Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс жұмыс "Мемлекеттік тіл аруы"

Сыныптан тыс жұмыс "Мемлекеттік тіл аруы"

Скачать материал

«Мемлекеттік тіл аруы». Сыныптан тыс жұмыс

 

1.Дифеле

2.Визитка

3.Полиглот (Отан, тіл, еңбек, білім туралы мақалдар)

4.Шығармашылық конкурс

5.Салт-дәстүрлер

 

«Сыңсу»

Қатысушылар:

Ана – Алина

Әке – Саша

Әжелер – Маша, Аня

Ата – Жантуар

Құрбы-құрдастар – Ақдәулет, Дамир

Жеңге – Эльмира

Ұл – Бримжан (5 «А» сынып)

Қыз – Диана (5 «А» сынып)

 

Мұрат: Сәлеметсіздер ме, құрметті, қонақтар!

Жанаргүл: Қош келдіңіздер, қадірменді қонақтар!

Мұрат: «Сыңсу» - қазақтың ертеден келе жатқан салты.

Жанаргүл: Ұзатылатын қыздың аттанар алдындағы ата-анасымен, бауырларымен, туыстарымен қоштасу жыры.

Мұрат: «Сыңсу» жыры арқылы қыз өзінің жат жұртқа кеткен шерін, мұңын айтады.

 

(Музыка ойнайды)

 

Маша әже: Қыз-ау, мына Алинаның қызы да бойжетіпті. Уақыт қалай  тез өтеді, қыз-ау.

Аня әже: Иә. Таняжан көз алдымызда өсті. Өзі – ақылды, шебер, өнерпаз.

Саша әке: Ақсақал, қызым Таня ұзатылып барады. Қызыма батаңызды беріңізші.

                  Бәйбіше, қызыңды шақыршы.

Алина ана: Қызым, Таняжан, келе ғой. Айналайын.

Әке Саша: Айналайын, айналайын, отыра ғой. Атаң саған батасын берсін.

Жантуар ата: Бақытты бол, бағың ашылсын,

                       Әр күнің шаттыққа толсын.

                       Босағаңа жамандық жетпесін,

                       Төріңнен жақсылық кетпесін.

 

(Таня қалыңдық «Туған жер» әуенімен «Сыңсу» айтады. Ақдәулет пен Бейімбет сүйемелдейді.)

1.

2.

3.

 

 

 

 

 

 

Саша әке:

Қарағым-ай,

Халқыңа қалаулы бол!

Еліңе елеулі бол!

 

Алина ана:

Айналайын, қызым,ботам! Барған жеріңе тастай батып, судай сің.

 

Эльмира жеңге:

Сырласпаған жат елге

Бикем кетіп барады-ау!

Сен кеткенде қабырғам

Қайысады, жар-жар-ау!

Қош-есен бол, бикешім!

 

Бримжан ұл: Апа, біз сізді сағынамыз.

Диана қыз: Апа, мен де сенімен барайыншы.

Бейімбет: Бақытты бол, Таняжан!

Ақдәулет: Бақытты бол, Таняжан!

 

(Музыка ойнайды)

 

 

Қыздың туыстарымен қоштасуы

 

Қатысушылар:

Аға – Дамирлан

Жеңеше – Динара

Ұл – Асхат

Қыз – Катя

Жеңге - Эльмира

Келген қонақтар: Әлия, Ақдәулет, Дамир

 

( Катя мен Асхат «Тоғызқұмалақ» ойнап отырады.

Дамирлан оларға қарап отырады. Динара сәбиін әлдилеп отырады.)

 

Бейімбет: Ассалаумағалейкум, аға!

Дамирлан аға: Әлейкумсалам! Келіңдер!

Әлия: Сәлеметсіздер ме!

Эльмира жеңге: Қазақтың салты бойынша қызымыз туыстарымен қоштасып жүр.

Дамирлан аға: бәрекелді!

Динара жеңеше: Амансыңдар ма, төрлетіңдер!

                            Балалар, Катя, Асхат, апаларың қоштасуға келді. Амандаспайсыңдар ма.

Катя: Сәлеметсіз бе, Таня апа!

Таня қалыңдық: Сәлеметсің бе, Катяжан!

Асхат: Сәллеметсіз бе, апатай!

Таня қалыңдық: Сәлеметсің бе, Асхатжан!

Дамирлан аға:

Айналайын!

Өмірің берекелі болсын,

Үйің мерекелі болсын,

Сән-сәулетің ассын,

Мал дәулетттің тассын.

Әумин!

Динара жеңге: Айналайын, барған жерің бағыңды ашсын! Аман бол, айналайын!

Катя: Сау бол, апа!

Асхат: Сау бол, апатай!

 

(Таня қалыңдық:  «Сыңсу» айтады)

 

 

 

 

«Беташар»

Қатысушылар:

Қалыңдық – Таня

Күйеу жігіт – Кирилл

Бет ашатын жігіт –    Бейімбет       

1-жеңге – Әлия

2-жеңге – Әсел

Күйеу жігіттің анасы – Альмира

Күйеу жігіттің әкесі – Витя

Бишілер: Рамина, Аяна, Карина

Құдағайлар: Алина, Маша, Эльмира

 

Жанара: «Беташар» – қазақтың дәстүрі. «Беташар» – жаңа түскен келінге айтылатын жыр.

Мұрат: Келінді көру үшін «Беташар» жасалады. Келінге туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Туыстары «көрімдік» береді.

 

(«Құдалар» әні орындалып тұрады. Жастар билейді.)

 

Бет ашатын жігіт: Бейімбет

 

Келін келді көріңіз,

Көрімдігін беріңіз.

Бет ашайын, ал енді,

Айналайын, ақ келін!

 

Қырау шалған самайын,

Қадір тұтқан ағайын,

Анау әкең өсірген.

Жайсаң ұлдың талайын.

Қайын атаңа бір сәлем!

 

Ұл мен қыздың бейнетін,

Жастайынан көп көрген.

Осы тойды армандап,

Талай түнін өткерген,

Қайын енеңе бір сәлем!

 

Анау асқар қайын апаң,

Қайын апаң да сыйлы адам,

Қаншама жыл директор

Мектеп қамын ойлаған..

Қайын апаң Орынкүл Валиқызына бір сәлем!

 

Келін мынау текті елің,

Абысының көп сенің

Келіндікке үйретер,

Солар болар мектебің.

Абысындарың Асылай, Айгүл, Надежда, Гүлмираға бір сәлем!

 

Бұл ауылдың ұлы менен қыздары,

Жұрт қызығар тұлғалы.

Көрімдігін берсек деп,

Қайын сіңлі, қайныылар тұр әні.

Оларға да бір сәлем!

Ал, келінжан, келінжан,

Сүйкімді бол еліңе,

Қадамыңа гүл біткей,

Құттықтаймын сені де!

 

(Домбыраны қолына ұстап келіннің бетін ашады. Альмира, Әлия, Әсел келіннің бетінен сүйеді. Бақытты бол! – дейді.)

 

(Музыка ойнайды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Беташар: Бейімбет

 

Келін келді көріңіз,

Көрімдігін беріңіз.

Бет ашайын, ал енді,

Айналайын, ақ келін!

 

Қырау шалған самайын,

Қадір тұтқан ағайын,

Анау әкең өсірген.

Жайсаң ұлдың талайын.

Қайын атаңа бір сәлем!

 

Ұл мен қыздың бейнетін,

Жастайынан көп көрген.

Осы тойды армандап,

Талай түнін өткерген,

Қайын енеңе бір сәлем!

 

Анау асқар қайын апаң,

Қайын апаң да сыйлы адам,

Қаншама жыл директор

Мектеп қамын ойлаған..

Қайын апаң Орынкүл Валиқызына бір сәлем!

 

Келін мынау текті елің,

Абысының көп сенің

Келіндікке үйретер,

Солар болар мектебің.

Абысындарың Асылай, Айгүл, Надежда, Гүлмираға бір сәлем!

 

Бұл ауылдың ұлы менен қыздары,

Жұрт қызығар тұлғалы.

Көрімдігін берсек деп,

Қайын сіңлі, қайныылар тұр әні.

Оларға да бір сәлем!

Ал, келінжан, келінжан,

Сүйкімді бол еліңе,

Қадамыңа гүл біткей,

Құттықтаймын сені де!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс "Мемлекеттік тіл аруы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 407 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 629
    • DOCX 44 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есбатырова Гульнара Ашеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есбатырова Гульнара Ашеновна
    Есбатырова Гульнара Ашеновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25027
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой