Инфоурок Другое Научные работыСыныптан тыс жұмыс ."Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, "

Сыныптан тыс жұмыс ."Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, "

Скачать материал

Кештің тақырыбы:  Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік
Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз.
Оқушылар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ершағын ғана мерекелік концертімізді бастаймыз.

Жүргізуші:  

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
 Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Қазақ негізгі мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Шағын орталықтын бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

ӘН: Отан .

2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.

(ақындар тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды) 

1 оқушы: 

Егеменді елім менің еңселі,

Құрмет  тұтам бұл өмірде тек сені.

Жиырма бес жасқа толып қалған бүгінде

Алла сенен алыстатсын тіл – көзді.

2 оқушы:

Құтты болсын ,жиырма бес  жылдық тойымыз,

Асқақтасын арман, тілек ойымыз.

Әрқашан да бірге өзіңмен алысқа,

Жүре берсек бола берсін жолымыз.

3 оқушы  

Мақтанамыз Елбасымен ардақты,

Тани білген ақылымен жан – жақты.

Аман болсын ел ағасы елімнің,

Күндіз- түні ойлай білген халықты.

 

Тату болсын , сөгілмесін іргеміз.

Мәңгі бақи біз өзіңмен біргеміз.

Шұбарланбай ендігәрі біздерде

Жасай берсін, дами берсін тіліміз.

4 оқушы:

Тәуелсіз ел биік болсын тұғырың ,

Деп тілейді мынау сенің ұл- қызың.

Жаса мәңгі , жайнай берсін жарқырап,

Жана берсін, көк аспанда жұлдызың!

5 оқушы:
.Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

6 оқушы 

Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,

 Желтоқсанның жастары салды бар күшін,

 Қанын төгіп, жанын қыйды аямай,

 Жанын қиды елі менен жері үшін.

7 оқушы:

Байлығы мол байтақ жерім кең,

 Дүниедегі елу елмен керегең тең,

 Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі

Барлығы қосылып

 Құтты болсын тәуелсіздік мерекең!

2- жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
 Ортаға 2 класс оқушылары. «Қазақстан бақыты» әнімен шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Пай, пай, пай! 
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, 
Сарылып сал-сері кеткен жер. 
Бас иіп, иіскеп топырағын 
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің ақындарына берсек. Шабыттарына от тиіп, жалын түссін. 

 2 жүргізуші:
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.- деп
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында 7 класс оқушысы Таңжарықова Нұрайдың орындауында. «   Ер тұран     »
1 - жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!
2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
ӘН: Тәуелсіз ел.

 1 жүргізуші:

 «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

ӘН: Атамекен.

ІІ жүргізуші.

Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім - дей келе, мәнерлеп

 

І жүргізуші:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

ӘН:Қазақсатн . Ортада 7 класс оқушылары

Ортаға 8 кластың бишілерін ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Әнші балдар әнімен де үн қосты .

Ортаға 6 класс оқушысы Жамалов Мадиярды «Самға »ӘНімен шақырамыз.


2 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

9 кластың оқушысы Мұқанов Мерланның «Жүрегін Қазақ » атты ӘНімен ортаға шақырамыз.

 (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «
Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

  2 жүргізуші қосылып:
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!


Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс ."Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 432 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2017 451
    • DOCX 23.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алчурина Назгуль Дуйсембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алчурина Назгуль Дуйсембаевна
    Алчурина Назгуль Дуйсембаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27333
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой