Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс жұмыс "Озық ойлы - оқушы"(5 сынып)

Сыныптан тыс жұмыс "Озық ойлы - оқушы"(5 сынып)

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:



ЖББ №20 орта мектеп КММ







Тақырыбы:

«Озық ойлы - оқушы»

(сыныптан тыс жұмыс)









Математика пәнінің мұғалімі: Халабаева К.М.







2015-2016 оқу жылы



Сайыстың тақырыбы: «Озық ойлы- оқушы»

Сайыстың мақсаты:

1. Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.

2 Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды алғырлыққа, табандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Түрі: матеметикалық сайыс

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгінгі шәкірт- ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.» Білімді азамат – ел ертеңі» Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар. Бүгінгі сайысымызға 5-6– сынып оқушылары қатысады. Оқушыларды ортаға шақырамыз.Сайыстың жоспарымен таныстырайық.Сайыс алты бөлімнен тұрады.

1.«Қалауың білсін»

2.«Қателеспе»

3.«Ойлан»

4.«Тоқтама»

5.«Мақсатқа жет»

6.«Сыр сандық»

Әділ қазылар сайлаймыз.

5-6-сынып оқушыларын «Озық ойлы - оқушы» деп аталған сайысқа шақырамыз.





1-ші сайыс «Қалауың білсін»

Оқушылар тақтадағы тапсырманы таңдауы бойынша орындайды.Тақтада карточкалармен тапсырмалар ілініп тұрады.


3 кесіндіден құралған фигура (үшбұрыш)


Бір центнерде неше кг бар? (10 кг)


Ұзындық өлшем бірліктерін ата. (мм,см,м,км)


Ең кіші уақыт өлшем бірлігі (секунд)


5 ондық пен 5 бірліктің айырмасы (45)


Қазақстанда неше облыс бар? (14)


Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр.

Оның біреуі - екіншісінің әкесі де,

алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес.

Сонда кімі болғаны? (қызы)


Әдетте адамдар бас киімін

кімнің алдыңда шешеді? (шаштараздың)

Сол жақтан оқысан да,

оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы? (қырық)


5 қайыңда 5 алмадан өсіп тұр.

Әр қайыңда неше алмадан өсіп тұр? (қайыңда алма өспейді)



2-ші сайыс «Қателеспе»

Осы ойыннан кейін ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз.

Дұрыс жауап бес ұпай, толық болмаса үш ұпай беріледі, тәртіп бұзса екі ұпай кемітіледі.

1. Ең кіші үш таңбалы жай сан? (100)

2.195 саны 3-ке бөлінеді ма?(иә)

3.Екі жағы шектелген түзу (кесінді)

4. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір рет атап өтеді, бұл қай күн? (29 ақпан)

5. 5-6 сынып математика оқулығының авторы? ( Алдамуратова)

6.180 градусқа тең бұрыш (жазыңқы)

7.Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

8. Тік бұрыштан кіші бұрыш ? (сүйір бұрыш)

9.Жай сан мен құрама санның айырмашылығы не?

10.Шеңбер дегеніміз не?

3-сайыс «Ойлан»

Осы ойыннан кейін ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз.

Мақалды жалғастыр

1.Ердің екі сөйлегені (өлгені)

2. Екі тілді білген адам (екі адам)

3.Бір күндік жолға шықсаң (үш күндік азық ал)

4.Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім біл)

5.Жерді екі жыртқан (өнімді екі есе алады)

6. Жүзден біреу шешен (мыңнан біреу көсем)

7.Отыз тістен шыққан сөз ( отыз рулы елге тарайды)

8.Білгенің бір тоғыз (білмегенің тоқсан тоғыз)

4-сайыс «Тоқтама»

Осы ойыннан кейін ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз.

Сиқырлы квадрат (5 мин) жылдамдық пен дұрыс шешімі есептеледі

5-сайыс «Мақсатқа жет»

Осы ойыннан кейін ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз.

1.Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпте, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі – берлі тасып әлек. Бұл не? (дәптер)

2.Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын. Бірақ, кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп ата-аналарына сатып алғызады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданылады. Бұл не? (компьютер)

3. Бүлдіршіндер сұрағы: «Бұл – басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура.
Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста, техникада, т.б. салаларда. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге болады.Онда ол «құтқарушы» деп аталады. Бұл не?» (шеңбер)

6-сайыс «Сыр сандық»
Математиканың пайдасы мен зияны туралы айту (толық жауап 10 ұпай)

(5 мин)
Қорытынды:

Әділқазыларға сөз береміз,ойын жеңімпазын анықтаймыз.

Келіп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет!



Жұмбақтар

1.Ежелгі Римдіктер бір санды ұмытып кеткен ол қай сан? (нөл саны)

2.64 бөлмеде 32 тұрғын бар,

Ақ ,қара ғып бөлгенде

Бірін –бірі қуғындар

Ханы үшін де,жаны үшін де

Бермейді олар намысын (шахмат)

3.Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,бір жағы қара бұл не? (жыл,ай,тәулік,күн мен түн)

4. Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.      (Қол)
 
5.Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.        (Қарындаш)
 











Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров206
Номер материала ДВ-197107
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх