Инфоурок Другое ВидеоурокиСыныптан тыс жұмыс "Тіл тағдыры, ел тағдыры"

Сыныптан тыс жұмыс "Тіл тағдыры, ел тағдыры"

Скачать материал

Жамбыл облысы. Шу қаласы.  №49 негізгі  мектебі

Қазақ тілі мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі:

Суттибаева  Ляззат Пернебекқызы

 

Тақырыбы: «Тіл  байлығы –ел  байлығы»  /Сайыс  сабақ/

 

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру

 

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары,

 

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті жиналған қауым  өткізгелі отырған мемлекеттік  тілді меңгеру білімдеріне арналған  мерекелік сайысты  бастауға рұқсат етіңіздер

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

 Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай ,Мұхтар  сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді   ұл-қызың  мәңгі   сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

Мұғалім:

         Бүгінгі  біздің   сайыс  2 -топ, яғни  2- команда,мектебіміздің 

5 «а,ә» сынып оқушылары арасында өтеді.

Біздің   мақсатымыз –оқушының  білімге     деген  құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу   деңгейін     және    ойын   нақты    дұрыс   жеткізуге, тапқыр    сөйлеуге  ,салмақты ой айтуға   үйрету.

Мұғалім:          Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін , әр айналымның есебін шығарып,қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейік.

Қазылар мүшелері: /сайлап  аламыз/

   1-жүргізуші: Сонымен алдарыңызда «Тапқырлар» тобы   және «Зеректер» тобы   құралған команда.

2-жүргізуші: Сайыс шарттары:

  1) Өзін таныстыру

 2) «Өлеңмен өріп ойымды» ,тілге байланысты  өлең оқу.

 3) «Алғыр болсаң озып көр» ,берілген бір сөзден бірнеше сөз құрау.

 4) «Өнер алды қызыл тіл»»,тілге , сөз өнеріне,білімге,Отанға, еңбекке,халыққа  байланысты мақал –мәтелдер жарысы.

  5) «Білімді мыңды жығар» сұрақтарға жылдам,нақты жауап бер

  6)«Сөз байлығың өз байлығың»   суретке қарап мәтін құр

 7). Кім көп біледі?   Жаңылтпаш айтып  жарысу

 

Мұғалім: Соныменен 1ші-тур , командалар –өздерін таныстырсын

         «Тапқырлар»

Біздің топ:            «Тапқырлар»

Біздің ұранымыз: 

Біздің өлеңіміз:    

        «Зеректер»

Біздің топ: «Зеректер»

Біздің ұранымыз:

   Мұғалім:  2- тур  тіл туралы  өлең оқу    /2  топ  та  оқиды/

Мұғалім: Енді 3- тур, екі командаға бірдей  «Бейбітшілік  » сөзі беріледі, яғни екі команда осы сөзден бірнеше сөйлемнен  тұратын  мәтін  құрайды    ,ендеше ал –  қанеки алғыр болсаң озып көр.

Мұғалім:    Енді 4-тур,   бұл   турда    тілге,    сөз өнеріне    білімге,   Отанға   еңбекке,   халыққа  байланысты мақал- мәтелдер айтудан жарысатын боламыз. Ендеше, іске сәт командалар!

Мұғалім:    5- тур,  Білімді мыңды жығар туры, бұл турда әр сұраққа нақты,жылдам жауап беруіміз керек.

 

Сонымен «Тапқырлар»   тобына сұрақтар:

Шопаната баласы   үзінді  айт/

-Қазақ тілінде неше сөз табы бар? ( 9)

-Зеңгібаба  туралы  айт / үзінді/

 -Әнұранның авторлары? (Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев)

-Наурыз  дегеніміз  не?    /үзінді   айт/

-Әдебиет  деген  не?  / түсіндіріп  бер/

-Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (Түркі)

-Киіз үй неден тұрады? (кереге, уық, шаңырақ)

 «Зеректер» тобына сұрақтар:

  Ауыз  әдебиеті,  жазба  әдебиет  дегенді  түсіндіріп  бер

Мақал  дегеніміз  не,  мәтел  дегеніміз  не?

Тұрмыс-салт  дегеніміз  не?  / түрлерін  ата/

-Елтаңбаның авторы? (Ж.Мәлібеков.Ш.Уәлиханов)

- « Кел, балалар, оқылық! » өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

-Қазақ халқының тұңғыш суретшісі? (Ә.Қастеев)

Бата  дегеніміз  не?  / Үзінді   айт/

Ойсылқара   турулы  айт     /Үзінді/

 

 Мұғалім: Сонымен,6-тур суретке қарап мәтін құр

Мұғалім :Сайыстың соңғы туры-  Кім көп біледі?   Жаңылтпаш айтып  жарысу  /

               «Тапқырлар»

               «Зеректер»

Мұғалім:  «Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.

Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды».

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына  еніп, өміршең күй кеше береді.

 

Сонымен   біздің бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті ,сайысқа қатысқан командаға алғысымызды білдіре отырып сөз кезегін қазылар мүшелеріне бергіміз келеді.  Сөз ........... беріледі.

Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау.

 Құрметті  қонақтар, оқушылар! Бүгінгі  сайысымызды жабық деп жариялаймыз!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс "Тіл тағдыры, ел тағдыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 661 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 833
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суттибаева Ляззат Пернебеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2478
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции