Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс жумыс Шешендик соз мадениети

Сыныптан тыс жумыс Шешендик соз мадениети

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:





Тақырыбы: Шешедік және сөз мәдениеті.
Сабақтың мақсаты: шешендік сөздердің мазмұны, айтылу формасы, стильдік ерекшелігі жайлы түсінігін молайту.
Міндеттері:

  1. Бір-бірінің пікірін құрметтейік ортаны қамтамасыз ету.

  2. Анық та, нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру.

  3. «Шешендік сөз өнері» тақырыбын талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету.

  4. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалар көзқарасын сыйлауға үйрету. Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: буклет, тірек-сызба, пікір жазуға арналған қағаздар, интерактивті тақта.

Бағалау: тест сұрақтары, топтық кестені қорғау, әңгіме жазу.

Сабақтың әдістері: Топтастыру, кубизм, адамтану, диаграммасы, түсініктеме күнделігі, ой-толғаныс.

Сабақ барысы:

  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

Ой қозғаушы

Өмір-мәңгі, уақыт-мүмкін, елес,

Кел, болашақ! Сауық құр күлкіңе көш!

Бір күн шықса, бір күннің батуы анық,

Екі күннің тұруы мүмкін емес!-деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлей білуге үйренейік!

Әрине әдеби сөйлеудің негізгі бұлағы –кітап. Ендеше сендер, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөз, сөйлемдерге назар аударыңдар.Қазіргі сәттен бастапосы сөздің сырыөз қолдарыңда. Қәне, ми қыртыстарын іске қосамыз.

 

  1. Топтастыру әдісі.

Оқушы жаңа идеяларды жинақтап бір-бірімен сабақтастырады. Ой тудыруды күшейту үшін, әртүрлі елгідегі қағаздарды үлестір.

  1. «Шешендік сөз өнері» тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза беріңіз. (топпен жұмыс жүргізіледі.)

  2. Орфографиялық ережелерге мән бермеңіз.

  3. Берлген уақыт біткенше топ идеяларды топтастырып жазады.

 

Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып, шешен және шешендік сөздердің анықтамасын толық айтып шығады.

 

3.Кубизм

Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.

Кубиктің алты қыры бар.

  1. Суреттеңіз. 4. Қолданыңыз.

  2. Салыстырыңыз. 5. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді.

  3. Зерттеңіз. 6. Қолданыңыз не қарсы шығыңыз.

 

Суреттеңіз: (5 минут) кубиктің осы беті түскен сәтте «Шешендік сөз-өнер падишасы» тірек-сызба бойынша шешендік жанрының шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау түрлерін түсіндіреді.

Зерттеңіз: (4-5 минут). Тақырып бойынша оқушылар өз білгендерін ортаға салады. Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді. (Қиял дүниесімен болжайды). Зерттеушілер тобынан төмендегіше сұрақтар қойылады:

  1. Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған.

  2. «Өнер алды қызыл тіл» деген мақал мәнін қалай түсінесің.

  3. Шешеннің жүйрік ой-толғауы тыңдаушы талғамына тәуелді ме.

Қолданыңыз не қарсы шығыңыз. Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.

  1. Сөз қадірін білген, біреудің айтайын деген ойын емеурінінен таныған, халықтың қазіргі ұрпағының сөйлеу дәрежесі қандай.

  2. Шешен нені біліп, неден сақтануы керек.

Салыстырыңыз: Жоңғар басқыншыларына қарсы бүкіл қазақ халқының азаттық күресін ұйымдастырушы Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендер еңбегін

2 Филипп патша басқыншыларына қарсы Афин азаматтарының күресін ұйымдастырған Цицеронның азаттық миссияларымен салыстырады.

4.Адамтану диаграммасы

Вен диаграммасына сүйене отырып, көбелек бейнесінде кескіндедік. Әрине, шешендік өнер-адамтану өнерімен шендеседі. Өйткені, сөз білу- адамтану ғылымын жүйрік меңгерумен байланысты, өз болмысын терең таныған адам, өзгенің де ерекшелігін жіті көреді.

5.Түсініктеме күнделігі.

Шешендік сөздерден мысалдар келтіре отырып, «сөз саптау» үлгілеріне талдау жасайды.

 

6.Бес жолдан тұратын қорытындылау тақпағы.

Жаңа тақырыпты қорытындылауға құрылады:

  1. Зат есім: Шешен

  2. Сын есім: Шешендік сөз

  3. Етістік: Айтысады. Тартысады. Шешіледі.

  4. Сезіну: Шешендік сөз-ұлттық өнер

  5. Синоним: Шешендік сөз-ұлттық өнер падишасы.

Үш топ талдайды.

7.Ой-толғаныс. Үйге тапсырма.

Шешендік сөз- өнер падишасы» тақырыбында шығарма жазу.















Шешен. Шешенге қойылатын талаптар

http://oky.ucoz.ru/_pu/51/s19599087.jpg

Сабақтың тақырыбы: Шешен. Шешенге қойылатын талаптар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шешендік өнердің иесі-шешен адамның бойындағы қасиеттерді, шешендікті үйрену жолдарын нақты дәлелдермен түсіндіру, шешенге қойылатын талаптарды оқушы санасына сіңіру.

Тәрбиелік: Сөз өнеріне қызықтыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Дамытушылық: Шешендік өнерді үйрену жолдарына үйрету, білім-білік дағдыларын жетілдіру

Көрнекілігіинтерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, мәселе қоя іздендіру, топтық жұмыс, логикалық тапсырма талдау, сатылай комплексті талдау т.б.

Сабақтың барысы: І. Жаңа сабақ Өткен тақырыптармен байланыс

Сұрақтар

  1. Шешендік сөздерді қалай түсіндіре аласың?

  2. Шешен деп қандай адамдарды айтуға болады?

  3. Сөйлеу мәдениеті не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  4. Шешендік сөздің қандай түрлері бар? 

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін:

1.Шешендік сөз, шешндер ерекшелігі туралы электронды оқулықпен жұмыс

2. Шешендік сөз тарихы

1. Майқы би, Аяз би (ХІІ-ХІІІғ)

2. Жиренше шешен, Асан қайғы (ХІҮ-ХҮғ)

3. Шалкиіз, Бұхар, Шортанбай, Дулат, Төле, Қазыбек, Әйтеке (ХҮ-ХҮІІІғ)

3. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет, ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл» (Бөлтірік шешен)

Осы дәйек сөзді негіз ете отырып, сөз, сөз құдіреті туралы нақыл сөз, даналық ойларды ортаға салу, оқушы ойын, пікірін айтуы

  1. «Шешендік- білім нәтижесі»

  2. Шешен адам ол кім?

Өз заманының озат ойшылы;

Көкейге тоқығаны мол саналы білімді, парасатты азаматы;

Табанда тауып айтатын тапқыр;

Шаршы топта тартынбай сөйлейтін батыл;

Сөз сайысында саспайтын батыл;

Шындықты тартымды оймен жеткізуші;

Халық даналығын меңгерген көреген көсем, әділетті билік айтушы.

Осы көрсетілген бағаны оқулықта берілген шешенге лайықты қасиетпен салыстыра түсіндіру.

6.Би, шешендерді қазіргі заманғы әділқазы, сот төрағасы қызметімен байланыстыру

Би-шешен, судья, әкім

Ертеде

Қазір

  1. Оқымаған

  2. Тілге шешен

  3. Әділетті

  4. Туа біткен дарын

  5. Аса, сақ, халықшыл, сезімтал

  6. Адам тағдырына арашашы

  1. Оқыған

  2. Тілге орашолақ

  3. Әділет жолынан ауытқиды

  4. Оқып-үйрену арқылы қабілетін шыңдаған

  5. Эгоистік басым, халық қамын билікте жеткізбейді

  6. Адам тағдырына немқұрайлы

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту жұмыстары

  1. Оқулықпен жұмыс. Тақырыппен танысу. 136-тапсырманы оқып-талдау

  2. Шешендік сөздер айту. Негізгі түйін шығарту.

  3. Шығармашылық топтық тапсырма

Шешеннің қаруы-сөз. «Сөз» ұғымына қатысты тіркес сөз жазу

Жақсы

Жаман

Жақсы, шешен, керемет, сұлу, өткір, қастерлі, жүйрік, әдеби, тапқыр, сыпайы, ұшқыр, жылы, табиғи, жарасымды, дауылпаз, шынайы, достық, ойлы, аталы, қалау, шұрайлы, киелі, ұлағатты, бейнелі, астарлы

Дөрекі, сүйкімсіз, ащы жаман, ғайбат, балағат, қисық, қыңыр, шайпау, анайы, былапыт, жаргон, былғаныш, ерегеспе, жаттанды сөз, қыршаңқы, бос, арсыз, сыпсың, тұрпайы, қаңқу, қарғыс, жауыр, боғауыз, азғын, дәйексіз, бейпіл, мұқатпа, шымшыма

 

  1. Тақырып бойынша шешендік сөзталас.

1.“Ұлттық құндылықтар туралы сөз”

2.“Егер қолымда билік болса ...

3.“Қазақстанның болашағы мен ғарыш ғажайыптары туралы ойларым”

4.“Сот жүйесінде әділдік бар ма?

ІҮ. Оқушыларды бағалау, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалауы.

  1. Кімнің сөздері ұтымды айтылды?

  2. Кімнің ойымен келісер едің?

  3. Сабақтың қай тұстары ұнады, қандай тың мәлімет алдым деп ойлайсың?

  4. Өз жауабыңа көңілің толды ма?

Ү. Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма «Би- шешендер өмірінен деректер жина



















Сабақты екі сыныпта біріктіру: 10-сыныпта бағдарламада «Сөз мәдениеті», яғни сөзді дұрыс қолдану, сөздің мазмұнына көп мән беру туралы оқылады, ал 11-сыныпта «Шешендік өнер», халқымыз ежелден табан астында қиыннан қиыстырып сөз тауып, ұтқыр сөйлегені.

 

Практикалық-семинар сабағының маңызы:

-10-11 сынып оқушылары сабақ кезінде талдай отырып, өз пікірлерін білдіреді.

- Сөзді дұрыс қолдану, мағынасын түсіндіру (10-сынып)

- Шешендік өнер,  әйгілі шешендердің айтқан «шешендік сөздерін» түсініп, ой елегінен өткізу. (11-сынып)

Әр оқушы шешендік өнер, сөз өнері, шешендердің айтқан сөздерінен үзінді келтіріп, ой қозғайды.

Отты да нақышты, шебер де шешен айтылған сөздерді әр оқушы түсіну, сөз құдіретінің мазмұнын талдай білу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөзді дұрыс қолдану, қазақ халқының атақты шешендері туралы білу, олардың халық арасында кең тараған шешендік сөздерін тыңдау,мазмұнын  талдау.

Тәрбиелік: Шешен адамдардың өмірін үлгі тұту,шешендік сөздерін түсініп оқып, өміріне сабақ қылу.Адамгершілік, шыншылдық, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: дербес шығармашылық жұмыстар, өзіндік ізденіс, оқу, танып білу, жазған жұмыстарын айта білуге үйрену, сөз саптау, ой еркіндігі, оқушы шеберлігін шыңдауға баулу.

 

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет.

Сабақ көрнекілігі : Үш бидің портреті,  «Қазақтың жүз биі» кітабы, ұлттық киімдер, қамшы, ,  нақыл сөз жазылған плакат,

 

І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сөзден тәтті нәрсе жоқ

Сөзден ащы нәрсе жоқ

Сөзіңді тіліңе билетпе

Ақылыңа билет.

Сөзіңді ақылсызға қор етпе

Ақылдыға айт

Кімге қай кезде, қай жерде қалай сөйлейтініңді біл.,-

                                                                          деген екен   Бөлтірік шешен

 

 

 

 

10-сынып оқушылары сөзді дұрыс қолдану, сөздің мазмұнына көп мән беру  туралы , ал 11-сыныпта халқымыз ежелден табан астында қиыннан қиыстырып   сөз тауып, ұтқыр сөйлегені, дана да ақылды сөздерін тағы бір ой елегінен            өткізгелі отырмыз.

 

ІІ. Ендеше бірінші мына сұрақтарға жауап беріп көрейік:

-Сөз дұрыстығы дегеніміз не?

- Сөз байлығы  деген не?

- Сөз тазалығы деген не?

- Тіл көрнекілігі дегеніміз не? (өтілген тақырып бойынша әр сұраққа оқушыларжауап береді)

 

Өтілген тақырыпты пысықтау үшін оқушылармен  «Мен бастайын...» ойынын ойнау. (мына сөз тіркесінің мағынасы нені білдіреді?)..

Қой аузынан шөп алмайды-

Жүрек жалғап алу-

Төбе шашы тік тұру –

Қырғи қабақ –

Тонның ішкі бауындай –

Бармағын тістеу –

Аузына құм құйылу. –

Қыздың жиған жүгіндей.-

Бетінен оты шықты.-

Ит терісін басына қаптады.-

Жер соғып қалды.-

Қолды болды.-

Осы сұрақтарға сқушылар өз сөздерімен жауап береді.

 

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Т а п с ы р м а: тұрақты тіркестердің «дұрыс» , «бұрысын» анықтау.143 бет.

 

IV - Сөз дұрыстығы, байлығы, тазалығы, көрнекілігі –сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы – шешендік өнер.

Б.Адамбаевтың зерттеуінде қазақ  шешендік өнерін мына кезеңдерге бөледі:

1.          XI – XIII  Майқы би Мәнұлы, Аяз би

2.         XIVXVI  Асан қайғы, Жиренше шешен

3.         XVIII          Үш би ( Қазыбек би.  қойылым)

4                 XVIII- XIX  «Хан сұлтандарға қарсы шешендер» :Байдалы би, Ер     

         Жәнібек,Тіленші би

      5   «Бек-болыстарға қарсы шешендер». Сырым Датұлы, Балаби Есенілі (27 б)

Әр кезең бойынша қысқаша тоқталып, сол кезең өкілдерінің шешендік сөзінен үзінді оқу. Мысалы: Майқы би Мәнұлы, Асан қайғы, Жиренше шешен,  Қазыбек би, Төле би, Мөңке би.

V. Тосын қонақ.  11 «в» сынып оқушысы Амангельдинов Данияр  « Жиренше мен Қарашаш» туралы аңыз әңгімені айта келіп, мынандай сұрақ қойды:

- Жиренше басындағы шашын сипағанда не айтты?

- Қарашаш жерде төселген тақыр тулақты сипап не деп жауап берді?

 

V.  Мөңке бидің шешендік сөзін оқып, өз заманында шешеннің болашаққа айтқан болжауын қазіргі өмірмен салыстыру.

VІ. Тақтада жазылған сұрақтарға жауап беру

        1.Сіздің ойыңызша шешен би батырлардың ортасында қандай ортақ      

            қасиеттеі бар?

        2. Шешен би, батырлар не үшін қажет?

        3. Нені үйренуге болады?

 

 VІІ. Қорытынды: 1 Бүгін біз не туралы айттық?

                                 2. Не ұнады?

                                  3. Өзің қандай ой түйдің?

 

VІІІ. Сабақты бекіту. Білімдерін бағалау.

Халқымыздың аталы сөзді, шешендік өнерді аса қадір тұтқанын, дау-жанжалдарды, тіпті кейбір жағдайларда жауларының өзін бір ауыз сөзбен тоқтатқанын бүгінгі сабағымызда көрсетіп дәлелдедік. Шешендік өнердің тәрбиелік мәнінің зор екеніне, оның ұрпақтан –ұрпаққа жалғаса беретін құдіретті күш екеніне сеніміміз мол.

 

 

 

 

 

 Тақырып: Шешендік өнер
Мақсаты: Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдіс – тәсіл: баяндау, түсіндіру, аудару
Көрнекіліктер: Шешен билердің портреті мен сөздері
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, әдебиет

Тақырып: Шешендік өнер
Мақсаты: Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдіс – тәсіл: баяндау, түсіндіру, аудару
Көрнекіліктер: Шешен билердің портреті мен сөздері
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, әдебиет
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә ) Оқушыларды сабаққа дайындау
б) Сөйлесім

Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар біз өткен сабақта, Теледидар, радио туралы мағлұматтар алған болатынбыз сол тақырып бойынша сұрақ – жауап білімімізді тексерейік, өткен сабаққа шолу жасайық.
1. Теледидар дегеніміз не?(ақпарат көзі)
2. Телевизор деген сөз латын тілінен қалай аударылады?(қашықтықтан көремін)
3. Республикамызда бұқаралық радио хабарлау қашан басталды?(1931ж)
4. Радио термині қашаннан бері қолданды?(20Ғ - 10 ж)
5. РАДИО латын сөзі нені білдіреді?(сәуле шығаратын дегенді білдіреді)

Жаңа сабақ: ( мақсатымен таныстыру ) Ой – қозғау.
Балалар бүгінгі жаңа сабағымды бастамас бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Балалар, қазақтың атақты адамдары дегенді қалай түсінеміз?
Мысалы: (ақындар, жазушылар, батырлар, билер, хандар )
2. Елбасы дегенді қалай түсінеміз?
3. Қазір біздің Тәуелсіз Қазақстанымызда Елбасы кім?
4. Ал бұрынғы заманда елді кімдер басқарған?
(хандар, билер )
СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
Шешендік – красноречие
Өнер – искусство
Би - советник
Әдет - заң – обычай
Көнеден – от старца
Көргенді – мудрый
Ой – мысль
Адамгершілік - человечество
Инабаттылық - порядочный
Ізгілік - доброе дело
Ақылды - умный
Туған жерді сүю - любить родину

- Ендеше кешегі Егемендік пен бірлік – Төле бидің толғауында,
Қазыбек бидің қаз дауысында, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан болатын. Біз оларды тарих сабағынан жақсы білеміз. 17 - 18 ғасырларда өмір сүрген би – хандарымыз яғни, Абылай хан, Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би.
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың басты қонағы ретінде тарих пәнінің
мұғалімі Ербол Зекеновичті шақырған болатынбыз сөз кезегі өзіңізде.
ЖАҚСЫ, сонымен Шешендік сөз дегеніміз не?
Шешендік сөз дегеніміз ол – белгілі бір оқиғаға байланысты, тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және оны жұртшылық қабылдайтын, елге тараған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.
Қазыбек би атамыз айтқандай: « Бір қолың ұрыста болса, екінші қолың арашашы болсын».
Ашу – араз, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме деген...
Яғни: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса
Көшінің ең соңы болады.

Әйтеке би: Асқар тау, сенде бір мін бар –
Асу бермейсің,
Тасқын су, сенде бір мін бар –
Өткел бермейсің,
Билер, сендерде бір мін бар –
Басқаға сөз бермейсің!

Ал енді Төле би бабамыз айтқандай,
- Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол.
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол.
Досыңа адал бол. (Балаларға оқытып, дәптерлеріне жаздыру.)
Жазба жұмысы (кітаппен жұмыс), (синтаксистік талдау).
Шешендік өнер халықтық - демократиялық қоғамдарда ақыл – ойға, сөзге еркіндік бар жерде дамиды.
Мақал - мәтелдер:
1. Ердің сыншысы болма, адамның сыншысы бол.
2. Оқу инемен құдық қазғандай
3. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.
4. Өлімнен ұят күшті.
5. Атаңның баласы болма, елдің баласы бол.
Осы мақал - мәтелдерді оқи отырып не алдық?
Адамгершілік, инабаттылық, ізгілік, кішіпейілділік, ақылдылық, туған жерді сүю, мейрімділік.

Енді бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе
НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?
Қандай қазақ би – шешендерімен таныстық?
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Шешендік – билер жалпы қандай болуы керек?
Яғни, қайраткер, дау, билік, дарынды, сауатты, ұтымды болулары керек. Бабаларымыз айтқандай «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер.» Сондықтан да оқушыларымыз дайындаған шағын көрініске назар аударайық. (Рөлдік ойын)
БАТА
- Ата, бата деген не?
- Бата – ақ ниет, жақсы тілек, халқымыздың ежелгі мұрасы.
- Ендеше ата маған батаңызды беріңіз.
«Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсың қайратың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің,
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!»
- ӘУМИН!
Үйге тапсырма: «Шешендік өнер» туралы шығарма жазу.
Бағалау

Кері қайту

Ілмек сөздер: Қазақ тілі мен әдебиеті, ашық сабақ, шешендік өнер, ашық сабақ



 





























































Г















Сарқан қаласы

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров678
Номер материала ДВ-008365
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх