Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Сыныптан тыс жұмыс "Наурыз" сценарийі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сыныптан тыс жұмыс "Наурыз" сценарийі

библиотека
материалов

Наурыз сценариі

Мақсаты:

көпшілік қауымды, оқушыларды Наурыз тойының дәстүрлерімен, Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғыларымен таныстыру.

Көнекілігі: сахнаға банер ілінеді, сахнаның бір бұрышы киіз үйдің ішкі құрылысы бойынша жабдықталады (керегеге кілем ілінген, қабырғаға домбыра, қамшы, ішік т.б. ілінген, еденге кілем төселген, дөңгелек стол қойылған, сандық, көрпе төселген, столда наурыз тамақтары қойылған)

Кейіпкерлер:

1. Жарапазаншылар

  1. Санжар Тоймағанбет

  2. Жақан Мақсат

  3. Сұлтан Дәуітқали

  4. Әбдрахман Абылайхан

  5. Әбдісалық Ерасыл

  6. Айдарбек Ерасыл

  7. Айдарбек Жанасыл

2. Қыдыр ата- Тұрысбек Мейрамбек

3. Ата:Қыдырәлі Нұртас

4. Немере: Әзімбай Бақдаулет

5.Тазша бала- Қойшыбай Нұркелді

6. Жеті шырақшы: Жеті ана

1.Сұлтан Асылжан 1.Шардарбек Ақерке

2.Есенкабулов Құдайберген 2. Әбілқасым Қаршыға

3.Ертай Адай 3. Қабдуллаева Аружан

4.Мықтыбек Жанарыс (6) 4. Төкеш Айдана

5.Әділбек Біржан (6) 5. Әбдірахман Жанар

6.Әбдікәрім Ғарышбек 6. Әділбекова Гүлім

7.Дүрмұхамбет Әсет (5а) 7. Асан Алтынай

7. Ұлттық киім киген ұлт өкілдері:

5 «а» - өзбек ( Гүлназ, Нұржан), 5 «б» - ұйғыр (Әділет, Жасмин),

6-сын – қазақ(Аружан, Жанарыс), 7 «а» - орыс (Ерасыл А,Қаракөз)

7/8 –сын – украин(Фарида, Ильдар), 8 «а» - неміс( Ғарышбек, Аружан ),

9 «а» - корей(Нұрмұханбет, Мөлдір )


Формасы:

Зал ортасы. Ортаға «Елге сәлем» әнімен Гүлмайра шығады, ол ән айтып жатқанда әжелер ансамблінің мүшелері шашу шашады. Ортаға ансамбль мүшелері шығады және «Еркем-ай» әнін орындайды

(Халық негізгі залға кіреді, осы кезде қолдарына бәйшешектің суреті бар қағаз таратылады және не үшін екені түсіндіріледі)

Жарапазаншылар жарапазан айтып кешті бастайды. (Әр жарапазаншы залдың артқы бөлігінен залды аралап отырып әнін айтады, сол кезде көрермендер жарапазаншыларға сыйлық береді)

( Музыка ойнап тұрады) Жарапазан айтылады.

Жарапазаншылар

Сұлтан Дәуітқали

Ассалаумағалейкум, ақтан келдік,

Күн шығып, айы туған жақтан келдік.

Біз айтсақ жарапазан – әдет-ғұрып,

Пайғамбар жолын қуып атқа міндік.

Айтамыз жарапазан еліңізге

Байлаңыз парша орамал белімізге

Байланса парша орамал белімізге

Қайтамыз мақтай-мақтай елімізге

Абдрахман Абылайхан

Айтамыз жарапазан ауылыңа

Бақ қонсын бар отырған қауымыңа

Береке-құт әкелсін наурыз көктем

Жаз жайлау қарық болсын сауынына

Айтамыз жарапазан есігіне

Ұл берсін пайғамбардай бесігіңе

Береке-бірлік орнап отбасына

Жыл болсын құтты сенің несібіңе

Әбдісалық Ерасыл

Өлеңді мен төгейін әудем жерден

Демейін алыс жақын жарапазан, мына елден

Жарандар, осы үйдегі барша ағайын

Тыңдаңдар құлақ салып, мен айтайын-ай жайлау-ау

Айтамыз жарапазан ел жағалай

Көкала үйрек ұшар көл жағалай

Ұлдарың батыл болып өссін деймін

Қыздарың мұратыңа жетсін деймін

Барлығы хормен:

Қ-сы:

Жай тұрған жан қалмасын

Жас-кәріміз ән айтып, күй шертілсін

Би билейік бәріміз

Жарқыраған нұрлы наурыз, нұрлы наурыз!

Жаса, наурыз!

(жарапазаншылар әнін айтып шығып кетеді)



Ортаға Ақылбай ата мен немересі сахнаға шығады, столға келіп орналасады.

Немересі (Әзімбай Бақдаулет): ата ханталапай ойнайықшы

Ата( Қыдырәлі Нұртас): келе ғой

Немересі:

Ата бүгін қандай мереке екенін ұмытқан жоқсыз ба?

Атасы: Жоқ әрине, бүгін ұлы мереке наурыз тойы. Балам, саған бүгінде осы наурыздың шығуы туралы , тойлануы туралы көрші үйде тұратын апайың айтып берсін. Себебі ол апайыңды да осы тақырып қатты ойландырған екен.Мұқият тыңда.

Жүргізушы сахнадан наурыз тарихын айтады.

Марал: Армысыз, ата! Наурыз құтты болсын!( иіліп сәлем береді) Тыңдар құлақ болса неге айтпасқа?!

Наурыз күні. Наурыз- ежелгі мәдениетті, дамыған елдің бірі Парсының нау-жаңа, руз- күн, яғни жаңа күн деген сөзінен шыққаны көпке бұрыннан-ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйес келеді.Қазақтар да бұл күн жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, спарға шықпайды, іс тікпейді, құрылыс, не басқа бір іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, ренжімейді, дауыс көтермейді, әбес сөйлемейді, кір жумайды, шарап ішпейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды. Бұл мерекенің көнелігі сондай оның қашан шыққандығы туралы нақты дерек жоқ. Наурыз мейрамын әр ел түрліше атаған. Наурыз мейрамын бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп атаған. Наурыздың арнайы салт-дәстүрлері де болған. Мысал: наурызшешек, наурызнама, наурызкөже, наурыз бата сияқты. Бұл күні барлық даланы Қыдыр ата аралайды деген сенім бар.

Тазша бала (Қойшыбай Нұргелді): (жүгіріп шығады)

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар.

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салыңдар.

Немере (Бақдаулет) : Ата бұл кім?

Тазша бала: Мен тазша баламын. Менің артымнан осы ауылға қонақтар беттеп келеді. Қарсы алайық бірлесіп. (сахнадағы бала мен атаға қосылып тұрады)

Осы кезде жеті шырақшы мен жеті ана шығады. (Жеті ана: Шардарбек Ақерке, Әбілқасым Қаршыға, Қабдуллаева Аружан, Төкеш Айдана, Әбдірахман Жанар, Әділбекова Гүлім, Асан Алтынай. 7 шырақшы: Есенкабулов Құдайберген (7), Ертай Адай , Мықтыбек Жанарыс (6), Әділбек Біржан (6), Әбдікәрім Ғарышбек, Дүрмұхамбет Әсет (5а), Сұлтан Асылжан)

Аналар жанған шырақтарымен залды аралауға сахнадан түсіп кетеді, ал жеті шырақшы сахнаның бір бөлігіне жарты ай құрып тұрады, сол кезде залды аралап жүрген ананың біреуі өз сөзін залды аралап жүріп айтады.

Ана сөзі( Фатима мұғалім):

«О, құдайым, зарыға күткен Жаңа жылым келді. Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке. Менің ұрпақтарымды аман ет, пәле-жаладан сақтай гөр, жамандық әрі кет, кет. Алас, алас, мың бір пәледен алас, жүз бір қатерден алас, кет, пәлекет, кет!»

Аналар залды аралап келген соң, сахнаның екінші жағына шырақшыларға қарсы жағына жарты ай құрап тұра қалады, осы кезде тазша бала сөйлейді.

Тазша бала:

Халайық қараңдаршы. Алыстан бір сәуле түсіп тұрған сияқты.

Тазша бала сөзін айтып жатқанда аналар мен жеті шырақшы жігіттер сахнаның төменгі жағын түсіп, Қыдыр атаның алдында басын иіп сәлем қылады.Осы кезде залдың артқы бөлігінен атқа мінген Қыдыр ата ат шылбырынан жетектеп келген баламен бірге залдың ортасымен сахнаның төменгі жағына келіп тұрады.

Қыдыр ата:

Көсегелерің көгерсін айналайындар! Мың алғыс асыл аналар!

(кеудесіне қолын қойып, ілтипат білдіреді)

«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» - демекші, елді-елді аралап келе жатырмын, ақ тілекті батамды беріп жатырмын, мынадай иманды елді көргенде бата үстіне бата бергің келеді. Ендеше менің берген батамды жаратқам ием қабыл қылсын.

(Осы кезде Қыдыр ата бата береді)

Қыдыр ата:

Армысың, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Аман сақтап төл басын,

Еккен егін солмасын,

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бостандықтың ордасын

Періштелер қорғасын.

Бесіктегі бөпеңнің

Бақашығы тоңбасын.

Ұлыс күні ұл мен қыз

Тайпалдырсын жорғасын.

Көл жиналып тамшыдан

Теңіз толсын қаңсыған.

Атамекен тазарып

Асығы түссін алшыдан.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі-бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты

Іздесе де таппасын!

Әумин!

Сән-салтанаты жарасқан ауыл Ұлыстың ұлы күнін тойлауды жалғастыра беріңдер, ал біз мына тұрған жеті шырақшы жігіт пен асыл аналар ұзақ жолға қайта шығайық.

( Қыдыр ата атының басын кері бұрып залдың ортасымен жүріп отырады, артынан аналар, сосын жеті шырақшы ілесіп шығып кете береді)

1-жүргізуші сөзі:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар.

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салыңдар.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасыларлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

2-жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.

Естімеген естіңдер, тыңдамаған тыңдаңыздар!

Наурыз тойы басталды,

Тойдан қалып қоймаңыздар.

Жүріңіздер Наурызға басып аяқ,

Қалыс адам қалмасын некен-саяқ.

Ән шырқап, би билейтін, қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

(Сахнада тазша бала мен немере асық ойнап отыр, атасы қарап отырады)

Осы кезде 1-2сынып оқушыларының «Гүлдер биі» ортаға шығады

Немересі: Ата, қонақтар келе жатыр.

Атасы: Ұлыстың ұлы күні ауылдан ауылға, үйден- үйге жүріп амандық сұрасар ежелден қалған салт қой. Қонақтың келгені жақсы. Қарсы ал, айналайын!

Қонақтар:

5 «а» сынып оқушысы : Ассалаумағалейкүм, отағасы!

5 «б» сынып оқушысы:Мал-жаныңыз аман ба?

7/8 –сынып оқушысы:Ұлыс бақты болсын, төрт түлігіңіз ақты болсын!

Атасы: Рахмет, айтқандарыңыз келсін! Ауыл-аймақ, ел-жұртарың аман ба?

Қонақтар барлығы: (қосылып)

Шүкір, аманшылық.

9 «а» сынып оқушысы:

Бүгінгі күні өкпелегендер өкпесін кешіретін күн ретінде біледі. Ал мен сізбен бірнеше жылдан бері тату-тәтті тұрып келе жатқан көрші ретінде жаңа жылды төс қағыстырып қарсы алайық және ауылымыздың үлкені ретінде сәлем берейік деп, наурыз дастарханын өзіміздің ұлттық тағамымызбен әрлейік әрі наурыздың киелі асы наурызкөже ішіп қайтайық деген ниетпен келгеніміз ғой.

Атасы:

Оларың дұрыс екен, олай болса, кел көрісейік.

( осы кезде сахнадағылар бір – бірімен төс қағыстырып амандасады)

Атасы: Ал, шаруаларыңды тыңдырдыңдар. Енді төрге жайғасыңдар (барлығы дастархан басына жайғасады).

1-жүргізуші (Марал):

Ұл-қызымыз жайнап тұр,

Өнерлерін сайлап тұр.

Біздің қара шаңырақтың құты ғой,

Қасиетті қара қазан қайнап тұр.

Сыйлаған жандар атасын,

Көжеден дәм де татарсың.

Тілейік қабыл болсын деп

Аталардың батасы.

(Музыка ойнап тұрады. Наурызкөже таратылады)

Тазша бала:

Ата, бүгін сіздің үйіңізге қонаққа тек көршілеріңіз бен достарыңыз ғана емес, тағы да қонақтар келе жатыр ма деп ойлап тұрмын.

Атасы: Е, бұл біздің ауылдың әкімі Бақытжан Сабырұлы, аудандық мәслихаттың депутаты Мұрат Қадірұлы, ауылдық емхананың бас дәрігері Ұлмекен Хасенқызы мен мына немеремнің мектебінің директоры Айнұр Керімбекқызы ғой. Олар да халыққа ізгі тілегін айтып кетпекші болып келе жатыр ғой. Бар қонақтарды қарсы ал.

Немересі: Ассалаумағалейкум ағалар. Наурыз мерекелеріңізбен апайлар.

(иіліп сәлем береді)

Қонақтар: Амандасады, құттықтау сөз сөйлейді.

( сахнадан кетеді)

8 «а» сынып оқушысы:

Ата ауылдың алты ауызы болушы еді.

Атасы: Е, неге болмасын. Олай болса ауылдың алты ауызын айтуға Арайлым мен Алтынай «Белес » әнімен, Злата қызымызды «Әжемнің шайы» әнімен шақырайық.

Тазша бала:

Ал, қонақтардан қонақ кәде сұраймыз.

7 «а» сынып оқушысы:

Біз де қарап қалмаймыз. Қонақкәдеге көшеміздің әжелерінің наурызға дайындап келген әнін тарту етеміз.

Ән « Қазақтың дастарханы »

6 «а» сынып оқушысы:

Шіркін-ай, бір күнгі татулыққа не жетсін! Жүріңдер, көрші үйге барып сәлемдесіп шығалық.

Барлығы: Дұрыс-ақ, жүріңіздер.

( барлығы сахнадан шығып кетеді)

2-жүргізуші (Гүлмайра):

Жарасады міне енді,

Нағыз тойдан қашпасақ.

Таласады кім енді

Өлең-жырдан бастасақ.

Қайғы-мұңды дәл бүгін

Сырып кейін тастасақ.

Кел, ортаға, би биле,

Тартынбашы, жас қазақ!

Уа, халайық, той басталды.

« Қош келдің, төрлет, Наурызым! » жыры айтылсын.

Ортаға Фатима, Дәуітқали, шығып ән орындайды.

1-жүргізуші (Марал):

Кәрі қыстың зәрі сынып,

Басылғанда дауылы сәл,

Отырғызған нәзік шыбық,

Сенің атың- Наурызтал.

Өзгертуге өте бейім

Ақ жұмыртқа, сары уыз хал.

Бесіктегі бөпедейін

Мәпелейін, Наурызтал.

Тамыр тартып, әуелей бер,

Мәуелей бер, Наурызтал.

Би:(қызметкерлер биі)

1-жүргізуші:

Салт-дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлаймыз тамаша

Қыздарыңыз Жолдыбай Гүлназдың орындауынды ән: «Мерекем»

2-жүргізуші( Гүлмайра): Қыдыр атаның бізге тастап кеткен сыйлығын алғыларың келе ме балалар? Олай болса қазір мен қойған сұрақтарға жауап беріп көріңдер. Дұрыс жауап берген оқушыға қазақша қоржын сыйға тартылады. (Залда микрафон ұстаған бір бала тұрады, жауап беруге оқталған оқушыға микрафон ұсынады)

  1. Наурыз туралы не білесіңдер?

Жауабы: Наурыз-парсы сөзі. Нау-жаңа, рыз-күн, «жаңа күн, жыл басы» дегенді білдіреді. Ал қазақшасы- Ұлыстың ұлы күні.

  1. Наурыз жыры деген не?

Жауабы: Нарыз мерекесінде айтылатын жыр, өлең, мадақтау, тілек, бата, әзіл. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

  1. Наурызда тілек қандай мақсатта, қай уақытта айтылады?

Жауабы: Наурыз тілек- достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандар мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйне кіріп дәм татады.

  1. «Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің?

Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Наурыздың алғашқы күні туылған төл Наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.

  1. «Наурызкөк» дегеніміз не?

Жауабы: Наурызкөк- наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурыз көгім келдің бе» деп шақырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.

  1. «Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің?

Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

  1. «Наурызшешек» дегеніміз не?

Жауабы: наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі –түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік. Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген. Сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.

2-жүргізуші:

Жер ананың тоң кеудесі жібіген,

Бүршіктенер бар тіршілік бүгіннен.

Наурыз айы туыпты,

Әне, Наурыз келеді.

Құлпырады ел енді.

Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас-кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз

Ұлтық биімен 4-сынып бишілер тобын қарсы алайық (оқушылар биі)

1-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көтем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Побединский Аркадий

Ән: «Қазақ осы»

1-жүргізуші:

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірін танысын деп жасып өткен.

Наурыз – сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты наурызы бар халқы неткен.

Наурыз құтты болсын!

«Наурыз көктем» әнімен ортада Алтынай мен Арайлым

1-жүргізуші:

Жақсылыққа қашанда,

Жан баласы тоймаған.

Жаңа жылдың басы деп

Жылда бізбен толаған

Тойын жасап ел енді

Қуанышқа бөленді

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса, наурыз, дәстүрлі!

2-жүргізуші:

Дендеріңіз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін.

Барлық халық бақытты болсын,

Еліміздің несібесі көп болсын.

Қош, сау болыңыздар, халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!


Ескерту:

Залға кірген көрерменге бәйшешектің суреті бар парақшалар таратылады және не үшін екені бірден айтылып кетеді. Залда 3 киіз үй тұрады. Соған мерекелік кешке қатысқан көрермендер қолдарындағы суретті қағазды салып кетеді.

Сары киіз үй- жақсы

Қызыл – орташа

Жасыл – өте жақсы



Автор
Дата добавления 07.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров100
Номер материала ДБ-014705
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх