Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииСыныптан тыс жұмыс

Сыныптан тыс жұмыс

Скачать материал

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Жоспары:

1.      Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)

2.      Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушы мәнерлеп оқуы керек)

3.      Өнер сайысы (қыздардың өнері тамашаланады)

4.      Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)

5.      Үй тапсырмасы (табиғи материалдардан жұмыс жасау)

6.      Қорытынды

Кеш жарық қадірменді ұстаздар және оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер! Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Күз дегеніміз - жазира даланың дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

Келтіретін әрдайым сезім күйін,

Көресіздер қызықтың неше түрін

Әншінің анықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік бізде жетіп.

Ал енді көрермендер бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшаларды ортаға шақырайық.

1-ші оқушымыз:   3 «Ә» сынып оқушысы: Мұратбек Нұрай

2-ші оқушымыз:   3 «Б» сынып оқушысы: Амантаева Қазына

3-ші оқушымыз:   3 «В» сынып оқушысы: Төрәлі Қарақат

4-ші оқушымыз:   3 «Д» сынып оқушысы: Оңдасын Ұлмекен

5-ші оқушымыз:  3 «Е» сынып оқушысы: Серікова Сандуғаш

6-шы оқушымыз:   4 «А» сынып оқушысы: Мансурова Дана

7-ші оқушымыз:   4 «Ә» сынып оқушысы: Кенжебай Ақбаян

8-ші оқушымыз:  4 «В» сынып оқушысы: Бектұрсын Әйнел

9- шы оқушымыз:  4 «Г» сынып оқушысы: Сапарова Гүлнұр

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

                                                кетейінші осы отырған баршаңа, - дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1.

2.

3.

Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

1.      Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)

2.      Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушы мәнерлеп оқуы керек)

3.      Өнер сайысы (қыздардың өнері тамашаланады)

4.      Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)

5.      Үй тапсырмасы (табиғи материалдардан жұмыс жасау)

6.      Қорытынды

                                                          Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Ал енді құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік.

Құрметті әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге сөз берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

 Ханшаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.

                                           Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

                                          Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

                                          Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзгі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыз күз тақырыбына көркем сөз оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлеу шеберлігіне қарасаңыздар бағалауға бұл да кіреді. 

Құрметті әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, көркем сөз оқу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз салқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

                                          Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымды

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

                                                    Тілекші боп көңілден. Біздің мектептің ханшалары арасында әншілер де, бишілер де бар екен. Олай болса ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

Ардақты да аяулы әділқазыларға жүгінейік. «Өз өнерін көрсету бөлімі» бойынша бағасын көрсетсеңіздер.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

                                               Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі. Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.

Қараңдаршы көз тоймас, күз деген бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші,

Бір молшылық жатқан шалқып,

Ал, балалар, кім біледі,

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

«Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай сары қауын,

                                                     Көп піскен соң бақ ішінде.

Ал енді сайысымыздың бесінші бөліміне кезек берейік

О заманда қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі-бірін

Өнерпаздар – дарындар

Көрейік тамашалап, көрермендер,

                                                 Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін. «Үй тапсырмасы» бөлімінде қатысушыларымыз  табиғи материалдардан  өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген жұмыстарымен таныстырсын.

Сүйкімді сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашалап болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен.

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

                                             Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Күзгі бал

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Жоспары:

  • 1.Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)
  • 2.Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушы мәнерлеп оқуы керек)
  • 3.Өнер сайысы (қыздардың өнері тамашаланады)
  • 4.Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)
  • 5.Үй тапсырмасы (табиғи материалдардан жұмыс жасау)
  • 6.Қорытынды

Кеш жарық қадірменді ұстаздар және оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер! Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазира даланың дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

Келтіретін әрдайым сезім күйін,

Көресіздер қызықтың неше түрін

Әншінің анықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік бізде жетіп.

Ал енді көрермендер бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшаларды ортаға шақырайық.

1-ші оқушымыз: 3 «Ә» сынып оқушысы: Мұратбек Нұрай

2-ші оқушымыз: 3 «Б» сынып оқушысы: Амантаева Қазына

3-ші оқушымыз: 3 «В» сынып оқушысы: Төрәлі Қарақат

4-ші оқушымыз: 3 «Д» сынып оқушысы: Оңдасын Ұлмекен

5-ші оқушымыз: 3 «Е» сынып оқушысы: Серікова Сандуғаш

6-шы оқушымыз: 4 «А» сынып оқушысы: Мансурова Дана

7-ші оқушымыз: 4 «Ә» сынып оқушысы: Кенжебай Ақбаян

8-ші оқушымыз: 4 «В» сынып оқушысы: Бектұрсын Әйнел

9- шы оқушымыз:4 «Г» сынып оқушысы: Сапарова Гүлнұр

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа, - дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1.

2.

3.

Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

  • 1.Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)
  • 2.Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушы мәнерлеп оқуы керек)
  • 3.Өнер сайысы (қыздардың өнері тамашаланады)
  • 4.Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)
  • 5.Үй тапсырмасы (табиғи материалдардан жұмыс жасау)
  • 6.Қорытынды

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Ал енді құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік.

Құрметті әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге сөз берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

Ханшаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзгі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыз күз тақырыбына көркем сөз оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлеу шеберлігіне қарасаңыздар бағалауға бұл да кіреді.

Құрметті әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, көркем сөз оқу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз салқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымды

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден. Біздің мектептің ханшалары арасында әншілер де, бишілер де бар екен. Олай болса ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

Ардақты да аяулы әділқазыларға жүгінейік. «Өз өнерін көрсету бөлімі» бойынша бағасын көрсетсеңіздер.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі. Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.

Қараңдаршы көз тоймас, күз деген бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші,

Бір молшылық жатқан шалқып,

Ал, балалар, кім біледі,

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

«Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай сары қауын,

Көп піскен соң бақ ішінде.

Ал енді сайысымыздың бесінші бөліміне кезек берейік

О заманда қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі-бірін

Өнерпаздар – дарындар

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін. «Үй тапсырмасы» бөлімінде қатысушыларымыз табиғи материалдардан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген жұмыстарымен таныстырсын.

Сүйкімді сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашалап болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен.

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 848 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2015 1043
    • DOCX 45.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Олинова Жанетта Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Олинова Жанетта Нурлановна
    Олинова Жанетта Нурлановна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31979
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 824 человека

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе