Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс жұмыс" Ең үздік оқушы" бастауыш сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс жұмыс" Ең үздік оқушы" бастауыш сынып

библиотека
материалов

«Ең үздік оқушы»

(бастауыш сынып оқушыларының арасындағы білім сайысы)

Жүргізуші: -Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі жастар- халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі.Ендеше , оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді, озық ойлы жастарды анықтайтын,білімге қызығушылықтарын арттыртатын «Ең үздік оқушы ( атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысымыздың мақсаты:

  • Бастауыш сынып оқушыларының танымдық көзқарасын, ой –өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру.

  • Жалпы оқу бағдарламасымен ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. 

Оқушылардың арасынан озық ойлы жүйрікті анықтау.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Білімділерді халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1. Мектеп директоры- Қажытай Советұлы

  2. Оқу ісінің меңгерушісі- Гүлайна Алтайқызы

  3. Ата-аналар комитетінің төрайымы –

  4. Жасұлан ұйымының президенті-

-Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

1-кезең « Сәлем-сөздің анасы» таныстыру

2-кезең “Ойлы болсаң, озып көр” сұрақтарға жауап беру

3- кезең «Мақал- сөздің мәйегі» мақалдың жалғасын табу

4-кезең “Тапқыр болсаң, тауып көр” жұмбақтарды қазақша, орысша шешу

5-кезең “Ата салтың - халықтық қалпың” салт-дәстүр сипаттау

6-кезең «Ізденген жетер мұратқа» қорытынды сайыс.

Әр кезеңде аз ұпай жинаған оқушымен қошеметпен, қол соғып қоштасып отырамыз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

-Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

Армысыз, айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем –сөздің анасы» деген нақыл.

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер өнегелі,

Сәт те келіп қалғандай танысатын.

1-кезең « Сәлем-сөздің анасы» сайыскерлер өздерін таныстырады.

Әділқазылардан әділ баға сұраймыз.

2-кезең “Ойлы болсаң, озып көр” сұрақтарға жауап беру

Әр оқушыға 5 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға жылдам жауап беру қажет. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 5 ұпайдан бағаланады.

1-оқушы

1..Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?(А.Байтұрсынов)

2.Қазақтың атақты күрес шебері, күш атасы кім?(Қажымұқан Мұңайтпасов)

3.4- маусым қандай мереке? (Рәміздер күні)

4.Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері?(Т.Әубәкіров)

5. Қазақстан астанасы қай қала?(Астана)

2-оқушы

1. Қазақтың ұлы ақыны кім?(Абай Құнанбаев)

2. ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 жылы 16желтоқсан)

3. 1- маусым қандай мереке?(Балаларды қорғау күні)

4. Қорыққанға не көрінеді? (Қос көрінеді)

5. Қазақстанның атақты суретші атасы кім? (Әбілхан Қастеев)

3-оқушы

1. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарманы ата. (Күй)

2. ҚР-ның рәміздерін ата. (Әнұран,ту, елтаңба)

3. 16-желтоқсан қандай мереке?(тәуелсіздік күні)

4. Абай атамыздың шын аты кім?(Ибраһим)

5. Адамға ең қымбат жан кім? (Ана)

4-оқушы

1.Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)

2. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)

3. 1-желтоқсан қандай күн? (Елбасы күні)

4. Бәріміздің ортақ үйіміз не? (Отан)

5. Дүниеде не тәтті? (Ананың сүті )

5-оқушы

1.Аптада неше күн бар? (7)

2.Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың қос шынарын ата.(Әлия, Мәншүк)

3.8-наурыз қандай мереке? (Әйелдер күні)

4.1 ғасырда неше жыл бар?(100 жыл)

5.Сауат ашатын кітап?(Әліппе)

6-оқушы

1.2012 жылы Лондон олимпиадасының бокстан чемпионы болған қазақ жігіті (Серік Сәпиев)

2. Аптаның 5-ші күні қалай аталады? (жұма)

3. Уақыттың өлшем бірліктерін ата (сек,мин,сағ,тәулік, апта, жыл, ғасыр)

4. Елтаңбаның авторларын ата (Шотааман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

5.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (22 наурыз, көктем)

-Әділқазылардың сендерге қойған бағаларын тыңдайық.

3- кезең «Мақал- сөздің мәйегі» мақалдың жалғасын табу

Бұл кезеңде берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру.

Дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1.Тіл тас жарады, тас жармаса…..(бас жарады)

2.Сөз тапқанға.....(қолқа жоқ)

3.Шебердің қолы ортақ, шешеннің ..... (тілі ортақ)

1.Жақсы байқап сөйлер, жаман .....(шайқап сөйлер)

2. Атаның баласы болма,

(Адамның) ..... баласы бол

3. (Дос) ...... басыңа қарайды,

Дұшпан аяғыңа қарайды.


1.Еңбек етсең ерінбей, .........(тояды қарның тіленбей)

2.Аққуды атпа, .......... (досыңды сатпа)

3.Жыртық үйді жел табар,

Өтірік сөзді .......(шын табар)


1. Еңбекпенен ер көгерер,

Жаңбырменен ....... (жер көгерер)

2. Өнерлінің .............. (өрісі кең)

3. Ашу –дұшпан, ............(ақыл дос)


1.Өнер алды - .............(қызыл тіл)

2. Оқу – білім бұлағы,

Білім - .................(өмір шырағы(

3. Отан үшін ...........(отқа түс күймейсің)

-әділқазылардан әділ баға сұраймыз.

4-кезең “Тапқыр болсаң, тауып көр” жұмбақтарды қазақша, орысша шешу

Бұл сайыста берілген жұмбақтар қазақ, орыс тілінде шешіліп, жауабын айту керек.

Дұрыс шешіліп, аударылса -10 ұпайға ие боласың

1.Үй үстінде асыл тас,

Алайын десем табылмас Жауабы: жұлдыз - звезда

2. Тұмсығымен қозғалар,

Артында аппақ із қалар Жауабы: бор- мел

3. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. Жауабы: Сызғыш - линейка

4. Болсадағы инесі,

Іс тікпейді бұл несі? Жауабы: кірпі-ежик

-Осы кезең бойынша әділқазылар дұрыс, әділ бағасын берсе.


5-кезең “Ата салтың - халықтық қалпың” салт-дәстүр сипаттау

Бұл кезеңде салт –дәстүрге арналған тапсырмалар беріледі.

Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

  1. Бейнематериалға назар аударамыз.Мал баққан қазақ халқының қысы-жызы отыратын басапанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шапашаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған.Ендеше, киіз үйдің құрылысын ата.

  2. Бұл өнер- ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Бұл өнер калай аталады? Жасалған қандай әшекейлерді атап айта аласың?

  3. Тұсау кесу дәстүрі туралы не білесің?

Бала қаз тұрып, тәй-тәй басыпжүре бастаған кезде жасалатын салт дәстүр. Баланың тұсауын ала жіппен немесе тоқ ішек ,өткір қайшы немесе пышақпен кескен.

6-кезең «Ізденген жетер мұратқа» қорытынды сайыс.


Автор
Дата добавления 23.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров698
Номер материала ДВ-548417
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх