Инфоурок Математика КонспектыСыныптан тыс шара "Математикалық кафе"

Сыныптан тыс шара "Математикалық кафе"

Скачать материал

Тақырыбы: «Математикалық дәмхана»

Сыныбы: 5 «а», 5 «б», 5 «в»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық:  дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу;

ә) коммуникативтік:  оқушылардың танымдық, логикалық, шығармашылық белсенділіктерін дамыту, тапқырлыққа,ұқыптылыққа баулу;

б) проблемалық: алған білімдерін өмірде қолдана білуге, пәндердің бір-бірімен байланысын көрсету.

Іс-шараның түрі: дәстүрлі емес.

Іс-шараның типі: ойын, сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу

Көрнекіліктер: математикаға байланысты нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар

Шараның өтілу тәртібі:

І. Ұйымдастыру бөлімі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау

ІІ. Негізгі бөлім:

А С     М Ә З І Р І

1.     Мәңгі ұмытылмас салат

2.     Математикалық винегрет

3.     Пицца

4.     Рагу

5.     Балмұздақ

6.     Мерекелік шашу торттары

ІІІ. Жеңістерді анықтау, марапаттау.

Шараның барысы:

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты білімге қызығушылар

Естігенін оқып тұрып,

Оқығаның миға тоқушылар

 

Сәлемтсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

Біз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысармыз.

Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,

Әзіл есепке бүгінгі кеште орын бар

Олай болса, бұл не тұрыс,

Кешімізді біз бастайық.

Қалтасы толы әділ бағаға
Әділ-қазыларды шақырайық ортаға

(Әділ-қазы алқасымен таныстыру)

Сіздерден дәмхананың «Бугхартерлік мекеме» -деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!

 

Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.

Айдынында сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп  бүгінгі өтіліп жатқан «Матемакалық  дәмхана» қош келдіңіздер! Осы дәмхананың ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, таныс болыңыздар!

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от,  көздерінде жалын бар – дей келе,

Ортаға 5 «а» сыныбындағы Квадрат тобын  халайық

Қол соғып карсы алайық!

Асып әсте саспайтын,

Батыл қадам баспайтын.

Еркін билеп барынша

Жарыстан сірә қалыспайтын – деп ортаға 5 «б» сыныбының «Дөңгелек» тобын қарсы алайық!

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсатын

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты –деп 5 «в» сыныбындағы «Үшбұрыш» тобын қарсы алайық!

Құрметті дәмхана қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңіздің үйлеріңізде отрғандай еркін сезіңіздер! Сондай-ақ бұл дәмханада математиканы сүйіп оқитын, оның қыр-сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің дәмханамыздың таңсық тағамдарына тамсанып, сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін!

Ендеше астарыңыз дәмді болсын!

 

Құрметті дәмхана қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді, және де осы ішкен астарыңыздың ақысын қалай өтемексіздер! Ендеше өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер!

Бұл бөлімде өз топтарымен  таныстырады.

Ал, ендеше, құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық!

1-сайыс: Құрметті қонақтар! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп, сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бермесе, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап бір баллмен есептеледі.

Сұрақтар:

1.     Ол оқушы құралы,

Қатені түзетіп тұрады. /Өшіргіш/

2.     1т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? /тең/

3.     Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? /бұрыш/

4.     Үш май шам жанып тұрды, екеуін сөндірсе, нешеуі қалды? /2/

5.     Алманың жартысы неге ұқсас? /екінші жартысына/

6.     Егер  тырна бір аяғымен тұрғанда 3кг болса, екі аяғымен тұрса қанша кг болады? /3/

7.     Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? /3/

8.     Үлкен ағасында 2 дәптер,ал інісінде 12 дәптер бар.Үлкен ағасы інісінен неше дәптерді тартып алғанда, әділеттілік орнап, олардың дәптерлерінің саны теңеледі? /5/

9.     Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? /14/

2-сайыс: «Математикалық винегрет». Әр топқа карточка ұсынылып, мини-тест орындайды.

1) Суретте көлденеңнен және тігінен орналастырылған жемістердің бағасы берілген. Мысалы, төрт алма 28 теңге. Олай болса тігінен бірінші қатардағы екі алма, бір банан, бір құлпынайдың  бағасы қанша теңгеге тең болады?

Нұсқалары: А) 23         В) 24          С) 25          D) 26

2) Сандық тізбекті жалғастыр: 12, 16, 14, 18, 16, 20, ?, 22, 20, ?

Нұсқалары:       А) 24-22; В) 18-24;  С) 20-24; D) 18-20

3)  Егер суреттегі екі фигураны беттестірсе, төмендегі суреттегі фигуралардың қайсысы шығады?

4)    Суреттегі куб санын табыңыз (көрінетін – көрінбейтін барлығын).

Нұсқалары: А) 29;   В) 25;   С) 26;   D) 27

5)    Ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандардың қосындысы қаншаға тең?  Егер бұл сандардың цифрлары әр түрлі болса.

Нұсқалары: А) 1078       В) 1089          С) 1096      D) 1100

3-сайыс: Пицца тағамы. Оқушылар астан алып отырыңыздар! Ол үшін орны ауыстырылып берілген сөздерден математикаға байланысты сөздер құрастыру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.

Сөздер: граифу (фигура), ешребң, (шеңбер), ртадеми (диаметр), сидура (радиус), лсекіе (еселік), рнутала (натурал)

4-сайыс:  Рагу.  Сіздерге ұсынылған ассорти бөліктерден 1 минутта фигура құрастыру керек. Жеген тағамның есебін анықтау үшін бугхартерлік мекемеге тапсырыңыздар.

Жанкүйерлерге сұрақтар қою:
1. Бұл заттың пішіні тік төртбұрыш тәрізді. Ол мектептен қашық тұратын оқушылардың көбінде бар. Мектепке жақын тұратын оқушылардың кей біреуінде де жоқ.
Оны сен жай алмайсың. Әр мектепте оны тарататын адам болады. Бұл не? (жол билеті)
2. Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің сөмкесінде. Бетіңде сандар бар. Ол сан заттар ауысып кетпеу үшін жазылған. Бұл не? (Киім тапсырғанда берілетін белгіше)
3. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастаған емес. Ол өзі ерекше бір зат: өлшеп-өлшеп алып, түр –түрге бөліп тастайды. (транспортир)
4. Онымен ертеректе дүкендерге қолданылған. Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар ілінген. Оны қолданғанда өзі сарт-сұрт етеді. Қарапайым калькулятор деп атауға болады. (Есепщот)
Бухалтерлік мекеме өз бағасын беруге әзір екен, ендеше тыңдалық!

5 – сайыс: Енді құрметті қонақтар! Сіздерге «Балмұздақ»десертін ұсынамыз.
Ол үшін сіздерге, сандарға байланысты мақал – мәтелдер ұсынылады. Сіздер мақал – мәтелдердегі сандарды дұрыс табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
5
а-сынып:
....(екі)жақсы қас болмас, ....(екі) жаман дос болмас.
Досыңды ...(үш) күн сынама, ...(үш) жыл сына.
...(10) рет айтқаннан ...(1) рет көрсеткен артық.
Білгенің бір ...(9), білмегенің ...(99)
Ер қаруы - ...(5) қару.
-сынып:
Жұмысқа ...(үш) жылда үйренеді, жалқаулыққа ...(үш) күнде үйренеді.
...(6) жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
Болар бала.....-інде (15) баспын дейді, болмас бала ...(25)- інде жаспын дейді.
...(бір) елі ауызға -...(екі) қақпақ.
Жерді ....(екі) рет жыртқан, өнімді ...(екі) есе өнім алады.
-сынып:
Біреуге ...(5) күн алдында келсе, біреуге ...(5) күн кейін келеді.
...(бір) күн тұзын татқанға, ...(40) күн сәлем.
Оқымаған ...(бір) бала, оқыған (екі) бала.
Жақсы жігіт ....-інде (15) де жас емес, ...-ге (100) келсе де пәс емес.
...-ау (6) ала болса ауыздағы кетеді, ...-еу(4) түгел болса төбедегі жетеді.
6- сайыстың қорытындысы бойынша сөз әділ-қазыда.

6 – сайыс: Құрметті қонақтар! Кафе әкімшілігі сіздерге әлі де осы кафеден басқа кафелерге кетіп қалмай біздің бас аспазшымыз ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін кафе әкімшілігі сый құрмет ретінде. «Мерекелік шашу» тортын ұсынады. Тортты кесуден кім шеберлік көрсетеді екен көрелік? Ол үшін сіздер математикалық символдардан тілектер айтуымыз керек.

Командалар уақыт бітті. Сайысымызды қорытындылағанша
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Шынымыз биік болар, білім қусақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.

Құрметті қонақтар!

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар беру

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара "Математикалық кафе""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 479 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2016 1245
    • DOCX 788.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муханбетов Маханбет Сәрсенбайұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16751
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 819 человек

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 196 человек

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 452 человека

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек