Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСыныптан тыс жұмыс. Сайыс сабақ. Қазақстан рәміздері

Сыныптан тыс жұмыс. Сайыс сабақ. Қазақстан рәміздері

Скачать материал

Күні :                 04.06.2015ж

Тақырыбы :     Қазақстан рәміздері

          Дайындық кезеңі: Лагерь оқушыларына   Қазақстан рәміздеріне байланысты шығарма, өлең жазып келу тапсырылады. Шара барысында осы шығармалардан үзінділер оқылады.

      Турнирдің шарты: Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Жарыс үш турдан тұрады: І.Елтаңба ІІ. Жалау. ІІІ. Әнұран

Сабақтың түрі :  Сайыс   сабақ

Көрнекіліктер :  мемлекеттік туымыз , шарлар, тақырып, карта

Әрбір қатысушы білімінің жетіктігімен өз тобымен де, сондай-ақ жеке дара да жеңіске жете алады. Әрбір топ ойынның ережесін бұзбаса, көрермендер көмегін пайдаланбаса және шығармашылық жұмыстарды ұйымшылдықпен, ынтымақпен орындаса жеңіске жетеді.

Жүргізуші
Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ - қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік.
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беруге әділқазылар алқасын сайлаймыз.
Сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырамыз

 

1 .Лагеріміздің директоры :  Қашқарова Гаухар

2. Үйірме жетекшісі : Смайлова Фариза

 

Топтарды бір - бірімен табыстыру.
Айдар таққан атауларын қорғайтындай
Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру. Сайысымыздың  «Таныстыру» кезеңіне берсек

Әр топ өздерін таныстырады

Топтың аты:  Бірлік
Ұраны:  Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үші

 

Топтың аты-Бүркіттер.
Ұраны : Бүркіт көкке самғайды,
               Зеңгір көкті қорғайды,
               Әрқашанда бүркіттей,
                Біздің топта самғайды

Топтың аты - Ана тілі

Ұраны: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем

               Сен аркылы тіршілікпен тілдесем
            Ел бетніне калай түзу караймын
             Ана тілім! Егер сені білмесем

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Жүргізуші :   «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті.  Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.  Сонымен, бүгін өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық ғасырынан, сонау алғашқы адамзат пайда болған ерте кездерге ауысамыз да, мемлекеттік рәміздер туралы білімімізді сарапқа саламыз.

І тур

  • Елтаңба дегеніміз не?

Негізі «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» –мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі.

  • Геральдика (елтаңбатану) және вексилология (тутану) атты ғылым салалары өмірге келгелі бірнеше ғасыр өтті. Бұл жөнінде алғашқы кітаптар ХVІ ғасырда-ақ белгілі болған. Француз тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені үңгіп жазған үлкен еңбегі үшін елтаңбатану ілімінің атасы атанды.
  • Алғашқы елтаңбалар қашан пайда болған?

Алғашқы нышандарға жататын тотемдік белгілер әлемнің барлық халықтары арасында кең тараған. Негізінен жануарлар бейнесі кескінделген бұл тұмаршалар белгілі бір рулар мен тайпалардың ортақ рәмізіне айналды. Олардың қай қоғамдастыққа жататынын сол тұмаршаларға қарап ажырататын болды. Кейінірек көсемдер мен рубасыларының билік белгілері ретінде бір уыс шөп, жапырақ, құстың қауырсын қанаты, айрықша әшекейлеп жасалған бас киім және басқа нышандар пайдаланылды. Олардың орнын найза, әшекейлі бақандар мен түрлі темір салпыншақтар басты.

дегенді білдіреді.

  • Қазақстан жерінде қолданылған қандай елтаңбалардың түрлерін білесің?

Елтаңбалардың дамуы, жетілуі, әртүрлілігі кезеңдерге байланысты. Елтаңбалар 6 түрге, яғни 6 деңгейге бөлінеді.

Алғашқы әлеуметтік, рәміздік (рулық таңбалар), мөрлер, әулеттік, қалалар мен аумақтық және ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбалар.

  • Кеңес Үкіметі тұсындағы Қазақстан елтаңбасы туралы не білесің?

Жетпіс жылдан астам уақыт бойы желбіреген қызыл тудың мемлекеттік нышанға айналуы ресми түрде 1918 жылдары қабылданған.           Бидай масақтарымен көмкерілген орақ-балғалы қызыл жұлдызды Қазақстанның елтаңбасы пайда  болған. Онда қазақша жазылып, орыс тіліндегі нұсқаларын қайталаған «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!». «ҚКСР» деген қазақша қарыптардан басқа, республика ерекшелігіне мегзейтін ешқандай белгі болмаған.

  • Елтаңба құрылымы неден тұрады?

Елтаңба негізінен жайма тақта (қалқан) және оның айналасындағы кескін, бейнелеулерден тұрады.Елтаңбаның негізі батырлардың қалқандарының көшірмесі ретінде ашылған.

тербеле береді деген ұғым бар.

  • Қазақстан елтаңбасындағы бесбұрышты жұлдыз нені білдіреді?

Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бесбұрышты жұлдыз.

  • Бесбұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де қолданылған. Аспан денелерін, әсіресе, Күн мен Айды, одан кейін жұлдыздарды кие тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын да арқалап тұр ол.

          Жүргізуші: Бірінші турдың шығармашылық тапсырмасы төмендегідей: өздерің ойларыңнан кез-келген елтаңбаның суретін салыңдар. Негізгі шарт- бұл елтаңба ерекше, таңқаларлық болу керек.

   -(Екі топ өздерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстырады)

   - (Шығармалардан үзінділер орындалады)

 ІІ тур

  • Ту деген не?

Ту («флаг» нидерл.) ағаш сапқа немесе бауға ілінген белгілі бір түсі, көбіне эмблемасы бар мата.

  • Мемлекеттік ту дегеніміз не?

Мемлекеттік ту- елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышан.

  • Тудың сипаттамасы қайда тіркеледі?

Мемлекеттік тудың негізгі сипаттамасы Конституция бойынша бекітіліп, тіркеледі.

            Мұрағатшы: Мемлекеттік тудың негізгі элементі оның түсі екендігі де дау тудырмаса керек. Ең көп тараған деректер бойынша, мысалы, қызыл ту ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру және шу шығару деген ұғымдарды береді. Ақ ту-бейбіт ниет, жауға қарсыласпай берілу, қара ту-қайғы, жоқтау және қарсылық білдіру белгісі деп саналады. Түстердің діни мағыналары да бар. Ақты-христиандар, жасылды мұсылмандар, сарғыш қызылды буддаға табынушылар қасиет тұтады.

  • Қазақстан туының көк түске боялу себебі?

Танымдық тұрғыдан алғанда, қызыл-оттың, жылу мен қанның, жасыл-шөптің, өсімдіктің, қара-жердің, суықтың, қараңғылықтың, ақ-судың белгісі болып саналса, зеңгір көк-аспанның, ауа мен құрлықтың белгісіне баланады.

  • Қазақ жерінде ту қашан пайда болды?

Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге дейін жеткен Мөде, Бумын және Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған баһадүрлеріміздің қай-қайсысының да өз байрағы болғаны мәлім. Байрақтың түсіне келер болсақ, «Көк асаба» аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтарының түп атасы кие тұтқан Көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары-көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған.

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының ресми анықтамасы?

Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек-сондай айтары мол астарлы айшықтар. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Оған қоса, Туды сабының тұсынан ұлттық өрнек  нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түсті болуы керек. Тудың ені мен ұзындығының бір-біріне қатынасы ½ бөлшегімен өрнектеледі. Яғни, ені-1,5 метр болса, ұзындығы 3 метр болады

 (Шығармалардан үзінділер оқылады)

 

              ІІІ тур

  • Әнұран дегеніміз не?
  • Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos — мадақтау ән) — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Әнұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек.

 

  • Қазақ халқының сөзі жоқ мемлекеттік әнұран міндетін атқарып келе жатқан музыкалық шығарма?

Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі ғасырдан астам уақыт бойы халқымыз үшін сөзі жоқ, тек әуеннен тұратын ұлттық рәміз міндетін атқарып келеді

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.

 Сөзін жазғандар кімдер ?

 Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.[2]

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Думанды бастады,

Далама қарашы.

Кең екен жер деген,

Жерге дән шықты ғой.

Дән егіп, терлеген,

Қазағым мықты ғой.

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін елім,

Туған жерім менің-Қазақстаным!

  Шығармашылық тапсырма: Әрбір топ  өздерінің рәміздерін ойлап табулары керек. Негізгі шарты: Ол ерекше, таңқаларлық болуы керек. Жәнеде міндетті түрде Қазақстанмен байланысуы шарт.Жүргізуші турнирдің қорытындысын шығарады, жеңімпаздар марапатталады)

 

 

 

        

             Орындаған :  "  Балдырған"   тобының  тәрбиешісі : Мамбетиярова  Бақыткүл

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс. Сайыс сабақ. Қазақстан рәміздері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 2775
    • DOCX 27.2 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамбетиярова Бакыткул Уристемкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 9568
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 718 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек