Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс шара "Жасыл шыршы жанында" даярлық тобы

Сыныптан тыс шара "Жасыл шыршы жанында" даярлық тобы


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән:Сыныптан тыс.

Күні: 28.12.15.

Тақрыбы: Жасыл шырша жанында.

Мақсаты: 1.Қыс туралы білімін бекіту.

2.Жаңа жыл мерекесі ең қызықты ,отбасылық мереке екенін балаларға түсіндіру.

3.Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.

Жаңа жыл мерекесі:

Аяз ата: Құтты болсын балалар,

Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз,ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңде де көріп ем,

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдәмді беріп ем.

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар ,Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт етке жұзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармың аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әншімін,жырмын,тақпақпын.

Мұғалім:Балар,өнерлеріңді көрсетейік Аяз ата мен Ақшақарға.

Айым: Жаңа жылды алдым,

Мініп алып күмеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Мерейлім: Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау ,қарлы шың.

Бақнұр: Ақ қырауға малынған

Сақалы да,мұрты да

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртыма.

Гаухар: Безндіріпшыршаны

Жыл қуантты баршаны,

Той- маскарад басталды

Аяз ата оны басқарды.

Би: Малик А. Илияс А.

Аққала

Қарлығаш: Ауыл алды ақшақар,

Ақшақарда балалар,

Соғып жатыр аққала.

Бірі –инженер, бірі – ұста,

Жалқауы жоқ жұмысқа,

Кіп-кішкентай боп қана.

Бекарыс: Бірі әкеліп қар үйіп,

Біреуі әйнек ойыпты,

Біреуі есік қойыпты,

Өздеріне шақ қана.

Айдын: Бірі қарға су құйып,

Күліседі күлімдеп:

«Бітірейік» деп қана.

Қыс

Нұртілеу: Айнала күміс қар,

Енді не тұрыс бар?

Ал кеттік, балалар,

Бітпеген жұмыс бар.

Айнала ақ айдын,

Бәрі аппақ маңайдың.

Тазартып тастайық,

Ауласын ағайдың.

Жұмбақ жасыру:

Айдын: Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. (шана)

Ән: Ботай Н. Дәметхан А.

Жақсылық: Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.

Сымбат: Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

Қыс

Назерке: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Альбина: Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілкісе, қар жауып мазаңды алды.

Борандай бұлт – сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Айтолқын: Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті- қолы домбығып үсік шалды.

Шиден мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.

Ертегі: «Үйшік»: Айып Айым- автордың сөзін оқыды

Сұр тышқан – Дәметхан А.

Бақылдауық бақа – Нұрболат М.

Қорқақ қоян – Сембай Н.

Түлкі – Малик А.

Қасқыр – Мұрат Б.

Аю – Ботай Н.

Қызыл шұнақ

Мәди: Шытынайды тыста аяз-

Қызыл шұнақ үскірік.

Қылшылдайды жалаңдап,

Зәрлі үнмен ысқырып.

Әли: Ұшан-теңіз қалын қар,

Жерді басып жабады.

Шұнақ аяз жалаңдап,

Екі санын сабады.

Ақнұр: Мұздай демі бет қауып,

Аяз аузын ашады.

Құлақтанып қызыл күн,

Жасыл үшқын шашады.

Сұңғат: Айналамда ұшып жүр

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір

Ақ қанатты көбелек.

Қарлығаш: Үстіме жалп-жалп жауады,

Ақ тауықтың жүніндей.

Жайнатады даланы

Ақ жібектің түріндей.

Ақерке: Ақ желегін жамылды

Сұрғылт тау-тас,сай-сала.

Ақ қардан көрпе жамылды

Ауыл үсті айқара.

Ата-ана құттықтау сөзі:Бапаева Г.

Аяз-ата: Жарайсыңдар, балалар барлықтарың өнерлі екнсіңдер.Ата-аналарда мықты екен .Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.

Ақшақар: Иә ,солай ,ата балалар керемет өнерлерің тамашаладық.

Аяз-ата: Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.











57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров52
Номер материала ДВ-486410
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх