Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСыныптан тыс жұмыс Кемеңгер көшбасшы

Сыныптан тыс жұмыс Кемеңгер көшбасшы

Скачать материал

Тақырыбы:Кемеңгер көшбасшы

Мақсаты: 1. Білімділігі: Отанымыз Қазақстанның көп ұлтты мемлекеттік екенің және онда тұратын халықтың төл мәдениеті мен тілін дамытуға құқылы екені туралы балаларға түсінік беру.

2. Дамытушылығы: есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін сараптау, салыстыру, дәлелдеу машықтарын қалыптастыру, шығармашылық және коммуникативтік құзырлықтарын дамыту.

3. Тәрбиелік: білім алушылардың елжандылығын, өз отанына, халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

- оқушылардың жобалаушылық дағдыларын дамытуға педагогикалық жағдай жасау;

- балалардың өзін-өзі бақылауын дамыту;

Көрнекілігі: плакат, суреттер, кітаптар, үнтаспа.

Барысы:

1.Ұйымдастыру. Жүргізуші:

Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған бел.
Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.
Шартарапта шаттығыңдай азат күн,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы , бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!

Әнұран орындалады

Жүргізуші:

Өсер елдің қай сәтте де биік болмақ қалауы
Желбіресін Нұрағаның тік ұстаған жалауы
Өзіңіздей өр намысты ағасы бар ұлы елдің
Әрқашанда орындалар қиялы мен қалауы.
                           Елбасымыздың балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады. 

Ән:

Елбасы өмірі мен еңбек жолы
1 оқушы:Н.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
2 оқушы:1960-69 ж. Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
3 оқушы:1969-73 ж. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-77 ж. Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
4 оқушы:1977-79 ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы
5 оқушы:1979-84 ж. Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 
6 оқушы:1984-89 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
7оқушы:1989-91 ж. Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.
8 оқушы:1990 ж. Ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 
9оқушы:1990 ж. Сәуірінен Қазақ КСР президенті.
1991 ж. Желтоқсанның 1-інде Қазақстан Республикасы Президенті үшін жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Н.Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
10 оқушы:1995 ж. Сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің өкілеттілігі 2000 ж. Дейін ұзартылды. 1999 ж. Қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
11 оқушы:2005 ж. Желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Жүргізуші:

Толысып Қазақстан жылдан-жылға
Ел болдық күн ілгері алып тұлға
Тұрады өлкемізде көп ұлт бірге
Бөленіп күн көзі мен достық нұрға.

Ән:
        Жүргізуші:

 Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?                                                               

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

   Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға. 
Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық. 
(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі). 
1 оқушы:Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. 
Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады». 
2 оқушы: Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді». 
3оқушы Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. 
Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес. 
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық. 
Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы». 
4 оқушы Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. 
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».

Жүргізуші:

Болса да алда қанша қиын айналым
Жас ұланым күш-қуаттың Отан үшін сал бәрін
Елағаның тігіп берген жолыменен нық басып
Еңкеймесін , тұрсын мәңгі биіктерде байрағым.
Енді Елбасымыздың дәрежесін атайық. 
Біздің Елбасы (Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады ) 
1 оқушы: Қазақстанның тұңғыш президенті 
2 оқушы:Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы 
3 оқушы: Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы 
4 оқушы: Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы 
5 оқушы: «Ғасыр адамы» 
6 оқушы: Экономика ғылымының докторы, академик 
7оқушы: Әнұранның авторы, жазушы 
8 оқушы: Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы 
9 оқушы: Алымды да, алғыр басшы 
10 оқушы: Көреген саясаткер 

 Жүргізуші:

Жастары қазағымның жол бастады
Нұрсұлтандай ағамыз ел басқарды
Елдігі мен ерлігінен сабақ алған
Жастары мектептің  ән бастады.
Ән»
Ендігі кезекті әр сыныптан Елбасымызға арналған жыр шумақтарын тыңдалық.
-Серпілтіп бостандықтың ақ түманын
Жетті әлемге ұраны мен жыр-әнім
Өзің болдың көшбасшысы Отанның
Өзің болдың биік ұшқан қыраным          Би:
«Менің Президентім»
Менің Президентім
– тәуелсіз қазақ елін тарих сахнасына шығарып, дүниежүзіне таныстырған, табыстырған тұлға.
Менің Президентім – тәуелсіз Қазақ елінің абырой-беделін асқақтатып, әлемге әйгілеген саңлақ саясаткер.
Менің Президентім – тәуелсіз Қазақ елінің тілі басқа, тілегі бір тұрғындарын бір тудың астына топтастырған, бірлік пен татулықтың тірегі.
Менің Президентім - тәуелсіз Қазақ елінің экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жетекші елдермен терезесін тең ұстаған көреген көшбасшы.
Менің Президентім – тәуелсіз қазақ елінің ғылымы мен техникасын, білімі мен мәдениетін, өнері мен спортын шырқау биікке көтерген ұлт қайраткері.
Менің Президентім – ұлттық тіліміз бен дәстүрлі дініміздің берік қорғаны. 
Менің Президентім – тәуелсіз Қазақ елінің жарқын болашағы жастарымыздың білім алып, еңбек етуіне бағыт-бағдар беріп отырған қамқоршысы.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік. Тәуелсіздік – жыр – әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!
Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.
Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!
Ел болып көтерілген шаңыраққа
Тілейміз бақыттылық, баяндылық!
Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің» атты әні
Жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жас ұрпақ, біздің қолымызда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болайық дегім келеді. Бүгінгі кешімізді Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа».
Ән: «Көк тудың желбірегені»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс Кемеңгер көшбасшы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 836 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2015 595
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Андакулова Аккенже Бодыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Андакулова Аккенже Бодыковна
    Андакулова Аккенже Бодыковна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40410
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе