Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сыныптан тыс шара "Ш.Уалиханов"

Сыныптан тыс шара "Ш.Уалиханов"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақтың шоқ жұлдызы - Шоқан Уәлиханов
( ғылыми – әдеби конференция)

Конференцияның мақсаты:
1. Оқушыларға Ш.Уәлихановтың өмірі мен еңбектерін тереңдете таныстырып, оларды әлем мойындаған даналығын, алуан қырлы талантын, ауқымы кең, арнасы терең біртуартұлғаға мәңгілік құрмет көрсетуге баулу.
2. Отансүйгіштік, ұлтық сезімді дамыта отырып, Отанды Шоқанша сүюге, ізденімпаздыққа, білімге құштарлығын арттыру.
Конференция жоспары:
I-бөлім: «
Қазақтың шоқ жұлдызы- Шоқан Уәлиханов». Шоқанның өмірі мен еңбектері.
Шоқан -
180 жыл. Суретін шығару, слайд және «Хронологиялық жылдар» тезисі. 
II-бөлім. Баяндамалар: «Ұшқан ұя», «Ғалым Шоқан», «Шоқан – әскери қайраткер»
III-бөлім. Шоқан- Қазақстан өнерінде.
IV-бөлім. Шоқан туралы ұлылардың ойлары.
V-бөлім. Көрермендерге сұрақтар. « Шоқан жүрген жерлер», « Шоқан туралы не білдік?»

«Қазақтың шоқ жұлдызы- Шоқан Уәлиханов» атты әдеби-ғылыми конференцияның ашылуы: 

1-жүргізуші: «Тарихтан талай адам көрген едік,
Қызықты талай дәурен сүрген едік,
Жасымыз мұнша жасқа келгенше
Шоқандай асыл жасты көрмеп едік»-, деп Орынбай ақын жырлағандай,  «Ғылым» аспанында «аққан жұлдыздай» жарқырап өте шыққан ғалым.


/ I-бөлім. Шоқанның өмірі мен еңбектері. Шоқан-180 жыл. Суретін шығару, слайд және ғалымның туғанынан бастап өмір жолының кезеңдері жайында

« Хронологиялық жылдар» тезисі /
1835 ж –( туған жылы)

1856 ж –( Ыстықкөлге сапары)
1847 ж –( Омбы кадет корпусына түсті)

1853 ж –( Омбы кадет корпусын бітірді)

1861 ж –( Өкпе ауруы асқынып, туған ауылына оралуы)
1865 ж - (Дүниеден өткен жылы)

2-жүгізуші: « Ғылым оқып білгенше,
Тыным, тыныштық таппаған.
Дүниені кезіп көргенше
Рахат іздеп жатпаған.
Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп төп тұрмады.
Көрген, білген өкінді,
Мін тағар жан болмады.
/Абай/
XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген қазақтың біртуар ұлы белгілі саяхатшы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолына арналған 
баяндамалар оқу кезегіне беріледі.
II бөлім. /Баяндамалар: «Ұшқан ұя», «Ғалым Шоқан», «Шоқан – әскери қайраткер» /


1-жүргізуші: - Ш. Уәлихановтың жазбалары мен зерттеулері:
География саласында- «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Қытай империясының Батыс өлкесі және Құлжа қаласы», «Қашқарияға барған Қашқариядан Алатау окгугіне кері қайтқан сапарымыз туралы», «Алтышаһар немесе Қашқария туралы» т.б. еңбектері жарық көрген.


2-жүргізуші: - Дін саласында «Қазақтардағы шамандықтардың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы», «Тәңірі(Құдай)» жаряланса,


1-жүргізуші: Әдебиет саласында- «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде», «Көкетайдың ертегісі», Қырғыздардың «Манас» эпосынан үзінділер т.б. қалам тартты.


2-жүргізуші: Тарих-этнография саласында- «Ұлы жүз туралы», «Қазақ оқ-дәрісі туралы», «Егіншілік туралы», «Қазақ шежіресі», «Қырғыздар туралы жазбалар» т.б. қолжазбаларын қалдырған.


1-жүргізуші: Сурет саласында- «Автопортрет», «Қашқариялық келіншек» сияқты 150-ден астам суреттер салған.

2-жүргізуші: Шоқантанудың сан ғасырлық жолын айқындап берген академик Әлкей Марғұланның еңбегінің нәтижесінде Шоқанның алғашқы 5 томдық шығармалар жинағы жарық көрді (1961-1972) жылдар. 
« Шоқан сағасы» деп аталатын 10 томдық жинақ жарыққа шықты. 
/II-бөлім. Ғылыми конференция « Қазақтың шоқ жұлдызы- Шоқан Уәлиханов» деп аталады./


1-жүргізуші: - Шоқан! Қандай қысқа ғұмыр. Қандай әрі сұлу, әрі ауыр тағдыр. Қандай таусылмас шежіре. Шығыстану көгінде, халқымыздың тарихи болмысының биігінде мәңгілікке жарқырап тұрған жұлдыз. 
Шоқан көз алдымызда белгілі ғалым, ержүрек саяхатшы, суретші, қазақтың тарихын, әдебиетін, фольклорын зерттеген тарихи тұлға. Шоқан сан алуан қырынан танылған «Сегіз қырлы бір сырлы » жігіт болған.

2-жүргізуші: - Шоқан-географ.
Қазақстан, Орталық Азия жерінің географиялық тұрғыдан «беймәлім» күйінде екендігі 25 жастағы Шоқанды ойлантады. Бұл туралы «Жоңғария очерктері» атты еңбегінде «Соңғы кезге белгісіз бір түнек басып тұрды. Ол Еуропа ғылымы үшін қай жағынан болса да жұмбақ сыр болып қалып отыр» деп жазады. Бұл жағдайда біз Шоқанның бойындағы табиғатқа, соның ішінде өз өлкесін танып білуге деген қызығушылық , сүйіспеншілікті көреміз.


1-жүргізуші: - Шоқан-суретші. 
Оның қылқаламынан шыққан «Рауғаш және киіктің лағы», «Қашқарлық келіншек», «Автопортрет», «Ыстықкөл қырғыздарының қыз-келіншектері» сияқты
150-ден астам көркем суреттерін білеміз.


2-жүргізуші: - Шоқан-тілші.
Ғалым қазақ, қырғыз, ұйғыр басқа да түркі тілдес халықтардың тілдерін жете білген, бала кезінен-ақ араб, парсы тілдерін меңгерген. Кейінірек моңғол, қалмақ, қытай тілдеріне байланысты арнаулы іденістер жүргізген.


1-жүргізуші: - Шоқан-этнограф ғалым.
Саяхаттарында халықтардың тарихы, әдет-ғұрыптары, ьәдениеті, фольклерын зерттеген. Бұл салада жазған «Қырғыз туралы жазбалар», «Қазақ шежіресі», «Қырғыз халқы туралы жырлар» атты еңбектері бар.


2-жүргізуші: - Шоқан-зерттеуші ғалым.
Көпке мәлім еңбектерінің ішінде «Абылай», «Жоңғария очерктері», «Көкетай ханның өлімі», «Алты шаһардаң хал-жайы» еңбектерін атауымыз керек.


1-жүргізуші: - Шоқан-ағартушы ғалым.
Шоқан өз дәуіріндегі талантты орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Сондай-ақ , қазақтың әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы.

2-жүргізуші: Шоқан-саяхатшы.
Еуропа еліне Қашқарияны тұңғыш танытқан оның өмірінде «Ыстықкөл сапары», «Қашқария саяхаты», «Петербург сапары» өте маңызды болды.


1-жүргізуші: Шоқан-тарихшы.
«Сібір тарихынан хаттар» еңбегі және Еуразияның ұлан-ғайыр даласындағы көшпелі өмір салтын соның ішінде қазақ қоғамының болмыс-бітімін алғаш рет сипаттап берген.


2-жүргізуші: Шоқан-музыкант.
Ғалым «Тәңір» деген еңбегірде Қорқыт қобызының құдіретін толғайды. Домбыраны сипаттап, өлеңнің түр-түріне анықтама берген. Қырғыздар мен ұйғырлардың музыка мәдениетін тереңнен қозғайды.


1-жүргізуші: Шоқан-дәрігер.
Ғалым халық медицинасы туралы ой қозғайды, оны 3 салаға бөліп қарайды: 

1-ші: Эмпирикалық халық медицинасы, яғни ғасырлар бойындағы тәжірибе жиынтығы.
2-ші: Діни наным-сенімдерге негізделген медицина.
3-ші: Орта ғасырлық Шығыстың ғылыми медицинасының Қазақ жерінде таралған түрлері.


2-жүргізуші: - Шоқан бейнесі қазіргі таңда ұлттық өнерімізден жарқын көрінісін тауып, өмірімізге ажар бергендей: кино, театр бейнелеу өнерінің hас шеберлері ұлы тұлғаны өнер тілімен жыр етсе, әдебиетшілер әдеби шығармаларына арқау етіп, сыр төгеді. 
/3-бөлім. Шоқан-Қазақстан өнерінде./

1- жүргізуші: - Кино өнерінде: Шоқанды сомдаған актерлермен 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» қазақфильмін түсіруші режиссері: Мәжит Бегалин, Шоқан ролін сомдаған актерлер:


2-жүргізуші: - Нурмухан Жанторин, Қазақ ССР халық артисі 

«1956 жылдың 9 айын еш ұмыту мүмкін емес. Ол-бақытты айларым, Шоқан болып «өмір сүрген» айларым».

1- жүргізуші:
Асанәлі Әшімов, Кеңес Одағының Халық артисі
«Ертеректе, театр сахнасында Шоқан рөлін ойнағаным бар еді. «Шоқан Уалиханов» атты 4 сериялы телевизиялық фильмінің сценарийін жазу, фильмді түсіру барысында Шоқан тұлғасын аяқтап болдым деп еш айта алмаймын. «Театрдың Шоқаны» әркез мазалайды да тұрады. 


2-жүргізуші: Сағи Әшімов, актер
Ұлттық киноөнеріміз тарихындағы тұңғыш 4 сериялы көркем фильм. Қазір ойлап қарасам, Шоқан рөлін тек ойнау ғана тер төгіп еңбек етудің, Отан үшін халқың үшін бар жаныңды салып жұмыс істеудің озық үлгісін бойға сіңіріп кетіпті.


1- жүргізуші: Сәуірбек Бақбергенов, жазушы.
Шоқан сөнген жұлдыз емес, Шоқан өшпес шоқ жұлдыз. Шоқан аққан жұлдыз емес, тура көгімізде жарқырап тұрған жұлдыз. Мұны Шоқан дүние салған соң зулап өте шыққан бір ғасыр мойындатады. 
Шоқан туралы роман да, өлең поэма да, драмалық шығармалар да жаздық. Аталған салалардың әрқайсысынан нағыз Шоқан керектігін білемін! Келер таңнан соны асыға күтемін!
/IV бөлім. Шоқан туралы оның достарының, ұлы ғұламалардың ойларын ортаға салайық./

2-жүргізуші: 1. «Орта жүзден шыққан қазақ, қазақтың соңғы ханы Уәлидің немересі және Шыңғысханның ұрпағы атақты Абылай ханның шөбересі керемет дарын иесі Ш.Уәлиханов(Т.Н.Потанин)


1- жүргізуші: 2. «Ш.Уәлиханов-аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан аяулы ғалым.» 
(В.И.Веселовский)


2-жүргізуші: 3. «Айғаным Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы болған.»
(Ә.Марғұлан)


1- жүргізуші: 4. «Орта Азияға саяхат туралы есептердің ішінде Уәлихановтың Жоңғария мен Шығыс Түркістан жайында хабарламасының орны ерекше үлкен.»
(
Д.Р.Митчелдер

2-жүргізуші: 5. «Қазақ халқы екінші Шоқанын дүниеге әкелсе екен деп тілеуден артық ештеңе таппай отырмыз.»
(Н.М.Ядринцев)


1- жүргізуші: 6. «Кадет қазақ балаларының ішінде Ш.Уәлиханов ерекше көзге түсті. Ол қазақ сұлтан баласы еді. Оған жұрт Қытайға баратын болашақ саяхатшы деп қарайтын. Ол өте дарынды еді.» (В.А.Обручев)


2-жүргізуші: 7. «Өз отаныңыздың ағарту жолындвғы іздеушісі болуыңыздың өзі қандай игілікті. Еуропаша толық білім алған ең бірінші қазақ екеніңіз есіңізде болсын. Оның үстіне тағдыр сізге адамгершілік қасиеттер дарытып, тамаша адам етіп жаратқан...» 
(
Ф.М.Достаевский)
V-бөлім. Көрермендерге сұрақтар. « Шоқан жүрген жерлер», « Шоқан туралы не білдік?»

1- жүргізуші: 5- бөлімде біз көрермендердің Ш. Уәлихановтың өмірімен қандай деңгейде таныс екенін білгіміз келеді..

1-ші тапсырма « Шоқан жүрген жолдар» деп аталады.
Көкшетау Омбы Қостанай Алтынемел
Ыстық көл Верный Жетісу Көшентоған
Құлжа Сырымбет Қашқария
2- ші тапсырма «Шоқан туралы не білдік?»
А) «Шоқан шежіресі»
Б)
1.Шоқанның шын аты ( Мұхаммед- Қанафия)
2.Шоқанның атақты арғы атасы (Абылай)
3.Шоқанның әкесі (Шыңғыс) 7. Шоқанның атасы ( Уәли)
4.Шоқанның інісі ( Мақы) 8. Шоқанның қарындасы 
5.шоқанның әжесі (Айғаным) ( Рахия)
6. Шоқанның сүйген жары( Айсара)

2-жүргізуші: Шоқан туралы өлеңдер.
Мұқағали Мақатаев:
«Шалғайдан жүрген жолаушым,
Шамданба бізге соға кет,
Шаршаған мүмкін боларсың,
Шапаның шеш те, қона кет.
Алыстан жүрген жолаушым,
Асықпа, бізге кіре кет,
Атаның ұлы боларсың,
Арманды бізден біле кет.
Қара басы өрт болды,
Қамығып жүрек, дерт қонды.
Қайран да менің бас ием,
Қандайда күні мерт болды.
Жүректе жара, баста мұң,
Түндерде тұнық аспаным
Қайран да менің бас ием,
Сорлыңды кімге тастадың?» 


1- жүргізуші:
Тоқбай Исабеков:
«Әлемді шолып ой көзбен,
Тереңге сүңгіп бойлаған.
Қайғыны жазып бойды езген,
Толғанған әр кез ойлы адам.
Тарихшы елді зерттеген
Сапармен барып Қашқарға
Алаулап тұрса өрт деген,
Төселмей кезде қашқан ба?
Тауларын кезіп Тянь-Шань
Манасын жазған қырғыздың,
Жете алмай кеткен сан қыран,
Нақ жұлдыз еді бұл біздің.
Жоңғардың батыс сілемін 
Мекендеп қалған мәңгілік
Туған жер жауып кілемін,
«Алтын емел» тұр жаңғырып.»


Екі жүргізуші бірге: Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!





















hello_html_m65ee9847.png







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров334
Номер материала ДВ-139445
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх