Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс жұмыс "Керемет жетілік"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс жұмыс "Керемет жетілік"

библиотека
материалов

"Керемет жетілік" сайысы

Сабақ мақсаты: Еңбекке баулу пәні бойынша білімдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдірі, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар бүгінгі біздің "керемет жетілік"сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен танысайық.

Сайыс шарттары:

1. Жұмбақ шешу

2. Мақал-мәтелді жалғастыру

3. Сұраққа жауап беру

4. Сөзжұмбақ шешу

5. Жаңылтпаш айту

6. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу

7. Сөзқұрақ

Ортаға сайысқа қатысушы 7 сайыскер оқушыларымызды шақырамыз. Әр кезең сайын аз ұпай жинаған 1 сайыскер қатардан шығып отырады.

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ бағасын беріп отыратын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

.І - сайыс.

Кел, балалар айнайық, Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық - дегендей жұмбаққа кезек берейік.

1. Бес балаға бір бешпет, бірге киіп, бір шешпек. \Қолғап\

2. Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім\Шалбар\

3. Ұзынды күзейді, қисықты түзейді. \Қайшы\

4. Басқаға киін дейді, бірақ өзі киінбейді. \Тігін машинасы\

5. Сөз үйретсең қайталайды, өзі тауып айта алмайды. \Тоты\

6. Байлаулы екі аяғым, қолымда екі таяғым.

Зырлаймын қардың үстімен, озамын атты кісіден. \Шаңғышы\

7. Жұғысқанын жұқартады, өзі бірге жұқарады.

Оған тисе тура келіп, өткірлер де мұқалады. \Қайрақ\

8. Қисық ұрып түзетем, шегені ұрып біз етем. \Балға\

9. Көрмедім еш үйіңді, қолданбас бұл бұйымды,

Жазып қыртыс-тыртысын, жаңалайды киімді. \Үтік\

10. Телпек киген, жырық ерін, шыр айналып жейді жемін. \Ұршық\

11. Далаға құрған өрмегім, үстінен зулап келемін. \Теміржол\

12. тамақ іше қоймайды, тек адамша ойлайды. \Компьютер\

13. Ертемен күнде сен, қолыңа сүйкейсің.

Кетіп кір-ласың, тап-таза боласың. \сабын\

14. Өз қалпағын жасынан, тастамайды басынан. \Саңырауқұлақ\

- Енді әділ қазылар алқасынан сайыкерлеріміздің ұпай санын сұраймыз. Ең аз ұпай алған бір сайыскеріміз ойыннан шығарылады.

Қалған алты сайыскеріміз сайысымыздың мақал мәтелдер туралы шарттарын одан әрі жалғастырады.

ІІ - сайыс.

Ата дәстүр абырой көтергенге,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

1. Ана көрген - тон пішер,----------- ( ата көрген оқ жонар.)

2. Өнерлінің ------ (өрісі ұзақ)

3. Шебердің қолы ------- (көпке ортақ)

4. Өнерлінің қолы алтын, --------(өлеңшінің сөзі алтын.)

5. Істі ине тікпейді, --------(икемді қол тігеді)

6. Түйменің инесіз --------(күні жоқ)

7. Еңбек түбі -береке, ---------(көптің түбі -мереке.)

8. Атадан бала туар, -------(атасының жолын қуар)

9. Өнерлінің он саусағы тең, ---------(өнерсіздің бір саусағы кем)

10. Өнер іздеген өсер, --------- (өсек іздеген өшер.)

Осы сайыс бойынша ұпайы аз сайыскерімізойыннан шығады.

ІІІ.сайыс. Сұраққа жауап беру.

1. Бетіне әр түрлі ою-өрнек салынып басылған бағалы киіз. (Текемет)

2. Киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп тұратын дөңгелек шеңбер.(Шаңырақ)

3. Астық тұқымдасына жататын, ең маңызды тағамдық дақыл. (Бидай)

4. Қалыңдық киетін әсем де сұлу бас киім. (Сәукеле)

5. Көбінесе жиектеме түрінде композицияның орта тұсын көмкереді. (Сыңармүйіз)

6, Өрнегі омыртқаның түрін тұспалдайды. (Омыртқа)

7. Ою-өрнегі қойдың екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесіне келеді. (Қошқар мүйіз)

8. Әр түрлі заттар салуға арналған ағаштан жасалған үй мүлкі. (Сандық)

9, Маңдайы мен құлақтарын ішкі жағына түлкі терісі тігіліп, сыртын асыл матамен сырылып тігетін бас киім. (Тымақ)

10. Өн бойына оюлар өрнектеліп тігілетін, ауқатты, хан сұлтандар киетін киім. (Оқалы немесе зерлі шапан)

Ұпай саны аз бір сайыскеріміз ойыннан шығады.

ІУ. сайыс.Сөзжұмбақ шешу.

Оймен қане өсейік, Ойлы жұмбақ шешейік.

Ж







А







Ң








Ы








Л





Т









П



А







Ш






1. Көктемде және күзде қойдан қырқылып алынады. (Жүн)

2. Қонақтарды жинайды, Тағамдарды сыйлайды. (Дастархан)

3. Сырты қатты, іші тәтті. (Жаңғақ)

4. Ақ отау, аузы мұрны жоқ отау.(Жұмыртқа)

5. Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім. (Шалбар)

6. Онсыз астың дәмі кірмейді. (Тұз)

7. Көп-көп ине көп ине, іс тікпейді әрине. (Кірпі)

8. Екі езуі құлағына жетеді, тамақ жесе ызың-ызың етеді. (Ара)

9. Телпек киген, жырық ерін, шыр айналып жейді жемін. (Ұршық)

Сөзжұмбақты шешкенде "жаңылтпаш" сөзі шықты.

У. Ендігі кезекті жаңылтпашқа берейік.

1. Торта қойдым, орта қойдым.

Орта қойдым, жорта қойдым.

2.Ұстап қара қарындашын

ұштап қарындашын қарындасым,

ұсынды қарындасым қарындашын..

3. Қара бүркіт томағасын түсіреді.

оны мен томағаламай, кім томағалайды?

оны мен томағаламай, кім томаалайды?

Ұпай саны азайған бір оқушы ойыннан шығады.

УІ. "Мықты болсаң тауып көр" Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.

1. Айды аспанға шығару- ерекше бір іс жасау.

2. Қой аузынан шөп алмас- момын.

3. Таяқ тастам жер- жақын.

4. Көзді ашып жұмғанша - тез арада.

5. Тайға таңба басқандай-анық.

6. Жаны мұрын ұшына келу- қатты қорқу.

7. Бетінен оты шығу - қатты ұялу.

Ұпай саны азайған бір оқушы сайыстан шығады.

УІІ. "Сөзқұрақ"

Әріптерден еңбекке байланысты сөздер құрастыру.

қ

ж

н

ы

п

р

ш

и

л

а

ғ

ұ

ы

і

б

а

е

а

й

қ

ө



Сайысқа түскенімен топ балалар, ішінен жүйрік шыққан орын алар.

Ендеше бүгін өткен сайыстың да, бабы мен бағы жанған бағасы бар.

Олай болса,ортаға шақырайық, есімін баршаңызға танытайық.

Ерекше білімі мен білігі үшін, алғыс айтып, қошемет танытайық.

УІІ кезең бойынша ең озық ойлы сайыскеріміздің ұпай санын есептеп, бүгінгі сайысымыздың атына заты сай жеңімпазымызға "Керемет жетілік" деген атаққа лайық құрметпен марапаттаймыз.





Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров166
Номер материала ДВ-529169
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Комментарии:

1 год назад

Еңбекке баулу пәні бойынша білімдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдірі, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх