Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс шара: "Тапқырлар алаңы"

Сыныптан тыс шара: "Тапқырлар алаңы"


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_6028afcf.gifАқтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі





Келісілді: Бекітілді:

«Экономика және есеп Директордың ТІЖ орынбасары

бірлестігінің» жетекшісі

Б.Х.Әбілпейісова

Б.К.Байбориева « » 2014 ж.

« » 2014 ж.






Сыныптан тыс шара

«Тапқырлар алаңы»




Жауапты оқытушылар: Ергалиева А.У.

Тажиева Ш.Е.

Өткізілетін орны: 202 кабинет

Өтетін күні: 13.11.14 ж.

Өтетін уақыты: 13.00









Ақтөбе – 2014 жыл

Шараның тақырыбы: «Тапқырлар алаңы» зияткерлік ойыны.

Шараның мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зейіндік қабілетін дамыту.


Ойынның барысы: Ойынға 6 адам қатысады. Ойын 3 турдан тұрады.

І-тур. Білім аукционы.

ІІ-тур. Эрудиттер сайысы.

ІІІ-тур. Таңдау – табыс.


Шараға қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, теңгелер, қобдиша.


  Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

Бүгінгі біздің «Тапқырлар алаңы» атты зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер! Біздің апталығымыздың тақырыбы «Алтын теңге», сондықтан бүгінгі ойынымыз да теңгеге байланысты болмақ. Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.

Бүгінгі ойынға ИС-21 және ИС-31 топ студенттері қатысып, өз білімдерін ортаға салып, бақтарын сынайды. Сонымен, алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген білімді студенттер.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда ұлттық валютамыз – теңгемен жүргізіледі. Әзірше әр оқушыда 500 теңгеден бар. Бұл– бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.

Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы– 100 теңге. Әр оқушы бағаны 100 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол оқушыға беріледі, ал қате жауап айтылса, онда оқушы өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер оқушы қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда– банкрот, өкінішке орай, ол адам аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік– сол білімді іске асыру дағдысы»,- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.


Аукционға №1 лотҚазақстан тарихы пәні қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға– 100 теңге. Қай акционер  жоғары баға  береді? ….. сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда оқушы өз қорына … теңге қосады.

Сұрағы: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің авторы кім?

Жауабы: Хайролла Ғабжәлелов

2 лот. Аукционға математика пәні қойылады. (сауда жүргізіледі)

Сұрағы: І88 санынан 100 санын шығар?

Жауабы: 188


3 лот. Ұлы тұлғалар галереясы. (сауда жүргізіледі)

Сұрағы: Экранда ұлы тұлға бейнесі берілген. Аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург. Алғашқы тырнақалды туындысы "Шұғаның белгісі" атты әңгіменің авторы. Назарларыңызға ұсынылып отырған Ұлы тұлғаның есімі кім?

Жауабы: Бейімбет Майлин

4 лот. Аукционға информатика пәні қойылады. (сауда жүргізіледі)

Сұрағы: Ақпараттың өлшем бірліктерін ата?

Жауабы: Бит, байт, кбайт, мбай, гбайт

5 лот. Қобдиша. (сауда жүргізіледі). Қобдишада не жасырылған?

Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар!

Жауабы: тышқан

6 лот. Аукционға Операциялық жүйелер пәні қойылады. (сауда жүргізіледі)

Сұрағы: Интерфейс дегеніміз не?

Жауабы: Адам мен компьютер арасын байланыстыратын программа


Осымен І тур аяқталды. Жинаған қоры аз екі оқушы ойыннан шығады. Жоғары капитал жинаған оқушы …

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр оқушыға берілген уақыт – 1 минут. Әрбір дұрыс жауап құны– 100 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті»,- деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар оқушыдан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт!


 ІІ тур. Эрудиттер сайысы.

1-оқушыға арналған сұрақтар:

  1. Ақпараттың ең кіші бірлігі? (бит)

  2. Үлкен әріптерді басуда қандай пернені қосамыз? (capslock)

  3. Ақпаратты енгізу құралы? (пернетақта)

  4. Стандартты программалар (блокнот, калькулятор, paint, wordpad)

  5. MSWord қандай программа? (мәтіндік)

  6. Жаңа бума қалай құрылады? (создать – папку)

  7. Медеуге  бара  жатқан  Бауыржанғақарсы  4 адам  кездесті.Әр қайсысының қасында 1 баладан бар.  Медеуге қанша адам бара жатыр?  (Бауржан)

  8. Өшірілген файлдар қай бумада сақталады? (корзина)

2-оқушыға арналған сұрақтар:

  1. Қазақстанның Республика күні? (25 қазан)

  2. Сегіздік санау жүйесінің негізгі саны? (сегіз)

  3. 1 кбайтта неше байт бар? (1024 байт)

  4. MSExcelқандай программа? (кестелік)

  5. Компьютердің ауруын емдейтін программа (антивирус)

  6. Операциялық жүйе дегеніміз не? (компьютер іске қосылғанда жүктеледі)

  7. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде   барлығы неше мысық отыр. (4 мысық)

  8. WWW қысқартылған сөзі нені білдіреді? (дүниежүзілік өрнек)

3-оқушыға арналғансұрақтар:

  1. Компьютерді интернетпен байланыстыратын құрылғы? (модем)

  2. Пернетақтада сандар блогын іске қосатын батырма? (NumLock)

  3. Екілік санау жүйесіндегі негізгі сандар? (0 мен1)

4. MSPowerPoint қандай программа? (презентация құруға арналған программа)

  1. Баған мен қатардың қиылысқан жері қалай аталады? (ұяшық)

  2. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы (принтер)

  3. 8кг  алмадан  тосап қайнату үшін оған 4 кг қант қосады. 24кг алмадан  тосап қайнату үшін оған қанша кг қант қосу керек?                   

  4. Файлдарды сығу процесін қандай программа орындайды? (архивация)

4-оқушыға арналғансұрақтар:

    1. Қазақстан теңгесі дүниеге келген күн?(1993 ж., 15 қараша)

    2. Функционалдық батырмаларды ата? (Ғ1 – Ғ12)

    3. Ақпаратты көрсету құрылғысы? (монитор)

    4. Курсордың алдындағы символды өшіретін перне? (Backspace)

    5. MSAccess қандай программа? (мәліметтер қоры)

    6. Сыртқы жадыларды ата? (дискет, диск, флэшка)

7. 7 мен 8-дің  арасына қандай таңба қойғанда, 7-ден  үлкен, 8-ден кіші сан шығады. 7,8.

8. Тышқанның оң батырмасын басқанда қандай меню шығады? (жанама)


Сонымен, осы турлардың қорытындысы бойынша аз қор жинаған студент ойыннан шығады.


Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.


ІІІ тур. «Таңдау – табыс» деп аталады. Әр студент ұсынылған пәндерден біреуін таңдап, берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны – 500 теңге. Таңдауды капиталы аз оқушы таңдайды.

ІІІ тур. Таңдау – табыс.

Информатика

Дербес компьютердің негізгі құралдары, олардың қызметі?


Математика

Бөрененің ұзындығы 120 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?

Жауабы: 120*1//3=40, 120-40=80 см

Қазақстан тарихы.

Алдарыңыздағы тарихи-мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

Жауабы: Қожаахмет Йасауи, Түркістан қаласы


 Ойынымызды қорытындылай келе, эксперттерге сөз берейік.


«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Тапқырлар алаңы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыз!


Қатысқандарыңызға рахмет!


Краткое описание документа:

Шараның тақырыбы: «Тапқырлар алаңы» зияткерлік ойыны.

Шараның мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зейіндік қабілетін дамыту

Автор
Дата добавления 25.04.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров222
Номер материала 253639
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх