Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс жұмыс "Көңілді тапқырлар клубы"

Сыныптан тыс жұмыс "Көңілді тапқырлар клубы"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар клубы»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: ой-өрісін, белсенділік қабілетін,

танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық

есептерді шығаруға дағдыландыру

2. Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын дамыту,

жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін

арттыру, ой-өрісін кеңейту

3. Тәрбиелік: тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке,

ұйымшылдық пен шапшаңшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сайыс – сабақ

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, плакаттар

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы

                                                                                                   (К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов), т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе

Армысыздар қадірлі ұстаздар, білім мен ғылымға құштар шәкірттер!

Бүгінгі сабағымыз «Көңілді тапқырлар клубы» тақырыбында жарыс түрінде өткізіледі. Мақсатымыз белсенділік танытып, білімді екенімізді көрсете білу. Бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймын.

Асыл тастан

Өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда қонымды.

Бұл шындықты, күнделікті

Көріп жүрміз өмірден,

Сан мыңдаған жастар өсті

Өнері асқан танымды, - демекші сол жастарды ортаға шақырамыз.


Математика сырлары

Қызықтырды біздерді

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасымен танысып алайық.


Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.

І. Таныстыру (аты, ұраны, эмблемасы)

ІІ. «Ақылдассаң шешерсің» (топ сайысы)

ІІІ.Зерделілер (үй тапсырмасы)

ІV. «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап» (топ сайысы)

V. «Сергіту сәті» (көрермендер ойыны)

VI. Қорытынды


Талай жырлап сан ғасырдың дастанын,

Кең даламнан естіледі асқақ үн.

Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті,

Талай ғылым сеннен алды бастауын

Сол ғылымның жолын қуған қызықты

Тұр тапқырлар күтіп ойын бастауын!


І. Таныстыру (аты, ұраны, эмблема).

Әр команда өз топтарын таныстырады, эмблемасын қорғайды.


ІІ. «Зерделілер» сайысы

Үй тапсырмасы.


IІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» сайысы.

Санның да саны бар ғой саналатын,

Әртүрлі білім сырын ұға алатын

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Саналып әр секундпен жүре алатын.

Оқушылар жылдамдыққа сұрақтарға жауап береді

1-топ:

  1. Сен қараңғы бөлмеге кірдің бірінші май шамды жағасың ба? керосин майды жағасын ба? (СІРІҢКЕ)

  2. Көшеде екі папасы, екі баласы, бір атасы мен немерсі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр ??? (3 АДАМ)

  3. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін ата (апта күндері)

  4. 2,5 таяқтың неше ұшы бар (6)

  5. Еменде 3 бұтақ, ал әр бұтақта 3 алмадан бар, барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)


2-топ:

  1. Автобустан түсу үшін не істеу керек (АВТОБУСҚА МІНУ КЕРЕК)

  2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

  3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

  4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)


  1. Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай)




3-топ:

  1. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

  2. Дүниедегі ең жүйрік не? (Ой-қиял)

3. 7 тауықтың бір-бірден балапандары бар. Олардың барлығы нешеу?

4. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)

5. 40 санының төрттен бір бөлігі.

4-топ:

1. 100 жыл басқаша қалай аталады?

2. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

3. Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз? (БІЗ САҒАТҚА ҚАРАҒАН КЕЗДЕ, НЕШЕДЕН БОЛМАСЫН ОН МИНУТ КЕТІП ТҰРҒАН ЖАҒДАЙДА.)

  1. 2адам шахмат ойнап отыр екеуі 2сағат ойланды. Енді сұрақ 1ші адам қанша сағат ойланды? 2ші адам қанша сағат ойланды  (2-ДЕ 2 САҒАТ)

  2. Екі жарым кг ет екі сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі. (2 сағатта)



1. (1 очко) на одной чаше весов кирпич, а на другой – половина такого же кирпича и гиря в 1 кг. Весы находятся в равновесии. Сколько весит кирпич?

(2кг)

2. (1 очко) в комнате 4 угла. В каждом углу сидит кошка. Напротив каждой кошки по три кошки. На хвосте каждой кошки по одной кошке. Сколько же всего кошек в комнате?

(4 кошки)

3. (2 очка) имеется кусок сукна длиной 16м, от которого каждый день отрезают по 2 м. по истечении скольких дней отрежут последний кусок?

(7дней)

4. у отца 6 сыновей. Каждый сын имеет одну сестру. Сколько всего детей у отца?

(7 детей)

5. разделить 5 яблок между пятью детьми так, чтобы каждый получил по яблоку и одно яблоко осталось в корзине?

(Четырём детям раздать по яблоку, а пятому отдать яблоко в корзине)

  1. 1.В семье трое детей: 2 мальчика и девочка. Их имена начинаются с букв А,В,Г. Среди А и В есть начальная буква имени одного мальчика, а среди В и Г – начальная буква имени другого мальчика. С какой буквы начинается имя девочки?

  1. Два сына и два отца

Съели три яйца

Поскольку яиц съел каждый?

по одному

  1. На столе лежали конфеты в кучке

две матери и две дочери да бабушка с внучкой

Взяли конфеты по одной штучке –

И не стало этой кучки

Сколько было конфет в кучке?

три

  1. На грядке сидят 6 воробьев. К ним прилетели еще 5.

Кот подкрался и схватил одного воробушка.

Сколько осталось воробьев на грядке?

Один, которого схватил кот

  1. У семи братьев по одной сестрице.

Сколько всего детей?

5. 1.В семье трое детей: 2 мальчика и девочка. Их имена начинаются с букв А,В,Г. Среди А и В есть начальная буква имени одного мальчика, а среди В и Г – начальная буква имени другого мальчика. С какой буквы начинается имя девочки?











ІV. «Ақылдассаң шешерсің» (топ сайысы)

  1. Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?(6 лақ)

  2. Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды? (Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5)

  3. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг? (6 кг)

  4. Егер түнгі сағат 12- де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма?(болады)

  5. Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі, математика және тарих болды. Математика бірінші емес, тарих бірінші де, үшінші де емес.

Қай пән нешінші болды?

1. Қазақ тілі

2. Тарих

3. Математика

6) Бір кісі қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы алдынан шықты. Қанша адам қалаға барады?



VI. «Сергіту сәті» (көрермендер сайысы)

1-топ. Дене тәрбиесі деген жазу оқушыға корсетіледі, математика деген жазу көрермендерге көрсетіледі.

  1. Осы пәнді ұнатасың ба?

  2. Сабақта немен айналысасыңдар?

  3. Олимпиада, жарыстарға қатысасыңдар ма?

  4. Уйге қандай тапсырма береді?

  5. Барлық балалар жаксы кореді ма пәнді?

  6. Кандай ұсыныс айтар едің?

  7. бұл пәнге арнайы киім киесіңдер ма?

  8. Құралдар пайдаланасыңдар ма? Ол қандай құралдар?

2-топ. Кітап деген жазу оқушыға, ұялы телефон деген жазу көрермендерге көрсетіледі

  1. Сенде ол зат бар ма?

  2. Ол заттың көмегімен сен не істейсің?

  3. Осы заттан мұғалімдер үй тапсырмасын бере ме?

  4. Оны мектепке әкелесің бе?

  5. Оны үнемі қолданған пайдалы ма?

  6. Қандай күтімді қажет етеді?

  7. Сенде сол заттың нешеуі бар?

  8. Мектептен тегін беріле ме?


VIII. Қорытынды

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Егеменді қазақтың біз ұраны,

Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны.


Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі

Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.


Назарларыңызға рахмет!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров64
Номер материала ДВ-530750
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх