер ғой салмақты. Б деген ол - балалар ғой әдемі, Біздің елде үшеуі де кәделі.

Хор: Алшақ кетпей сондықтан да расында, Тұрады олар, алфавиттің басында.

Ғ – ғалым,ғылым,ғасырды « Ғ » білімге асырды

Д – дүлділ аттар баптаған, Дәркенді жұрт мақтаған

Е- Елге есті ер керек Ержет өсіп ертерек

И- Ирина ені іздейді Инженер мына біз дейді

К- Кекілік ау кекілік Кетіп қалма секіріп

О- озат болып оқыңдар Ойға білім тоқыңдар

Ө- өсті міне бойларың Өсті ақыл ойларың

Т- тырау тырау тырналар Тамаша әнін тыңдап ал

Ы- ыдысты саздан жасаған Ықылас біздің жас маман.

Оқушы: Әліппем, менің әліппем А деген бастап әріптен Сөз құрап жаза бастадым, Тақылдап таңба танып мен

Оқушы: Әліппем, менің әліппем Сені қолға алып мен Есігін аштым білімнің, Ертеңгі сәуле жарықпен.

Оқушы: Ыстық әрбір беттерің, Жазуыңды ұғамын. Ақыл бердің әліппе, Ақылшы сен мұғалім. Әліппем, менің әліппем, Өмірді келем танып мен. Қайталап айтам мың рет,

Хор: Өзіңе көп - көп рахмет

Оқушы: Қош бол,құтты әліппем Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің

Хор: Бізге білім салып берген, Қош-қош енді әліппем!

Әліппе: 42 әріпті игердің, Әріптен буындап сөз терген. Ризамын балалар сендерге Қош бол деп айтар да кез келді.

Әліппе кетеді. Ән «Әліппе»

Оқушы: Терең ғылым сананың, Тегі деп ой саламын. Маңыз беріп оқимын, Математика сабағын.

Цифрлар шығады:

  1. Мені келсе білгің Мен таяқша бірмін Барлық санға жол бастап Ең басында тұрмын

  2. Бірден кейін тұрамын Бірден кейін тұрағым Бірге бірді қосқанда Мен шығамын шырағым. ( тақтаға жазады 1+1=2 )

  3. Екіден соң әрқашан Үш саны мен тұрамын Орныма барамын Екі айшық саламын ( ауада жазады 3 )

  4. Үш сызықтан таяғым Оқушылар қояды Төрт дегенің баяғы Төрт түліктің аяғы ( 4 цифрын көрсетеді)

  5. Төрттен кейін бесті Білу оңай десті Санашы бір қолыңның саусағын Оңай табасың бесті ( 5 саусағын көрсетеді)

  6. Мен өзімді қатарға Бестен кейін қоямын Басым бірден басталып, Нөлмен бітер аяғым ( ауада жазады 6 )

  7. Қара мына қызықты, Көсеуді кім ұмытты? Жеті болам бір тартсаң Бел ортамнан сызықты ( 7 цифрын көрсетеді)

  8. Менің атым сегіз Жетіден соңғы деңіз Жазылғанда қос дөңгелек Мен боламын сегіз

  9. Сегізден кейін – тоғыз Алтыны төбесінен тұрғыз Сонда болам мен тоғыз

  10. Әліппеде О ға ұқсаймын Сонда 0 ге ұқсаймын Жеке тұрсам мәнім жоқ Бір орынды ұстаймын

Мұғалім: Ал, енді балалар «Ормандағы мектеп» ойынын ойнайық.

Оқушылар аңдар киімін киген. Мұғалім кірпі. Дөңгелек үстелді жағалай отырады.

Ойынға қатысушылар: Кірпі, қоян, аю,қасқыр, түлкі, шыбын, бақа.

Кірпі: Сәлеметсіздер ме, балалар. Қане отырыңдар. Біз сабақты бастаймыз, Қайталаудан аспаймыз Кәне,көжек, ойланып Екіге үшті қоса ғой

Көжек дірілдеп, қалтырап, орнынан тұрып, былай дейді: Білмедім мен шешуін Мүмкін құлап кетуім.

Кірпі: Қос көрінер қорыққанға Қорқу деген жаман іс Екіге үшті қосқанда Шығады міне үлкен «бес » Кірпі тақтадан бес санын көрсетеді

Кірпі: Енді түлкі сен келші, Өнеріңді көрсетші Екіге екіні қосқанда Не шығады тез айтшы? Түлкі жалма жан дәптерін ақтарғыштайды

Кірпі: Дәптерге үйтіп қарама Алдауға бізді бола ма? Аспай - саспай ойланып Шешуін тап толғанып

Кірпі: Енді қонжық келе ғой Үшке үшті қоса ғой

Аю орнынан тұрып басын екі алақанымен соққылап, бір орында теңселіап, айналып шығады.

Аю: Үшке үшті қосқанда у-у-у Кірпі: Көп ойландың достым ай Жауабың сенің осы ма ай?

Осы кезде Шыбын өз орындығынан тұрып, айналып ызылдап ұша бастайды

Кірпі: Ал,шыбыным ызылдайсың Жаздың айқын белгісі Екі мен бірдің қосындысын Келеді жұрттың білгісі Шыбын 3 рет ызылдайды

Кірпі: Міне, дұрыс жауап бердің, Сұрағымды беске білдің Енді бақаға назар аударады

Кірпі: Бақа саған кезек келді Шешуін айт мына өрнектің ( 2+3=? карточкамен көрсетеді, Бақа 5 рет бақылдайды)

Кірпі қасқырға қарап : Қасқыр енді өзің айт, Аңдарда бар неше аяқ?

Қасқыр: Оң аяқ пен сол аяқ Болады міне екі аяқ Оң аяқ пен сол аяқ Болады міне екі аяқ ( Екі қолын,екі аяғын көрсетеді) Барлығы міне төрт аяқ Білеміз мұны айтпай-ақ

Кірпі барлық аңдарға қарап: Міне осылай тапқыр бол, Ақылды бол, күшті бол. Сұрақ бердім саспадың Осы еді ғой тосқаным Сабақ бітті осымен Сау болыңдар достарым.

Мұғалім: Ендігі сендердің оқитын пәндерің сендермен танысқысы кеп,қонаққа келіп тұр

Ана тілі: Туған елдің тілімін Ақылы мен танымын Түсіндірер бәріне Ана тілі пәнімін.

Оқушы: Ана тілім – ұраным, Ана тілім- құралым, Ана тілім болмаса Мықты болмас тұрағым.

Оқушы: Ана тілім – елдігім Ана тілім – ерлігім Ана тілім болмаса Бүтінделмес кемдігім

Оқушы: Ана тілім арың бұл Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте

Оқушы: Қазақ тілі өз тілім,ана тілім Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені Болашаққа бастаған дана тілім.

Ойын «Ұйқасын тап» Ыз-ыз-ыз Айгүл жақсы қыз Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр Ыс-ыс-ыс келіп қалды қыс Із-із-із сатып алдым біз Ір-ір-ір сен бөгелме кір Ма-ма-ма апорт тәтті алма Ла-ла-ла Асан жақсы бала Ме-ме-ме жүзіп келеді кеме Ле-ле-ле ұнды елекпен еле.

Мұғалім: Енді, осы отырған ата – аналарымыздың балаларына қаншалықты көмектескендерін тексеріп көрейік

Жұмбақ

1.Шипалы мұртты,Томпиған ұртты ( итмұрын) 2.Құстай ұшар,Қанатты тұлпар. ( ұшақ)

Жалғасын тап: 1.Отан жерім,Отан суым, Отан қуат нәр береді......... ( Отан. М.Хакімжанова) 2.Мектебің мынау класың, Осында он жыл тұрасың........ ( Әліппе. М.Мақатаев) 3.«Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын әр ата- анаға жалғастырту ( Ы.Алтынсарин)

Концерттік номер Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар. Ырым етіп, сондықтан,ертеңгілік соңында Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар

Жүздерінен көрем шаттық арайын, Болсын солай әрбір күнің, әр айың Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын.













































19 орта мектеп























Мұғалім: Ашықбаева.Б.Б

1 « А » сыныбы















2012 – 2013 оқу жылы





































М


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров104
Номер материала ДБ-074120
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх