Инфоурок Математика Другие методич. материалыСЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Скачать материал

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА КОМПЬЮТЕРДІ

ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ


Бүркіт Ә.Қ , У.А.Сайдикаримов


Оңтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы.


Қоғамды ақпараттандыру мәселесiне, оның негiзгi белгiлерi мен сипаттамаларын анықтауға В.Г.Афанасьев және т.б. философтардың, В.В.Давыдов, Г.Е.Журавлев, Е.И.Машбиц сынды психологтардың, С.И.Архангельский, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектерi арналған. Қазiргi уақытта бiлiм берудi ақпараттандыру мәселелерi Ә.Х.Бүркіт, С.Пейперт, Т.В.Габай, С.Вильямс, К.Маклин, Н.Ә.Хантөре, И.В.Роберт және т.б. ғалымдардың жұмыстары арналған [1].

Ал О.П.Таркаев, А.В.Иващенко, В.К.Цонева, В.П.Пустовойтов зерттеулерiнде компьютерлiк техниканы пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқыту процесiне тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi Н.Ф.Талызина, Б.С.Гершунский, В.А.Новиков, В.М.Монахов, А.Я.Савельев, О.К.Тихомиров және т.б. кеңестік ғалымдардың, сондай-ақ C.М.Кеңесбаев, А.Мәлібекова, Ж.Нұрбекова және т.б. қазақстандық ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе, есептеуiш техниканы пайдалану әдiстемесi – И.А.Катышев, Ю.И.Лобанов, Ю.А.Первин, А.А.Кузнецов, Ю.А.Шафрин және т.б. ғалымдар еңбектерiнде қарастырылған. Жалпыға бiрдей компьютерлiк сауаттылық, оның мәнi, оқыту мазмұны мәселелерi Я.Ваграменский, С.Гримм, В.М.Заворыкин, А.П.Ершов, Г.Б.Кочетков және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде келтiрiлген. Бұл жағдай елiмiзде бiлiмнiң жаңа ақпараттық парадигмасының қалыптасқанын көрсетсе керек [2].

ЖОО информатика пәнiн оқытуда интерактивті тақта құралдарын қолдану мәселесiмен әдіскерлер көптеп айналысуда, дегенмен осы кезге дейін университеттерде информатиканы оқытуда интерактивті тақта құралдарын қолдану және т.б. әдістер зерттелiнiп, тура және керi байланысты автоматтандырылған комплекс түрiндегi жүйелер ұсынылуда.

Келтiрiлген еңбектер информатиканы оқыту теориясы мен әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi талдау нәтижесiнде ЖОО интерактивті тақта құралдары негiзiнде көрнекілік принципті жүзеге асыру арқылы студенттердің потенциальды мүмкiндiгiн ескерiп оқыту және олардың оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы толықтай қарастырылмағандығы байқалады. Компьютерлік оқыту бағдарламаларын құрастыру әлi күнге толықтай бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқаулары мен көрнекілік принципті қолданып оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi белгілі мәселе болып табылады. Осыған байланысты информатика пәнін оқытуда интерактивті тақта құралдарын қолдану арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Бұл жөнінде біздің мақаламызда келтірілген әдістеме негiзiнде жүргiзудi ұсынамыз [3].

Информатика пәні мұғалімі сабақта интерактивті тақта құралдарын тиімді қолдана отырып: пәндегі материалдар арқылы шындық дүние танудың диалектикалық жолын аша білуі тиіс, сондай-ақ көрнекілік принципті жүзеге асыра білуі қажет.

5В011100-«Информатика» мамандығы студенттері мектепте педагогикалық іс-тәжірибе кезінде төменде берілген әдістемені қолдануына болады [4].

Мысал, тақырыбы: Интеллектуалды ойын

Сайыстың мақсаты:

  • Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;

  • Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Сайыстың түрі: жарыс сабақ


Көрнекілігі: Интерактив тақта, камера, фотоаппарат.

Мұғалім:

Армысыңдар, бүгінгі «Көңілді тапқыр, балалар» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер! Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік.

Сайысқа әр сыныптан бір оқушыдан қатысады.

Сайыс мынадай 5 бөлімнен тұрады.

  • 1 кезең ҒЫЛЫМДАР ПАТШАСЫ

  • 2 кезең ПОЛИГЛОТ

  • 3 кезең ЭЕМ ӘЛЕМІ

  • 4 кезең ЖОРҒА

  • 5 кезең “КОМПЬЮТЕР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ЖИНАУ”

1 кезең Ғылымдар патшасы ғалымдардың суреті енгізілген, қай ғалым екенін айту керек. Егер де ол жауап бере алмаса келесі оқушы жауап бере алады.

2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 2 кезеңде балы аз 2 оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.

3 кезең «ЭЕМ ӘЛЕМІ» оқушылар әр тор көзден өздерінің түстерінің санын есте сақтау қажет. Соған байланысты тор көзді таңдап, өзінің тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр сұраққа 5 балл.

4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

5 кезең “Компьютер құрылғыларын жинау”.


2 кезең «Полиглот [5]

1. Белгілі бір нәрсе /адам, жануар, зат, құбылыс/ туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?

/Ақпарат, информация, information/

2. Терезені жабу батырмасы?

Жабу, закрыт, exit

3. Windowsдегеніміз не?

Операциялық жүйе, operation system, операционная система

4. Дүниежүзілік компьютерлік желі?

Интернет, internet

5. Басқару құрылғысы?

Тышқан, мышь, mouse

6. Құжатты сақтау командасы?

Сақтау, сохранить как, save as

7. Сурет салу құралы?

Қарындаш, карандаш, pensil


8. Оң жақтағы символды өшіру пернесі?

DELETE

9. Құжатты қағаз бетіне шығару командасы?

Баспаға жіберу, печать, print


IІІ-кезең. ЭЕМ әлемі(Әрбір оқушы өзінің түсін таңдап , сол түстегі сұрақтарға жауап береді.)

1-тақырып. Жалпы сұрақ (Жасыл)

  1. Қосатын машинаны тапқан адам /Паскаль/

  2. Лейбництің механикалық санау машинасы /Арифмометр/

  3. Бірінші электронды компьютер /ЭНИАК/

  4. Гректің ежелгі есеп құралы /Абак/

  5. Компьютер ойындарындағы дисплей экранында жылжымалы обьектілерді басқаратын құрылғы. /Джойстик/

2-тақырып. Компьютер құрылғылары (Сары)

1.Иілгіш дискілерімен жұмыс істеуге арналған құрылғы / дискжетек/

2. ақпаратты сақтайтын құрылғы /дискета/

3. Компьютердің миы /процессор/

4.Монитор экранындағы бір нүкте /пиксель/

5.Компьютердің экранына ақпарат шығару құрылғысы /монитор/


3-тақырып. Power point бағдарламасы (Көк)

1.Презентация дегеніміз не?

Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латын praesento тапсырамын – present-ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны , есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын және басқа да көптеген дүниені ұсыну.


2.Слайдтарды алмастыруды басқару қандай команданың көмегімен орындалады?

Показ слайдов-Смена слайдов командасын орындау.


  1. Слайдқа дыбыстық файлды енгізу үшін қай команданы орындаймыз?

Вставка – Фильмы и звук из файла

4.Слайд дегеніміз не?

Слайд деп көзге көрінетін күрделі обьектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары гиперсілтемелер кіреді.

5. Анимация эффектілерін беру үшін қай команданы орындаймыз?

Показ слайдов-Настройка анимации командасын орындау.

4-тақырып. Microsoft Word редакторы (Қызыл)

1.Мәтіннің символын немесе бөліктерін көшіру үшін қай команданы орындаймыз? / Правка-Копировать/

2. Беттің нөмірлерін қою командасы? /Қою –Беттің нөмірлері/

3. Сызғышты қалай бейнелеуге және алып тастауға болады?

үр-сызғыш/

4.Басқа программаларда жасалынған сызба құрылымдарды орналастыру?

/ Қою-Сурет-Файлдан/

5.Курсордың оң және сол жағындағы символды өшіру батырмасы ?

/Backspase/Delete/

5- Тақырып Microsoft Excel (күлгін)

1. Ехсеl парағында қанша бағана бар? 256

2. Excel-де ұяшық ішіндегі мәліметті қалай жоюға болады:

Ұяшықты белгілеп Shift+Del батырмаларын басу

3. Excel. Ұяшыққа формуланы енгізу үшін, ұяшықты ерекшелеп, оған келесі белгіні енгізу керек: Теңдік белгісі

4. Жұмыс парағындағы тордың адресі неден тұрады?

Бағана, жол нөмірі белгілерінен.

4 -кезең «Жорға [6]

  1. оқушы

  1. Вирустың кері әсерін жоятын программа. / антивирус/

  2. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер./ файл/

  3. Бос орын қалдыру пернесі / пробел/

  4. Деректерді сақтауға арналған құрылғы. / жады/

  5. Суреті салуға арналған программа. / графиктік редактор/

  6. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі / delete/

  7. Графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы. / сканер/

Мәліметтерді енгізу пернесі /enter /

  1. Информатикалық формулалар мен символдарды енгізу редакторы

/ формулалар редакторы/

  1. Информацияның өлшем бірлігі. / бит,байт/

  2. Экран нүктелерін аралағыш /курсор/

2-оқушы

1. Ақпаратты шығару құрылғысы / принтер/

2. Ақпаратты енгізу құрылғысы / пернетақта/

3. Дыбыс шығару құрылғысы / колонка/

4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі / бит/

5. Электрондық кестенің қүрылымдық элементі / ұяшық/

6. Орындаушы орындай алатын программа. / алгоритм/

7. Тышқанның сол жақ түймесін басып тұру қозғалту қалай аталады

/ жылжыту/

8. Текстік құжаттар құруға, редакторлеуге арналған программа / текстік редактор/

9. Файлдар көлемін кішірейтіп сақтауға арналған программа. / архиватор/

10. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіру пернесі /Backspase/

5-кезең «Компьютер құрылғыларын жинау»


hello_html_25748e1e.png

1-флипчарт. Компьютер құрылысы.

Осымен бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Ендеше жаңа қоғамға, жаңа технологияға, техникаға тез бейімделгіш адамды дайындау, оқыту әдісін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру болып табылады. Кейде көптеген мұғалімдер мен әдіскерлерге интерактивті тақта - жаңа құрал болып көрінетіндігі белгілі. Біз мұнда интерактивті тақта құралдарын қолданудың жалпы әдістемесін, дидактикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетуді басты назарда ұстадық. Информатиканы оқытуда интерактивті тақта құралдарын тиімді, әрі орнымен қолдану туралы мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар қажет-ақ. Мұндай әдістемелік құралдарды дайындау көптеген мектеп информатика пәні мұғалімдері мен әдіскерлердің және ғылыми қызметкерлердің әлі де болса көп уақыт бірлесіп жұмыс істеуін керек етеді.

әДЕБИЕтТЕР

1. Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 1998.

2.М.Жұмабаев. Психология. Алматы, 1950.

3.М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. 1952.

4. В.Г.Болтянский. Визуальное мышление // Хрестоматия по общей психологии. Психология мьплления. М., 1981. С. 97-108.

5. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2000.

6. К.З.Халықова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2005.

7. Ә.Қ.Бүркіт. Информатиканы оқыту әдістемесі. Шымкент, 1995.

8. Қ.Ә.Жұмағұлова. педагогика. Алматы, 2008.


РЕЗЮМЕ

В этой статье рассматриваются актуальные проблемы использования средств компьютерной технологии в внеклассных работах.


RESUME

The method of realization principle of visual aids with using of computer technology and the educational technology in teaching of mathematics in comprehensive scholls of Republic of Kazakstan in considered in this article.



























Автор туралы мәлімет:


1. Тегі, аты-жөні: Туғанбаев Мырзабек Лесұлы

2. Ғылыми дәрежесі мен атағы: химия ғылымдарының кандидаты, доцент

3. Мекеме: Оңтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

4.Қызметі: Оңтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры

5. Мекен жайы: Шымкент қаласы, Ғ.Іляев көшесі, 21-17.

6. Телефоны/факс: 28-07-15, 8-705-684-77-93

7. E-mail: Berkut @ mail.ru

8. Бөлім: Педагогика бөлімі







hello_html_m31337b0c.png

7


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 669 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.03.2016 1032
    • DOCX 234 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сайдикаримов Умиджан Абдирашидович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4384
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Реализация межпредметных связей при обучении математике в системе основного и среднего общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания математики в среднем профессиональном образовании в условиях реализации ФГОС СПО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 68 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 520 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции