Инфоурок Другое Рабочие программыСыныптан тыс жұмыс " Жігітке жеті өнер де аз"

Сыныптан тыс жұмыс " Жігітке жеті өнер де аз"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Жігітке жеті өнер де аз !

 Мақсаты : оқушылардың білімін жан жақты ойлау қабілеті мен еңбегін сынау. Технология пәні бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан – жақты дамыған азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құрал – сайман түрлері, ағаш түрлері.

 Жүргізуші: Армысыздар, көрермен баршаңызға ,

                    Шымылдығын өнердің ашамыз ба ?

                     Бүгінгі жігіттердің сайысында

                     Қол соғып, көңіл көтер тамашалап .

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мектебіміздің 3 – сыныбының ер балалар арасындағы « Жігітке жеті өнер де аз » деген сайысымызға қош келдіңіздер !

                   Кімдер өнерлі, белсенді білейікші ,

                   Өнерлісі мектептің деп жүрейікші .

                   Әділ –қазыларға әділдікті

                    Ал сайыскерлерге сәттілік тілейікші – дей келе, әділ қазылар алқасымен  таныс болыңыздар. ( Таныстыру ).

                  Ер жігіттер бұл сайыстың қыраны ,

                  Бұл бәрінің сыйлайтұғын жыр әні .

                  Ағайындар, бұл сайысқа ортақ боп

                  Алдарыңа сайыскерлер шығады, — деп бүгінгі сайысымызға келген жігіттерімізді  ортаға шақырамыз.

-         Алдымен сайысымыздың шарттарымен  таныс болыңыздар .

1.     Таныстыру.

2.     Қолөнер ( өз қолымен жасаған бұйымын таныстырады )

3.     Өз-өнері.

4.     Қол күресі .

6.     Ағашқа шегені түзулеп қағу.

7.     Арқан тартыс

8.     Лездеме сұрақтар топ басшысы

Армысыздар өнер сүйер асыл халқым ,

Бүгінгі күн ерекше болсын ауылдасым.

Тағы да келіп жетті сайысымыз,

Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын .

Туған жер адамзаттың мекені екен ,

Жүйрікті жүйрік қуып жетеді екен.

Жігіттің сұлтанында бас бәйгеге ,

Бағы жанып, қайсысы жетеді екен!

Намысты бермеу үшін қолдан өзі,

Мінекей, жігіттер де сынға түспек .

Сіздерге сәлем беріп, жарысуға ,

Жігіттер сахнаға шықсын енді.

Ер жігіт дүниені көрген артық ,

Дүниеде не бар-жоғын сезген артық.

Түскендей аспан жерге іс болса да

Бел байлап, тәуекел деп төзген артық! – дегендей сайыскер жігіттерге сәт сапар тілейміз дей келе 1- ші сайысымыз « Таныстыруға » кезек береміз.

Ат өнері білінбес ,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес ,

Қоян-қолтық алыспай.

Сайысымыздың келесі түрі « Қолөнері » жігіттеріміз өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын таныстырып әділқазыларға әкеліп тапсырсын .

Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады.

Қарсы алайық көзіндей көненің ,

Суырылып алға шықса өнерлерің .

Қазір енді тамашалап көріңіздер

Жігіттердің жеке орындар өнерін.

Сайысымыздың 3 шарты – Өз өнері.

4 – бөлім . Қол күресі.

Қызыл тілін безеніп ,

Шешен жігіт дауда ойнар.

Ақ балтырын түрініп ,

Палуан жігіт тойда ойнар.

Баданасын киіп ап ,

Бар қайратын жиып ап ,

Жасыл туын көтеріп ,

Шашақты найза қолға алып ,

Батыр жігіт жауда ойнар,

Білікті жігіт тойда ойнар, — дей отырып, келесі сайысымызды бастаймыз.

Бұл сайыстың шарты бойынша екі жігіт қол күрестіреді.

Бұл сайысымызда қатысушыларымыз өздерінің ойшыл, білгір екендерін көрсете білді. Әділ қазы алқасынан 5- шартымыздың бағаларын сұраймыз.

Ұштасаң талабыңды қалам ұстай,

Түседі жүрген сайын жол алыстай .

Өмірде ата-баба орны бөлек

Ұл –қызын баулитұғын бала құстай – дегендей сайысымыздың

 6-шарты – ағашқа шегені түзулеп қағу.

 

Адал  бол, айырылма түзу жолдан,

Қашық жүр абыройсыз адамдардан .

Адаспа, аяғыңды адайлап бас,

Арыңды жойып алма, айтып жалған .

Еңбек ет елің үшін жалықпастан ,

Еліңе елеулі боп әуел бастан .

Сана мен сеніміңді жоғары ұста

Сенімді жігіт болып атана бер.

Берілетін сұрақтар төмендегідей.

Сайыстың соңында қатысқан мұғалімдерге құттықтау сөз берілді.

·         Талаптың мініп тұлпарын, Келдім міне жарысқа. Белгісіз кім ұтары, Түстік міне сайысқа.

Ата-бабаларымыздың ұлан асыр жерімізді білектің күші, найзаның ұшымен талай жаудан қорғап қалғаны мәлім. Ал, енді біздің бүгінгі жігіттеріміздің ел қорғауға қаншалықты әзір екенін көрелік.

 

7.     Арқан тартысқа шақырамыз

 

8.     Лездеме сұрақтар топ басшысы

Берілетін сұрақтар төмендегідей.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді? \ата\
- Қарлығаш сөзінде неше буын бар?
- Сөз неден құралады?
- «Шұбат» қалай және неден жасалады?
- Тоқтар Әубәкіров кім?
- Сөйлем аяқталғанда не қойылады?
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? \ата\
- О дыбысы жуан ба, жіңішке ме?
- Б. Момышұлы кім?
- Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
- Жоғары сөзінің қарама - қарсы сөзін айт.
- Ә. Қастеев кім?
- Орман емшісі» деп қандай құсты айтады?

- Ондықпен 100 - ге дейін тура сана.
- 50 мен 20 сандарының қосындысын тап.
- Азайғыш 90, ал азайтқыш 70. Айырманың мәнін тап. - Әкесі 50 жаста, ал баласы одан 30 жас кіші. Баласы неше жаста?
- Айгүлде 100 тг. болды, ол 40 тг. дәптер сатып алды. Айгүлде неше теңге қалды?
- Ондықпен кері сана.
- 40 пен 30-дың қосындысын тап.



- Азайғыш 80, ал азайтқыш 10. Айырманың мәнін тап.
- Жарысқа бір мектептен 30 бала, ал екінші мектептен одан 10 бала артық қатысты. Екінші мектептен неше бала қатысты?
- Дүкенге 10 қорап алма, 20 қорап жүзім әкелді. Барлығы неше қорап жеміс әкелді.
- 9-дан кейінгі сан....
- 30 бен 50 қосындысын тап.
- Азайғыш 60, ал азайтқыш 20. Айырманың мәнін тап.

1     тәулікте неше сағат?(24 сағ)

100 жыл .....ғасыр(1 ғасыр)

Жердің пішіні ( шар тәрізді)

Кім ? не? Сұрақтарына жауап беретін қай сөз табы? ( зат есім)

 

1.   2 адам 2 сағ дойбы ойнады, 1 адамға қанша уақыт кетті? (2 сағ)

2.   8*7 (56)

3.   Қол,аяқ, кеуде, - ол ( дене мүшелері)

4.   Ат ердің –(қанаты)

5.   Көз қорқақ, қол – (батыр)

6.   Кітап, дәптер неден жасалады?( ағаштан)

7.   санды 1-ге көбейтсек ( 1сол сан шығады)

8.   Адамда бір күнде неше шаш түседі? (40-жуық)

9.   Етістік нені білдіреді? ( қимылды)

10.               Алма сөзін ағылшынша айт()

11.               Нешінші? Сұрағына жауап беретін сан есім? (реттік)

 

 

Сайыстың соңында қатысқан мұғалімдерге құттықтау сөз берілді

Бақыттарың бастан кетпесін,

Жамандық қуып жетпесін.

Әсем күлкі жүздеріңнен

Өмір бойы кетпесін деп –«Жігітке жеті өнер де аз» байқауын аяқтаймыз.

Сау болыңыздар көргенше.

Қайта айналып келгенше,

Жиі келіп тұрыңыздар

Қоштасайық ендеше.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

1.    1 тәулікте неше сағат?(24 сағ)

2.    100 жыл .....ғасыр(1 ғасыр)

3.    Жердің пішіні ( шар тәрізді)

4.    Кім ? не? Сұрақтарына жауап беретін қай сөз табы? ( зат есім)

5.    2 адам 2 сағ дойбы ойнады, 1 адамға қанша уақыт кетті? (2 сағ)

6.    8*7 (56)

7.    Қол,аяқ, кеуде, - ол ( дене мүшелері)

8.    Ат ердің –(қанаты)

9.    Көз қорқақ, қол – (батыр)

10. Кітап, дәптер неден жасалады?( ағаштан)

11. санды 1-ге көбейтсек ( 1сол сан шығады)

12. Адамда бір күнде неше шаш түседі? (40-жуық)

13. Етістік нені білдіреді? ( қимылды)

14. Алма сөзін ағылшынша айт()

15. Мәтін неден тұрады? (сөз, сөйлем, абзац)

16. Әріпті не істейміз? ( көреміз, жазамыз)

17. Кемпіросақтың түсі нешеу?(7)

18. Қазақта неше қазына бар?(7)

19. Нешінші? Сұрағына жауап беретін сан есім? (реттік)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс " Жігітке жеті өнер де аз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 816
    • DOCX 23.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупова Асел Мараткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жусупова Асел Мараткызы
    Жусупова Асел Мараткызы
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21372
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой