Инфоурок Начальные классы ПрезентацииСыныптан тыс жұмыс. "Зерде"

Сыныптан тыс жұмыс. "Зерде"

Скачать материал

«Зерде»  интеллектуалды  сайысы


Мақсаты:
1) Білімділік. Оқушыларға  әр түрлі  тапсырмаларды орындату арқылы білімдерін пысықтау.
2)Дамытушылық. Оқушылардың  логикалық ойлауын, салыстыру  шапшаң есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік. Оқушыларды  білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана- сезімге тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.
Түрі: жарыс
Әдіс –тәсілдері:  ұлттық ойындар, мақал-мәтел, жұмбақтар, талдау, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, т.б.
Көрнекілігі: логикалық  тапсырмалар түрлері, интербелсенді тақта, эмблема мен ұрандар, ойындар.
Сабақтың барысы:
- Армысыздар  құрметті  ұстаздар, көрермендер  және  қатысушылар!
«Зерде» интеллектуалды сайысымызды бастайық!
-Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей, сайысымыздың бүгінгі қатысушыларын ортаға шақырайық!
Жарысқа 2 топ  қатысады. «Білімділер » және «Тапқырлар» тобы.
Ендеше сайыс ержелерімен таныстыра өтейін:
1-сайыс «Ширату»
2- сайыс «Теңге алу»
3-сайыс «Кім жылдам»
4- сайыс «Ханталапай»
5- сайыс «Жұмбақ жарыс»
Сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы топтармен танысып алайық:
«Білімділер»
Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе сен
«Тапқырлар»
Ұраны: Күш білімде, білім кітапта

Жарысымыздың 1-кезеңі «Ширату» сайысымен бастайық.
Сұрақ  әр топқа қойылады , сұраққа ия немесе жоқ деп жауап беру керек. 1 ұпаймен бағаланады.
1топқа:
1. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді +


2. К дауысты дыбыс –
3. 16 мен 12нің қосындысы 38-ге тең –
4. Қосудың компоненттері: қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні+
5. Табиғаттағы денелер өлі және тірі болып бөлінеді.+

6.Етістіктің 3 түрі бар.-

7.16 желтоқсан-Президент күні.-

8.Өсімдік-тірі ағза.+

9.Кел,балалар,оқылық!»Ыбырай Алтынсариннің өлеңі.+

10.Абай Құнанбаев Қостанай өңірінде туылған.-(Семей)
2-топқа:
1. Әріптерді көреміз және жазамыз.+
2. і -дауысты, жуан дыбыс.-
3. 58 бен 18-дің айырмасы  40-қа  тең.+
4. Азайтудың компоненттері: азайғыш ,азайтқыш, қосындының мәні.-
5. Жыл мезгілдері: Көктем, жаз, күз қыс+

6.Су-еріткіш.+
7.Дауыссыз дыбыстардың 3 түрі бар.+

8.Сиырдың пірі-Шопан ата.-(Зеңгі баба)

9. «Көк кептер»әңгімесіндегі Зияда апайдың баласының аты- Нүсіпбек.-(Аймаған)

10.30+12=52. -
Жарысымыздың 2-кезеңі « Теңге алу» деп аталады.
ТЕҢГЕ АЛУ - қазақ ұлтының ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді.
   Ендеше мұқият мына тиындарға қараймыз. Балалар неше теңгеліктерді көріп тұрсыңдар, Яғни әр теңгеге берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, сонша ұпай санын иеленесіңдер!
5 теңге .Бауырсақ сөзінде қанша буынбар?(3 буын)
5 теңге.Х+16=30 теңдеуінің шешімін тап(Х=14)
10 теңге.70 пен17 тің айырмасы (53)
10 теңге. Берілген сөзде қандай қате жіберілген? (құрылсшлар-құрылысшылар)
20 теңге .Тұңғыш «Әліппе»оқулығын кім жазған?(Ахмет Байтұрсынұлы)
20 теңге. «Ұшқан ұя»әңгімесі кім жайлы?(Б.Момышұлы)

Сайысымыздың 3-кезеңі « Кім жылдам?» деп аталады.

Бұл сайыста мақал – мәтелдердің жалғасын тауып айту керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі .
1. Жақсыдан үйрен...
2. Жері байдың...
3. Әдепті бала...
4. Оқу – білім бұлағы,....
5. Отансыз адам....
6. Еңбектің наны тәтті,...
7. Бір тал кессең,...
8. Әке көрген оқ жонар,...
Сайысымыздың 4-кезеңі « Ханталапай» деп аталады.
 -Балалар «Ханталапай» туралы естігендерің бар ма?
Ендеше ханталапайды топ  басшылары ойнайды.
Берілген асықтардың ішінен қалағанын таңдап тапсырмасын орындау.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты таңдатып,тапсырмасын орындату . (Топ басшылары асық таңдап тапсырмасын орындайды.)

1.Жеті атаның қазақша атаулары.

Жауабы: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

2.Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары.

Жауабы: тәулік- 24 сағат.

      1.Күн шығар алдындағы мезгіл.

2.Күн көкжиектен көтерілген мезгіл.

3.Күннің  орта мезгілі.

      4.Күн еңкейген мезгіл.

      5.Күн ұясына бата бастаған мезгіл.

      6.Түн мезгіл.

      3.Асықтың түрлері және атаулары.

          Жауабы: кеней, кентай, сақа, ешкімер,қойлақ, құлжаз, топай, сомпай,пүш.

     4.Төрт түліктің пірлерін ата:

         Жауабы: түйенің пірі- Ойсыл қара, жылқының пірі- Қамбар ата, сиырдың пірі- Зеңгі баба, қойдың пірі- Шопан ата, ешкінің пірі- Сексек ата.

Сайысымыздың шешуші 5-кезеңі « Жұмбақ жарыс» деп аталады.
Мұғалім жұмбақ жасырады, ал топ мүшелері жұмбақтың шешуін қағаз бетіне жазады.
1.Қаймықпайды күшті аңнан,

   Қорқады тек тышқаннан.     (Піл)

2.Тастамайды бір елі, 

   Үйін сүйреп жүреді.  (Тасбақа)

3.Шырша саясы-күркесі,

    Өзі орман еркесі.

    Қарғып жүрер жан-жаққа,

  Өте құмар жаңғаққа.              (Тиін)

4.Адамға серік,

   Күзетке берік.                             (Ит)

5.Жайлы, жұмсақ төсегім,

  Домаланып өсемін.

   Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін?              (Қырыққабат)

6.Ауызы бар,тілі жоқ,

Терісі бар ,жүні жоқ.

Жүрегі бар ізі жоқ.

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.                       (Балық)

7.Тақия толған сөк,

Ерте тұрсам жоқ.             (Жұлдыз)

8.Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады.           (Сабын)
Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасында.
(Әділқазылар шешімін шығарғанша, экраннан «Алдаркөсе» мультфильмін көреді)
Қорытындылау.
Топ мүшелерін марапаттау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс. "Зерде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2016 705
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айдапкелова Айнур Илесбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айдапкелова Айнур Илесбековна
    Айдапкелова Айнур Илесбековна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14176
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 484 человека

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе