Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сыныптан тыс жұмыс "Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік"

Сыныптан тыс жұмыс "Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
1. Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)

М - мейірімді

Ұ - ұлағатты

Ғ - ғазиз

А - ақылшы

Л - лайықты

І - іскер

М - маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)

І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

1 - жүргізуші:

Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!





2 - жүргізуші:

--------------, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

1 - жүргізуші:

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп басшысы Ермахан Аралбай ағайды және оқу ісі меңгерушісі Құрманбаева Бақыт апайды шақырамыз!

2-жүргізуші : Рахмет апай мерекеңіз құтты болсын !

«Ұстазым менің ұстазым» әнін қабыл алыңыздар

Флешмоб биі 7-8-9сыныптар

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың ----------.

«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Иә, ------------------.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.



І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектептің тәрбие ісі меңгерушісі Сара апайға береміз

ІІ жүргізуші: Рахмет апай

Би: Қазақ биі 7 –сынып қыздары қарсы алыңыздар

І жүргізуші:

Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” - деген Бауыржан Момышұлы

Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар!

Би 7- сынып қыздары

2 - жүргізуші:

Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1 - жүргізуші: ----------, мен саған жұмбақ жасырайын? Шешіп көрші

2 - жүргізуші: Жарайды жасырып көр, кәне

1 - жүргізуші: Жылдың ең қысқа күндері.

2 - жүргізуші: Каникул

1 - жүргізуші: Оқушылардың үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиясы

2 - жүргізуші: Күнделік.

1 - жүргізуші: Бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

2 - жүргізуші: Дос

1 - жүргізуші: Үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

2 - жүргізуші: Сабақ

1 - жүргізуші: Әжеме айтатын басты сылтауым.

2 - жүргізуші: Спорт секциясы

1 - жүргізуші: Қыздардың негізгі қаруы.

2 - жүргізуші:“Апайға айтам”

2 - жүргізуші: Әрине бұның бәрі әзіл.

Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

2 - жүргізуші:

Иə, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметті ұстаздар сіздердітағы бір мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Көрініс ----------------

1 - жүргізуші:

Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1 - жүргізуші:

Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол - ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 - қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 - қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 - қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

Би Флешмоб 7-8-9 сынып оқушылары

Ойын --------------------------

1 - жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы - алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір - түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау - саламатта болайық.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров20
Номер материала ДБ-318577
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх