Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс шара "Мерекеңмен анашым!"

Сыныптан тыс шара "Мерекеңмен анашым!"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_34fab3e.png



Аташева Ардах Батыровна.

Орал қаласы. №49 «Ақ ниет» бөбекжайы.

Тақырыбы: Мерекеңмен, анашым!

Зал іші мерекеге арналып әсем безендірілген.

Жүргізуші: Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерінен келетін 8 наурыз Халықаралық аналар күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі –бұл! Ардақты әжелерімізді, аяулы аналарымызды, гүл қыздарымызды 8 наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Бәрі де ана, бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандың ба, өзің бар деп қуандым,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды - дей келе біздің сәбилеріміз сіздерге арналған ыстық лебіздерін ән мен жыр, тақпақ пен мың бұралған билері арқылы жолдамақ, қабыл алыңыздар!

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (көктем мезгілі).

Көктемде қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді).

Қазір қандай ай? (наурыз айы).

Сонда бүгін қандай мереке? Хормен (Аналар мерекесі).

Олай болса балалар, аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтып берейік. Ортаға Мариям, Дильназ, Санжарды шақырайық.

  1. Мариям:

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

  1. Дильназ:

Жүре берсең қасымда,

Әйбат анам, әй анам.

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз боп оянам.

Айналайын ақ мамам!

  1. Санжар: Ақыл құйған санама, Күннен артық расында. Күн алыста, ал анам, Ылғи менің қасымда.

Ән: «Ақ мамам».

Енді тағы да ортаға бір топ бүлдіршіндерімізді шақырайық. Мирхан, Әли, Бексұлтан.

  1. Мирхан:

Ана - біздің күніміз,

Ананың – біздің гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

  1. Әли:

Ана – өмір шырағы,

Ана – өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.

  1. Бексұлтан:

Бізді өсірген анажан,

Еңбегіңде зор екен.

Құтты болсын анажан,

Құтты болсын мерекең!

Бәрі: хормен: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!».

Әуенмен «Көктем» келеді.

Сәлем, сәлем, балақайлар, Әзиз әже, назды апайлар. Мол шуақты ала келдім, Қуаныңдар, алақайлап. Құстар әнін ала келдім, Жерге кілем жая келдім. Жан бітіріп табиғатқа, Әсем әнге сала келдім.

Жүргізуші: Сәлем, сәлем ару көктем, Сені асыға күттік көптен. Қош келдің, ару көктем, Күннің нұрын ала келген.

Ән: «Апа»

Енді ортаға Ерасыл, Нұрай, Аңсар, Аринаны шақырғым келіп тұр.

  1. Ерасыл: Алтын әжем ол менің, Мені жақсы көреді. Үйретеді өлеңді, Ертегі айтып береді.

  2. Нұрай: Бал бөбегін баптаған, Анам үшін мақтанам. Аялайтын біздерді, Көп жасасын жақсы адам.

  3. Аңсар:

Өлең айтып беремін, Нанды алып келемін. Өйткені мен мамамды, Өте жақсы көремін. 7. Арина: Жанымызды жайнатқан, Сіздерсіз ғой аналар. Зор денсаулық, мол бақыт, Тілейміз біз аналар.

Көктем: Ой, жарайсыңдар, балалар! Сендер мені бір қуантып тастадыңдар, ал мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Гүл құрастыру».

Көктем: Ой сендер ойынды да жақсы ойнайды екенсіңдер, енді сендер би билегенді ұнатасыңдар ма?

Ендеше, «Гүлдер» биін билейік.

Би: «Гүлдер».

Көктем: Ой рахмет, балалар сендер биді де өте жақсы билейді екенсіңдер. Мен біраз көңілім көтеріліп, сергіп қалдым. Енді менің сендермен қоштасатын сәтім де жетті. Келесі кездескенше, сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз.

Ойын: «Кім жылдам?».

Әуенмен Әтеш келеді.

Балалар, мен балапандарымды жоғалтып алдым көрмедіңдер ме, әлде мысық алып кетті ме екен? Біз мындамыз – деп балапандар шығады.

Би: «Балапандар».

Енді аналарына арнап Дамир, Шыңғыс, Диас тақпақ оқығысы келіп тұр.

1.Дамир: Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін. Айтқаныңды екі етпей, Ақ сүтіңді өтермін.

2. Шыңғыс: Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым. Өзің жайлы әнімде, Арнадым саған бәрінде. 3. Диас: Еркелесем күлімдейтін, Ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан иіскеп менің, Құлыншағым, күнім дейтін.

Ойын: «Баласын тап».

Қандай бала болмасын,

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін,

Ән салайық бәріміз – деп аналарымызға арнап «Апам үшін» әнін орындап берейік.

Ән: «Апам үшін».

Құрметті аналар, біздің бүлдіршіндеріміздің өздеріңізге арнап дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Құрметті абзал жанды әжелер, аналар, қыздар! Аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын! Көктемнің алғашқы мерекесі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Енді аналарға сөз береміз.

Сау болыңыздар.






Автор
Дата добавления 25.07.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров54
Номер материала ДБ-146754
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх