Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Бала сұлтан" (2 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Бала сұлтан" (2 сынып)

библиотека
материалов

Бала сұлтан

Құрметті қонақтар!

Бүгінгі ашық тәрбие сағаты «Ұлы Жеңістің 68 жылдығына» арналған «Бала сұлтан» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Менің көмекшілерім 1-жүргізуші Пирназарова Дана мен 2-жүргізуші Арыстанбекова Айнұр.

1-жүргізуші: «Әлем аруы», «Азия аруы», «Қазақтың аруы» тағы басқа әр түрлі сайыстардың дағдыға айналуы өте қуанарлық нәрсе.Бұл сайыстардың мақсаты қазақ қыздарына тән қадірлі қасиеттер; әдептілік,ізеттілік, сыпайылық,ұстамдылық пен инабаттылықты дәріптеу, жастарға үлгі –өнеге ету еді.Ал,бүгінгі кезек жігіттерімізге берілгелі отыр.

2-жүргізуші:Сыналар, ер жігіттер,келді кезің,

Сәулең болса,бермен кел,талапты ерің.

Жан құмары дүниеде немене екен

Соны білсең,әрнені білдіргенің-деп ұлы Абай атамыз айтқандай,

бүгінгі «Бала сұлтанына» қатысқалы отырған жігіттеріміз әдеп-ғұрып төңірегіндегі біліктілік,ақыл-парасаттылық,өнер-жігерлік пен батырлық саласында күш сынасып,тапқырлық көрсетуі керек және де ана тілін қастерлейтінін байқау.

1-жүргізуші:Орысты да,татарды да туыс ет,

Жұрттың саған болмасыншы бірі шет.

Ұлы Абайдың уланбасаң жырына

Онда қазақ болмағаның інішек.

Болашаққа батыр керек сенімді,

Көгертетін көсегеңді,жеріңді

Тілді ұмытсаң ,ұқпағаның еліңді,

Тілді ұқпасаң,ұқпағаның анаңды.-деген ақын Тұманбай Молдағалиевтың бұл шумақтары сайыскер жігіттерімізге арналады.

2-жүргізуші: Ал, енді мейрамның қонақтары!

Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдерімен таныстырып өтейік:

1-жүргізуші:1-ші кезең «Таныстыру» Жігіттер өздерін таныстырады.

2-жүргізуші:2-ші кезең жігіттеріміздің білімділігін байқау. «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап.

1-жүргізуші:3-ші кезен «Атадан қалған асыл сөз» яғни, мақал-мәтел сайысы

2-жүргізуші:4-ші кезең «Қазақтың тыйым сөзі»

1-жүргізуші:5-ші кезең «Күш сынасу»

2-жүргізуші:6-ші кезең жігіттеріміздің байқампаздығын анықтау ойын-сайысы

1-жүргізуші:7-ші кезең «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету.

2-жүргізуші: Құрметті достар! Сайысты сарапқа салып бағалау ұшін, әділ-қазы алқасымен таныстырайын.

1-жүргізуші:Абдубайтова Фарида апай тәрбие ісінің орынбасары

Ембергенова Балжан апай бастауыш сынып мұғалімі

2-жүргізуші:Болатбекова Салтанат апай кітапхана меңгерушісі

Күзербаева Эльмира апай өзін өзі тану пәнінің мұғалімі

1-жүргізуші:Ал,енді сахна төріне сұлу да сымбатты,сыпайы да ұстамды,өрелі де өнерлі жігіттерімізді шақырамыз.

2-жүргізуші:Көрсең біздің Алматты,

Спортшы өзі жан-жақты.

«Гол соғам» деп қуалар,

Жел айдаған қаңбақты-деп 1-ші нөмірлі Куантай Алматты ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:Назарбай әнші жезтаңдай,

Ортаға шығар жасқанбай

Тыңдайды жұрт ынтығып,

Құмары қанып,ес қалмай- деп ортаға 2-ші нөмірлі Джолдасбаев Назарбайды шақырамыз.

2-жүргізуші: Біздің Арман інісін,

Тым жақсы көреді.

Күн сайын есебін,

Шығарып береді-деп ортаға 3-ші нөмірлі Сейтназар Арманды шақырамыз.

1-жүргізуші:Бағалауда әр рет,

Талайдан озды Ғалымжан.

Ретті,таза ,қадірлеп

Ұстайды кітап,дәптерді-деп ортаға 4-ші нөмірлі Маденбай Ғалымжанды шақырамыз.


2-жүргізуші: Қазақ елін тәуелсіз боп танылған,

Бақыт құсы ұшпаса екен бағымнан.

Көрерменге көрсететін өнерін,

Сайыскердің бірі ортада Абылайхан –деп ортаға 5-ші нөмірлі Доксабинов Абылайханды шақырамыз.

1-жүргізуші: Асылбек үйінің,

Үлкені перзенттің

Сабақтан кейде «5» алып

Қуандырып жүреді-деп ортаға 6-шы нөмірлі Асан Асылбекті шақырамыз.

2-жүргізуші: Су да құйып көшетке,

Жем де берер көжекке

Анвар біздің елгезек,

Жарағалы әжетке.-деп ортаға 7-ші нөмірлі Араббаев Анварды шақырамыз.

1-жүргізуші:Бірінші партада отырып ап,

Тынышсыз еді бұл бала.

Сабақты жаһқсы оқиды,

Дауранбек деген ұл бала.-деп ортаға 8-ші нөмірлі Азатбаев Дауранбекті шақырамыз.

2-жүргізуші: Жолдарың болсын!Сәт-сапар жігіттер!

1-жүргізуші:Сайысымыздың 1-ші кезеңі Таныстыру

1-ші нөмірлі Куантай Алматтың таныстыруы:

Бас иіп сәлем берем баршаңызға,

Бас ию ежелден болған халқымызда .

Куантай Алмат мен боламын,

Руым Есенгелді, шыққанбыз кіші жүзден.

Әрқашан әділдікке басымды ием,

Бәйтерегім саялы Галия анам.

Алтынбек асқар тауым,аяулы әкем,

Қатысамын «Жігіттер сұлтаны» байқауына.

2-ші нөмірлі Джолдасбаев Назарбайдың таныстыруы:

Ізетпен сәлемдесу адамдыққа бастайды,

Жаратқан ұрпағының адал ісін қостайды.

Басымды иіп сәлем бердім бәріңе,

Әділ қазы шын жүйріктің бұл бәйгеде растайды.

Джолдасбаев Назарбай мен боламын,

Жарық күнде сәуле қуған мен балаң.

Ұстаздарым үмітіңді ақтармын,

Сіздерге де көкте өшпес жол салам.

3-ші нөмірлі Сейтназар Арманның таныстыруы:

Сейтназар Арман мен боламын,

Биыл мен тоғыз жасқа толамын.

Әкем Жаңабай мен шешем Еркінайдың,

Сүйікті ұлы болу бір қалауым.

Бұл сайысты көптен мен күткен едім,

Қырдың қызғалдағы мен көктеммін.

Мақсатым биіктен көріну

Мен сол үшін маңдай терін төкекенмін.

4-ші нөмірлі Маденбай Ғалымжанның таныстыруы:

Ассалаумағалейкум,дана халқым!

Құрметтеген халқымның ата салтын.

Ізетпенен бас иіп сәлем берем,

Тілеймін болсын мәңгі жүзің жарқын.

Таныстырып кетейін мен өзімді,

Тыңда халқым құлақ сал сөзімді.

Қанатұлы Ғалымжан мен боламын,

Болсам деймін нағыз жігіт қиындыққа төзімді.

5-ші нөмірлі Доксабинов Абылайханның таныстыруы:

Таныстырып өтейін мен өзімді,

Құлақ салып тыңдаңыздар сөзімді.

Мен боламын Өмірбекұлы Абылаймын,

Топқа түсіп бағым сынар, төзімді.

Білім нәрін тамызуда ұстаздар,

Ұстаз ұлы, ұстазымда ұстам бар.

6-шы нөмірлі Асан Асылбектің таныстыруы:

Жігіт сұлтаны сайысына келіп тұрмын,

Бойымда бар өнерді беріп тұрмын.

Ассалаумағалейкум жиылған жұрт,

Көзіңнен қуанышты көріп тұрмын.

Атым менің Асылбек

Қойған болсын асыл деп.

Неге асыл болмасқа?

Шыққан тегім асыл тек.

Ел үмітін ақтаймын

Қарап тыныш жатпаймын.

Айгүл апайдың әр сөзін

Жүрегімде сақтаймын.

7-ші нөмірлі Араббаев Анвардың таныстыруы:

Ассалаумағалейкум халқым менің,

Амандасу сөз басы салтым менің.

Сәлем бердім қазылар алқасына

Әділ баға берсін деп баршасына.

Атым менің Анвар

Шыққан тегім тәжікті.

Айгүл апай үйреткен

42 әріпті.

Ұлтым басқа болса да,

Қазақ тілін оқимын.

Қазақтың салт –дәстүрін

Көкейіме тоқимын.

8-ші нөмірлі Азатбаев Дауранбектің таныстыруы:

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,

Бармысыздар аға-әпке,құрдастар

Жігіттің сұлтаны сайысына қатысқан жігіттердің,

Сөзіне құлақ салып тыңдаңыздар.

Қазақ батырларының жолын қудым,

Мәнін ұқтым қайсарлық пен батырлықтың.

Азатбаев Дауранбек мен боламын,

Алла бұйыртса ұстазымның төккен терін ақтармын.


2-жүргізуші:Қазылар алқасы ,таныстыру кезеңінің бағасын берсеңіздер.

1-жүргізуші: «Еңбек –ердің санаты,Білім-ердің қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу,ақылды жігіт ата-ананың жанып тұрған шырағы емес пе?Олай болса келесі кезеңіміз «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап. Кезекпен қоржыннан асық алыңдар .Нөмірленген асық бойынша конвертті алады Конверттің ішінде 2сұрақтан бар.Ойлануға 3 минут.Дайын жігіттер жауап берулеріңе болады.

1 сұрақ:1.Ы.Алтынсариннің «Кел,балалар,оқылық»өлеңінің бір шумағын жатқа айт.2.1 км-де неше метр бар?

2 сұрақ: 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы,қай күні қабылданған? 2.1 жылда неше ай бар?

3 сұрақ: 1.Елтаңбаның авторы кім? 2.Зат есім деген не? Мысал келтір.

4 сұрақ: 1.Тудың авторы кім? 2.Неше тұс бар? Атьап шық.

5 сұрақ: 1.Гимннің сөзін кім жазған? 2.1 т-да неше кг бар?

6 сұрақ: 1.Гимннің сөзін кім жазған? 2.Еңбек туралы екі мақал-мәтел айт.

7 сұрақ: 1.Т.Әубәкіров ғарышқа қай жылы,қай айда ұшты?

2.Ауаның қасиеттерін ата.

8 сұрақ: 1.А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5асыл. 5дұшпанды атап шық.2.Тірі табиғатқа не жатады? Оларға не қажет?

2-жүргізуші:Қазылар алқасы,сұрақ-жауаптың бағасын берсеңіздер.

1-жүргізуші: Утепберген Динараның «Жеңіс күні» атты тақпағын қабыл алыңыздар.

(68 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

68жыл шуақты күн таратты әнін.

Елімде сонан бері 68рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Соғыста өлгендер тек оралмады.)

2-жүргізуші: «Атадан қалған асыл сөз» яғнй,мақал-мәтел сайысы.(жігіттер түгел шығып мақал-мәтел айтудан сайысады)

1-жүргізуші: Қазылар алқасы,мақал-мәтел сайысының бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Қазақтың тыйым сөзі,ұлттық тәрбие көзі»

.(жігіттер түгел шығып тыйым сөз айтудан сайысады)

1-жүргізуші: : Қазылар алқасы,тыйым сөз сайысының бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Күш сынысу» (күш сынасып болған соң)

1-жүргізуші: : Қазылар алқасы,күш сынасу сайысының бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші: Ер балалардың «Матростар биін» тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Жігіттеріміздің байқампаздығын анықтау сайысы. (табиғат құбылыстарының белгілерін көрсету)

2-жүргізуші: : Қазылар алқасы,байқампаздығын анықтау сайысының бағасын берсеңіздер.

1-жүргізуші: «Жігітке жетпіс өнер аз»-дейді халқымыз.Өнерпаз болсаң-өр бол!Яғни,өнерлі болсаң таланты,мәртебең биік болсын деген ұғым бұл.

2-жүргізуші:Дауысың қандай сырлы еді.

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан,

Өнеріңді кәне,бүгін көрсетші-деп ,ең соңғы сайысымыз «Өз өнерлерін көрсету» сайысы.Ал,жігіттер, кезекпен өнерлеріңді көрсетіңдер.

1-жүргізуші:1-ші нөмірлі Куантай Алматтың «Анадай асыл мектебім»атты әнін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:2-ші нөмірлі Джолдасбаев Назарбайдың «Солдат болам мен ертең» әнін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:3-ші нөмірлі Сейтназар Арманның «Астана»өлеңін тамашалаңыздар

2-жүргізуші:4-ші нөмірлі Маденбай Ғалымжанның «Тамашадан үзіндіні» тамашалаңыздар

1-жүргізуші:5-ші нөмірлі Доксабинов Абылайханның «Атамекен» әнін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:6-шы нөмірлі Асан Асылбектің «Отан туралы» өлеңін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:7-ші нөмірлі Араббаев Анвардың «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:8-ші нөмірлі Азатбаев Дауранбектің «Туған өлкем» өлеңін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Құлақтың құрышын қандырып,жүрегімізді әнмен,бимен тербеген өнерлі жігіттеріміздің бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші:Құрметті қонақтар! Қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша кезекті Жакупова Мерейлінің «Жеңіс кілті»атты тақпағын тамашалаңыздар.

(Жеңіске жеткізеді батырлық жол,

Түсу үшінол жолға тұрақты бол.

Темір тәртіп,жалынды жігер керек,

Батырлықтың бұлжымас тірегі ол.

Қауіп төнсе жұлқысып аянбай өл,

Достарым,осы сөзге көңіліңді бөл.

Жалынсаң да аямас,жау өлтірер,-

Ондай жанның бағасы болады нөл)

1-жүргізуші:Келді бүгін ұлдарымыз байқауға,

Сыналып,үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы орында,

Берер деп әділқазы әділ баға,-деп жеңімпаздарды атау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.(әділқазы сөз сөйлеп болған соң,сайыскерлерді марапаттау)

Мұғалімнің сөзі: Осымен «Жеңістің 68 жылдығына» арналған ашық тәрбие сағаты аяқталды.Қош,сау,болыңыздар.



ОҚО Мақтарал ауданы Игілік ауылы

«Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров174
Номер материала ДВ-284289
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх