Инфоурок Биология КонспектыСыныптан тыс жұмыс. "Биологиялық мейрамхана"

Жоспар. Сыныптан тыс іс-шара Жануарлар әлеміне саяхат

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
5074
8
06.02.2025

Материал разработан автором:

Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна

учитель биологии и химии

Разработок в маркетплейсе: 142
Покупателей: 423

Об авторе

Категория/ученая степень: Первая категория
Место работы: КГУ Атыгайская средняя общеобразовательная школа
Моя основная профессия – учитель биологии и химии. В прошлом году у меня доминировали уроки химии, и некоторые свои задачи я опубликовал в Интернет ресурсах. Стаж работы составляет -22 года. Тема самообразования: Формирование функциональной грамотности учащихся на основе межпредметной интеграции на уроке биологии и химии.
Подробнее об авторе

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна. Инфоурок является информационным посредником

Сыныптан тыс іс-шара: "Жануарлар әлеміне саяхат" Сынып: 5-8 сыныптар Мақсаты: Оқушылардың жануарлар туралы білімін тереңдету Экологиялық сауаттылықты дамыту Командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ 1. Кіріспе бөлім (5 минут) Мұғалім сөзі: "Бүгін біз таңғажайып әлемге – жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз. Жануарлар – табиғаттың бір бөлігі, олардың әрқайсысы ерекше және маңызды. Сіздерді қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар күтіп тұр!" Оқушыларды топтарға бөлу: "Жыртқыштар" (арыстан, қасқыр, жолбарыс) "Шөпқоректілер" (қоян, бұғы, піл) "Құстар" (қарлығаш, үкі, қыран) "Судағы тіршілік иелері" (балық, кит, тасбақа) 2. Негізгі бөлім 1-кезең: "Жануарларды тап!" (10 минут) Шарты: Әр топқа сипаттама беріледі, олар жануарды тауып, атап, оның қай классқа

Краткое описание методической разработки

Сыныптан тыс іс-шара: "Жануарлар әлеміне саяхат"

Сынып: 5-8 сыныптар
Мақсаты:

  • Оқушылардың жануарлар туралы білімін тереңдету
  • Экологиялық сауаттылықты дамыту
  • Командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру

ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

1. Кіріспе бөлім (5 минут)

Мұғалім сөзі:
"Бүгін біз таңғажайып әлемге – жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз. Жануарлар – табиғаттың бір бөлігі, олардың әрқайсысы ерекше және маңызды. Сіздерді қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар күтіп тұр!"

Оқушыларды топтарға бөлу:

  • "Жыртқыштар" (арыстан, қасқыр, жолбарыс)
  • "Шөпқоректілер" (қоян, бұғы, піл)
  • "Құстар" (қарлығаш, үкі, қыран)
  • "Судағы тіршілік иелері" (балық, кит, тасбақа)

2. Негізгі бөлім

1-кезең: "Жануарларды тап!" (10 минут)

Шарты: Әр топқа сипаттама беріледі, олар жануарды тауып, атап, оның қай классқа 

Развернуть описание

Сыныптан тыс жұмыс. "Биологиялық мейрамхана"

Скачать материал

 

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына»

Мақсаты:Оқушылардың пән бойынша білімдерін жүйелеу, саралау;

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, әріптер жазылған тақташалар, т.б.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Өздеріңіз білесіздер  наурыз айының 10-16 жұлдызында мектебімізде химия-биология және технология апталығы өткен болатын, бүгін сол апталықты қорытындылау мақсатында «Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына»  тақырыбындағы қорытынды кешімізді ашық деп жариялаймыз.

1-Жүргізуші    Ақгүл

Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар!

 2 –Жүргізуші   Гүлдана

Бармысыздар ұстаздар мен  оқушылар! Бүгінгі «Биология мейрамханасы»  желісімен ««Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына»  атты тойымызға  қош келдіңіздер!

2 –Жүргізуші   Гүлдана

Ал, қанекей, қаралық,

Мына жақта жаңалық.

Бүгінгі той төрінде,

Химия елінде,

Биология тілінде,

Жұмбақ шешіп жарысып,

Бейнелеу елінде,

Технология тілінде

Сұрақ шешіп аңдысып,

Музыка елінде

Шабыт тасып шалқысын,

Шаттықпенен ән салып.

Көңілді кеш жасайық.

1-Жүргізуші    Ақгүл

Мектепте тойдың мәні бар,

Мәні бар тойдың сәні бар.

Бүгінгі тойдың иесі,

Ән менен технология

Химия био-логиялар.

Алдыменен таныстырып өтейін. Осы тойды ұйымдастырған мектебіміздің биология пәні мұғалімі Алниязова Амангүл апай және Химия-биология және технология бірлестік мүшелері, осы тойды жүргізуші 10 сыныптың үздік оқушысы Амангелдиева Гүлдана және Құрмансейітова Ақгүл және даяршыларымыз Зарлықов Алмас, Сейтмұратова Қарлығаш

2 –Жүргізуші   Гүлдана

Биологиялық  мейрамханамызға №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің  9-10 сынып оқушыларынан құралған 3-топ қонақтар қатысады.

1-Жүргізуші    Ақгүл

Ау жарандар, жарандар,

Той басталды қараңдар.

Той қонағы болатын

Қандай-қандай балаң бар

Ендеше нағып тұрмыз қонақтарды жайғастырайық.

 №1 столға «Болашақ» тобы,

2 –Жүргізуші   Гүлдана

№2 столға « » тобы,

1-Жүргізуші    Ақгүл

№3 столға « » тобы жайғасып болсаңыздар біз тойымызды бастаймыз. 

1-Жүргізуші    Ақгүл

Гүлдана  білесіңбе қазір көктем мезгілі. Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады..Ағаштар бүршік жарып гүлдейді. Жер беті жаңара бастайды.Гүлдана білесің бе көктемнің алғашқы күнінен бастап мереке  алғыс айту, халықаралық әйелдер мерекесі, наурыз мерекесі, сонымен бірге бүгін бізде де мерекелік той. Той дегеніміз халықтың бас қосуы, көңіл қуанышы. Ағайын‑туған, жекжаттармен араласып, көңіл‑күйін, шаттық сезімдерін білдіретін салтанатты жиыны. Той барлық халықтар мен ұлттарда болады. Оның ұлттық салт‑санасы, рәсімі әртүрлі.

2 –Жүргізуші   Гүлдана

            Біз келдік апталық тойын  бастауға

           Кетуші ек, айғай салсақ топты жарып.

            Айтайын азырақ сөз тойыңызға,

            Тыңдасаң, көп әлеумет, құлақ  салып…

 

            Біз келдік той дегенге жиылысып,

            Үстімізге бар асылды киінісіп.

            Болыпты жұрт көрмеген ұлы той

            Таң қалып қарағандай жер менен көк….

 

             Белгілі бұл қазаққа тілдің желі.

            Той қылдың жұрт жиналған мерекелі

            Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз

            Тойыңыз тойға ұлассын берекелі дей келе бүгінгі тойымыздың

шарттарымен таныстырайық

 

                     Тойды өткізу ережесі

І.Той бастар

ІІ. Сұрақтармен  әшекейленген  ас мәзірі:

ІІІ. Тілек айту

ІV. Ойын ойнау«Құпия сандықшалар»

VІ. Торт кесу

VІІ. Ойын ойнау Ғажайып десерт

VІІІ. Той табақ   

1 –Жүргізуші  Ақгүл

                   І.Той бастар

Той төріне шығайық,

Білімге мойын бұрайық.

Бүгінгі тойдың шартына,

Сақадай сай тұрайықдей келе тойымызды той бастармен ашайық, барлығымыз тақтаға назар салайық. Бұл жерде кімнің суреті бейнеленген?

 1881 жылы орыс дәрігері өз экспераменттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады. Ол заттар витаминдер болатын, бейорганикалық қосылыстардың да ағза үшін маңыздылығын атап көрсеткен.     Жауабы:   Н.И.Лунин.

2 –Жүргізуші   Гүлдана

Ас мәзірін дайындап,

Даяршылар ағылмақ.

Алдыңызға ас барса,

Алыңыздар қабылдап дей отыра тойымыздың

ІІ. Сұрақтармен  әшекейленген  ас мәзірі деп аталатын екінші кезеңіне кезек берейік.

1.Биология.

2.Химия.

3.Технология

                                        1.    Биология

 

1. Саңырауқұлақтарды  зерттейтін  ғылым?                                          Микология.

2. Жауырын  қандай  сүйектерге  жатады?                                                  Жалпақ.

3. Үстірт  қорығы  орналасқан:                                                               Маңғыстау.

4. Адамдағы  хромосома  саны:                                                                               46.

5. Фотосинтез  процесіне  қатысады:                                                Хлоропластар.

6. Қанның  ұюына  қатысады:                                                           Тромбоциттер.

7. Тірі  организмдерде  тіршілік  ететін  организмдер:                        Паразиттер.

8. Екі  организмнің  бірігуінен  пайда болған организм:                         Қыналар.

9. Қанның  атқаратын  қызметі:                                                     Газ тасымалдау.

10. Инсулин  гормоны  жетіспесе  пайда  болатын  ауру:                Қант  диабеті.

11. Зоология  философиясы  еңбегінің  авторы:                                Ж.Б.Ламарк.

12. Тері  ауруларын  зерттейтін  ғылым:                                         Дермотология.

13. Екі  жұп  белгісі  бойынша  будандастыру:                                   Дигибридті.

14. Өрмекшінің  аузы  қалай  бейімделген:                                      Сорып алуга.

15. Адамның  аяқ  суйектерін  ата:             Ортан жілік , асықты жілік , табан.      

16. Қан  қысымын  өлшейтін  құрал:                                                         Тонометр.

17. Жасушаның  энергия  орталығы  қызметін  атқарады:              Митохондрия.

18. 50  жылда  жеміс  беретін  ашық  тұқымды  өсімдік:       Зерафшан  аршасы.

19. Тамақты  дұрыс  пайдалану  туралы  ғылым:                                 Диетология.

20. Омыртқа  өзегінде  орналасады:                                                              Жұлын

 

                                       2. Химия

1.Құмырсқа денесіндегі улы зат?         Құмырсқа қышқылы

2.Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясын жасаған кім?        Бутлеров

3.Электролиттік диссоциациялану теориясын ашқан ғалым?                 С.Аррениус

4.Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым?                                       Ломоносов

5.Химиялық элементтердің периодтық заңын қашан, кім ашты?             Менделеев

6.Тоқты жақсы өткізетін метал?                                                  Күміс

7.Менделеевтің туған жері?                                                              Тобольск қаласы

8.Атомның құрылысы?                                                   Протон+нейтрон+ электрон

9.Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы?      Ас содасы

10.Медицинада «ыстық укол» деген атпен белгілі, ол қандай тұз ерітіндісі?

                                                                                                     Са  кальций хлориді

11.Элемент деген не?                                                   Атомдардың белгілі бір түрі

12.Қанша метал бар?            88

13.Сұйық оттекті қандай ыдыста сақталады? Дьюар ыдысында

14.Қанша бейметал бар?  22

15.Озон қай кезде түзіледі? Жаңбырдан соң

16.Бактерицид қасиеті бар металл? Күміс

17.Ең жұмсақ металл?  Сілтілік металл натрий

18.Шойын өндіретін пеш? Домна пеші

19.Химиялық элементтер жүйесінде қанша период қанша топ бар?  7 период ,8 топ

20.Химиялық қосылыстардың негізгі кластары?        1.Оксид. 2. Негіз.  

                                                                                          3.Қышқыл. 4.Тұз.

                                       3. Технология

1.Байлық пен молшылық  белгілейтін ою-өрнек?  Қошқармүйіз

2.Кофе Отаны? Африка

3.Өлшемді қай жақтан жасаймыз? Оң

4.Қалыңдықтың бас киімі? Сәукеле

5.Стильдің түрлерін атаңыз? Классикалық, спорттық, романтикалық, фольклорлық

6.Шайдың Отаны? Қытай

7.Бисердің Отаны? Ежелгі Мысыр

8.Десерт қай елдің сөзінен шыққан?  Франция

9.Икебананың Отаны? Жапония

10.Сән сөзі қай елден шыққан ? Латын

11.Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды? Леонардо да Винчи

12.Қой етін неше мүшеге бөледі? 12 мүшеге

13.Құрақ өнерінің шығуына не себеп болды? Кедейшілік тіршілік жамау арқылы

14.Қыз  баланың тақиясымен ер баланың тақиясының айырмашылығы?  Қыз баланың тақиясы моншақпен әсемделеді

15.Егде жастағы әйел адамның бас киімі? Кимешек

16.Жібек матасы неден алынады? Тұт құртынан

17.Құрамында міндетті түрде қызылша болатын салат? Винегрет

18.Киімді моделдеудің неше түрі бар?  2

                                           4

 

19.Меню-сөзінің мағынасы, қай тілден аударған? Ас мәзірі, француз тілінен

20.Тұздықтың түрлдерін ата? Ыстық, суық, ақ, қызыл т.

 

  1-Жүргізуші    Ақгүл                  ІІІ. Тілек айту

Тапқыр,білгір,дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология, химия, технология

Пәндерін  сүйсең егер сен

Ортаға сал барыңды

Қандай ой бар балада,

Ойланып әлде қала ма?

Тілектерді тыңдайық

Тілексіз той бола ма?

Тілекті бастап көріңіз

Әдемі сөзді өріңіз

І-ші топ қанекей

Той төріне келіңіз - дей келе №1 столдың қонақтары  «Болашақ »    тобы ортаға шақырып лебіздерін тыңдайық.

Сіздердің құрметтеріңізге   Ән:    «Ақ кеме»  Орындайтындар Сауренов Адил мен Жақсылықова Жұлдызай.

2 –Жүргізуші   Гүлдана

Жарыссаң намыс жана ма

Екінші топ қала ма?

Тілегіңізді айтыңыз

Ата-ана, ұстаз, балаға-дей отыра №2  столдың қонақтары  «Дәрумендер»     тобы   Би:   ________________________

  1-Жүргізуші    Ақгүл

Есіттіртіп баршаға

Тілегін айтар қаншама

ІІІ-топты қанекей

Шақырайық ортаға-дей отыра   №3  столдың қонақтары  «  Алғырлар»    тобы  Ән:   _________________________

       2 –Жүргізуші   Гүлдана

                                                   Тек  сәттілік , қатысыңдар  сайысқа ,

                                                    Мықты болсаң , қабырғаңмен  қайыспа .

                                                    Оқу  керек , білім  керек  қашанда,

                                                    Ол  болмаса , сайыс  деген  сайыс па ?

                                                   Құпиясын жасырған

                                                    Сандықтар бар асылдан

                                                    Не бар екенін көреміз

                                                   Қақпағы кезде ашылған деп  сайысымыздың төртінші кезеңін   бастаймыз !

 

 

5

 

 

ІV. Ойын ойнау«Құпия сандықшалар»

Сандықшаларда 6 тапсырма берілген, ішінен  екі тапсырманы алып жауап береміз.

1-тапсырма

Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кездескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген.   Қызығы, ұлы математик, философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана қоймаған, тіпті оның селекциясымен де айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелерінің бірі ертеде Пифагордың

   есімімен бекер аталмаса керек.

  Бұл өсімдіктің латынша атының аудармасы “бас”

       Сұрақ: бұл қай өсімдік?

1-көмек: бұл өсімдіктің күлтесі төртеу

2-көмек: біздер бұл өсімдіктің жапырағын тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: капуста

  1-Жүргізуші    Ақгүл

2-тапсырма

Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылайтын  адамдар бір гүлдің таңның атуының, екіншісі күннің  батуының  хабаршысы екенін байқаған. ХҮІІІ ғ. Швецияда белгілі ғалым – натуралист  К.Линнейдің  кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те текесақал,сағат 6-да  көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті темекі , кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған.

     Сұрақ:  бұл қызықты құбылыс немен байланысты? Неліктен  әртүрлі  гүлдер әр түрлі уақытта ашылады?

1-көмек: жарқанат, ара суреті

2-көмек: өсімдіктің көбеюімен байланысты

3-көмек: гүлдің түсіне де, иісіне де байланысты

 

Жауап: Гүлдердің ашылуы тозандануға қолайлы жағдайымен байланысты.

       2 –Жүргізуші   Гүлдана

 

3-тапсырма

        Бұл өсімдікті жек көрсе де бірақ оған табынды, оның гүлдерімен патша сарайларын  сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласында танымал ағылшындық саяхатшы Фрэнсис Дрейкке ескерткіш қойылған. Ескерткіште осы өсімдікті Европаға алғаш болып әкелген Дрейк деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастархандарында да сирек кездесетін тамақ болған.

6

 

 

Біздің дастарханымызға бұл тамақ  жүздеген жылдар кейін келді.

  Бұл өсімдіктің аты не?

1-көмек: бұл өсімдік  алқа тұқымдасына жатады

2-көмек: бұл өсімдікті «екінші нан» деп те атайды.

Жауап: картоп

  1-Жүргізуші    Ақгүл

 

4-тапсырма

1869 жылы француз миссионері Арман Давид Қытайға саяхат жасайды.Ол әрі табиғат зерттеушісі болғандықтан  Сычуань провинциясында жүргенде шалғайдағы елді мекендерден үйдің қоршауында ілулі тұрған теріні көреді. Жергілікті тұрғындар ол сол маңайдағы тоғайда тіршілік ететін аңның терісі екендігін айтқан. Бұл аң табиғатта таңертең және түнде белсенді. Бойы 1,5 м –ге жетеді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Көп дыбыс шығармайды, анда-санда ғана қойдың маңырағанындай дыбыс шығарады.

    Сұрақ: бұл қандай аң?

1-көмек: бұл аңның  көзінде «көзілдірігі» бар

2-көмек: негізінен бұл аң бамбуктың жапырақтарымен қоректенеді

3-көмек.: мұны бамбук аюы деп те атайды.

 

Жауап: Панда

       2 –Жүргізуші   Гүлдана

 

5-тапсырма.

http://kaz-ekzams.ru/uploads/posts/2010-08/1280676343_3a3d383330-343b4f-4742353d384f-3f3e-373e3e3b3e333838-21.jpgКөпшілігі суда тіршілік ететін жыртқыш немесе паразит. Итшабақ, итбалық және омыртқалы жануарлардың қанымен де қоректенеді. Денесінің бауыр жағы әр түсті.

Сұрақ:  бұл қандай организм?

1-көмек: су

2-көмек: қан

3-көмек.: паразит

http://kocby.ru/kid/p086-002.jpg Жауап: Сүлік

  1-Жүргізуші    Ақгүл

 

6-тапсырма.

Ол- жинақталып қалған эмоцияны сыртқа шығарып тастаудың ең зиянсыз  түрі. Ол еш жерінді ауыртпайды, бойдағы жағымсыз энергияны жойып жібереді және

7

 

күйгеліктіктен құтқарады. Оны келіп тұрғанда үнемі іркіп қалса, ауруға шалдығады. Бұл ер адамдарға қарағанда әйел адамдарда көбірек кездеседі, әрі әйел адамдардың  ұзақ жасауын да осымен байланыстырады.

Сұрақ: Бұл не?       

1-көмек: Стрес

2-көмек: Адам

3-көмек.: Эмоция

   Жауап: Жылау

       2 –Жүргізуші   Гүлдана

Тойдың тәтті торты бар

Оның-дағы шарты бар

Жегіңіз келсе бұл тортты

Сұрақтардан аршып ал,

Сайысқа салып барыңды

Іскер болсаң шалымды

Бастайсыңдар бірінші

Торт кесетін рәсімді.

                                         VІ. Торт кесу

Ереже торттың ортасында тапсырма берілген, сол тапсырманы капитан командалары келіп алып қасына көмекші алып 5 минутта орындау керек.

 

Апликация, Оригами, салфеткадан гүл жасау

1-Жүргізуші    Ақгүл

Дәрумен керек денеге

Өзге адам сізге бере ме?

Ғажайып десерт жасайық

Қолыңыздан келе ме?-дей отыра келесі кезегіміз

VІІ. Ғажайып десерт  деп аталады.

Шарты: Столда тұрған тағамдардан жылдам, тәтті, пайдалы десерт жасау. Уақыт 10 минут.

       2 –Жүргізуші   Гүлдана

Тойды тойға жалғамақ

Тойдың соңы той табақ

Не бар екен ішінде

Алыңыздар бір қарап-дей отыра келесі кезегіміз

VІІІ. Той табақ 

Шарты: Той табақтар ішіндегі сұрақ, мақал-мәтелдер ,жұмбақтардың жауабын айту. 

 

 

 

8

 

 

 

1.Тістіемдейтін дәрігер –стоматолог

 

2.Бездердің жұмысын емдейтін дәрігер- Эндокринолог

3.Көз дәрігері- окулист

4.Жұректі емдейтін дәрігер- кардиолог

5.Бір тәулікте қанша сағат бар-24

6.Кішкене ғана тостаған

Жер дүниені бастаған.    көз
8.Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

 Дәм мәзірін қаласаң,

 Алға ұсынып тұрады ол.  аспазшы
9.
Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.  жұмыртқа
10.
Бір жолда екеуі жарысады, Бір-бірінен оза алмай алысады.  Темір жол
11.
1. Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма? (Қайыңда алма өспейді)
12. 9 – бас, 22 – аяқ, неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық)

13. 5 – адамға 5 алманы бөлу керек. әр адам 1 – алманы алса, 1 – алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен қосып алады)

14. Түскі сабақ нешеде басталады?

15.Білімің шыңдала түссін.

16.Айналаңдағы адамдарға сыйлы бол.

17. ҰБТ-да жоғары баллға жет

18. Отбасыңда ауыз біршілік болсын

19. Достарың көп болсын

20. Ұзақ ғұмыр кеш

 

Қорытындылау

қатысқан оқушыларды марапаттайық. Әр үстелдің ойыншылар бір біріне тілек айтып құттықтайды.Рахмет!Осымен «Биология мейрамханасы» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенімізше сау болыңыздар!

 

 

 

 

1.Тістіемдейтін дәрігер –

 

2.Бездердің жұмысын емдейтін дәрігер-

 

3.Көз дәрігері-

 

4.Жұректі емдейтін дәрігер-

 

5.Бір тәулікте қанша сағат бар-

 

6.Кішкене ғана тостаған

Жер дүниені бастаған. 

 
8.Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

 Дәм мәзірін қаласаң,

 Алға ұсынып тұрады ол. 


9.
Кішкене ақ шыныда екі түрлі су. 


10.
Бір жолда екеуі жарысады,

 Бір-бірінен оза алмай алысады. 


11.
1. Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма?


12. 9 – бас, 22 – аяқ, неше тауық, неше ешкі?

 

13. 5 – адамға 5 алманы бөлу керек. әр адам 1 – алманы алса, 1 – алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз?

 

14. Түскі сабақ нешеде басталады?

 

15.Білімің шыңдала түссін.

 

 

 

16.Айналаңдағы адамдарға сыйлы бол.

 

17. ҰБТ-да жоғары баллға жет

 

18. Отбасыңда ауыз біршілік болсын

 

19. Достарың көп болсын

 

20. Ұзақ ғұмыр кеш

 

21.Жемісің табысты болсын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс. "Биологиялық мейрамхана""
Смотреть ещё 5 938 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 349 333 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 11.06.2016 2321
    • DOCX 388.2 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алниязова Амангул Темирбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алниязова Амангул Темирбаевна
    Алниязова Амангул Темирбаевна

    учительница

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13242
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    мен мұғаліммін. «Нағыз талант жалғыз қалса да, оны елінің ең ұлы қазынасы (ән, күй, жыр, өлең) өлтірмейді» Құрманғазы (күй), Біржан(ән), Абай (өлең) Ғ.Мүсірепов «Абай ойды жұртта қалған күйікке теңегенде жұпыны сөздің өзімен қандай әдемі сурет, күшті әсер, терең мағына беріп тұр» Ғ.Мұстафин Абай туралы бір сөйлем жазу үшін де, терең тыныстап ойға бойлап, кітап парақтап, күй тыңдап, оның ғаламатының өміршеңдігіне тағы бір таңданып, тағы бір мойындап, сыйынып алып жазу керек. Жас ұрпаққа қазақ тілінің құдіретінің күшін насихаттаймын деп жүрген мен де бұл эссені жазбастан бұрын көп толғандым. Қазақ әдебиетінің қос Ғабеңі атанған, алып жазушылардың сөздерін эссенің алғы сөзі етіп жаздым. Шынымен, даралық та, дарын да, кез-келгеннің басына қонбайды. Дарынды болғасын еріксіз өзіндегіні өнердің бір туындысымен айналаға береді, дара болған соң, көпті бір өзі ойлап, жұрт көтермес ауыр жүкті кеудесіне сыйғызады. Абай -ұлы тұлға, Абай – феномен.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 327 313 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Генетика в школьном курсе биологии

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие профессиональных компетенций в современной деловой среде

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 938 курсов