Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс шара "Жолың болсын, балақай"

Сыныптан тыс шара "Жолың болсын, балақай"


библиотека
материалов

Тақырыбы: Жолың болсын, балақай!!!

Мақсаты: Оқушыларды жол жүру ережелермен таныстыру, білімдерін дамыту.

Түрі: Жарыс сабақ

Көрнекіліктер: Суреттер, кітаптар, слайд, жол белгілері.

Әдіс- тәсілдер: баяндау, топ, жеке, ұжым, сұрақ- жауап, жұмбақ

Ӏ. Ұйымдастыру

Топқа бөлу: 1- топ «Алғырлар», 2- топ «Білгірлер»

ӀӀ. Негізгі бөлім

1.Мұғалім баяндамасы

Біздің елімізде әртүрлі көліктер жылдан- жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен жолаушылар саны көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол- көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың жолда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол- көлік оқиғаларының зардабынан көбінесе балалар зардап шегуде. Оның себебі: мектеп оқушылары жол ережелерін нашар біледі. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында біз бүгін «Жолың болсын, балақай!!!» атты шара өткізбекпіз.

Барлығына жалпы сұрақ қою.

  • Балалар сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма?

  • Саяхатқа намен шығуға болады?

  • Әрине, автобуспен, автокөлікпен, т.б.

  • Жол жүру ережесін білмей саяхаттауға бола ма?

  • Қазір біз саяхаттауға кім дайын екенін көрейік.

  1. Тапсырма: қойылған сұрақтарға кім жылдам және дұрыс жауап береді екен.

  • Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? (көліктер жүретін жолмен)

  • Жол жүру ережесін білу бізге не үшін қажет? (өз өміріңнің қауіпсіздігі үшін)

  • Көшеде жүру тәртібін кім бақылайды? (жол сақшысы)

  • Бір жерге асықсаң, жолдан тез жүгіріп өту керек пе? Неге?

  1. Тапсырма: Жұмбақтарды кім көп шешеді.

  1. Арқаным бар тым ұзын

Ала алмайсың бір үзім

Табыңдаршы, балалар

Бұл жұмбақтың шешуін. (жол)

  1. Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді

Жүк емес жануарға жүз адамда

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

  1. Бұйырмапты баста, ауыз, құлақта

Бақырайған үш көзі бар бірақ та (бағдаршам)

  1. Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған. ( жол сақшысы)

  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. ( жол)

  1. Өзі сөйлей білмейді

Бірақ, «тоқта, жүр!» дейді (бағдаршам)

  1. Бұрқылдаған қара нар

Аласұрар шабынып

Жүрген жері ор болып

Қала берер қазылып (трактор)

  1. Қазша қанатын жаяды

Үйрекше мойнын созады

Құсша қонады ( ұшақ)

  1. Күндіз- түні күрсінеді

Жүрген жері сілкінеді (пойыз)

  1. Кеудесі толған күш

Табаны толған тіс (трактор)

  1. Бір көзім кідір дейді

Бір көзім жүгір дейді

Бір көзім абайла дейді

Қарап ал маңайға дейді (бағдаршам)

  1. Бар жолмен жұртты тасып жүр

Жылдамдыққа басып жүр (автобус)

  1. Сымға асылып, жүр асығып (троллейбус)

  2. Теуіп- теуіп қалдым

Алысқа ұзап бардым ( велосипед)

  1. Мініп алып самғайтын

Қанатым бар талмайтын (ұшақ)

  1. Кеудесінде жаны жоқ

Тамырында қаны жоқ

Май жейді

Су ішеді (мәшине)

ӀӀӀ. Қортынды

Барлығы хормен: Жол тәртібін білейік

Аман- есен жүрейік!









«Винное орта мектебі»КММ











Сабақтан тыс іс- шара

(2 «а», 3 «а», 4 «а» сыныптар)





Тақырыбы: Жолың болсын, балақай!



















Өткізгендер:

Аға тәлімгер: Абсалямова А.К.

3 «а» сынып жетекшісі: Жанайдар Т.Қ.







2015- 2016 оқу жылы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-338894

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG