Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс шара "Әліппемен қоштасу" (1 сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сыныптан тыс шара "Әліппемен қоштасу" (1 сынып)

библиотека
материалов

Есет батыр атындағы мектеп-бақша







Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.



Тақырыбы:

«Қош бол, құтты Әліппем!»


hello_html_m725f1b27.png



Өткізген: Есетова Айнаш Сағынқызы

Сыныбы: 1 «А».





2012 жыл.


Ертеңгіліктің тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың Әліппеге деген сүйіспеншілігін арттыру, өздерінің сауатын ашқан оқулығы Әліппеге байланысты өлең, әндерін мәнерлеп әуенімен айтуға үйрету. Жаңа оқулықпен таныстыру, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.

Көрнекілігі: Әліппе макеті, Ы. Алтынсарин портреті, шарлар, рәміздер, білім туралы жазылған өлең жолдары, мақал-мәтелдермен безендіру.


Барысы:

Оқушыларды музыка әуенімен, атын атап сахнаға шығару.

Мұғалім: Бар білімнің бастауы.

Ғылымменен ұласқан,

Жас балаға нұр шашқан,

Әліппе – кітап тіл ашқан.

- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.

- Сүйікті шәкірттерім! Сендерді бар ғылымның беташары «Әліппені» аяқтау, барлық әріптердің таңбасын толық тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз.

Қазақ тілінің 42 әрпімен танысып, дауысты, дауыссыз дыбысты ажыратып, буынды меңгерген бөбектер бүгін «Әліппе» оқулығымен қоштасып отыр. Мұғаліммен бірге, оқушылармен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік.

Мереке баршамызға құтты болсын!

1-оқушы: Армысыздар, мұғалімдер қымбатты,

Біздер үшін ашатын сан жұмбақты.

Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,

Шәкірттерің қылықтары тым тәтті.


2-оқушы: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Қайнарымыз сіздерсіздер нәр алар.

Алдарыңда сусындаған білімге,

Үмітің боп гүл жайнайды балалар.


3-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.


1.


4-оқушы: «А»-ны айтқанда дауысым дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.


5-оқушы: Әр күнім алып келер жаңалықты,

Тоқимын, оқып, біліп жаңа әріпті.

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,

Жаным да сағат сайын жаңарыпты.


6-оқушы: Жүректерге ең сүйікті, ең жақын,

«Абай» деп атамның жаздым атын.

Хатқа жазып ата-ана есімдерін,

Күнім бұл бірінші рет мақтанатын.


7-оқушы: «Ана» деп жазамын тақтаға,

Нақышын келтіріп, әсемдеп.

Оқимын, жазамын жатқа да,

Қағазға әріппен сап өрнек.


8-оқушы: Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.


Хор: «Әліппе».

Сөзін жазған: М.Мақатаев.

Әнін жазған: М.Қоқымбаев.


Мұғалім: - Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?


Оқушылар: Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті - Әліппе!


Мұғалім: Балалар, ендеше, ең басты кейіпкеріміз – «Әліппені» зор құрметпенен ортамызға шақырайық.


Оқушылар: - Әліппе, Әліппе!


Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана.

Болашаққа жол бастар

«Әліппең» келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

2.

9-оқушы: «Әліппем», менің «Әліппем»,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


10-оқушы: Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып.

Қарсы алды ұстаз мейірмен,

Қадамымды қарсы алып.


11-оқушы: Бар білімнің бастауын,

Әліппеден бастадым.

Үйренуге талпындым,

Құлшынып болған жас жаным.


12-оқушы: Мынау – менің Әліппем,

Көгілдір тудың түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.


13-оқушы: Өзім ұстап кітапты,

Жалынбадым ағама.

Қуанды анам оқудан,

Алған бестік бағама.


14- оқушы: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе!


15-оқушы: Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің, Әліппе!

Хор: «Әліппе»

Сөзін жазған: Ж. Нәжімеденов.

Әнін жазған: Б. Ғизатов.


16-оқушы: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық!


17-оқушы: Әліппе – білім анасы,

Әліппе – кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

3.

18-оқушы: Анамыздай аялап,

Ақылшы болған ұстазым.

Өзіңнің ғана еңбегің

Бүгінде биік ұшқаным.


1-оқушы: Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім.


Оқушылар: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға,

Бас иеміз құрметпен!


Хор: «Мұғалім ол біздің».

Сөзін жазған: М.Әлімбаев.

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев.


Әліппе: - Балалар, сендердің өнерлеріңе таң қалып, риза болып тұрмын. Көп өлеңдер мен әндер жаттапсыңдар.

- Балалар, қазақ тілінде неше әріп бар?


2-оқушы: Алфавитті білдіңдер,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.


Мұғалім: -Олай болса, алфавиттің сыры неде?

Оқушылар: Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба? Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде? Түсінші.

А деген ол – аналар ғой ардақты,

Ә деген ол - әкелер ғой салмақты.

Б деген ол – балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.


Мұғалім: - Ал, балалар, Әліппе жайлы не үйреніп, не білдік, кәне ортаға салайық.


3-оқушы: «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

4.

Сауатты боп шықты міне балаңыз.


4-оқушы: Қош бол, құтты - Әліппе,

Көп нәрсеге үйреттің.

Таныстырып, әріппен,

Тақылдатып сөйлетті.


5-оқушы: «Әліппе» даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

«Әліппе» сырын ұқтырған

Рахмет, Ұстаз алғашқы.


Би: «Мектеп вальсі».


Мұғалім: - Алғашқы «Әліппені» кім жазды?

Оқушылар: - Ахмет Байтұрсынұлы.

Мұғалім: - Ең алғашқы ұстаз?

Оқушылар: - Ыбырай Алтынсарин.


Әліппе: - Өте тамаша! Ал, балалар, сендер зерделі оқушы екендеріңді тағы қалай танытасыңдар?


Әліппе: - Балалар, 42-әріптің бірнешеуін бастарыңа киіпсіңдер. Олай болса, дауысты дыбыстар бір адым алға шықсын.

  • Жарайсыңдар!

  • Енді Отан, ана, кітап, еңбек сөздерін құрастырыңдар.

  • «Бейбітшілік» сөзін буынға бөліңдер.

  • «Мектеп» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

- Балалар, кім қандай мақал біледі?


6-оқушы: Оқу – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.


7-оқушы: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.


Әліппе: Ризамын құрметті шәкірттер,

Меңгердің, болмадың босқа тер.

«Ана тілі» атты бір досым бар,

Сендерді жетелеп әкетер.

  • Ендігі оқитын оқулықтарың «Ана тілін» ортаға шақырайық.


Ана тілі: - Сәлем балалар!


Оқушылар: - Сәлеметсіз бе, Ана тілі!


Ана тілі: - Балалар, тойларың құтты болсын! Мен өзімді таныстырайын. Мен Ана тілімін. Алматы баспасынан шыққам. Егер жылдам қатесіз оқи алмасаң, мені игеру қиын. Мені кейінгі ұрпаққа таза, ұқыпты етіп

қалдыруларыңды сұраймын.

5.


Хормен: Таза, ұқыпты жазуға, оқуға уәде береміз!


8-оқушы: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!


Мұғалім: - «Әліппе» біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.


Оқушылар: - Ана тіліміздің, дара тіліміздің, дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз.


Мұғалім: - Балалар, осы біздер қандаймыз? деген сұраққа жауап беріп шығайық.

1-оқушы: - Осы біздер қандаймыз?

2-оқушы: - Талабы биік таудаймыз.

3-оқушы: - Мың бұралған бишіміз.

4-оқушы: - Күмбірлетер күйшіміз.

5-оқушы: - Біз қызықпыз, қызықпыз.

6-оқушы: - Сәл еркелеу бұзықпыз.

7-оқушы: - Біз шеберміз.

8-оқушы: - Ақылдымыз.

9-оқушы: - Үлкенге ізеттіміз.

10-оқушы: - Кішіге қамқоршымыз.

11-оқушы: - Көп оқимыз.

12-оқушы: - Қазақстан -

13-оқушы: - Елтаңбасымен еңселі.

14-оқушы: - Туымен тұғырлы.

15-оқушы: - Әнұранымен айбатты.


Хормен: Біз – қазақ елінің болашағымыз.

Мұғалім: - Біздің Президентіміз кім?

  • Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы.

  • Біздің Отанымыз қай ел?

  • Қазақстан.

  • Еліміздің рәміздері қандай?

  • Әнұран, Елтаңба, Ту.


Хор: «Менің Отаным».

Сөзін жазған: Б. Ысқақов.

Әнін жазған: Ө. Байділдаев.


Мұғалім: - Шәкірттерімнің осындай нәтижеге жетулеріне, әрине, ата-аналарының да еңбегі зор. Сіздерге алғысымыз шексіз.


9-оқушы: Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі,

6.

Шаншылмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.


10-оқушы: Ана! Ол – біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы – Отанды да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.


Мұғалім: Аналарға арналған Әли мен Назеркенің орындауында

«Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.


11-оқушы: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр жазамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға

Көптеген кітаптармен достасамыз.


12-оқушы: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім.


Мұғалім: - Балалар, Әліппеге рахмет айтып, шығарып салайық.

Хормен: - Қош бол, құтты Әліппем!

Әліппе: - Сендерге де рахмет! Қош болыңдар!

Мұғалім: - Келесі қыздарымыз Назерке, Гүлназ, Дильназ, Жұлдыздардың орындауларындағы би баршаңызға арналмақ.


Би: «Қыздар» биі.


Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. (Шашу шашылады)

Мұғалім: - Ендігі сөз кезегін ата-аналар сіздерге беремін.


Ана тілі батасы: Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Ақ жол болсын, қарақтарым,

Кір шалмасын қабақтарың,

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің беске толсын. Әумин!


Мұғалім: Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын, ағайын!


Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар,

«Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар! 7.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-243507

Похожие материалы