Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс жұмыс, жарыс сабақ "Махамбетше жырлаймын"

Сыныптан тыс жұмыс, жарыс сабақ "Махамбетше жырлаймын"

Скачать материал

Жамбыл облысы. Шу қаласы.  №49 негізгі  мектебі

Қазақ тілі мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі:

Суттибаева  Ляззат Пернебекқызы

 

Тақырыбы: Махамбет  Өтемісұлы шығармалары  бойынша « Махамбетше  жырлаймын....» байқауы
Мақсаты: 
    Оқушылрға М.Өтемісұлының шығармашылығын үлгі ету, топ алдында еркін сөйлеуге  жас буындардың    арасында  баулу.   Махамбет  шығармаларын кеңінен     насихаттау, жас ұрпақты өр  ақын  мұрасын  терең  игеріп, , танымдық мәнін  меңгеруге   талпындыру, оқушыларды Махамбет шығармашылығы  арқылы  ұлтжандылыққа, елсүйгіштікке  тәрбиелеу, дарынды  жастарды  анықтау.  

Көрнекі  құралдар: Суреттер, плакат 

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 

 Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.
Болу керек құдіретті төрт ана,
Туған жері түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі.
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама.
Ауыр әрі қасіретті болса да
Төрт анаға әнін жалғай алмаған.
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес – күрестің ұлысы!
ХҮІІІ –ХІХ ғ.-ғы қазақ халқының басындағы ауыр оқиға жер дауы, жер қайғысы, жер зары болды. Бірі Махамбет елді бостандыққа жеткізу үшін әрі ақын, әрі батыр болған сияқты.

Теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы Исатай бастаған халық көтерілісінің жаршысы, жалынды жырды ту етіп ұстаған каһарман ақын, қара қазан, сары бала қамы үшін күрескен ақын Махамбет Өтемісұлының шығармаларынан  « Махамбетше  жырлаймын....» байқауын  өткіземіз

Байқау  3 бөлімнен  тұрады

1.       Таныстыру «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» .  Топ  басшысы өз топтарын  таныстырады 

2.       «Өлең  айтып  толғадым, көкірегімді  басарға»  Махамбет  өлеңдерін  жатқа  мәнерлеп  оқу    бөлімін  бастаймыз

3.       «Білімді мыңды жығады»..   /Жаңылдырсаң да жамылмаймын./ топ  басшылары жарысы/

 

Ортаға сайысқа қатысатын сыныптарды шақырамыз
Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.

Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!
1- бөлім:  Таныстыру «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» .  Топ  басшысы өз топтарын  таныстырады 

«Ел намысы-ер намысы». Қазақ халқы-бас бостандығын, ата-мекенін,жері мен малын білектің күшімен, найзаның ұшымен өмір-бақи  қорғаған халық.   

«Малым-арымның садағасы» деп арын, адамгершілік қасиетін бәрінен жоғары ұстаған халық.

Ер Махамбет бүкіл өмірін күрес үстінде өткізген, сондықтан ақын жырлары алау сезім, қайсар рухқа толы.

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім..

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы!      

Бұл Махамбеттің арман-мұраты еді. Бостандық, тәуелсіздікті аңсау-қандай ұлы арман!

 

2- бөлім: «Өлең  айтып  толғадым, көкірегімді  басарға»  Махамбет  өлеңдерін  жатқа  мәнерлеп  оқу    бөлімін  бастаймыз

Ақындық болжам сөздің өститіні бар... Ақынның ерні жыбырлап, көзі тағы да төбедегі шырылдаған титімдей құсқа түсті.

                              Ау , қызғыш құс, қызғыш құс,

                             Қанатың қатты, мойның бос.

                              Исатайдан айрылып,

                              Жалғыздықпен болдым дос.

                              Ау, қызғыш құс, қызғыш құс

Иә,  бәрі айна қатесі жоқ, тап осылардай.Осылайша тек қазақ поэзиясында ғана емес,әлемдік поэзиядағы да, бір элегиялық ғажайып көркем өлең дүниеге келді. «Туған жерге кіндігінен байлаулы болмаса (Ғ.Қайырбеков) , бірі – басқа жерді жерлеп,екіншісі- басқа көлді көлдеп, қағаны қарық, сағанағы сарқ жүре бермес пе еді.» 

 

 

3- бөлім: «Білімді мыңды жығады»..   /Жаңылдырсаң да жамылмаймын./


Топ  басшыларына бір   таяқшадан берілген. Берілген сұрақтар жылдамдықпен

оқылады. Жауабы дайын   топ таяқшасын көтереді.
Сол  топтар жауап береді. 

  1. М. Өтемісұлының сүйегі қай жерде жерленген?                     (Қараой)
  2. Ақынның өліміне себепші болған сұлтан кім                     (Баймағамбет)
  3. «Хан   емессің қасқырсың,    Қас албасты басқырсың» - деген өлең жолдарын ақын кімге айтқан?
  4. Махамбеттің досы кім?                   /Исатай /
  5. Махамбет пен Исатайдың көтерілістегі ұраны  қандай  болды?      / « Қара  қазан  сары  бала  қамы  үшін/

6.       «Әй,  Махамбет  жолдасым» өлеңі  қай  кезеңге  байланысты  шыққан?        / 1837  жылы  хан  ордасына  2 рет  аттанғанда шыққан  өлең/

7.       Махамбет  қалай  қаза  болды?»Қөтерілісте  ме ,әлде қалай?

8.       Махамбеттің әкесі  мен атасының  аттары  кімдер?      /әкесі  Өтеміс, атасы Құлмәлі/

9.       Махамбеттің сазгер  екенін  танытатын  шығармалары қандай?/    Күйлері: Шілтерлі  терезе, Жұмыр  қылыш,, Қайран  Нарын/

Сөз  кезегін  әділқазылар алқасына  береміз   / қай  топ  жеңді анықтайды/

Қорытынды:   Қара қазан, сары бала қамы үшін өз өмірін сарп еткен жыр семсері .Махамбеттің асыл қазынасын тәуелсіз қазақ елі цжоғары бағалайды.    Махамбет туындылары  қазір өзінің   шын мұрагерлерінің қолында-, дей  келе  бүгінгі  байқауымызды  аяқтаймыз

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс, жарыс сабақ "Махамбетше жырлаймын""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 1572
    • DOCX 19.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суттибаева Ляззат Пернебеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2480
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой