Инфоурок Математика КонспектыСыныптан тыс жұмыс "Тапқырлар"

Сыныптан тыс жұмыс "Тапқырлар"

Скачать материал

Тақырыбы: «Тапқырлар»

Мақсаты: а) білімділігі: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін пысықтау, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту;

ә) дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру;

б) тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшандыққа, ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Түрі: математикалық сайыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, шарлар, қалақшалар, топтардың аты жазылған қалақшалар.

Жүрісі: І Таныстыру (топтар өздерін таныстырады)

ІІ «Ұпай жинау» (әр топқа 10 сұрақтан оқылады)

ІІІ «Мен саған, сен маған» (логикалық сұрақтар)

ІҮ «Геометрия әлемінде» (Берілген әріптен басталатын сұраққа жауап беру)

Ү «Нар тәуекел» (берілген сөзді көрерменге тұспалдап жеткізу)

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ойынға қатынасушылар, және көрермендер! «Математика – ғажайып әлем» атты математика апталығының қорытынды кеші 9 – 10 сыныптар арасында өткелі отырған «Тапқырлар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Математика – толған тәртіп, мағына мен мәні бар,

Математика – таң-тамаша, заңдылық пен сәні бар.

Математика – толып жатқан терең сыр,

Шексіз, шексіз дариядай мөп – мөлдір

дей келе бүгінгі сайысымызға қатынасушы топтармен таныстырып өтейін:

1. Талант 2.Тапқырлар 3.Жалын

Енді осы сайыскерлерімізге төрелік ететін әділ қазылармен таныстырып өтейін:

Әділ қазылар алқасының төреайымы: оқу ісінің меңгерушісі Д. Әділ

Мүшелері: Математика пәні мұғалімі А. Сүгірова

Бейіндік бағыттағы оқу ісінің меңгерушісі: Ф. Жұмабаева

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді.

Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт – сапар тілейік.

Алғашқы бөлім «Таныстыру» бұл бөлімде топтар өздерін таныстырып өтеді. Таныстыру бөлімінің ұпайы 5 – 10 ұпай аралығында.

Жүргізуші: Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,

Ойларыңды ептілікке ораңдар

Бір сұраққа тереңірек мән беріп,

Ең шешендер ой толғайды жараңдар! дей келе келесі бліміміз «Ұпай жинау» деп аталады. Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан оқылады әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

ІІ тур сұрақтары:

1

  1. Қосудың мәні (қосынды)

  2. Қанша цифр білесіз? (он)

  3. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

  4. Бұрышты өлшеу құралы? (транспортир)

  5. Метрде неше сантиметр бар? (100)

  6. Минутта қанша секунд бар? (60)

  7. Бөлудің нәтижесі? (бөлінді)

  8. Бір ғасырда неше жыл бар? (100)

  9. Милли санының жазылуында неше нөл бар? (6)

  10. Тік бұрыштың өлшемі? (900)

2

  1. Қай кезде көбейтінді нөлге тең болады? (көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса)

  2. Шеңбердің радиусы 6см. Диаметрі қанша? (12см)

  3. 20 мин сағатты қандай бөлігі? (1/3)

  4. Азайтудың мәні? (айырма)

  5. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)

  6. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

  7. Шеңбер салуға арналған құрал? (циркуль)

  8. 1 кг-да қанша гр бар? (1000)

  9. Сағатта қанша минут бар? (60)

  10. Жазыңқы бұрыштың өлшемі? (1800)

3

  1. Тәулікте қанша сағат бар? (24)

  2. Көбейтудің нәтижесі? (көбейтінді)

  3. Ең кіші натурал сан? (1)

  4. Шеңбер диаметрі 8 см, радиусы - ? (4)

  5. Бір жағы шектеулі түзудің бөлігі қалай аталады? (сәуле)

  6. Тікбұрышты үшбұрыштың тікбұрышына қарсы жатқан қабырғасы? (гипотенуза)

  7. Бір нүктеден шығатын, екі сәуледен тұратын фигура? (бұрыш)

  8. Егер дискриминант 0-ге тең болса, квадрат түбірдің неше түбірі болады? (1)

  9. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы? (периметр)

  10. Бір жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер қалай аталады? (параллель)

Жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Пифагордан бата алғансың,

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа.

Жасықтан емессін сен қаталдансың,

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! Келесі бөлім «Мен саған, сен маған» деп аталады. Бұл бөлімнің жүргізушісі мен, Жанар Кәрімова. «Мен саған, сен маған» бөлімінде мен сіздерге логикалық сұрақтар қоямын қалақшаны бірінші боп көтерген топ жауап береді. Әр дұрыс жауап 20 ұпай.

ІІ тур сұрақтары:

  1. Жанар ақиқат тұжырым айтты. Марат оның сөзін қайталап айтып еді, ол жалған болып шықты. Жанар не айтты? (Менің атым - Жанар)

  2. Үшбұрыштың қабырғалары 5,6,11см – ге тең. Үшбұрыштың периметрі неге тең?

  3. Белгілі кеңес физигі Ландау, қабылдау емтиханында мынадай сұрақ қойған. Сұрақ: Әріптер қатарын жалғастыр: Б, Е, Ү, Т, Б, ...

  4. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (5 баланың)

  5. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа туған пілдің баласы неше кг тартады? (125 кг)

  6. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5)

  7. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (сегізінші)

  8. Кит 250 000 кг. Ол неше тонна? (250тонна)

  9. Түнгі сағат 11 – де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? (жоқ)

  10. 4 және 5 сандарымен жазылатын барлық екі таңбалы сандарды ата. (44,45,54,55)

Жүргізуші Келесі бөліміз «Геометрия әлемінде» деп аталады. Жүргізушісі мен, Жансая Сайлаубаева. Бұл бөлімде қоржыннан әріп суырасыздар, менің оқитын сұрақтарымның жауабы сол таңдаған әріптеріңізден басталады. Дұрыс жауап 10 ұпай.

ІІІ тур. Геометрия әлемінде.

1

«П» әріпінен басталатын терминдер табу

а) Екі түзудің өзара орналасуы

б) Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы

г) Таңба (амал)

е) Функцияның графигі

2.

«Р» әріпінен басталатын терминдер табу

а) Бұрыштың өлшем бірлігі

б) Шеңбердегі кесінді

в) Төртбұрыштың түрі

д) Санның түрі

3

«С» әріпінен басталатын терминдер табу:

б) Ұзындық өлшем бірлігі

в) Түзудің бір бөлігі

г) Геометрияның бір бөлігі

д) Тригонометриялық функция аты

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау сайысымыздың соңғы бөлімі «Нар тәуекел» деп аталады. Жүргізушісі: мен, Ақсүйрік Тұманбаева. Бұл бөлімде қоржыннан сөз аласыздар, сол сөзді көрермендерге іс – қимылдарыңызбен немесе тұспалдап жеткізесіздер жауабын көрермендер айтады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай. Сайыскерлер сәттілік тілеймін!

Жүргізуші:Ойын толқын жатқандай асып тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып – дей келе әділ қазылар ұпай санын есептегенше кезекті әнге береміз

Жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Достық пенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып, әділ қазым

Еңбегін дарындардың әділ сына! – деп қорытындылау бағасын шығаруға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс "Тапқырлар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 275 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 591
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Изгараева Гулзира Танатбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Изгараева Гулзира Танатбаевна
    Изгараева Гулзира Танатбаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18235
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 493 человека

Курс повышения квалификации

Развитие функциональной грамотности у обучающихся средствами математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 210 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 861 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека