Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс шара"Тәуелсіздік таңы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сыныптан тыс шара"Тәуелсіздік таңы"

библиотека
материалов

Самал Жумина Орынбасарқызыhello_html_4ac70025.jpg

Қаракөл жалпы орта білім беретін

мектеп-балабақшасының мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Ақтай-сай ауылы



Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы / Тәуелсіздік ақындар жырлауында/

/поэзия кеші/

Мақсаты: Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру,Отан мен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру,сөз өнерін қадірлеу ,ақындар шығармашылымен таныстыру,ақынжандылыққа тәрбиелеу.Білім алушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру,поэзияның құдіретін сезіндіру.

Көрнекілігі:Ел рәміздері, ақындар портреттері, түрлі фото суреттер,кітаптар көрмесі, бейне құралдар,шарлар., «Ана тілі»газеті.

Барысы:

Сәлемдесу1-жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар!

2-жүргізуші: Қадірменді қонақтар!

1-жүргізуші :Оқушылар!

2-жүргізуші :Жыр сүйер қауым!



1-жүргізуші. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші.Ақын-өз заманының ар-ұжданы.Ол болашақ үшін өмір сүреді.Біздің қазақ елі ұлы тұлғаларға , дарынды ақындарға кенде емес.Жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын бағындырып жүрген ақындарға сөз берейік!

Оқушылар ақындардың жырларын мәнерлеп жатқа оқиды.

Қалқаман Сарин « ТӘУЕЛСІЗДІК!»

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!



М. Мақатаев «Отанды сүй»


Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,

Не тындырдың, «басымды иемменен»

Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,

«Отан үшін өлемін, күйем» деген.


Өлім деген ерліктің қорегі ме?

Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не?

Егер Отан сыңсыған орман болса,

Жапырақ боп жармасқын терегіне.


Самалы бол Отанның салқындаған,

Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң

Семсері бол Отанның қынабында

Сертке ұстап, селт етпей жалтылдаған


Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй Отанды!

Шыныңмен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына, қырына да.


«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,

Ақ басты алып анаммен шырайласам.

Қалай оны сүйем деп айта аламын,

Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!


Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,

Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»

Өгей әке емес қой Отан деген,

Отанды мен Атамдай иемденем


Ханбибі Есенқарақызы «Тәуелсіздік туралы»


Сен де арманда едің-ау, мен де арманда,

Сол арманға қол жетті, арман бар ма!

Өзімізді – өзіміз таба алмастан

Адасқанбыз, сан тарап ормандарда.



Аспан түсті туымыз желбіреді,

Шықты және теңгеміз-ел біледі.

Әнұран да, Елтаңба – өзімдікі,

Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!


Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,

Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?!

Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,

Әлем шырқап, қосылып тұрар ма еді!


Тәуелсіз ел қанатын жая алар ма ед,

Бұратана бұтамды саялар ма ед?

Тұрарлары тіріліп, Сұлтанбектей

Ардақтылар архивтен оянар ма ед?!


Тарихтың белгілі енді алдамасы,

Оңтүстік-достық, бірлік жолдамасы

Үш жүздің басын бұрын қосқан болса,

Тұранды қосты бүгін Ордабасы!


Енді кімнің қаламыз жүлдесінен,

Тандырмады таңданып кімді есінен?!

Кең маңдайы жарқырап- Назарбаев

Сөйлеген жер жүзі мінбесінен!


Қалмаханбет Мұқаметқали « Диалог»

Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
– Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!

Кезген бір тылсым Даланы мәңгі,
Кие боп кеудеме енді ме?
– Көгілдір туға оранып алды,
Күн күліп сәулеленді де!

Керуен жолдан мың адасыпты,
Көнерген жылдар аңсар боп...
– Көзұшындағы Қыран да асықты,
Көгілдір туға қонсам деп!

Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
– Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!
(Көркем бір бейне кетер деп үнсіз,
Көкіректе әуен үздікті...)
– Көгілдір туды көтерген... кімсіз?
– ТӘУЕЛСІЗДІКПІН!!!


Алмат Исәділ «Қазақстаным!»

Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,
Бойына жиған имани тазалық нәрін.
Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,
Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,
Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –
Қазақстаным!


Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,
Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.
Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,
Қариялардың ұрлаған даналық шамын,
Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –
Қазақстаным!


Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,
Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.
Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,
Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,
Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!
 Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,
Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.
Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...
Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,
Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –
Қазақстаным!

Темірхан Медетбек « Тәуелсіздік туралы жыр»
Отаршылдық
Құлдықтың қамытын
Мойныма кигізіп,
Тіземді бүктіріп,
Басымды игізіп,
Ми батпақ
Сорға көмді.
…Тәуелсіздігім –
Бұлттардың өзі
Бір шеті мен
Бір шетіне,
Апталап зорға жететін
Алып еліме,
Шаршап-шалдығып,
Зорға келді.

Арса-арса боп,
Борбай еті борша боп,
Жеткен оны
Еңіреп-егіліп,
Күтіп алдық.
Сындырмай, бүлдірмей,
Семдірмей, сөктірмей,
Құйылған шойындай
Тұп-тұтас
Бүтін алдық.

Айым оңынан туды!
Бір жағыма
Алтын қанатты –
Бақ қонып,
Бір жағымнан,
Күміс табақты –
Құт келді.
Кеше ғана
Иілген басым,
Бүгілген тізем
Тіктелді.

Азаматтарым,
Аспаннан жұлдыз қағып,
Қазанаттарым
Жер тарпып
Тебініп тұр.
Көңілім
Сарыарқадай жайылып,
Көкірегім
Алатаудай керіліп тұр.



Тәуелсіздігім!
Енді сенің
Шөл мен шөлейт,
Қара тастарыңа дейін
Көктесін!
Арманды халқыңның
Ойынан – суат
Бойынан – қуат
Мәңгілік кетпесін!

Әумин!

Орынбасар Самалықов
(Желтоқсан көтерілісіне қатысушы)

Жадымда қалған – Желтоқсан...

Жуғанмен жылдар жылысы мұздағы қанды,
Қыздарымыздың көзінде мұз қалды.
Бойымды қарытып соғатын желтоқсан желі,
Жүрегімді тағы бір сыздатып алды. 


Толқындар талай соғады жағаны ұрып,
Кетпейді өткен оқиға таралып ұмыт.
Бодауын үзбек ботадай бұлқынған сонда,
Түсіме кейде кіреді жаралы жігіт. 


Өмірден мынау келемін аласымды алып,
Түскенде сонау есіңе қаласың налып.
Қыршын қыздардың көзімде елесі тұрар,
Отырғандары баланың баласын бағып.

 

Топ жарып шығар, ал бірі шаруасына нық
Қызғанда аз-кем досымен дауласып анық.
Жүретін еді-ау жігіттер болғанда есен,
Жорғасын мініп, қолына қауғасын алып.

 

Мұз тоңған қайта көздері ашылды бұлақ,
Өкінішті күннің өкпесі басылды бірақ.
Жаңа алаңдағы ескерткіш жадымды қозғап,
Алдына келіп бас идім жасымды бұлап... 


Тас мүсін қашау, әрине ғасырға мұра,
Бұл елдіктің құрметі асылдарына.
Кептерлерге дән сеуіп шапқылап жүрген,
Бақытты болсын балғындар, қасымда мына!


Ықылас Олжайұлы «Алаш»

Олар...
Сонау қария ғасырда
Күмбезді көк етіп,
Төсекті жер етіп жаратқан даланың,
Көкпеңбек көліне шомылып,
Көгілдір тауына сүйенген.
Көмейі көріктей ат мінген ұлдары
Күлте жал күреңмен жер жүзін шарлаған.
Құлжадай қыздары
Тобықтай төгілген шаштарын,
Семсердің жүзімен тарған.
Алаштың оғылан ұлдары
Осындай тамырдан қан алып.
Осындай құрсақта жаралған.
Шаттығы шанақтан күй болып өрекпіп,
Қайғысы қобыз боп мұң шаққан.
Найзасы жасындай жарқылдап,
Жаңбырдай сіркіреп жебесі
Жауына тіл қатқан
Дұшпанын теп-тегіс жусатқан,
Бабасы тәрізді,
Даласы секілді аумаған.
Арқаның жеріндей арқасы жап-жалпақ,
Алтайдың шыңындай рухы тым асқақ,
Арманы –
Алатау құзындай талықсып көз ұшта,
Ажалы –
Керілген киіктей тым сұлу, тыс қысқа
Алаштың аймандай ұлдары!

Кеш түссе күңіреніп
Боздайды бұл дала
Боздақтар үнімен,
Білмейді-ау осы үнді
Бозөкпе ұлдарың,
Кіндігін кірлеткен,
Желетек қыздарың,
Білмейді-ау сол үшін
Саулы інген секілді сай-сүйек сыздарын.
Тәуелді рухты
Тәңір де кешірмес,
Кешірмес жер басып жүруді,
Алланың әр күні "Азат" деп зарланар,
Алаштың оғылан ұлдары
Сол үшін мерт болып,
Сол үшін шәһит боп өлді олар.

Өлерміз ол рас,
Қабірден жолданған
Құдайдың хаты бар,
Ол бізді шақырса, шындыққа шақырар.
Атылған хаттар-ай
Қанаты тым ыстық,
Кімдерге жетті екен нүкте боп?!
Бес күндік бұл фәни
Бес құлаш матамен оралып,
Тым алыс қашыққа жолданар,
Өйткені біздегі
Өмірдің мазмұны 
Өлімнің тілімен оқылар 

Олар...
Алқымды сабадай
Ажалдың пырағын кісінетіп,
Алласын көрмекке
Аспанға аттанған ғайып боп,
Бұл неткен қайсарлық!
Өлсем ғой шіркін-ай,
Осылар секілді шәйіт боп.

Кеше...
Кеңестік бодандық
Менің күп-күрең қаныма суарып,
Қып-қызыл ту ілген
Кермек жасымды
Кекете сімірген.
Мен содан...
Алаш боп үзіліп
Азат боп қайтадан тірілгем,
Тірілгем...
Жусанның бұрқырап бүрінен...


Құттыбек Аймахан «ЖЕЛТОҚСАН»

Ашу-ыза, намысым боп,
Буырқанған Желтоқсан!
Азу тісті талайдың,
Уы тамған Желтоқсан!

Қарындастың көз жасы –
Мұз боп қатқан Желтоқсан!
Темір төсек жамбасқа,
Сыз боп батқан Желтоқсан!

Қазағымды «ұлтшыл» деп,
Жалалы болған Желтоқсан!
Ұл-қызының қанына,
Табағы толған Желтоқсан!

Темір торға жазықсыз,
Қамалғансың Желтоқсан!
«Нашақор» мен «бұзақы»,
Саналғансың Желтоқсан!

Сапар шеккен Қайрат боп,
Мәңгілікке Желтоқсан!
Кең далада қалықтаған,
Жаңғырық та сен Желтоқсан!

Әлем саған елеңдеп,
Құлақ тұрген Желтоқсан!
Бодандықтың шекпенін,
Лақтырған Желтоқсан!

Ар-ұятым, абыройым,
Қасиетім сен соққан.
Ерік-жігер, күш-қуатым,
Бәрі де сен – Желтоқсан!!!

 

1-жүргізуші.Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек  деп, біз бүгінгі ел тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған  «Тәуелсіздік таңы » атты поэзия кешін аяқтаймыз.

2-жүргізуші. Жыр сүйер қауым , ақындарымыздың жүрегі «Мәңгілік Ел»тақырыбын талмай жырласын!

Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров794
Номер материала ДВ-392942
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх