Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс Тақырыбы: "Білімділер" сайысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс Тақырыбы: "Білімділер" сайысы

библиотека
материалов

Сайыстың тақырыбы: «Білімділер» сайысы.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейінанықтау, ойлау қабілеттерін дамыту сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді. жан-жақты болуға үйрету.

Сайыс барысы

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер!Сайысқа келіп отырған оқушыларымыздың жолы ақ мол болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Баға берер топтарға ,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға .
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерімізді таныстырып өтейік.

Сайыскерлер екі топқа бөлінген.
«Білгірлер» тобы.
«Тапқырлар»тобы.

Сайыс мынадай турлардан тұрады:

1-ші тур- «Кім білімді?»
2-ші тур- «Полиглот»
3-ші тур- «Ғажайып алаң»
4-ші тур- «Кім тапқыр?»
5-ші тур- «Кім жылдам?»

1-ші тур «Кім білімді?» Сендерге ортақ 10 сұрақ беріледі. (барлық сұраққа 3 минут, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)

1-топ сұрақтары.

1. Қазақтың ұлы ақыны.
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Жүз жасаған ақын?
4. «Шаһар» сөзінің синонимі?
5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
7. «Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі?
8. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
9. Абайдың қанша қарасөзі бар?
10. Ата Заң күні қашан?

2-топ сұрақтары.

1. А.Байтұрсынов кім?
2. Жалғаудың неше түрі бар?
3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
5. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
7. «Әке мен бала» әңгімесін кім жазған?
8. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
9. Қазақстан жерінен өткен жол.
10. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Келді кезек «Полиглот» шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе.

2-ші тур «Полиглот» 2 топқа 5 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.)

1-топ сұрақтары.

Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — …… (сөз, слово, …………………………………………………..)
Тамшы тас жарады, тас жармаса …… (бас, …………………………………………………………….)
Өнер алды – қызыл ……… (тіл, ……………………………………………………………………………….)
Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер. (жаман, ……………………………………………)
Ана сүті бой өсіреді, ……….. ой өсіреді (ана тілі, …………………………………………………….)

2-топ сұрақтары.
Көп сөз күміс, аз сөз ……. (алтын, …………………………………………………………………………..)
Мектеп – кеме, білім — ……. (теңіз, море, sea …………………………………………………………..)
Денсаулық – зор …….. (байлық, богатство, …………………………………………………………….)
Білім сандығы — ……… (кітап, …………………………………………………………………………………)

10. Әдепті бала – арлы бала, ……….. бала – сорлы бала (әдепсіз, …………………………………..)

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.

3-ші тур «Кім тапқыр?» (Әріптер сөйлейді, 3 сұрақтан қойылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.)

А- қазақтың ұлы ақыны.(А.Құнанбайұлы)
Ә- алғашқы оқулық.(Әліппе)
Б- қазақтың батыры.(Бөгенбай батыр)
В- ежелгі мемлекеттердің бірі.(Вавилон)
Г-тарихтың атасы.(Геродот)
Ғ- Т.Әубәкіров кім?(Ғарышкер)
Д- «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен)
Е- қызыл кітапқа тіркелген жануар?(Елік)
Е- «Шырша» сөзінің аудармасы.(Елка)
Ж- Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас.(Жұмбақтас)
З-үлкен, дәу сөздерінің синонимі.(Зор)
И- тігінші құралы (Ине)
Й- қоңыр түсті дәрі (Иод)
К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)
Қ- атақты күйші(Құрманғазы)
Л- ешкінің төлі.(Лақ)
М- күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий)
Н-ас атасы -… (Нан)
О- Батыс Қазақстандағы қала.(Орал)
Ө- тілсіз жау-… (Өрт)
П- өлеңмен жазылған шығарма.(Поэма)
Р- Ш.Айманов кім?(Режиссер)
С- тілдің негізі не?(Сөз)
Т- үш бидің бірі.(Төле би)
У- Моңғолияның астанасы.(Улан Батор)
Ұ- Орталық Қазақстандағы тау.(Ұлытау)
Ү- мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты белгілеген (Үркер)
Ф- Әл-Фараби кім?(Философ)
Ч- Крокодил Генаның досы.(Чебурашка)
Ш- тудың авторының есімі.(Шернияз Ниязбеков)
Ы- «посуда»сөзінің аудармасы.(Ыдыс)
І- қарға « қарқ»дегенде аузынан не түсіп кетті?(Ірімшік)
Э- Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы?(Экономика )
Ю- «Киіз үй» сөзінің аудармасы.
Я- су көлігі

Осымен сайысымыздың бес шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше,

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді.

Осымен «Білімділер» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!

















Автор
Дата добавления 27.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДВ-559163
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх