Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс жұмыс."Әдемі-ай" байқауы,даярлық тобы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Сыныптан тыс жұмыс."Әдемі-ай" байқауы,даярлық тобы

библиотека
материалов

«ӘДЕМІ-АЙ» сымбатты арулар байқауы

Мақсаты: Мектепалды даярлық балаларына эстетикалық тәрбие беру.Әдемілікке, сымбатты болып өсуге, қыз балаға тән инабаттылыққа,ибалыққа,ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай қанатты сөздер,шарлар т.б

Басталыуы:

Тәрбиеші:Армысыздар,ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Мектепалды даярлық тобының балдырған қыздары арасында өткелі отырған «Әдемі-а» сымбатты арулар байқауына қош келдіңіздер!

Қарап отырсақ, жер бетіндегі әдемілік, сұлулық, сымбаттылық,әсемдік,нәзіктік атты теңеулер тек қана аналарға,аруларға арналғандай! Өйткені,

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,-деп ақындар жырға қоспас еді.

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі, бүгінгі балапан ару,ертеңгі бойжеткен. Олай болса, даярлық тобы балаларына эстетикалық тәрбие беру,әдемілікке,сымбатты болып өсуге,қыз балаға тән инабаттылыққа,ибалыққа, ептілікке тәрбиелеу мақсатында өткелі отырған даярлық арулары арасындағы «Әдемі-ай» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!

«Әдемі-ай» сымбатты арулар байқауы мынадай бөлімдерді қамтиды:

  1. «Ата дәстүр салтыммен таныстырам өзімді»/арулар өздерін таныстырады/

  2. «Мен кішкентай дизайнер» / кез келген киім түрін салып, бояп, сәндеу/

  3. «Мен қазақтың қызымын мың бұралған» /ұлттық киіммен сән үлгісін көрсету/

  4. «Ептілігім жарасқан тал бойыма» /5 минуттың ішінде жіпке моншақ тізу/

  5. «Көктемдей құлпырған,әдемі түр-тұлғам» /сәнді киім түрімен сән үлгісін көрсету/

Сонымен «Әдемі-ай» байқауына келген даярлықтың әдемі аруларын қарсы алайық.

/Ортаға кезекпен ару қыздар шығады/

Тәрбиеші:

Әдемі ару қыздар ортамызда,

Оранып тұрғандай бір алтын нұрға.

Ендеше бұл байқауда жүгінейік,

Әділетті әділ іс сарапшыға-деп әділқазылар сайлап алайық.

/Әділқазылар сайланады/

І. Өзге емес өзім айтам өз жайымды,

Шешендей тақылдатып таңдайымды.

Атымды, тегімді айтып таныстырам, өлеңмен сусындатып маңайымды.-деп бірінші кезең таныстыру. Арулар өздерін таныстырып өтсін.

Тәрбиеші: ІІ-кезең

Тал бойымада мол өнер,

Болсам деймін мен шебер.

Ертеңімін елімнің,

Мен кішкентай дизайнер –деп аталады, қыздарымыз кез келген өзі ұнатқан киімнің суретін салып, бояп, әсемдейді, уақыт 5 минут.

Тапсырма орындалып жатқанда ортаға отырған аналардан шақырып,олармен «Шапшаң ана» ойынын ойнату.

Қыздарымыз болса салған жұмыстарын таныстырып өтіп,әділқазыларға тапсырсын.Өте жақсы, керемет! Қошаметтеріңіз!

ІІІ-кезең

Жас жанымда көп менің асқақ араман

Жетелейді ботасын асыл анам.

Анашымнан үлгі алып қанаттанған,

Мен қазақтың қызымын мың бұралған.

Мен қазақтың қызымын мың бұралған,

Жүрегімнің төрінде сыңғыр арман.

Үкілі бөрігіммен,көрігіммен,

Әркімді «па, шіркін!» деп тамсандырам- деп аталады, қыздарымыз ұлттық киім түрлерінен сән үлгісін көрсетеді.Қыздарымыз киініп шыққанша аналарымызбен «Мерген ана» ойынын ойнайық./Ортаға төрт ананы шығарып шарды көздеп атқызып,жүлде ұтқызу/

«Әдемі-айдың» әдемі аруларын қарсы алайық!/қазақ киім үлгілерін киген балапан арулар сән үлгісін көрсетеді, әділқазылар ұпай береді/

Тәрбиеші: Тамаша, бірінен бірі өткен сымбатты да керім, әдемі де әсем ару қыздарға қалайша таңдай қағып, тамсанбасқа! Рахмет!

Келесі кезеңге өтейік/ІҮкезең/

Ептілігім жарасқан тал бойыма,

Әдемі болу әркімнің бар ойында.

Арулар моншақ тізіп сынға түсті,

Шапшаң,епті аруды сіз пайымда- дей отыра арулардың моншақ тізу ептілігін көріп,тамашалайық! /Арулар моншақ тізуден сынға түседі,уақыт біткенде аяқтайды. Тізген моншақтарының саны бойынша ұпай беріледі/

Тәрбиеші: Ү-кезеңіміз,

Көктемдей құлпырған,

Әдемі түр-тұлғам.

Жарасар бойыма,

Киімім қызға тән –деп аталады./Кез келген әдемі киім түрлерімен сән үлгісін көрсету/

Қыздарымыз дайын болғанша тағы да аналармен ойынға кезек береміз.Ойынның атты «Әнші ана»деп аталады. Аналар ән айтып, жүлде ұтып алады.

Сонымен, қыздарымыз дайын, қошаметтеп ортаға шақырайық.// Арулар әдемі көйлектермен сән үлгісін көрсетеді

Тәрбиеші: Міне, «Әдемі-ай» сымбатты арулар байқауы да өз мәресіне келіп жетті. Даярлық сыныптың кішкентай арулары бірінен бірі асып түспесе кем түскен жоқ. Балаларын осындай әдемі дайындықпен әкелген әдемі-ай арулардың әдемі аналарына да айтар алғысымыз шексіз. Қыздарыңызды осындай әдемі қалыптарында қызғалдақтай құлпыртып өсіре беріңіздер демекпіз. Әділқазылар қортынды шығарғанша, мен сіздерге арнап және кішкентай аруларға арнап өлең жолдарын оқып берейін.

Көркем сөз «Қазақ қызы» Ж.Баяхметова

/Әділқазыларға сөз кезегін беру. Ару қыздарды номинациямен, жүлделермен марапаттау,сыйлықтар табыстау,құттықтау сөз кезегін беру./





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров145
Номер материала ДБ-019818
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх