Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: "Әліппемен қоштасу" (1 сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: "Әліппемен қоштасу" (1 сынып)




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ











Сыныптан тыс жұмыс:



Қош бол,

сүйікті Әліппе!





















Музыка ойналып оқушылар ортаға шығады

Мұғалімнің сөзі:

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!

Бүгін сіздер бірінші сыныптың әліппемен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар.Осыдан үш ай бұрын қолдарына әліппе алып ,сауатын ашқан оқушылар бүгін сол әліппемен қоштасқалы отыр. Сендерге сәт сапар тілей отырып,білімнің алғашқы асуын аман-есен өтіп ,жоғары өрлей беріңдер демекпін. Ендеше ,Әліппе тойларың құтты болсын.

1-ші жүргізуші Ақерке

Армысыздар,жас достар!

Армысыздар,ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Балалар шықты ортаға.

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың

Басталады біздерден!

2-ші жүргізуші Әміре

Үйретіп алғаш бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы,мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Хор Ән:Мұғалім ол біздің

2.Мұғалім.Ал балалар,осы ертеңгіліміздің басты кейіпкері «Әліппе» досымызды ортаға шақырайық...

Хормен: Әліппе 3 рет

Әліппе: Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар.

Мерекелеріңіз құтты болсын!Бәріңізге зор денсауық тілеймін,

қымбатты оқушылар мені жақсы меңгердіңдер,таза ұстадыңдар,

өздерің оқи,жаза алатын болдыңдар.Сендер менімен ғана доста-

сып қойған жоқсыңдар,сонымен бірге матема-ка,дүниетану

оқулықтарымен де таныстыңдар.

2-ші оқушы Нұрғаным

Бар кітапқа бас болған

Әліппе –ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

3-ші оқушы Айсана

Бар білімнің бастауы,

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

4-оқушы. Диас

Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле,жарықпен.

5-оқушы Кәусар

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тоймадық.



Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмапты,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды,қолдайды.

6-оқушы Ақпейіл

Күндерге күн ұласты,

Жылжып-жылжып ой асты.

Ойдағыдай бітірем,

Мен бірінші сыныпты.

7-оқушы Жасын

Атам менің,апам да.

Шопан,ұшқын,ғалым да,

Небір мықты дарын да.

Тіл сындырып,әріпке

Ашқан алғаш әліппе.

8-оқушы Еркеназ

Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін ашып берді.

9-оқушы Саида

Әліппе данғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет ұстаз алғашқы.

Ән: Әліппе

10-оқушы Бағым

Жақсы кітап Әліппе,

Үйретеді әріпке.

Ана тілмен достастым,

Әліппемен қоштастым

1-ші жүргізуші: Ақерке

Айтпақшы Әміре жалқаубек қайда?

2-ші жүргізуші: Әміре

Ол ұйықтап жатыр ғой деймін,көрінбейді.

  1. ші жүргізуші: Ақерке

Балалар сендерде осы жалқаубектей боласыңдар ма?

-Балалар хормен жоқ- дейді.

Онда Жалқаубек биін тамашалайық

Би: Жалқаубек.

Орындайтындар: бишілер тобы.

2-жүргізуші: Әміре

-Ендігі әліппеден үйренген, білгенімізді ортаға салайық

1-ші жүргізуші: Ақерке

Салсақ,салайық.

2-ші жүргізуші: Әміре.

-Ендеше қазір «шешуін тап» ойынын ойнаймыз

Жұмбақтар жасыру:

1).Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.(Бор)

2).Алты қырлы,

Алтын сырлы (қарындаш)

3).Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

4).Үйреткен ілімді

Қырық екі білімді. (Алфабит)

5).Өшірді сүртті.

Өзгені құртты

Өзін де құртты (өшіргіш)

Ән:Сұр қоян

Орындайтындар:Ерасыл,Әміре,Ақерке,Ақпейіл,Саида.

II.Келесі ойынымыз «Орнын тап» ойыны

1).Суытты, күн,

Күн суытты.

2).Мұз,өзенге,қатты,қалың.

Өзенге қалың мұз қатты.

3).Балалар ,киінді,жылы.

Балалар жылы киінді.

4).Сырғанақ,олар,тепті.

Олар сырғанақ тепті.

5).Ауа,қажет,өте,адамға,таза.

Адамға таза ауа өте қажет.

III. тапсырма.

Суретпен жұмыс (Әңгіме құрау)

Ән:Біз өмірдің гүліміз.

Орындайтындар:Жасын,Іңкәр, Кәусар,Ақмарал,Ерен.


IV.Келесі ойынымыз буындар бойынша сөздер құрау

Та-за,қа-ла,тор-ғай,ор-ман,ша-ға-ла,ап-та,қо-нақ,ба-ла,са-ғат,не-ме-ре.

«Сергіту сәті»

12-оқушы Іңкәр

Алфавиттің «А» тұрады басында

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында

Байқадың ба?

«Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші.

13-оқушы Нұрғагым

А-деген ол – аналар ғой ардақты

Ә –деген ол-әкелер ғой салмақты

Б-деген ол-балалар ғой әдемі

Біздің үйде үшеуі де кәделі.

14-оқушы Бағым

Алшақ кетпей

Сондықтан да ,расында

Тұрады олар

Алфавиттің басында.

15-оқушы «Т» Ерасыл

Мен тиінмін,тиінмін,

Қысқа жылы киіндім,

Қоймам толы жаңғаққа.

Іші толы үйімнің.

16-оқушы «П» Ерен

Ата-анаңмен барып сен,

Пілді кқрдің парктен,

Осы атаулар,зер салшы

Басталған қайсы әріптен?

17-оқушы «Н» Диас

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы,

Қайсы әріптен басталған,

Соңғы әрпінде қарашы.

18-оқушы «Ғ» Еркеназ

Ұқсайды өзі шалғыға,

Елестет көз алдыңа.

Қане ойланып табайық,

Болды екен қайсы әріп?

19-оқушы «У» Жасын

Уықтардың барлығын

Уық қапқа сал күнім.

Уық қапқа салған соң,

Уыздан жеп ал, күнім!

20-оқушы «Ы» Кәусар

Кесе, шыны, пиала,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз.

Оның атын не дейміз?

12-оқушы «Е» Ақмарал

Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды,

Болса дағы сақалы.

Секеңдеуді қоймайды.

22-оқушы «Я» Саида

«Ұя» десе соңында

«Сия» десе соңында.

Тұратұғын қайқайып,

Айтыңдаршы қайсы ,әріп?

23-оқушы «Щ» Ақпейіл

Щетка,щетка,щеткалар,

Неше түрлі щетка бар.

Бірі шаңды қуады,

Бірді тісті жуады.

24-оқушы «І» Айсана

Ірімшікті жедің ғой,

«Тәтті екен» дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

Қайсы әріптен басталған.

25-оқушы «Д» Әміре

Добым ,добым,домалақ.

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың,

Тентек болып кеттің ғой,

Түрмын сені тепкім кеп.

26-оқушы «З» Айсана

«Қаздан» көре аласың,

«Қағаздан» да таба аласың

Байқамайсың анықтап

«Үш» екен деп қаласың.

Би:Вальс

Әліппе: Құрметті оқушылар,мен сендердің білімді,ынталы ақылды екендеріңе көзім жетті.Қоштасатын да уақыт келді.

27-оқушы Нұрғаным

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

28-оқушы Ерен

Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жақын емес алыс жол,

Тырысып бақ намысқа.


Қош бол, құтты әліппе!

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

29-оқушы Ақмарал Енді біз жаза аламыз,

Келгенде алғаш мектепке Әріпті қосып әріпке

Білмеуші едік.әріп те. Ырза боп саған жүреміз

Оқимыз қазір ертек те. Қош бол, сүйікті Әліппе!

Үйреттің оны әліппе.

Хормен: Қош бол,құтты Әліппе!

Сізге бізден мың алғыс!

Ән:Қошақаным.

Орындайтындар:Бағым,Нұрғаным,Айсана,Диас,Еркеназ.

1-жүргізуші: Ақерке

Ендігі кезекті ата-аналарымызбен «жалғасын тап» ойынына берейік.

Қазір мақалды оқимыз,жалғасын сіздер табасыздар.

1.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей елболмас.

2.Бірлік болмай,тірлік болмас.

3.Ана алдында – құрмет

Ата алдында – қызмет.

4.Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.

5. Сыйласаң сыйлы боларсың.

6. Көпті сыйлағаның-өзіңді сыйлағаның.

7. Жері байдың-елі бай.

8.Өз елің – алтын бесік.

9.Күшіңе сенбе-ісіңе сен.

10.Өнерлінің қолы алтын.

Өлеңшінің сөзі алтын.

11.Көлдің көркі-құрақ

Таудың көркі-бұлақ.

12.Ағаш тамырымен мықты,

Адам досымен мықты.

2-Жүргізуші:Ендігі кезекті әнге берейік.

Ән:Етікші атам

Орындайтындар:Ұлдар тобы.

1-жүргізуші:Енді ортаға Ана тілін шақырайық.

Хош келдіңіз Ана тілі.!

Ана тілі: Ақыл ойы дананың,

Ана тілі боламын,

Ана тілін ардақтап,

Ақ сүтіндей анамыз

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде,

Мейірімі мол балаға,

Барлық,барлық балаға.

Мен әліппеден оқып білгеніңді ары-қарай жалғастырамын.Бәрің өнерлі,білімді шәкірт екенсіңдер.Мені де осылай оқыңдар.

30-оқушы. Ақмарал

Ана-тілі біздің туған анамыз.

Анамыздай сыйлап,бағып аламыз.

Ана-тілін сүйеміз.

Басымызды иеміз

Ақерке Енді ана-тілі апайымызға арнап ән жолдаймыз

Ән:Ақ әжем

Орындайтындар:Қыздар тобы.

2-жүргізуші: Әміре

Жамандықтан сақтандырған.

Жақсы істі мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды.

Билерімен шаттандырған.

1-жүргізуші. Ақерке

Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп ертеңгілік соңында.

Ақтілекпен ата айтар ақ тілек.

Енді Бата алу үшін Сайда мен Диастың атасына сөз кезегін береміз.


Бата беру.

Бүгінгі кешіміз аяқталды қош сау болыңыздар.
























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-061632
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>