Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалы5-7-сыныптар арасындағы сыныптан тыс жұмыс "21 ғасыр көшбасшысы"

5-7-сыныптар арасындағы сыныптан тыс жұмыс "21 ғасыр көшбасшысы"

Скачать материал

                                     XXI     ҒАСЫР  КӨШБАСШЫСЫ

Мақсаты:Сайыс арқылы оқушылардың тез ойланып,жауаптарын  тиянақты,     жүйелі айтуға,топ алдында еркін  сөйлеуге баулу,сыйластыққа,ізгілікке тәрбиелеу.

Сайыстың негізгі мақсаты: Қазақ тілінің білгірін (сыныпты) анықтау.

Сайысқа 3 сынып,әр топтан 4 оқушы қатысады.

Көрнекілігі:Кеспе қағаздар,қанатты сөздер, тататпалы парақта  жазылған  тапсырмалар,әділқазыларға арналған кілттер.

Сайыстың жоспары:

1.  «Бәйге»- әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

2.Білгенге-маржан

3. «Тіл-өнер»-5 ұпай

4. «Жорға»-10 ұпай

1-жүргізуші.Армысыздар,құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар және ойынға қатысушылар! «Күш -білімде», «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деген дана халқымыз. Біз  білім  теңізінен жүзіп  өткенде ғана еліміздің тірегі,сүйеніші боламыз!Сондықтан бүгін мемлекеттік  тілді  қаншалықты  түсініп, сөйлей алатынымызды дәлелдеу  үшін  білімділер сайысын  назарларыңызға  ұсынбақшымыз.

2-жүргізуші.Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! (Келген мұғалімдер төрелік ете алады немесе әділқазылар мүшесі бола алады)

1-жүргізуші.Ақыл-тон аңдығанға тозбайтұғын,

                      Білім – кен қанша болса азбайтұғын.

                      Қатарың озып  шауып бара жатса,

                      Арқаның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет   Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған қатысушыларды ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші.      -Өнер менен білімде

                            Әркімнің өз жолы бар.

                            Сайысарлық  бүгінде

                            Өзіндік иелік үнім бар –

дегендей ,  өздеріңізді қысқаша таныстырып өтсеңіздер.

Таныстыру.Мақсаты: Қай сыныптың оқушылары екендігін,кім екендігін таныстыру,топтың атын айту.

                            5-сынып. «Білгірлер»

                             6-сынып . «Тапқырлар»

                             7-сынып. «Қазақтар»

1-жүргізуші .І бөлім- «Бәйгені»бастайық! Бұл бөлімде тест сұрақтары бойынша жарыс.10 сұрақ беріледі.Үш жауап бар, бір жауап дұрыс. Ал,іске сәт!

1.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

А)      41     ә)  40     б)  42

2. «Үндестік заңы»деген сөзді аудар.

А) закон сингармонизма

Ә) времена года    Б)созвучие гласных

3. «Әдемі», «сұлу», «көркем», «көрікті» деген сөздер қандай сөздер?

А)  синоним        Ә)   антоним     Б)  омоним

4.Толықтырыңдар.Менің  отбасым   ........... тұрады.

А)  бауырмал         Ә) үлкен    Б)тату-тәтті

5.Ұялшақ  бала сөзі  қандай сөз табынан екенін табыңдар.

А) Зат есім       Ә) Сын есім    Б)Етістік

6.Ұлттық  киімге қайсысын  жатқызуға болады?

А)  галстук         Ә)  халат-көйлек      Б) сәукеле

7.Қай септікте  тұрғанын анықтаңдар.

Қонаққа,үйіме,баласына.

А)    табыс       Ә)   барыс    Б)  жатыс

8.Өлеңмен  жазылған шығарма.

А)  әңгіме     Ә) поэма   Б)повесть

9.Аяғы бар ,басы бар,

   Арқалаған  тасы бар.

А)   бақа      Ә) көлбақа    Б) тасбақа

10.Ұлы  Отан  соғысына  қатысып,Отанымызды  жаудан  қорғаған  халық  батыры  кім?

А) Сәбит  Мұқанов   Ә) Бауыржан  Момышұлы  Б) Бердібек  Соқпақбаев

Сайыскерлер  тапсырманы орындағанша кезекті   6 «б»-сыныпқа   берейік.

2-жүргізуші. «Білгенге - маржан» 3кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. «Маржан сөз» .Мұнда  берілген түбір сөзден 1 минут уақыттың ішінде түбірлес сөздер ойлап табасыздар. Қанша сөз ойлап тапсаңдар-сонша ұпай қосылады.

    Берілетін сөз үш топқа да бірдей.(оқы,өнер,біл)

1-жүргізуші .Екінші кезең. «Мың бір мақал».Бұл бөлімде мен мақалдың бірінші бөлігін айтамын,сіздер екінші бөлігін айтасыздар.Әр дұрыс жауапқа 5ұпай беріледі.

1.Өнер – үлкен (мектеп)

2.Кітап – (алтын қазына)

3.Оқусыз –(білім жоқ)

    Білімсіз –(күнің жоқ)

4.Аз  сөз –(алтын)

5.Тіл – (қылыштан өткір)

6.Шешеннің  тілі – (ортақ)

7.Өнер алды – (қызыл тіл)

8.Шешен сөз бастар,батыр (қол бастар)

9.Отан – оттан да (ыстық)

10.Ер елінде,гүл (жерінде)

11.Туған жерге (туың тік)

12.Еңбексіз өмір – (сөнген  көмір)

13.Ердің атын (еңбек  шығарар)

14.Күш –(білімде)

15.Оқу түбі –(тоқу)

16.Досы көпті жау (алмайды)

      Ақылы көпті дау (алмайды)

17.Күлме досыңа –(келер басыңа)

18.Жаман жолдастан (таяғым артық)

19.Заттың жаңасы жақсы (достың ескісі жақсы)

20.Ұстаздан (шәкірт озар).

2-жүргізуші.Үшінші кезең.Топ  капитандарына тапсырма.Тапсырма қазақ тілі мен әдебиет пәнінен құралған. 4 конверт бар.Соның бірі –сыйлық (10 ұпай)

Қызыл түсті: Қазақ тілінен сұрақтар

1.Меншіктік  мағынаны білдіретін жалғауды атаңыз.(Тәуелдік жалғау)

2.Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді атаңыз.(мұғалім,кітап,дәріхана т.б.)

3.Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар?Атаңыздар. (Көптік,тәуелдік,септік,жіктік)

4.Буын түрлерін ата.Мысал келтір.

5.Дыбыс нешеге бөлінеді?Атаңыздар,мысал келтір.

Үлгі: Жуан сөз:                          Жіңішке сөз:

           Қыс                                      күз

Жасыл түсті:Әдебиет пәнінен сұрақтар:

1.Ыбырай Алтынсарин кім?

2.Абайдың неше қара  сөздері бар?

3.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

4.Фольклор сөзі қандай мағынаны білдіреді?

5.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығы қандай?

 

1-жүргізуші.-Кім жұмбаққа жүйрік екен?

                        «Тіл -өнерді»жалғастырайық!

Жұмбақты шешу және осы жұмбақтың шешулерінен  мақал-мәтел шығару қажет.

1.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.  (Кітап. Кітап –білім бұлағы

2.Кішкентай  ғана бойы бар,

   Айналдырып киген тоны бар.

(Қой.  Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.)

3.Жердегі құстың серкесі,

    Көктегі құстың еркесі.(Аққу.Аққуды  атпа,досты сатпа).

4.Көреді бәрін өзгенің,

    Көре  алмайды өздерін. (Көз.Көз қорқақ,қол батыр)

5.Ақ сандығым ашылды

    Ішінен жібек шашылды. (Күн.Білімсіз күнің жоқ)

6.Түк білмей барасың,

    Тәлімін аласың.

    Есейіп кетсең де,

    Қарыз боп қаласың. (Мектеп. Мектеп –кеме.Білім –теңіз.)

7.Сатайын десем ауыр кілем,

   Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер. Жері байдың-елі бай)

2-жүргізуші. «Жорға»бөлімін бастаймыз. 1минут уақыт ішінде 15 сұрақ қойылады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

5-сынып

1.22қыркүйек қандай  мереке ? (ҚР халықтарының Тілдер күні)

2.Қазақ тілінде неше септік бар? (7септік)

3.Қазақстан Республикасының  рәміздерін ата.

4.Аптаның төртінші күні.

5.ҚР мемлекеттік тілі.

6.ҚР Ата Заңы –Конституция қай жылы қабылданды?

7.Жұмадан кейін қай күн?

8.22 наурыз қандай мереке?

9.Бір тәулікте неше сағат бар?

10.Көлікті күтетін жер.(Аялдама)

11.Үш биді ата.(Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би)

12.Қасиетті сан?(7)

13.Қазақстанның астанасы?(Астана)

14.Наурыз көжеге неше тағам салынады?(7)

15.Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

6-сынып

1.ҚР өз тәуелсіздігін қай жылы жариялады? (1991)

2.ҚР тәуелсіздігін білдіретін не? (Рәміздер,теңге, Конституция)

3.Тіл  мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек)

4.ҚР Ата заңы қашан  қабылданды?  (1995ж.30 тамыз)

5.Сәби жүре бастағанда,қандай той жасайды? (Тұсаукесер)

6.Зат есімнің сұрақтары? (Кім?Не?Кімдер?Нелер?)

7.Тұңғыш  президент күні қай күн? (1 желтоқсан)

8.Ұлттық валюта қашан енгізілді? (1993ж.15 қараша)

9.Қазақ халқы қандай халық? (Қонақжай халық)

11Абай Құнанбайұлы кім?

12.Сен қай мектепте оқисың?

13.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

14.Елімнің қамқоры болған адамды не дейміз?

15.Қазақстан қандай мемлекет?

7-сынып

1. Көлікті күтетін жер.(Аялдама)

2. ҚР Ата Заңы –Конституция қай жылы қабылданды?

3. Сәби туылғанда,қандай той жасайды? (Шілдехана)

4. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

5. Қазақстанда  мемлекеттік тіл қай тіл?

6.Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (126)

7.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

8.Жалғаулардың неше түрі бар? (4)

9.Есімдіктің неше түрі бар? (7)

10. Елімнің қамқоры болған адамды не дейміз? (Азамат)

11. Ұлттық валюта қашан енгізілді? (1993ж.15 қараша)

12. Қазақ халқы қандай халық? (Қонақжай халық)

13.Астананың бұрынғы  атауы қалай? (Ақмола)

14.Мемлекеттік туымыздың түсі қандай? (көгілдір)

15. Қасиетті сан?(7)

1-жүргізуші.  Конституциямыз бойынша, қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Тіл туралы     заңда қазақ тілін одан әрі қалай дамыту мәселесі толық жазылған. Тілді дамытпай жатыр деген алып-қашпа әңгімелерге ешқандай негіз жоқ. Осы бағытта арнайы жұмыстар жасап жатырмыз.

                      – Шын  жүйріктер сыналады  жарыста,

                          Жарыстыңба, орта жолда қалыспа.

                          Әділ қазы бағалайды Сіздерді,

                          Жеңіс-мәре жақын ба,әлде лаыс па,-

демекші ендігі сөз  кезегін әділқазыларға берейік!

Қазылар алқасы ойланып,шешімін айтқанша біз әнге кезек береміз.

Оқушыларды  марапаттау кезеңі.

Міне, балалар, 21 ғасыр көшбасшысы негізінде «Қазақ тілінің білгірі»атты сайысымызды тамашаладыңдар.Мектебіміздің  озық ойлы оқушысын білдіңдер.Кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтаймыз.

-                                                    Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

                                           Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

                                           Қай елде жүрсең де бұл,дұрысы-

                                           Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Мемлекеттік тілдің шынайы жанашыры болуларыңызға тілектеспін.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5-7-сыныптар арасындағы сыныптан тыс жұмыс "21 ғасыр көшбасшысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.08.2015 1524
    • DOCX 20.8 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажитдинова Гулжахан Мейрамсагатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27950
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания французского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1712 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов