Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс жұмыс " Бастауышпен қоштасу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс жұмыс " Бастауышпен қоштасу"

библиотека
материалов

Ашық сабақ тақырыбы: Бастауышпен қоштасу мерекесі
Ашық сабақ
мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,
әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.
Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:

Бұл қуаныш ортақ мынабаршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «А» сыныбын ортамызға.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.



Мұғалім:

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!


Жүргізуші: Бекарыс

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.










Жүргізуші: Аружан

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Қадірменді ұстаздарым бармысыздар!



Жүргізуші: Бекарыс

Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Жүргізуші: Аяжан

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Жүргізуші: Азат

Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Жүргізуші: Аяжан

Дұрыс айтасың Азат ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Жүргізуші: Аружан

Олай болса алтын ұя мектебімізге арнап Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!


1) Ән: Мектебім.

1. Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.

Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,

Қайырмасы:
Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.

2. Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін


Жүргізуші: Азат

Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Гауһар:

Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

Аманат:

Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Анель:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Береке:

Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Ақжан:

Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.



Жүргізуші: Бекарыс

« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Аружан?

Жүргізуші: Аружан

:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Жүргізуші: Азат

:Дұрыс айтасың Аружан,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.



Жүргізуші: Аяжан

: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Жанетта:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпін алғаш сенен жаттадым.
Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.

Әлішер:

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Жасмин:

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.

Серік:

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сенімің
із ақталады .

Дамир:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!


Жүргізуші: Аружан

2) Хор: «Ардақты менің ұстазым»

Білім теңіздей, зейнетің мені жетелеген,

Қарыз боп саған өмір бойы мен өте берем.

Жемісім осы ұстазым саған бүгін берер,

Атыңды сенің әніме қосып өтемін мен.


Қайырмасы:

Ардақты менің ұстазым,

Білімнің аштың есігін.

Арманға мені жетелеген ұстазым.

Аяулы менің ұстазым,

Өнеге бердің өмірге,

Арманға мені жетелеген сенсің.


Биікке ұшсам сүйсініп маған көп қарадың

Ұстамдылық пен қайсарлыққа мен таң қаламын.

Шәкіртің үшін ең адал жансың әрқашанда,

Өзіңе арнап ұстазым деп мен ән саламын


Жүргізуші: Азат

Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Жүргізуші: Аружан

: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Жүргізуші: Аружан

Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Жүргізуші: Бекарыс

: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Гауһар:

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Асланбек:

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
Алтынкуль:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Аслан:

Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

Жансерік:

Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

Қайсар:

Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Жүргізуші: Азат

Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.
Серік:

Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.

Анель

Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы

Асланбек:

Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.

Қайсар:

Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.

Апайлар туралы:

Жүргізуші: Аяжан


3) Ән : «Үйретеді мектебімде» қабыл алыңыздар»!


Береке

: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел танымас азамат бір- бір мықты.



Жүргізуші: Аружан

-Расында, біздің оқушылардың қолынан бәрі келеді. Сахнада КВН –да қояды,ән де айтады, би де билейді.

4) Жастар биі Флеш моб

Жүргізуші: Аружан

Аяжан есіңде ме?

Жүргізуші: Аяжан

-Нені айтасың Аружан?

Жүргізуші: Аружан

-Серік пен Әлішердің Серік Ибрагимовтың «Жаяу» әнін 8 наурызда керемет айтқанын ше!!

Жүргізуші: Аяжан

-Әрине есімде.

5) Қарсы алыңыздар «Жаяу» әнімен сахнада Серік және Әлішер.

Серік:

Жаңа қыздар біздерді қатты мақтап жіберген жоқ па?? Бірақ біздің қыздар мың бұралып билегенде КЕШЮ жолда қалады.

6 ) « Ризамын» биін қабыл алықыздар.

7) КВН

«Есеп».
Баласы:
Әке, кешегі шығарып берген
есебіңіз түп түгел қате екен.

Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!

Баласы:
Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың
Әкелері де сол есепті шығара алмапты.

«Емтихан»

Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.



Жасмин :

Біз бастауышта нені үйрендік?
Гаухар: оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.

Анель : Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.
Жанетта : Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік.

Жасмин

:Біз нені сүйеміз?


Гауһар

: ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!

Жасмин

: Бізді болашаққа не бастайды?

Ақжан:

Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.

Жасмин:

Біз кім боламыз?

Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.
Гауһар:

8) Біздің оқушылар елін қорғайтын нағыз батыр болатынына еш күмәніміз жоқ. Олай болса «Сарбаздар» әнін қабыл алыңыздар.

Жасмин: 9)

Сонымен бірге бастауышта бір-бірімізбен тату, дос болуды үйрендік. «Когда мой друзья со мной» әнін тамашалайық

Жүргізуші: Аяжан

Біздер өстік, есейдік,

Қанаттандық, қатайдық.

Қоштасарда ән салып,

Би билейік думан ғып.



Жүргізуші: Аружан «Вальс»





Аслан:

Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенін.

Барлығы бірге:

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!











Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров168
Номер материала ДВ-128739
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх