Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс жұмыс биология пәнінен "Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ" (7-8 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Сыныптан тыс жұмыс биология пәнінен "Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ" (7-8 сынып)

библиотека
материалов

Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”

Мақсаты: оқушыларға тесекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ-ның қазіргі таңдағы азаматтың басты мәселесі екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты аңғарту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана- сезімдерін дамыта түсу.

Көрнекілігі: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық кітапшалар, нақыл сөздер.

Кіріспе.

1- жүргізуші: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға келген қауым!

2 – жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі конференцияға қатысатын қонақтармен таныстырып өтейік.

Конференцияға қатысушы маман иелерін таныстыру:

  1. Таришы маман: Тарих ғылымының кандидаты, доктор

  2. Биолог маман: биология ғылымының профессоры

  3. Дәрігер маман:

  4. Социолог маман:

  5. Химик маман: Химия ғылымының докторы

  6. Қаржы бөлімінің маманы: қаржы басқармасының бас маманы

  7. Психолог маман:

  8. Спорт-туризм саласының қызметкері:

  9. Заң қызметкері:

1Ж: осы отырыста сіздерді ойландырып, толғандырып жүрген мәселелерге толық жауап ала аласыздар.

2Ж: Алдымен «Ғасыр дерті» деген не? Сол сұраққа толығымен тоқталып өтейік. Сіздерден құрметті көрермендер қандай жауаптар болады екен?

Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз- қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен тарап ушығып тұрған ішімдік, темекі, есірткі, ЖҚТБ мәселелері. Ендеше алдыңғы кезектің зиянына тоқталайық.

Алдарыңызда көрініс темекі мен гүл

Ортада әдемі гүл,әдепсіз темекі гүлді қағып өтеді.

Гүл: гүлге неге жол бермейсің,

Басқа әлемнен келгендейсің?

Амандасу – бізде дәстүр,

Сен өзіңді кіммін дейсің?

Темекі: Америка материгі,

Аралында Гаити, провинция Тобаго

Дүниеге келіппін

Түстің бе енді сабаңа?

Содан бері ел аралап,

Мен тыныштық таппадым

Сен сияқты гүлдердің

Қаншасын мен таптадым

Гүл: адамдарды түсінбеймін

Сенімен дос болған

Атам қазақ сен сияқты

Жауыздармен қас болған

Темекі: алғашында адамдарды

Жаулап алдым ақырын

«Бас ауруын жазамын деп»

Соқтық өтірік батырын!

Гүл: о Тобаго Тобаго

Адамдарға жауыздықпен қарама

Денсаулықпен таза өмір

Бақыт керек адамға

Түсінсеңші айналаға қара да

Темекі: асықпа кел дос болайық

Айырылмастай қос болайық

Досқа қәзір зәру мен

Америка елінде

Менің туған жерімде

Темекіге тиым салып

Қудалауда мені де

Гүл: мен шылымқор емеспін

Қоштасайық екеуміз

Адамдарға сенемін

Боласың сен керексіз

Алдаңбаңдар аярға

Темекі сені аяр ма?

Оған қарсы күрес баста

Аянба дос аянба

Гүл қуанып әнін айтып сахнадан шығып кетеді.

Темекі саханадағы адамдарға жыланышты халмен кетіп қалады.

1Ж: ия осы көріністен түсінгеніміз бірінші ортадағы қарастыратын мәселеміз «Ғасыр дерті» ол темекі

І бөлім “Темекі”

  1. Бұл отырған – шылымқор, сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды «тоқтат» деген тіліңді.

Қой десеңде қоймайды, көк түтінге тоймайды

Сора – сора уыты өн бойына жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды.

Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.

2Ж : бұл тыңдағандарыңыз – шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма?

Сол туралы болмақ...............

1Ж темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамдаға шылым шегу жараспаған. Бұл кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген?

Тарихшы маман: темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда дер көрінеді» деп айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлаған. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен. Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростарына достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккізген».

Биолог маман:

Темекі алқа тұқымдас класына жатады. бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Авсралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің үш түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грмында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, өліп қалады.

Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі.

Дүнижүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстан жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.

2Ж: адам үнемі білуге құмарланып тұрады ғой. Менің сұрағым дәріген маманға: Адам алғаш темекі тартқанда қандай күйде болады? Бұл әдетті бірден тастап кете ме, жоқ әлде әдетке айнала ма?

Дәрігер маман: Темекі түтініндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми жасушаларына жетеді де уақытша белсенділігі артады. Басында әуес көріп тартқан адам өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады да, бір жыл ішінде нағыз шылымқор болады. Тез арада темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушың күй кешеді.

1Ж: мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыртатынын біле тұра адамдар неге темекі шегеді? Бұл туралы социолог маман қандай ақпарат берер екен, соны тыңдайық.

Социолог маман: Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, күйзеліс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді.

2Ж: Химиялық зерттеулер бойынша темекінің ағзаға тигізер қауіптілігі жөнінде білу үшін келесі сөз кезегі химия маманына берсек.

Химия маман: Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-90 градусқа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиянды қосылыс түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунт ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеліп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг деін никотин қабылдайды. Темекі түтінінде басұа да улы заттар бар: 20 жыл ішінде өспеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ғана сүзгіде қалады.

1Ж: енді біз әйелдер арасындағы темекі шегішілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Қазір қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы дәрігер маман не айтасыз?

Дәрігер маман: әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян келтіреді. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі тууы мүмкін. Шылымқор әелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.

2Ж темекі шегуді қалай қоюға болатыныда айта кетерсіз........

Дәрігер маман: темекіні қоюдың әр түрлі тәсілдері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен айырылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты.

1Ж: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін. Енді ойымызды қорыта келе темекінің зияны, назарларыңыз тақтада болса

hello_html_m410c8888.gif

ІІ бөлім «Ішімдік» және «Нашақорлық»

1Ж: 29-қазан –алькогольден бас тартудың дүниежүзілік күні. Ішімдік адам баласына еш абырой әкелмейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі-мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып құмарту. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, психикалық ауытқушылық құбылысы дами бастайды.

2Ж: арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян: отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар. Балаларды оқытып-тәрбиелеуге, бірқалыпты жағдайлардың болмауына арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдіктің 20 пайызы-арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 пайызы мас болған жағдайда жасалады.

1Ж: «Адам азса, заман тозады» дейді халқымыз. Темекі мен арақтың қасіретінен арыла алмай жүрген «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей жастарымыз енді есірткіге бой ұра бастайды. Наркомания – грек сөзі, оның аудармасы «ЕССІЗДІК». Ол туралы тозаққа апарар тура жол дейтін анықтама да бар.

2Ж: 1-желтоқсан дүниежүзілік ЖҚТБ-ға күрес күні. Бұл күн жапа шегушілерлің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы.

Жамандық аяқ астында, жақсылық ағаш басында демекші, әсіресе он екіде бір гүлі ашылмаған жас ұл-қыздарымызға ересектердің аялы қамқоршылығы керек.

1Ж енді осы тақырып жөнінде мамандармен ой бөліссек

Қалай ойлайсыздар ЖҚТБ ауруына ем барма, оны емдеу керек пе, әәлде жазалау керек пе?

Қаржы бөлімінің қызметкері: мен ЖҚТБ-мен ауыратындарды емдеуге қарсымын, өйткені ол-жазылмайтын дерт. Оны емдеп қардыны босқа шашқанша, басқа пайдалы нәрсеге жұмсау керек. 1 адам-7 адамға , ол 7 адамның әрбіруі тағы 7 адамға жұқтырады екен, яғни геометриялық прогрессия заңы бойынша көбейе береді екен, жазықсыз адамдар неге ауырыуы керек?

Психолог маман: ал өздеріңіз айтыңыздаршы, мектептерді компютерлендіру басталғанда бізге «Тез осылай компютер келе қояды» деп ойладыңыздар ма? Егеменді ел болғалы елімізде қаншама өзгерістер болып жатыр. Демек ЖҚТБ ауруының да емі табылады. Сондықтан ем табылғанша адамдарға көмек көрсету керек.

Бұл тақырып бойынша спрот-туризм маманы не айтады екен:

спрот-туризм маманы: бос уақытымызды пайдалы істерге арнаңыз: спротпен шұғылданыңыз, мәдени шараларға қатысыңыз. Сонда сергек жүресіз және осыны өзіңізден талап етуіңіз қажет.

Бұл дерт екі жолмен жұғады екен және соны құпия сақтағанымыз дұрыс па?

Заң қызметкері: құпия сақтау дұрыс емес деп санаймын. Оны ешкім білмеген соң одан сақтану оңай емес. Құпия болған соң жазасы да құпия болмақ.

2Ж: ойларыңызды қорыта келе айтатын болсақ, адамдардың ерік-жігері мықты болуы қажет. Бұл ауруды құпия сақтауы қажеті жоқ. Құпия нәрсе көбейген сайын қылмыста көбейе түседі.

«Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ» дегендей құлағанды демеп, жылағанды жұбату-адамдық парызымыз! Ол адамңға күш береді. Абайдың сөзімен айтсақ: «Адам әр он күн сайын өзіне есеп беруі керек» ең бастысы адаспайық!!!

1Ж: «Адамдар неге есіреді?» есіретін есірткіні қайдан жасайды? Деген сұрақ тууы мүмкін.

Есіркінің біразын көкнәр деген шөптен жасайды. Көкнәрдің көз жасын ішкен адам өмір бойы жылап өтеді дене сөз бар халықта.

Енді бүгінгі конференцияда көтеріп отырған ғасыр індеттері темекі, арақ, нашақорлық, әәсіресе ЖҚТБ тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап алу арқылы сіздермен ой бөліссек.

1-сұрақ; ЖҚТБ қандай сөздерді құрайды?

(жұқтырған қорқыныш тапшылығының белгісі)

2-сұрақ; АҚТҚ қандай сөздерді құрайды?

(адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы)

3-сұрақ; бұл аурудың қоздырғышы не? (вирус)

4-сұрақ; бұл аурулар неліктен қорқынышты деп ойлайсыңдар?

(ауруларды және вирусты жұқтырған адамдарды емдеуге дәрі-дәрмектің түрі жоқ)

5-сұрақ; ЖҚТБ-ның жұғу жолдары

(жыныстық жолмен, қан арқылы, ана сүтімен)

6-сұрақ; ЖҚТБ-дан өлмеудің бірақ жолы бар, ол қандай?

(вирусты жұқтыртпау)

7-сұрақ; дүниежүзілік алькогольден бас тарту күні деп қай күн белгіленген

(29 қазан)

8-сұрақ; Еуропада темекімен күрес қай ғасырда басталды: 17 ғасырда

9-сұрақ; мына сөздердің мағынасын қалай түсінеміз..............



Шылымқор өзін ғана емес

Өзгелерді де улайды.



Арақ ішіп, темекі шеккен

Денсаулықтың түбіне жетеді



Өтпейтін өмір жоқ

Сынбайтын темір жоқ



Емнің алды – еңбек



1Ж: осымен бүгінгі конференциямызды оқушылардың ЖҚТБ дертіне қарсы өлең жолдарымен қорытындылаймыз.



2Ж: бес нәрседен қашық бол, жақсы болам десеңіз: жалқаулық, жамандық, жасандылық, жайбасарлық, жағымпаздық.



1Ж: бес нәрсеге асық бол, адам болма десеңіз: жылдамдық, жүзгіштік, жинақылық, жүйріктік, жасампаздық.



2Ж: бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз: ішімдік, нашақорлық, ұрлық, зорлық



1Ж:бес нәрсемен дос бол адам болам десеңіз: кісілік, ізгілік, ізеттілік, ілім, ғылым.

2Ж: конференциямызды аяқтай келе барлық мектеп оқушыларына үндеу тастаймыз



Үндеу

Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылаққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттен, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан-дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.

Ар-намысыңызды биік ұстаңыз. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп өткізу сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана қзгелердің теріс әсерінен бағынбай өзін сақтай алады.

Денсаулығыңыз мықты болсын, спротпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз, өйткені сіз- тәуелсіз еліміздің болашағысыз.

8




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.10.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров77
Номер материала ДБ-305139
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх