Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / Сыныптан тыс жұмыс "Білімдіге дүние жарық"

Сыныптан тыс жұмыс "Білімдіге дүние жарық"

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: «Білімдіге – дүниежарық».

Мақсаты:

Оқушылардың білімдерін тексеру. ҰБТ- ға оқушылардың дайындығын анықтау.

Оқушылардың өздерін жан - жақты тереңірек ашуына бағыт - бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, тез ойлау қабілетін дамыту.

Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, топпен жұмыс істей білуге, ынтымақтастыққа, адамшылық құндылығын, ынта – ықыластарын арттыруға, рухани байлығын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мультимедия тақтасы.

І. «Білімдіге – дүние жарық»атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз.

- Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі оқушылар!

Бүгінгі «Білімдіге – дүние жарық» атты интелектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Әйгілі француз философы әрі жазушысы Дени Дидро «Ештеңе оқымаған адам, ештеңе де ойламайды» деген ғой. Ал аққан жұлдыздай қысқа ғұмырында ұлы істер атқарып үлгерген Шоқан Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» өте көрегендікпен айтылған осынау асыл сөздің мәні мен мағынасы бүгінмен тура үндесіп жатқандай.

Ақталған ақ арманы үміттері,

Қашан көрсең жүреді күліп тегі.

Қаумалаған ағайын аманбысың,

Аманбысың, сайыстың үміткері.


«Білімдіге – дүние жарық»атты интелектуалдық ойынымызды ашық деп жариялаймыз.


Сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Бүгін сайысымызға 6 оқушы қатысады.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Жақсылық адамдардың тілегі екен,

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.

Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған,

Жобасын сайыскерлер біле мекен? - дей келе сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.

Сайыстың бағдарламасы:

І кезең: «Кім көп біледі?».

ІІ кезең: «Формулалар» елінде.

ІІІ кезең: «Білім құмарлар» елінде.

ІV кезең: «Білгенге маржан», логикалық есептер шешу.

V кезең: «Қызықты сұрақтар».

VІ кезең: «Алдар Көсе ата бізде қонақта».

VІІ кезең: «Данышпандар» елінде.

VІІІ кезең: «Кім тапқыр?»сөз құрау.

ІХ кезең: «Қай заң?».


Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады

Кім білімді болса егер

Бүл кезеңнің жеңімпазы болады -дей келіп,

І - кезең. «Кім көп біледі?»

Әр топқа сұрақтар қойылады. 1 минутта жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай болып есептеледі.


1. Қысымды немен өлшейді? (Барометр)

2. Электронның заряды қандай? (Теріс)

3. Ток күші тізбекке қалай жалғанады? (Тізбектей)

4. Кернеу қандай құралмен өлшенеді? (Вольтметр)

5. Планк тұрақтысының мәні? (h= 6,63*10-34 Дж*с)

6. Атомның моделін ұсынған ғалым кім? (Э.Резерфорд)

7.Магнит ағынының өлшем бірлігі қандай? (Вебер

8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (Моль)

9. Протонның заряды қандай? (Оң)

10. Кернеу тізбекке қалай жалғанады? (Параллель)

11.Ток күшін қандай құралмен өлшейміз? (Амперметр)

12. Бүкіл әлемдік тартылыс тұрақтысының мәні? (G=6.67*10-11Н*м2/кг2)

13. Элементар заряд неге тең? (1,6*10-19Кл)

14. Радионы ойлап тапқан ғалым? (Попов)

15. Индуктивтілікті қандай құралмен анықтайды? (Катушкамен)

16. Дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш? (Серпімділік күші)

17. Тығыздықтың өлшем бірлігі? (Кг/м3)

18. Еркін түсу үдеуі неге тең? (9,8 м/с2)

19. Ядро қандай бөлшектерден тұрады? (Протон, нейтрон)

20. εқк - нің өлшем бірлігі? (В)


Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап

Алдыңнан қалмайды екен тірі де ол.


ІІ кезең: «Формулалар» елінде.

Әрбір оқушының алдында 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 цифрлары жазылған көрсеткіштер орналасқан. Жауап берерде, қойылған сұрақтың жауабы нешінші орында орналасса, ойыншы сол нөмірді көтеруі тиіс. Ал сұрақтың жауабына сәйкес дұрыс жауабы болмаса «0» нөмірлі цифрды көтеруі тиіс.

  1. Q=cm (t2-t1) - Жылу мөлшері.

  2. І=q0nvS – Ток күші

  3. Q=I2R∆t – Джоуль-Ленц заңы


Негізі бар ғылымның физика

Жалықпай оқып үйрен тек қана

Білімнің есігін ашты көзін тауып

Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер

Бүгінде физика барлық жерде

Тұрмыста, техникада, өндірісте

Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер

Шәкірттер зерделікпен меңгеріңдер!


ІІІ кезең: «Білім құмарлар» елінде.

Қатарынан 10 сұрақ қойылады. Кім білсе, алдарындағы көрсеткіштерді көтеріп, сөз алып, жауап бере алады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

  1. Айда магниттік компосты қолданып жол табуға бола ма? (Жоқ, өйткені айдың магниттік өрісі жоқ).

  2. Стакандағы су тез қайнау үшін, оған салынған 2 қыздырғыштың астарындағы сымдарды қалай жалғау керек? (Параллель).

  3. Барлық автомобильдерде аккумуляторлардан шамға тек бір ғана сым жалғанады. Неге екінші сым қажет емес? (Екінші сымның қызметі автомобильдің корпусы атқарады).

  4. Қыстыгүні қай үй жылы болады? Ағаштан соғылғаны ма, әлде кірпіштен соғылғаны ма? (Қыстыгүні ағаштан жасалынған үй жылы болады, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі кірпіштігінен аз).

  5. Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады? Тар әлде кең? (Тар аяқ киімнен аяқ тез тоңады, өйткені кең аяқ киімдегі ауа жылудың сыртқа өтуіне кедергі жасайды, ауа жылуды нашар өткізеді).

  6. Қатты қызып тұрған плитаға аз ғана су төгілсе, су тамшылары секіре бастайды. Бұл неліктен болады? (Қатты қызып тұрған плита су тамшысын қыздырып, оның төңірегінде бу қабығын түзеді, осы бу қабығы су тамшысын жоғары қарай көтереді).

  7. Беті ашық ыдыстағы суды қалай буланудан сақтауға болады? (Судың бетіне өте баяу буланатын май тамызу керек).

  8. Қайнап жатқан ыдыста қалқып жүрген ыдыстағы су қайнай ма? (Қайнамайды, су 1000С қайнайды, сондықтан сыртқы ыдыстан ішкі ыдысқа энергия берілмейді).

  9. Неге суық күндері біздің демімізден шыққан буды көре аламыз? (Бу шық нүктесінен де төменге салқындап, тұман түрінде конденсацияланады).

  10. Қыстыгүні қай жағдайда жуған кір тезірек кебеді: өте қатты аязда ма, әлде ыстық бөлмеде ме? (Өте қатты аязда).


Бәрінің бағынары физика ғой

Сондықтан табиғаттың сырын терең

Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем,

Демесең болсын егер еңбегім еш

Әуелі физиканы оқы дер ем!




ІV кезең: «Білгенге маржан», логикалық есептер шешу.

  1. Архимед Герон тәжінің таза алтын емес екенін қалай білді? (тығыздықты салыстыру арқылы)

  2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір - бірлеп алды, сонда дорбада 1 асық қалып қойды. Бұлқалай? (бір бала асықтыдорбасыменалды)

  3. Түнгісағат 10-да жауынжауыптұр. 24 сағаттанкейінкүнніңжарқыраптұруымүмкінбе? (жоқ.. түндекүншықпайды)

  4. 2 қолда 10 саусақ 10 қолданешесаусақ? (50)


Архимед айтыңдаршы тірі емес пе?

Сүйікті ұстаздардың бірі емес пе?

Данышпан, физик, ұлы, азамат,

Жастардың білім қуған пірі емес пе?


V кезең: «Қызықты сұрақтар».

  1. Қайжердедыбысжақсытаралады, суда маәлдеауадама? (Суда)

  2. Дүниедегіеңжүйрік не? (Ой – қиял)

  3. Көзіңменкөресің, бірақұстайалмайсың (Көлеңке)

  4. Сандыққаненітығыпқоюғаболмайды? (Жарық)

  5. Сұйықтыңеңкішкентайбөлшегіқалайаталады.? (Тамшы)

  6. Елеуішпен су әкелуге болама? (Болады, қар мен мұзкүйінде)

  7. Егеркеседегісудыңбәрінішіпқойсақ , ішінде не қалады? (Ауа)

  8. Қандайыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)

  9. Орнынанқозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)


Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

VІ кезең: «Алдар Көсе ата бізде қонақта».

  1. 1 күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шық бермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Ол келгенде байдың бәйбішесі сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдар Көсе әңгіме айтып ұзақ отырып алғаннан соң, бай оны шайға шықарады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасаған ыдысқа бауырсаөты салып әкеліп, дастарханға қойып жатып былай дейді:

  • Бауырсақты ыстық кезінде жеген кезде дәмді, сондықтан бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім. Сонда көп білетін қу Алдар Көсе былай дейді:

  • Жоқ, қарындасым, қателесесіз. Одан да бауырсақты ағаштан өріп жасалған ыдысқа салсаңыз болғаны бауырсағыңыз ұзақ уақыт ыстық қалпында сақталады. Сұрақ: Алдардың берген кеңесі дұрыс па? (Жауабы: дұрыс өйткені ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суиды, себебі ағаштың жылуөткізгіштігі темірден аз).

  1. Алдар шайға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кіре кетті, Алдардың көзі кірген мысыққа түсті, мысыққа қарады да, құлақшынын алып жатып былай деді:

  • Құлақшынымды кие шығайын, далада суық екен. Сұрақ: далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді? (Жауабы: үйге кірген мысықтың жүніне қарап Алдар далада күннің суық екенін білді. Күн суықта барлық жануарлар, соның ішінде мысық жүнін үрпитіп оның арасына көбірек ауа жинай түседі, ауа жылуды нашар өткізеді).

  1. Бірде Алдар Көсе байдың үйіне қонаққа келеді. Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп көп отырып алады. Ал байдың бәйбішесі сырттағы самаурындағы шай қайнаса да, отын бәсеңдетіп, шайды үйге алып кірмей отыра береді. Біраз уақыттан кейін Алдар:

  • Бәйбіше сырттағы самаурындағы шай қайнап жатыр, - деген екен. Сонда асып-сасқан бәйбіше:

  • Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар?, - деген екен. Сұрақ: Алдар шынында шайдың қайнағанын қайдан білді? (Жауабы: шай қайнағанда көпіршіктер су бетіне көтеріледі, су бетіне жеткенде жоғарыдағы атмосфералық қысымның әсерінен жарылады, өзіне тән дыбыстар шығарады, ыдыс қақпағын да көтеруі мүмкін).

  1. Байдың бәйбішесі дастарханға шай алып келіп, кесеге құйып қонаққа ұсынады. Алдар алдына келген шайға бірден шекерді салып жатып:

  • Мен шайды ыстық ішкенді жақсы көремін. Сондықтан шай тез суып қалмас үшін, шекерді ыстық шайға бірден салған дұрыс, - дейді. Сұрақ: Алдардың айтқан сөзі дұрыс па? Шай қай кезде тез суымайды: шекерді құйылған шайға бірден салғанда ма, ішетін кезде салғанда ма? (Жауабы: Алдардың айтқаны дұрыс, шай тез суып қалмас үшін, шекерді шайға бірден салған дұрыс. Шайға бірден салғанда шайдың температурасы бірден төмендейді де, бөлме температурасынан сәл ғана өзгеше болады да, шай өте жай суиды).


Архимед салып кеткен шар суреті

Алып ракетамен айға барды

Сүңгуір қайықтарын шарлап келді

Заңымен Архимедтің жерді айналып.

Табысты тәуелсіз Қазақстаныма алып келді.


VІІ кезең: «Данышпандар» елінде.

Сұрақ жауабымен айтылады. Дұрыс жауапқа «иә» деп, дұрыс емесіне «жоқ» деп жауап беру керек.

1. Заттың 3 күйі бар(иә)

2. Нейтронның заряды оң (жоқ)

3. Күшті өлшейтін құрал барометр (жоқ)

4. Энергияның өлшем бірлігі Джоуль (иә)

5. 1-ші Ғарыштық жылдамдық 11 км/с - ға тең (жоқ)

6. Мензурка көлемді өлшейтін құрал (иә)

7. Жиіліктің өлшем бірлігі - Гц (иә)

8. Жарықтың әсерінен заттарды электрондардың ыршып шығуы - фотоэффект деп аталады. (иә)

9. Жылдамдық - скаляр шама (жоқ)

10. Аттас зарядтар бір - біріне тартылады (жоқ)


1. Біз тұрған планета – жер (иә)

2. Қуаттың өлшем бірлігі ватт (иә)

3. Интерференция - толқынның бөгетті, орағытып өту қасиеті (жоқ)

4. Диэлектрлік электр тогын өткізбейді (иә)

5. Линзаның екі түрі бар (иә)

6. Толық бір айналым жасауға кеткен уақыт - период (иә)

7. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі - Генри (жоқ)

8. Жарықбөлшектеріфотон депаталады (иә)

9. Манометр күштіөлшейтінқұрал(жоқ)

10. 1л 10 -6 м3тең (жоқ)


Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге

Жансызға жан бітіріп жолға салып

Сиракузы ақсақалы көрсетті елге.


VІІІ кезең: «Кім тапқыр?»сөз құрау.

«Динамометр» сөзінен физикалық мағынасы бар сөздер құру. (Мағынасы бар әр сөз 1 ұпайдан).


ІХ кезең: «Қай заң?».

Тапсырма: қажетті сөздерді тауып, физикалық заңды оқыңыз. Сол жақтағы қиық бұрыштан бастап, төменнен жоғары қарай фигура бөлшектенген квадраттарының диагональдарының бойымен ирелеңдете оқы.




Е

Р

Й

Д

Ж

Ә

Б

О

Д

Е

Н

Г

А

А

Ы

Н

А

Л

Р

Н

Д

Э

И

Қ

Ж

Д

Е

Д

М

Ү

Е

А

Ы

Я

Ш

О

Й

Е

Й

А

Т

К

С

Н

Д

Е

Ғ

А

Ш

А

Й

Р

І

Ы

Е

Е

Е

А

М

Қ

П

Д

І

Н

У

М

Н

Н

Н

Л

А

Н

Ы

Б

Ш

А

Е

Е

Е

Е

Е

Й

А

,

К

І

Е

С

Д

К

Д

Г

Е

Д

О

Е

Т

Г

Е

Р

І

І

Е

Ш

Д

Л

Т

Ү

Р

Б

І

Н

Ш

К

Ө

І

.

Әділқазылар алқасына сөз беру, марапаттау.

Білім алып, іздену ешқашан да кеш емес!

Ізденімпаздықпен кешке қатысуларыңыз да – бос емес!


Талаптанайық жас достар ғылым деп,

Ғылыммен ұлтымыз да ұлт болып білінбек.

Ғылыммен тереземіз теңдік ап,

Болашақтың атар таңы күлімдеп.


Қадірлі ұстаздар, оқушылар, сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамын!


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Уақытта біраз жерге таяп қалды.

Хош болып тұрыңыздар, жолыққанша,

Осымен біздің сайыс аяқталды.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров83
Номер материала ДВ-518426
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх