Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс шара "Менің отаным Қазақстан"

Сыныптан тыс шара "Менің отаным Қазақстан"

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Батыс Қазақстан Облысы Әкімдігінің Білім Басқармасы

МКҚК «Технологиялық  колледж»

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»

 

 

 

 

Ө/о шебері – Конысбаева Ж.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласы - 2013

 

 

 

1.     Оқушылармен амандасу

2.     Сыныптан тыс шараның тақырыбы:  «Менің отаным - Қазақстан»

3.     Сыныптан тыс шараның мақсаты: Келешек ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелей отырып, отанымыз – Қазақстан  жөнінде  пікірлерін бөлісіп, білімдерін қалыптастыру.

Егемендікке қол жеткізу барысында қазақ халқының басынан өткен қилы заман мен  шақтарын  Power Point жүйесінде суреттер көрсету және олардың болған жылдарын, қай аймақтарды қамтығанын баяндау. (Слайд 2-19)

1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.Бөгенбай,  Қабанбай,  Саурық,  Жәнібек,  Малайсары, Абылай,  Әбілқайыр  бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында,Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.

Көшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында ашаршылыққа сирек ұшыраған. Жаңа заманда  Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халықжадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы — 1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы Ресейдегі  Азамат соғысының кесірінен Қазақ  даласындағы шаруашылықтардың  күйзеліске ұрынуы, екіншісітабиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. Екінші ашаршылық 1930 — 33 жылы болды. Оның себебі Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады. Қазақстан Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында былай деп жазды: “Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 млн. 200 мың адамнан, яғни барлық Қазақ халқының 48 процентінен айрылды”. Ашаршылықтан  Қазақстанда  қазақтардың үштен бірі ғана қалды. Негізінен жас балалар мен Әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық зардабы ауыр болды. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады. Әр жылдың 31 мамыры күніҚазақстан халқы осы “қызыл қырғын” құрбандарын еске алады. 

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс - Түркістан рейх комиссариатын  құру, ал Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудандарында Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «Индустриалды облыстарын құру жоспары болды». Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды. 1941 жылы 22 қыркүйекте таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері КСРО-ның батыс шекараларына ене бастады. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРОны 3–4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады.

1945 жылы 9 мамырда Кеңес қызыл армиясы Германияның астанасы Берлин қаласының төбесіне Жеңіс туын тікті.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда  болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.  Көтерілістің басталуына  Мәскеудегі  орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды.

4.     Сабақ барысы: Алдымен барлық оқушыларға астана аттары бар қағаз үйлестіру (Қызылорда, Алматы, Астана). Атаулары бірдей оқушыларды  топқа жинап, нәтижесінде үш топқа бөліп,  әр топқа астана атауын беру. Әр топтан топ жетекшісін таңдап, топ жетекшілеріне бағалау парақтарын беру.

Сыныптан тыс шара 4 бөлімнен тұрады: (слайд – 20)

1.     Астанаға саяхат (5 ұпай)

2.     Географиялық сипаттама (10 ұпай)

3.     Кесте толтыру (6ұпай)

4.     Кім жылдам (5 ұпай)

1 – бөлім. Тақтада Power Point режимінде үш қаланың таңбасы көрсетіледі. Топ басшысы бір қаланы таңдайды, оның астында сол қалаға байланысты 5 сұрақ  жасырылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. (слайд 21 – 24)

Қызылорда қаласы:

1.     Қызылорда қаласы Қазақстанның қай облысына кіреді?

Оңтүстік Қазақстан

2.     Қызылорда қаласы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды?

1925 – 1929 жж.

3.     Қызылорда облысының қазіргі әкімі?

Көшербаев Қырымбек

4.     Қызылорда қаласының таңбасында не бейнеленген?

Қорқыт ата мазары

5.     Қызылорда облысында өндірілетін өнімдер?

Күріш

Алматы қаласы:

1.     Алматы қаласы Қазақстанның қай облысына кіреді?

Оңтүстік Қазақстан облысы

2.     Алматы қаласы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды?

1927 – 1997 жж

3.     Алматы қаласының қазіргі әкімі?

Есімов Ахметжан

4.     Алматы қаласының таңбасында не бейнеленген?

Барс

5.     Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші?

Тәуелсіздік монументі

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQlKK_jBktnmWg4T28mLkkxSMrsBRzmr64CMZbsbET2x1O3c5ZRig

Астана қаласы:

1.     Астана қаласы Қазақстанның қай облысына кіреді?

Орталық Қазақстан

2.     Астана қаласы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды?

1997жж.

3.     Астана қаласының қазіргі әкімі?

Тасмағанбетов Иманғали

4.     Астана қаласының таңбасында не бейнеленген?

Бәйтерек

5.     Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы?

Пирамида

2 – бөлім. Бұл бөлімде Power Point жүйесінде Қазақстанның картасы көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстанның қаласына территориялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси мәлімдеме беріледі. Топ картадан жасырылған қаланы немесе облысты көрсетуі керек. (слайд – 25)

 

1 – топ. Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан.

Бұл  қаланың орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі. Бұл  қаланың жергілікті қазақтар арасында ерте заманнан қазірге дейін “Теке” аталуының себебі, Алтын Орда хандары жанында уағыз тарататын Алшын Хасан сопы (Асан қайғы болуы да мүмкін)ӘбдірахманӘбдіразақ шайқылардың ұйымдық сипат белгісі – тәкие немесе мүридтер және ел кезген дәруіштер аялдайтын кәделі орын (резиденция) тәкие үйлерінің болуына байланысты.

Сонымен қатар (1950 – 1990) жылдары бұл  қалада ірі машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл және тамақ өндірістері, медициналық препарат зауыттары, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды. (Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы)

 

2 – топ. Бұл қала қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтастұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде,  Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы 420,0 км². “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан. (Көкшетау облысы Көкшетау қаласы)

 

3 – топ. Бұл қала орта ғасырларда әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы бұл қала  өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда ол Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді. Бұл  қалада  Айша Бибі Бабаджа хатун,  Қарахан Тектұрмас  кесенелері,  Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады. (Оңтүстік Қазақстан облысы Тараз қаласы)

 

3 – бөлім. Бұл бөлімде тақтада үш бөлім көрсетіледі. Топ басшысы бөлім таңдайды, әр бөлімнің астында кесте жасырылады. Кестеде оқиға атауы көрсетіледі. Топ сол оқиғаның болған жылын  табуы және тұсына жазуы керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. (слайд 26 – 28)

 

1 – топ

Оқиға атауы

Болған жылдары

Желтоқсан көтерілсі

1968 жж.

Қазақстан Республикасының ата заңы

1995жж.

Алғашқы Президент тағайындалды

1991жж.

 

2 – топ

Оқиға атауы

Болған жылдары

Ашаршылық

1921 – 1922жж.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

1992жж.

Қазақстан Республикасының Туы

1992жж.

 

3 – топ

Оқиға атауы

Болған жылдары

Қазақстан Республикасының теңгесі

1993жж.

Ұлы Отан Соғысы

1941 – 1945жж.

Қазақстан Республикасының Әнұраны

2006жж.

 

4 – бөлім. Бұл бөлімде әр топқа бес сұрақтан қойылады. Сұраққа топпен ойланып «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі керек. (слайд 29 – 31)

 

1 – топ.

1.     Қазақстан Республикасының астанасы – Астана – «иә»

2.     Жезқазған қаласында мұнай өндіріледі – «жоқ»

3.     Жеті жарғы заңын жасаған Тәуке хан – «иә»

4.     Қазақстан Республикасының туы 1992 жылы 4 – ші маусым айында бекітілді – «иә»

5.     Желтоқсан көтерілісі 1968 жылы болды – «жоқ»

 

2 – топ.

1.     Теміртау қаласында темір өндіріледі – «иә»

2.     Ұлттық теңге айнлымға 1993 жылы 10 қарашада шықты – «жоқ»

3.     1992 жылы 4 – ші маусымда Қазақстан Республикасының елтаңбасы бекітілді – «иә»

4.     1995 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды – «жоқ»

5.     Қазақстан Республикасының шекарасы 2724,9Екібастұз  км – «иә»

 

3 – топ.

1.     Екібастұз қаласында көмір өндіріледі – «иә»

2.     1986 жылы желтоқсан көтерілісі болды – «иә»

3.     Қазақстан 6 елмен шектеседі – «жоқ»

4.     Қазақстан Республикасының әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда бекітілді – «иә»

5.     Қазақстан Рспубликасында 16 облыс бар – «жоқ»

 

Барлық сайыстардың соңынан кейін топтың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топ марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара "Менің отаным Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 402 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 1033
    • DOCX 511.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Боргелова Айгуль Калихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Боргелова Айгуль Калихановна
    Боргелова Айгуль Калихановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84069
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой