Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыСыныптан тыс жұмыс қазақстан тарихы пәнінен "Жас тарихшы" сайыс

Сыныптан тыс жұмыс қазақстан тарихы пәнінен "Жас тарихшы" сайыс

Скачать материал




С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі













«Жас тарихшы» зияткерлік сайысы.



















Гүлдерім Мусина



















«Жас тарихшы» зияткерлік сайысы.

1 ж: Ассалаумағалейкум, қымбатты көрермендер.

2 ж: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар.

1 ж: Сіздердің назарларыңызда «Жас тарихшы» зияткерлік сайысы.

2 ж: ----------- Жапонияда төменгі сынып оқушыларына үй тапсырмасын бермейді екен.

1ж: Естігенім бар, бірақ жоғары сынып оқушыларына артылған жүк бастан асады.

2 ж: Ия, Жапонияның жоғарғы сынып оқушылары әлемдегі жұмысы көп жандар болып саналады екен.

1 ж: Ол ештеңе емес, ал АҚШ - та мектепке жаңа барған оқушыға ата - анасы ештеңе алып бермейді, яғни қажетті құрал жабдықтарымен мектеп толық қамтамасыз етеді.

2 ж: Ең қызығы Финляндияда оқушыларына алғашқы 6 сынып бойы мүлдем баға қойылмайды екен.

1 ж: Расыңда да, қызық, әр елдің білім жүйесі әр түрлі, бүгін бізде тарих пәні бойынша «Жас тарихшы» атты зияткерлік сайыс, қатысушылармен таныс болыңыздар.

2 ж: Алғашқы сайыскеріміз -------------------------- 6 «Ә» сынып оқушысы.

Армысыздар жиналған көрермендер және ойын қатысушылары. Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұни айтқандай «Бақытты болудың негізі білім» осы мақсатта осы ойынға келіп тұрмын.

1 ж: Келесі білімді ойыншымыз --------------------------- 6 «А» сынып оқушысы.

Қайырлы күн қымбатты көрермендер. Бүгінгі білім бәсекесінде

Төзімділігім «ту» болып, Ұлтжандылығым «Ұран болып, Әділдігім «Ән» болып, Жеңіс жалауына жетсем деймін.

2 ж: Зияткерлік сайыс ойында бағын сынайтын келесі қатысушымыз 6 «Ә» сыныбының қатысушысы ----------------.

Өткен шаққа алғыс айтып, осы шаққа сүйсіне қарап, келер шақты үмітпен күтетін енің бұл сайысқа қатысып отырғандағы ең басты мақсатым, білімімді одан әрі жетілдіру болмақ. Менің ұстанымым Абай атамыздың өлең жолдары:

Сенбе жұртқа тұрсадағы қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегімен ақылың екі жақтап.

2 ж: Келесі ойыншымыз 6 «А» сынып оқушысы --------------------

Армысыздар, жиналған қауым. Менің бүгінгі ойынға келіп отырғандағы мақсатым, өз бағымды сынап, білімімді тексеру. Менің өмірлік ұстанымым тек «Алға».

1 ж: Келесі қатысушымыз ізгілік жолын білімнен іздейтін 6 «Ә» сынып оқушысы -----------------.

Осы зияткерлік сайысқа қатысу себебім өзімнің білімім мен дүниетанымымның шын мәнідегі дәрежесін білу, ал өмірлік ұстанымым «еркін де қызықты» өмір сүру.

2 ж: Соңғы қатысушымыз 6 «А» сынып оқушысы ----------------

Армысыздар ардақты Алаш елі.

Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіңе, Күн болмағанда кім болам? Бүгінгі ойын нағыз көшбасшыны анықтасын.


1 ж: Қадірменді ойыншылар, қымбатты көрермендер. Ал енді алғашқы айналымның ойын шартын түсіндіре кетейін. Қазір сіздерге тест түрінде ортақ 10 сұрақ оқимыз, әр сұраққа жауап ретінде5 нұсқа берілген, сіздер берілген нұсқаның ішінен дұрыс жауапты табуыңыз керек, әр жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ойлануға 5 секунд уақыт беріледі. Дұрыс немесе бұрыс жауабын әділқазылар беретін болады.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма

Біліммен өнер жарысып

Тәрбие - тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда!

Деп,- тартысқа толы алғашқы айналым «Бәйге» бастаймыз.


Сұрақтар.

1. Алғашқы адамдардың әлеуметтік құрылысы қалай аталады?

a) Алғашқы қауымдық құрылыс

b) Құл иеленушілік құрылыс

c) Феодалдық құрылыс

d) Капиталистік құрылыс


2. Заттай деректер негізінде адамзаттың тарихын зерттейтін ғылым:

a) Этнография

b) Археология

c) Нумизматика

d) Геральдика


3. Ең алғашқы адам қаңқасы қай жылдары табылды?

a) 1950 - 1959жж.

b) 1950 - 1963жж.

c) 1959 - 1963жж.

d) 1960 - 1963жж.


4. Адамның алғашқы пайда болған Отаны:

a) Африка

b) Азия

c) Америка

d) Австралия


5. Индонезиядағы Ява аралынан питекантроп адамы қай жылы табылды?

a) 1895ж.

b) 1894ж.

c) 1893ж.

d) 1891ж.


6. 1927 жылы синантроп қай жерден табылды?

a) Африка

b) Қытай

c) Америка

d) Франция


7. Германияның Неандерталь мекенінен қай жылы адам қаңқасы табылды?

a) 1895 ж.

b) 1894 ж.

c) 1856 ж.

d) 1891 ж.


8. 1938 жылы Өзбекстаннан неандертальдық баланың қаңқа сүйегін тапқан академикті атаңыздар.

a) З. Самашев

b) К. Ақышев

c) Ә. Марғұлан

d) П. Окладников


9. Францияда кроманьондық адамның сүйегі қай жылы табылды?

a) 1868 ж.

b) 1894 ж.

c) 1856 ж.

d) 1891 ж.


10. Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады?

a) Жабайы адам

b) Тік жүретін адам

c) Епті адам

d) Саналы адам

Жауаптары: а, б, с, а, д, б, с, д, а, д


2 ж: Екінші кезекті екінші кезеңге берейік. Алғашқы айналымымыздағы ұпайлар толығымен сақталады, сіздерге 5 сұрақтан тұратын әзірленген ұяшықтар ұсынылады, әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады. Егер ойыншы сұрағына дұрыс жауап бере алмасы, жүргізушінің қарсыластар деген сөзінен кейін келесі ойыншы жауап бере алады. Осы сайыстан кейін ұпайы аз 3 ойыншы ойынды тоқтатады. Ендеше жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтаймыз, келесі кезең « Жорға».

1 ж: 1 ойыншы ----------------- « ----------- қандай арманың бар?». Қай ұяшықты таңдайсыз?

2 ж: 2 ойыншы --------- «-------- көңіл - күй қалай?»

1 ж: 3 ойыншы ---------- «------- бос уақытыңды немен айналысасың?»

2 ж: 4 ойыншы -------- Бүгінгі ойында кім жеңімпаз болуы мүмкін. Болжай аласың ба?

1 ж: 5 ойыншы ------ Қандай спорттық ойын түрлерімен айналысасың?

2 ж: 6 ойыншы -------- Келешекте қандай маман болғың келеді?

1 ж: 2 айналым бітті ұпайлары аз –––––––––––––––––––––– сіздермен қоштасамыз.


1 -ұяшың сұрақтары:

1. Қай дәуір «қыш құмыралар заманы» деп аталады? (неолит)

2. Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады? (саналы адам)

3. Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы)

4. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің мерзімі (б. з. д. 2 – 1 мыңжылдықтар)

5. Үйсіндерде малдың қай түрі байлықтың өлшемі болып есептелді? (жылқы)


2- ұяшық сұрақтары:

1. Неолит дәуірінің үлкен жаңалығы. (Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда болуы)

2. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3)

3. 1970 жылы Есік қорғанын ашқан археолог кім? (К. Акышев)

4. Рулық қауымдағы адамдар тобының шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім (Тотемизм)

5. Үйсін қаласы «Қызыл Аңғар» қайда орналасқан? (Ыстықкөл)


3- ұяшық сұрақтары:

1. Қола дәуірінде адамдар қандай нәсілге жатты. (Европоидтық)

2. Сақ тайпалары жайлы алғаш рет кімнің еңбегінде айтылды? (Геродот)

3. Рулық қатынастар ыдырағаннан кейін орнаған бірлестіктер. (Тайпа)

4. Берел қорымынан табылған жәдігер. (Жылқының қаңқалары)

5. Астана қаласының бұрынғы атауы. (Ақмола, Целиноград)


4- ұяшық сұрақтары:

1. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан қала. (Қызылорда)

2. Аналық рудың ыдырауынан кейін, оның орнына келген қатынас. (Аталық)

3. Сақ - парадарайялар кімдер? (Арал теңізін мекендейтін сақтар)

4. Жалпы адамзат тарихындағы палеолиттің хронологиялық шеңбері (б. з. б. 2 млн. 6, 00 мың - 12 мыңжылдықтар)

5. Мыс пен қалайының қосындысы қалай аталды? (Қола)


5 ұяшық сұрақтары:

1. Неолит дәуірінің қамтитын кезеңі... (б. з. б. 5 - 3 мыңжылдықта)

2. Үйсіндердің шаруашылығының қай түрінің маңызы зор болды? (мал шаруашылығы)

3. Жезқазғаннан қанша миллион тонна кен өндірілген? (1 миллион)

4. Астана қаласының символы (Байтерек)

5. Белгілі сақ патшайымы кім? (Тұмар)


6 ұяшық сұрақтары:

1. Жезқазғаннан кен өндірілгенін кім зерттеді? (Қ. Сәтпаев)

2. Үйсіндердің астанасы болған қала (Қызыл Аңғар)

3. Сақ қоғамы қандай 3 топқа бөлінді? (Абыздар, жауынгерлер, малшылар мен егіншілер)

4. Мезолит дәуірінің қамтитын кезең. (Б. з. б. 12 - 5 мыңжылдықта)

5. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспанасы… (Үңгірлер)


2 ж: Қымбатты оқушылар, үшінші айналым «Ғажайып әлем» бойынша сіздерге 3 тақырыптан тұратын 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық 20 сұрақ ұсынылады. Осы сұрақтардың ішінде бейне сұрақ және арнайы сұрақ бар.

1. Есімдер сыр шертеді

2. Ұлы тұлғалар

3. Тарих қойнауында


1. Есімдер сыр шертеді

10 ұпай. Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ

20 ұпай. Абай Құнанбаевтың шын есімі: Ибраһим

30 ұпай. Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл

40 ұпай. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад - Қанафия

50 ұпай. Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр


2. Ұлы тұлғалар.

10 ұпай. «Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер» деп, ерлік көрсетіп, парсылардан осылай кек алған кім? (Шырақ)

20 ұпай. Бұл тарихи тұлға ұлтымыздың ағарту саласында көп еңбек еткен. Қазақ даласында бірінші болып қыздарға арнап мектеп ашқан ағартушы педагог, балалар әдебиетінің атасы. (Ыбырай Алтынсарин)

30 ұпай. «Қазақтың бас ақыны, одан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Мына сөздер кім туралы айтылған? (Абай)

40 ұпай. Күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Ол кім? (Тұмар)

50 ұпай. Арнайы сұрақ Н. Назарбаев


3. Тарих қойнауында

10 ұпай:

20 ұпай

30 ұпай

40 ұпай: Сен білесің бе? Осындай өрнектерді сақ дәуірінде қандай стиль деп атады.

50 ұпай: Арнайы сұрақ


2 ж: Міне, тартысқа толы 3 кезеңде аяқтадық. Ендігі жеңімпазды анықтауды қазылар алқасы анықтағанға дейін, әсем әнге кезек берейік.


1 ж: «Жас тарихшы» зияткерлік сайысының жеңімпазы анықталды. Жеңімпазды марапаттау үшін ортаға -------------------------------- шақырамыз. Барлық сайысқа қатысқан ойыншылар да ортаға шықсын.

2 ж: Құрметті көрермен, ғылым теңіз, білім қайық, бүгінгі ойын тартысты өтті. Ендеше келесі ойындарда кездескенше!!!










Сыныптан тыс сабақ 7 сыныптарға арналған



Тақырыбы: «Жас географ» сайысы



Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын оқушыны анықтау. оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде практика жүзінде қолдана алуға үйрету

Түрі: Сайыс

Көрнекіліктері: Карта, тақырыптық презентация, дидактикалық үлестірмелі қима қағаздар, т. б.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, сурет, математика, информатика



Барысы:

I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.

II. Ұйымдастыру.

1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру

1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.

1. 3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру

III. Марапаттау.

IV. Қорытынды.



Мұғалім:

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

- Бүгін біздің «Жас географ» атты ойын сайысын бастаймыз.

- Бүгінгі ойын сайысқа жетінші сыныптар қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін, сыныптың намысын қорғауға 5 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде үш топ қатысады.



Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:



- Енді ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

1. Таныстыру (топ аты, ұраны, төсбелгісі)

2. Географиялық жұмбақ шешу.

3. «Тамаша тоғыздық» (сұрақтар).

4. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (суретті қиманы құрастырып, тапсырманы орындау).

5. Сергіту сәті

6. «Карталар әлеміне саяхат» картамен жұмыс

7. Топ басшылар сайысы (географиялық нысандар бойынша сұрақтар)

8. Географиялық таң ғажайыптар (бейнеролик дайындау)

Мұғалім:

Ойынымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік.

География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған екен. Және, ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен. Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды.

Сондықтан қазіргі жарысқа түскен оқушылар өздерінің географиялық құбылыстардың себептері мен Жер шарындағы материктер туралы білімін көрсетеді.

Ал енді ойынымызды бастаймыз. 1 - ші топты шақырамыз. (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады.). Ортаға 2 - ші топты шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады). Ортаға 3 - ші топты шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады).

Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.

(Топтар өздерін таныстырады)

Екінші кезеңі бойынша 3 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.



«Географиялық жұмбақтар»

1. Ол бар жерде бар ма, жоқ па білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа).

2. Жүрсең де жетпейсің, ұшсаң да жетпейсің (жел)

Тұрғыны жоқ елдер, үйі жоқ қалалар,

3. Ағашы жоқ ормандар, суы жоқ теңіздер (карта)

4. Есік ашсаң, лап етер,

Сабалақ ит сап етер. (жел)

5. Қолы да жоқ, көзі жоқ, сурет салар өзі кеп (аяз)

6. Жылт - жылт етеді,

Жыралардан өтеді (су).

7. Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын

Биіктеп кайта түскенде

Өңі кірер даланың. (жаңбыр)

8. Бір зат бар дүниеде кұшағы кең,

Ұшқан кұс, жүгірген аң бәріне тең.

Адамзат, жан - жануар арасында

Мәңгілік өсіп - өніп өмір сүрген. (жер)

9. Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде баурын жазып,

Ішінде толып жатқан қазына бар,

Қорек қып пайдаланар тәмәм халық (кітап)



Осымен, 2 кезеңді аяқтаймыз. (Әділ - қазы алқасы командаларды бағалайды, ортақ балдарын шығарады). Ал, біз, ойынның келесі «Тамаша тоғыздық» кезеңіне өтелік. Әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Әр жауап берілген сұраққа 5 ұпай. Осы кезеңнің шарты мынадай: тақтада берілген тоғыз санның біреуін таңдап, онда берілген сұраққа жауап берулеріңіз керек. Таңдау құқығы алдымен ұпайы ең аз топқа беріледі.

Білім деген биік шың.

Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,- дей келе сұрақтарға назар аударамыз.



Сұрақтары:

1. Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы (Жел)

2. Құрлық бетіндегі ішіне су толған табиғи ойыс (Көл)

3. Жан - жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі (Арал)

4. Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі (Тау)

5. Бесінші мұхит деп аталатын қабық (Атмосфера)

6. Жер шарын айналып шыққан кім (Магеллан)

7. Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71% - су, 29% - құрлық).

8. Әлемдегі ең тұзды су қай теңізде? (қызыл теңізде).

9. Мұхит суының қандай қасиетін білесіңдер? ( температурасы мен тұздылығы)



Келесі кезеңіміз «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (суретті қиманы құрастырып, тапсырманы орындау). Барлық сөзді тапқан топқа 10 ұпай

І топ

Тем+2 = М+10+ша =

40+қабат =

Б+50+ар =

М+3+е =

100+к =

7+ су=

6+бақан =

7+ген =



ІІ топ

М+10+шақ =

«-»+ан =

1+қазан =

К+2+лік =

« -» + а =

Лим+10 =

40 + буын =

Т + 10 =



ІІІ топ

3 + кір =

6 + н =

С + 10 +а =

7 + ік =

Қ + 10 + ақ =

К + 2 +л =

5 + ік =

8 + көз =

Аздап шаршаған болармыз «Сергіту сәтін» бәріміз бірге орындайық.

Рахмет

«Карталар әлеміне саяхат» кезеңіне де келіп жеттік. Картадағы кедергідегі алып картаның бетін ашуымыз қажет. Ал кедергіде тапсырмалар бар. Кедергіні орындаған топқа 5 ұпай беріледі. Оларды тез арада орындап жіберейік.

Тапсырмаларыңыз төмендегідей:

І топ

Құрлықтарды үлкенінен бастап ретіне қарай көрсетеміз

ІІ топ

Дүние бөліктерін бөліп атап көрсетеміз

ІІІ топ

Мұхиттарды атап көрсетеміз



Келесі кезеңіміз «Топ басшылар сайысы»

Топ басшыларына географиялық нысандар бойынша сұрақтар қойылады, олар мағынасын айтулары қажет. Дұрыс берілген жауапқа 5 ұпай.

1. Еуразия (құрлық)

2. Мадагаскар (арал)

3. Тынық (мұхит)

4. Греция (мемлекет)

5. Аристотель (ежелгі грек ғалымы)

6. Тропосфера (атмосфераның ең төменгі қабаты)

7. Изотерма (температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық)

8. Изобар (қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық)

9. Изогиета (жылдық жауын - шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық)



Сайысымыздың соңғы кезеңі «Географиялық таң ғажайыптар». География саласында ашылған жаңалықтарды бейнеролик ретінде көрсету.

Топтарға сөз берейік.

Осымен біздің бүгінгі "Жас географ" сайысымыз аяқталды.

Бүгінгі сайысымызды «Бас бармақ» әдісімен бағалап жіберейікші. Қолдарыңызды көтерсеңіздер.

Сайыстың қорытындысын шығаратын біздің әділ - қазы алқаларымызға сөз кезегін береміз.

Бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сайысымыз оқушыларымыздың география пәніне деген қызығушылығын одан әрі арттыруға көмек болды деп есептеймін.

Азығы бір күнге жететін айламен емес,

Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс қазақстан тарихы пәнінен "Жас тарихшы" сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 906 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 14050
    • DOCX 25.4 кбайт
    • 201 скачивание
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусина Гулдерим Бакытжновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусина Гулдерим Бакытжновна
    Мусина Гулдерим Бакытжновна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22908
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 300 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе