Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс жұмыс "Әліппемен қоштасу"

Сыныптан тыс жұмыс "Әліппемен қоштасу"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

" Әліппемен қоштасу"

Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. 
Мұғалімнің құттықтау сөзі: 
Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.) 
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе
мен қоштасу»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
-Өсті міне бойларың 
Өсті,міне ойларың. 
Қуанышқа ортақпын 
Құтты болсын тойларың! 
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық! 
1-оқушы : Ассалаумағалейкум, уа халайық! 
2-оқушы : Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар. 
3-оқушы: Кешегі сәби балаңыз, 
Жарады міне қараңыз. 
Ғылым, білім жолына 
Енді қайық саламыз. 
І бөлім.

1-оқушы:Осы біздер қандаймыз?  
2 – оқушы: Мың бұралған бишіміз 
3 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз. 
Сәл еркелеу бұзықпыз.
4-оқушы Біз шеберміз 
5-оқушы: Ақылдымыз
6-оқушы: Үлкенге ізеттіміз 
Кішіге қамқоршымыз  
7-оқушы: Көп оқимыз 
Терең оқимыз  
8-оқушы: Өнерліміз  
Жанып тұрған шырақпыз 
Толқынды су бұлақпыз  
9-оқушы:Елімізді өркендетін 
Қазақ тілін көркемдететін  
10-оқушы.. Бабаларға тағзым ететін 
11-оқушы. Аналарға бас иетін.  
12. Елтаңбасымен еңселі 
Туымен тұғырлы 
Әнұранмен айбатты  
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!» 

1-жүргізуші  
-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. 
2-жүргізуші
-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын. 
1-жүргізуші: 
-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік. 
-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын: 
Іші толы
әріпке, 
Білімдегі жарық не? 
Оқушылар хормен: 
 Болашаққа жол ашар, 
Ол -сүйікті Әліппе, 
Ол-сүйікті Әліппе! 
Мұғалім: 
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық! 
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе 
 Әліппе ортаға шығады: 
-Армысыңдар жас достар! 
Армысыңдар, ата-ана! 
Болашаққа жол бастар, 
Әліппең келді ортаға. 
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген. 
Келешегі қазақтың, 
Басталады сендерден. 
Таудай болса талабың, 
Айтары көп әріптің 
Қуанышы баланың 
Қуанышы ананың 
Жақсы білім көрімдік, 
Болсын бізге халайық. 
Не үйретіп, не білдік, 
Қане, ортаға салайық! 
Мұғалім: 
-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық 
 Адам аузын ашқалы 
А-дан сөзін бастады 
Ата, апа, ақыл, ар. 
А-мен айы аспаны

Мұғалім: 
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп. 
-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді. 
-Біз мектепке не үшін келеміз? 
-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз 
-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық: 
  1-оқушы:Мектеп деген білім кені , жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға. 
Мектеп деген даналардың мекені. 
 2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям. 
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. 
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай. 
Әрқашан қасиетті атың маған. 
3 оқушы 
Армысың сен алтын ұя мектебім, 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мақтан етем сені мәңгі мектебім. 
4 оқушы:  
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, 
Алтын ұя, ақ босаға киелі. 
Қанат қаққан білім алып өзіңнен, 
Күллі шәкірт саған басын иеді. 
5 оқушы:  
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, 
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. 
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, 
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 
6 оқушы:  
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, 
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. 
Тамырланып , сан тарапқа тараған. 
Бәрі бірге: 
Жүректерге жаққан білім шырағын , 
Мектебіме арналады бұл әнім! 
ӘН: «Сәлем саған, мектебім» (хормен) 
Әліппе сөйлейді: 
-Әліппеде тізілген 
42 әріп бар, 
Тізілген соң ізімен, 
Өз кезінде танып қал. 
 -Әке, шеше, атын сен, 
Бізге үйреттің Әліппе 
Бізге жақын нағыз сен, 
Сенен білдік әріп ті 
 -Ізгілікті ойға тоқитын, 
Шәкірт боп үздік оқитын. 
Әліппе атты кемемен, 
Кеземін Білім мұхитын.  
Үйретті бізді әліппе, 
42 дербес әріпке. 
Сөз, сөйлем құрап әріптен, 
Лайық болдық дәріпте
Мұғалім: 
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық 
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз? 
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз 
Мұғалім 
-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер 
-Осының бәрін үйреткен кімдер? 
Оқушылар (хормен): 
-МЕКТЕП! - ӘЛІППЕ! - МҰҒАЛІМ! - АТА-АНА! 
Мұғалім: 
-Рахмет, шәкірттерім! 
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады. 
-Қане, әліппеге Қош айтайық! 
Әліппе әнін орындайық 
Оқушылар хормен: 
-Бізге білім салып берген, 
Қош бол, құтты Әліппем, 
Қош бол, құтты Әліппем! 
Әліппе сөйлейді: 
Білімінің көп қой саласы, 
Әліппе соған жолбасшы. 
Ғылымның қиын жалғасын, 
Басқа кітаптан табарсың! 
-Қош болыңдар, балалар! 
Балалар хормен: 
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ! 
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ! 
Мұғалім: 
 -Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді. 
-Қарсы алайық, танысайық 
Ана тілі сөйлейді: 
Туған елдің тілімін, 
Ақылы мен танымымын. 
Түсіндірер бәріне, 
Ана тілі пәнімін. 
Ана тілің-арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте! 
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
 Мұғалім:Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз. 
 Әріптерді үйретіп 
Жақын болған кім бізге? 
Хор: Ол мұғалім 
Жамандықтан жиреніп 
Ақыл болған кім бізге? 
Ол мұғалім. 
 -Ең алғаш алғанымда әліппені, 
Қызығып қарай бердім әліппені. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, 
Ұстазым оның кілтін ашып берді 
-Әліппе оқуға, 
Үйреткен әр күні 
-Үйретіп санауды, 
Көп еңбек сіңірген 
Мұғалім апай ғой! 
 Үйретіп мұғалім бізге әліппені, 
Мұғалім ғылымға жол салып берді. 
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, 
Оқудың сәулесімен жарық көрді. 
 Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, 
Бар асылын бізге жиып , мол береді. 
Қанатымен су себелеп асыл жан, 
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 
 Әліппе даңғыл жол ашты, 
Жаңадан пәндер жалғасты. 
Әліппе сырын ұқтырған 
Барлығы хормен: 
-Рахмет, ұстаз алғашқы!  
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 
Мұғалім: 
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. Ендеше, біздер аналарымыз бен балаларды сахна төріне шақырайық. (Музыка ойналады. Аналар сахнаға шығады). 
-АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар: 
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, 
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. 
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, 
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! 
(өлеңін айтып, аналарға бас иеді де, анасының жанына барып тұрады). 
 Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ... 
Ата-анаға еркелеп, 
Ортасында өстік біз. 
Жақсы оқып, қуантып, 
Бестік күнде алдық біз....   
-Болашағын баланың, 
Талабынан білесің. 
Жақсы оқыса сабағын, 
Жақсы көріп жүресің....   
-Әліппені бітірдім, 
Әріптерді танимын. 
Мен атаның баласы, 
Мен оқушы баламын..
-Ата келші тезірек, 
Ана тілін бастадым. 
Өзіңе айтар тағы да, 
Дайын менің тақпағым..... 
Балалар хормен: 
-Ата-анаға мың рахмет 
Маған да, саған да, 
Жақын туыс – бес адам. 
Үш әріптен тұратын, 
Оңға оқы, солға оқы, 
Өзгермейді еш одан, 
Бәрі де өз жұратың, 
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)  
Оқушылар  ата-аналарын биге шақырады. 
-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөз мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі: Аймихан Мырзабекке беріледі. 
Мақтау қағазымен ата-аналар мен оқушыларды марапаттау. 
«Мектебім» әні орындалады.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров73
Номер материала ДВ-440392
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх