Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: "Елім менің"

Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: "Елім менің"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Елім менің».

Мақсаты:

Білімділігі:қазақ халқының тілі,салт-дәстүрі, ұлы тұлғалар туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылығы:Сөздік қорларын,тіл байлығын арттыру, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрету есте сақтау қабілетін дамыту,білімге деген құштарлығын арттыру;

Тәрбиелігі:топтасып жұмыс істеуге, жауапкершілікке, білімділікке, әдепті сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бөлме суреттер,шарлармен, «Елім менің»думанының нышандарымен безендірілген.

. C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\151.JPG hello_html_1c7ffe7d.png

Қатысушылар: 4 «сылақшы»топ оқушылары.

І.Ұйымдастыру:

Екі топ шығып,өз топтарының атын айтады


C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\104.JPG



Ойын шарттары:

1. айналым: «Сурет-сұрақ»

2. айналым: «Фразеологиялық сөз тіркестердің мағынасын табу».

3. айналым: «Әйгілі есімдер».

4. айналым: «Сөз мерген».

5. айналым: «Сұрақ -жауап».

6айналым: «Сөз құрастыру».

Құрметті ынталы оқушылар, ұлағатты ұстаздар, қадірменді қонақтар сіздерді бүгінгі «Елім менің» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер демекпін.

Барлық оқушыларды тәрбие сағатымызға бір кісідей жұмылып, атсалысып отыруға шақырамын. Ойын болған соң ,әділқазы алқасын таныстырамын.

C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\110.JPG

Арма,құрметті көрермен! Топтарымыз өздері қойған атарын айтсын.Сонымен «Бостандық» , «Сұңқар» топ атты

C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\107.JPG
C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\108.JPG


Олай болса ойынымызды бастайық.Ойын 6 айналымнан тұрады.

Әр айналым біткен соң өлең ойналады,бірігіп айту ұсынылады.

Осы жерде «Атамекен» әні орындалады.

1айналым.

Сурет-сұрақ(кино кейіпкерлері).

Асанәлі Әшімов, Нұрмахан Жантөрин, Әмина Өмірзақова, Шакен Айманов, Қуандық Қыстақбаев, Меруерт Утекешова мен Құман Тастанбеков.


C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\112.JPG



2айналым «Фразеологиялық сөз тіркестерін мағынасын табу»

1 топқа сұрақ

1.Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау.

2.Жағасын ұстау – таңдану.

3.Жағы сембеді (тынбады) – көп сөйлейді.

4.Жағына пышақ жанығандай – арық

5.Жайдың атқан тасындай – арық.

6.Кірпік қаққанша – тез

7.Қабырғамен кеңесті – жақын кісілерімен ақылдасты, өз-өзімен ойласты.

8.Қаймағы бұзылмау – бірлігі бұзылмау.

9.Қой үстінде бозторғай жұмыртқалау – тыныштық заман орнау.

10.Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз.

11.Жыл көрдің бе, ай көрдің бе – көп ұйықтағанды айтады.

12.Жылан жалағандай – түк қалдырмау.

13.Иненің жасуындай – азғантай.

14.Иненің көзінен өткендендей – пысық

15.Ит байласа тұрғысыз – адам тұрғысыз.

16.Ит басына іркіт төгілу – молшылық орнау.

17.Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу.

18.Қол жалғау – көмек беру.

19.Қу сирақ – қыдырымпаз.

20.Төбесі тесік – әр нарседен хабардар адам.

2 топқа сұрақ

1.Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру.

2. Жанды жегідей жеу – қиналу.

3.Жаны зәр түбіне жету – қорқу.

4.Жарғақ құлағы жастыққа тимеу- тыным таппау

5.Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі)-алыс

6.Кескен жерінен қан шықпас – қатал, ұятсыз адам.

7.Көз сүзү-телміру.

8.Көзге түртсе көргісіз – қараңғы.

9.Жер болу – ұялу.

10.Жетім қыздың тойындай – елеусіз.

11.Жұлдызы оңынан туу – жолы болу.

12.Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу.

13.Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу.

14.Жүрегінің түгі бар – батыр.

15.Жібі түзу- дұрыс адам.

16.Жігері құм болу – шаршау,тауы шағылу,жасып қалу.

17.Зәріне міну – қаһарлану.

18.Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр.

19.Құлаққа ұрған танадай – тып-тыныш.

20.Құралайды көзден атқан – мерген.

Әр топқа белгілі ақын сөздері оқылады сол сөзге кімге тиесілі екенін айтыңыздар,дұрыс жауапқа 2 ұпай қосылады.

1- Топқа.

Әйел алсаң,қарап ал ақылдысын,

ол сенің ақыреттік жақын кісің. (Шал ақын)

2- Топқа

Жасаулы деп,малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата-ананың қызынан қапы қалма.(Абай)

Ән ойнайды, оқушылар бірге айтады, «Дүнген қызы» әні.

3Айналым. «Әйгілі есімдер» қол көтеріп жауап беру. Екі топқа бірдей сұрақ, қай топ бірінші жауап берсе сол топ ұпай алады. 1.28қазан 1957ж,Семей облысы,Жарма ауданы,9айрықта туылған-Кеңес Одағы және Қазақстан эстрада әншісі, ұстаз, профессор.(Р.Рымбаева)

2.Әлемге әйгілі Кеңес және Ресей атыс қаруы конструкторы, Алтай өлкесі, Курье ауылында 1919ж 10 қазанда дүниеге келген.(Михаил Тимофеевич Калашников)

3.(1888-1934) қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыкант.Қазыргі Шығыс Қазақстан облысының, Абыралы ауданына қарасты, Дегелең тауының алабында туған.Шыққан тегі Орта жүз,Тарақты руы,1925ж Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде этнографиялық концертте «Ағаш аяқ», «Қанапия», Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан» тағы да басқа әндерді орындап,екінші орын алып, күміс медалін иемденеді.(Әміре қашаубаев)

4.Қазақ елін әлемге танытқан М.Әуезовтың шығармасы.(Абай жолы).


Құралай әні орындалады.


4Айналым: 2кезеңнен тұрады.

1. кезең «Сөз мерген». Әріптерді дұрыс айту, әр әріпті топтағы әр оқушы оңнан солға қарай кезегімен айтады;

1Топқа.

1-Ұшқыш, 2-моншақ, 3-баспалдақ, 4-бұрғылау, 5-тұсамыс, 6-жұмысшы.

2Топқа.

1-Құрылыс, 2-деңгейлік, 3-сәулетті, 4-қылқалам, 5-кемеңгер, 6-саңырауқұлақ.


2.кезең «Мақал- сөздің мәйегі» берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру.

1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?-(Жылы жылы сөйлесе,жылан інінен шығады.)

2.Инемен құдық қазуға бола ма?-(Білім инемен құдық қазғандай).

3.Аппақ қарға бола ма?-(Қарға баласын аппағым дейді).

4.Ең тәтті не?-(Ананың сүті,баланың тілі тәтті).

5.Қар жана ма?-(Қалауын тапса қар жанады).

6.Не оттан да ыстық?-(Отан оттан да ыстық).

7.Тауық түс көре ме?-(Тауықтың түсіне тары кіреді).

8.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?-(Шашу оңай, жинау қиын).

9.Білгенің қанша,білмегенің қанша?-(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз).

10.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?-(Көз қорқақ, қол батыр).

11.Отқа түсіп күймеуге бола ма?-(Отан үшін отқа түс, күймейсің).

12.Ер қаруы неше?- (Ер қаруы бес қару).

13. Боранды күні кім құтырады?- (Боранды күні ит пен бала құтырады).

14.Қонышты басуға бола ма?-(Қолыңнан келсе қоншынан бас)


«Көк өрік» халық әнін орындау.


5 .Айналым: «Сұрақ- жауап»2 кезеңнен тұрады.


C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\117.JPG


1Кезең. Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сұрақ-жауап. Бұл айналымда кеңесіп дұрыс жауапты табады, әр сұраққа 1ұпай беріледі.

1-топ сұрақтары.

1.Әлемдегі алтын қоры бойынша Қазақстан 10-ыншы орында дегенге сенесіз бе?(жоқ 6ыншы орында).

2.Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов 56 медаль иелегеніне сенесіз бе? (Ия, ол 28 мемлекетте күресіп тұңғыш кәсіпқой палуан атанған).

3.Қазақстанның жерінде пайдалы қазбалардың 6 мыңнан астам кен орны бар екеніне сенесіз бе?-(иә).

4.Алматы метрополитеннің ұзындығы 80км дегенге сенесіз бе?-(Жоқ оның ұзындығы 45км).

2Топ сұрақтары.

1.Қазақстан жерін 126-дан астам ұлт мекендейтіне сенесіз бе?-(иә)

2.Абай атамыздың туған жері Абай ауданында «Еуразияның кіндігі» деген белгі қойылғанына сенесіз бе?-(Иә).

3.Әлемнің екінші ұстазы Қазақстанда туған дегенге сенесіз бе?

(иә) Әбу-насыр Әл-Фарби

4. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтеректің» биіктігі 100 м. дегенге сенесіз бе? (жоқ) 97 метр

2 кезең. Қазақ халқының салт –дәстүріне байланысты сұрақтар: 2 ұпай

1-Топ

Ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, үзік жабар, бау-шу байлар, отау байғазысы кәделері алынады.

Толықтыру сұрағы беріледі ( Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі) Ол не?( қыз ұзату тойы)

2 –топ

Жаз тойы немесе мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той қалай аталады. Толықтыру сұрағы беріледі( Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын жекжаттар бір- бірін қымызға шақырады) (Қымызмұрындық)


(Шілдехана бесік той) әні орындалады.


6 айналым:

«Сөз құрастыру» Әр топ мүшелері 2 әріп жазылған ( кеудесіне ,арқасына) парақша ілінеді, сол бойынша оқушылар сұрақтың жауабын әріптер бойынша орын ауыстырып табуы керек.

1 ұпайдан беріледі

О/а, л/р, ы/а, б/ж

1 -топтың сұрағы

1. Бала тілі –бал

2. Ескі жара аузын тырнады

3. Бері тартса өгіз өледі

Әрі тартса арба сынады

4. Біреуге жала жаппа

5. Түс көрсең жақсыға жоры


а/т, с/қ, а/ы ,р/л

2- топтың сұрағы

1.Ақыл астан асыл тастан

2. Үлкен кісіні немесе атаны кім дейді - қарт

3. Көмірдің түсі қара

4. Астана әсем қала

5. Өзін-өзі тану пәні сабағының авторы Сара


C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\122.JPG C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\125.JPG


C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\127.JPG C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\120.JPG


Осымен, «Елім менің» атты ойынымыз мәресіне жетті. Ендігі сөзді әділқазылар мүшелеріне беремін. Ұпай санын анықтағанша «Туған жер» әнін бірігіп айтайық.

Қорытынды айтылады, оқушылар марапатталады.


C:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\147.JPGC:\Users\Ляззат\Pictures\2016-01-02\146.JPG

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров98
Номер материала ДВ-349043
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх