Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс шара: "Жолың болсын, балақай!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс шара: "Жолың болсын, балақай!"

библиотека
материалов

Сыныптан тыс шара: «Жолың болсын, балақай!»
Мақсаты: 1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету; 
2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру; 
3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: сайыс сабақ 
Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер. 
Барысы. 
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп қатаң сақтауын қажет етеді. 
Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер. 
Жүргізуші: Бүгінгі "Көшеде сақ бол!" атты сайысымызға төрт топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады. Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық. 
1-айналым Топтарды таныстыру 

1-топ «Тәртіп сақшылары»

2-топ «Бағдаршам»

3-топ «Жас инспекторлар»

4-топ «Үлгілі жолаушылар»
1-оқушы: Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай жалын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойынымыз басталады сәлемменен. 
2-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып. 

2-айналым "Көше ережесі тарихынан"  айналым шарты бойынша өз топтары туралы тарихтан деректерге тоқталу , өз топтарының атын қорғау.

1-топ «Тәртіп сақшылары»

2-топ «Бағдаршам»

3-топ «Жас инспекторлар»

4-топ «Үлгілі жолаушылар»


Жүргізуші:Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. 
Ал бүгінгі таңда.бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. 

Жүргізуші: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар I Петр кезінде салына бастаған. 
Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. 
Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127км ғана жол бар болатын. 
Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техниканың өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді. 

Жүргізуші: Қала көшелерімен жүріп келе жатып байқаған боларсыңдар-айнала толы жол белгілері.Олардың бояулары да,пішіндері де әр алуан.Бәлкім бұл бекерден-бекер емес болар.Кейбір белгілермен сендер бұрыннын таныссыңдыр,ал қайсібіреулерінің атқаратын қызметін оларда салынғын суреттерге қарап болжайсың. 
Мәселен,адам суреті салынған 13 белгі болса,жануарлар белгіленген 3 белгі бар.Қандай белгі жаяу жүргіншіге,ал қайсысы жүргізушілерге арналған?Кәне,бәріміз бірлесіп,көшедегі белгі тілін түсініп көрейік. 
Өздері атқаратын қызметтеріне қарай барлық белгілер 7 топқа бөлінеді: 
-ескерту 
-басымдылық, 
-тыйым салатын, 
-алдын ала қойылытын, 
-ақпараттық-көрсеткіш, 
-сервис, 
-қосымша ақпараттық белгілер(табличкалар). 
Осы топтардың әрқасысымен жеке танысайық.Алдымен өзіңе таныс белгілерден бастайық. 
3-айналым"Жол белгілерін білесің бе" 
Әр топ сурет бойынша тиісті жол белгілерінің суретінің мозайкасын құрады , анықтама береді.Бір минут уақыт беріледі. 
1-топ «Тәртіп сақшылары»

2-топ «Бағдаршам»

3-топ «Жас инспекторлар»

4-топ «Үлгілі жолаушылар»
Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыстын бағасын беруді сұрайық. 
4-айналым "Кім жылдам?" 
Сұрақтарга, жұмбақтарға жауап беру 

1) Бағдаршам деген не? 
2) Көлік күтетін жерді қалай атайды? 
3) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады? 
4) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? 
5) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады? 
6) Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті? 
7) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек? 
8) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? 

  1. Сөйлеуді ол білмейді, 
    Бірақ"тоқта, жүр" дейді. 
    ( Бағдаршам ) 
    2) Арқаным бар тым ұзын, 
    Ала алмайсың бір үзім. 
    (Жол) 
    3) Екі аяқты, бір ізді, 
    Үстіне мені мінгізді. 
    Мінгізгенмен ол менің. 
    Аяғымды жүргізді. 
    ( Велосипед) 
    4) Үзенгісін тептім, 
    Зымырап кеттім. 
    ( Велосипед) 
    5) Ала таяқ ұстаған, 
    Жол тәртібін нұсқаған. 
    Өмірінді күзеткен, 
    Ысқырығы күшті адам. 
    (Полиция қызметкері) 
    6) Үш көзді батыр 
    Жолды андып жатыр. 
    ( Бағдаршам) 
    7) Өзі тым күшті, 
    Аяғы тісті. 
    Ілезде тындырар 
    Қыруар істі. 
    ( Трактор) 
    8) Төрт аяғы дөңгелек, 
    Адамсыз ол жүрмейді. 
    ( Машина) 

    5 – айналым «Жағдаяттық тапсырмалар» 

1-топ «Тәртіп сақшылары»

2-топ «Бағдаршам»

3-топ «Жас инспекторлар»

4-топ «Үлгілі жолаушылар»

4 берілген жағдаяттан дұрыс шығу жолдарын табу :

  • Жаяу жүргінші белгісі жоқ жерден қалай өтесің

  • Атайға жолдан өтуге көмектес

  • Саған қарама – қарсы жол бағытында мектеп оқушылары ұстазымен келе жатыр . көпшіліктен қалай өтесің?

  • Сен жолдан өте бергендевелосипедші апатқа ұшырады. Сенің әрекетің?


-Жол тәртібі кімге керек-бірге ойланып көрелік, 
Әрқайсысың қылығына әділ баға берелік. 
Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан. 

Сайыс қорытындысын шыгарып, жеңімпаз топты марапаттау. 
Жүргізуші: 
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай акыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі — заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға. 
Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден, Cay-саламат жүреміз. 


















Сайыс барысында


C:\Users\Гульнур\Desktop\2015-2016ж іс шара\Жолың болсын, балақай!\20151016_161142.jpgC:\Users\Гульнур\Desktop\2015-2016ж іс шара\Жолың болсын, балақай!\20151016_162228.jpgC:\Users\Гульнур\Desktop\2015-2016ж іс шара\Жолың болсын, балақай!\20151016_162015.jpg



C:\Users\Гульнур\Desktop\2015-2016ж іс шара\Жолың болсын, балақай!\20151016_160238.jpgC:\Users\Гульнур\Desktop\2015-2016ж іс шара\Жолың болсын, балақай!\20151016_160146.jpg

«Жол ережесін білесің бе?» апталығында 3 класс оқушыларының

МАИ қызметкерлерімен кездесу. Саяхат сабақ.


C:\Users\Гульнур\Desktop\2015-2016ж іс шара\Жолың болсын, балақай!\20151028_094242.jpgC:\Users\Гульнур\Desktop\2015-2016ж іс шара\Жолың болсын, балақай!\20151028_093807.jpgC:\Users\Гульнур\Desktop\2015-2016ж іс шара\Жолың болсын, балақай!\20151028_094610.jpg




Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров148
Номер материала ДВ-152612
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх